«Кəсіби оқыту» бакалаврын даярлаудағы технология мəселесі
Революцияға дейінгі кезеңде жасөспірімдерді еңбекке даярлау негізінен халықтық педагогикалық жəне отбасылық тəрбие арқылы жүргізілді. Тіпті ең төменгі біліктілікті жұмысшылар даярлайтын техникалық жəне қолөнер училищелерінде кəсіби дайындығы арнайы білімі жоқ, тіпті жоғары білімі жоқ тəжірибеші- шеберлер арқылы жүргізілді.
1918 жылдан бастап халықтық білім беру саласында түбегейгелі өзгерістер болады: қоғамдық тегін білім беруге ауысу, ол политехнизм принципіне құралған, оның негізі «қазіргі кездегі техниканы жалпылай оқу, оның негізгі жетістіктерін, негізін, өндірістің əр түрлі салаларының өзара қатынасын, қазіргі заманғы техниканың даму тенденциясын зерттеу, осы дамудың қай бағытқа бара жатқанын анықтау» [1].
Елімізге халық шаруашылығын қалпына келтіретін дайын кадрлар қажет болды. Осы міндет халыққа білім беру жүйесі алдына мəселе ретінде қойылды. Оны шешу үшін еңбектік политехникалық деңгейлік мектептер ашылды, онда пəн негізін мектеп жанындағы жер учаскелеріндегі шеберханаларда жүргізумен жəне өзіне-өзі қызмет көрсетумен, абаттандыру, табиғатты қорғау мен басқа да қоғамдық шаралар жүргізумен байланыстырылды.
Одан əрі оқушылардың міндетті түрде өндіріске қатысуымен байланыстырылды, еңбекпен қамту базасының материалдық- техникалық қалыптастырылуы мен дамуында мектеп өндіріс кəсіпорындарына, кеңшарлар мен ұжымшарларға, машина-тракторлық бекеттерге бекітілу арқылы жүргізілді.
Жаңа мектепке политехнизм мен жаратылыстану ғылымдары білімімен қаруланған мұғалімдер керек болды. Одан басқа, кəсіпорындардағы еңбекті толық көрсете алатын тəжірибелік дайындық беру қажет деп саналды.
Осы мақсатпен арнайы білімі бар адамдарға арналып қысқа мерзімді педагогикалық курстар, салааралық жоғары оқу орындарының жоғары курсы үшін факультет аралық қосымша педагогикалық бөлімдер, арнайыландырылған педагогикалық факультеттер мен жоғары оқу орындары, оның ішінде индустриалды жəне агропедагогикалық курстар ұйымдастырылды.
Политехникалық білім беру теориясының мəселелерін жəне мұғалімдерді даярлаудың мəселелерінің теориясын зерттеумен ХХ ғасырдың 20-30 жылдары атақты ғалым-педагогтар П.П. Блонский [2], Н.К. Крупская [3], С.Т. Шацкий [4] т.б. айналысты. Олар оқыту орындарының бірегей политехникалық мектептерге мұғалімдер даярлаудың негізгі талаптарын қалыптастырды. Ол біріншіден, оқу жоспарлары мен пəн бағдарламаларында, оның ішінде жалпы білім беру пəндерінде, политехнизм теориясында оқушыларды еңбекке даярлауда, міндетті түрде өндірістік практиканы енгізуде, студенттерді кəсіби бағдарлауда жəне мектеп оқушыларының танымдылығын арттыруда толық көрсетілген.
Бұл жерде қазіргі заманғы зерттеушілер оқытушы кадрларды даярлау жүйесіндегі кемшіліктер ретінде сол заманғы техницизммен айналысуды атайды, яғни, оқылып жатқан пəннің мазмұнының ескермей тəжірибелікке ауысуы.
1936-1937 жылдары еңбекке баулу жеке пəн ретінде орта мектептен алып тасталды, ол өндірістегі жəне ауыл шаруашылығындағы жетістіктер мен жастарды еңбекке баулу мəселесінің өзектілігінің жойылуына, сондай-ақ, ғылыми-техникалық революция жағдайында жетістікпен жұмыс істей алуға, мектеп оқушыларын жалпы ғылыми даярлауға деген талаптардың артуымен байланысты.
Алайда, тез арада бұл шешімнің қате екені түсінікті болды жəне 1939 жылы ХКП (б)–ның ХҮІІІ съезінде ауыл шаруашылығын техникалық қайта қаруландыруға бағыт алды, жалпы білім беретін мектеп түлектерінің өндірістегі тəжірибесін жақсарту қажет екендігін мойындалды.
1941-1945 жылғы Ұлы Отан соғысы мен оның зардаптары осы міндетті шешу мəселесін кейінгі мерзімдерге қалдырды, тек қана 1955-1956 оқу жылында мектепте еңбекті оқыту қалпына келтірілді. 1958 жылдың аяғында «Мектептердің өмірмен байланысын нығайту жəне КСРО-дағы халыққа білім беруді одан əрі дамыту туралы» Заңы қабылданды, осыған сəйкес жалпы жəне кəсіби білім беруді орта политехникалық мектептерге біріктіруге талпыныстар жасалды (11 жылдық, ал 1964 жылдан бастап 10 жылдық). Жоғары сынып оқушыларын қандай да бір мамандық бойынша кəсіби даярлау базалық кəсіпорындарда жүргізілді, ал 1974 жылдан бастап мектепаралық өндірістік комбинаттарда, оқушылардың өндіріске қатысуы арқылы жүргізілді [5].
Еңбекке баулудың міндеттілігі қайта жаңғырған соң жəне соғыстан кейінгі жылдары мұғалімдердің жетіспеушілігінен мұғалімдерді даярлаудың теориясы мен практикасы одан арғы жалғасын тапты. Педагогикалық институттарда, дене шынықтыру факультеттерінде тиісті бөлімдер ашылады, ал 1959 жылдан бастап – сызу пəні мұғалімдерін, жалпы техникалық жəне ауыл шаруашылығы пəндері мұғалімдерін, еңбекке баулу пəндерін оқытатын мұғалімдер даярлау факультеттері ашылды. 1962 жылы 123 жоғары оқу орнында осындай бөлімдер мен факультеттер ашылды.
Алайда, 60-жылдардың ортасынан бастап жалпы білім беретін мектептержағдайында біліктілігі жоғары мамандар даярлау өте проблемалы екені туралы ой қалыптасты, ол уақыттың аздығымен материалдық-техникалық базаның əлсіздігіне қатысты болды. Одан басқа, нақты бір мектептің оқушысының кəсіпті таңдаудағы шектеуі (тіпті, ірі қала жағдайында болса да) олардың танымдылық қызығушылығын төмендетеді [6].
Сонымен орта жəне толық емес орта білім беру оқу орындарында оның ішінде ауылдық жерлерде де орта кəсіптік- технкалық училищелер құрыла бастады. Олардың сағаттарының артуына жəне оқу процесінің дұрыс жабдықталуына байланысты неғұрлым аясы тар мамандықтарға түсуге тілек білдірген жүзден аса оқушыларды жинақтау арқылы арнайы даярлауға мүмкіндік артты.
Кəсіби-техникалық білім беру жүйесіндегі педагогикалық кадрлар даярлауда инженерлік-педагогикалық институттар мен техникумдар ашылды, олардың түлектері қарапайым оқу орындарында даярланған түлектерге қарағанда дайындығы жоғары деңгейде болды. Сонымен қатар индустриалдық- педагогикалық жəне педагогикалық жоғары оқу орындардағы жалпы білім беретін техникалық факультеттер қысқартыла бастады.
80-жылдардың басында мектеп оқушыларын еңбекке баулуды оқытуға көп көңіл бөліне бастады. Ол бастауыш сыныптардағы еңбекке даярлаудан бастап 6-сыныпта міндетті түрде еңбекке баулуды оқытумен жəне 11-сыныпта біліктілік емтиханын тапсырумен аяқталады. Бұл еңбек пəнін оқытатын мұғалімдерді даярлау мазмұнын жаңартуды талап етті жəне жалпы техникалық, индустриалды — педагогикалық факультеттер сақталып қалған жоғары оқу орындарында мұғалімдер даярлауды жетілдіруді қажеттігі туды.
Бүгінгі күні Қазақстанның əлеуметтік-экономикалық қайта дамуында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. Бұл өзгерістер халыққа білім беру жағдайына,оның жасөспірімдерді еңбекке баулу бөлігіне əсер етпей қалмады. Біздің ойымызша қазіргі заманғы мектептерде еңбекке баулуды оқытуды ұйымдастырудың төмендегі ерекшеліктерін көрсетуге болады:
- Техника мен технологияның өндірістің барлық салаларында жəне əлеуметтік-мəдени салада неғұрлым дамуы жалпы білім беретін мектеп түлектерінен нақты білімді ғана талап етпейді, сондай-ақ, нақты бір мамандықты меңгеруін де талап етеді. Еңбек іс-əрекеті түрін неғұрлым толық түрде білуін, өндірістің əр түрлі жағдайына бейім, жаңа мамандыққа қайта даярлануға əзір, политехникалық ой-өрісінің кең болуын талап етеді.
- Алдыңғы тезистің жалғасы үздіксіз білім беру қажеттілігімен байланысты, оқушылардан үнемі өзін-өзі жетілдіріп отыруға бейім болуын талап етеді. Еңбек нарығындағы бəсекелестік жағдайында жетістікке тек алған білімімен жəне дағдысымен ғана шектелмейтін, үнемі білімін арттырып отыратын жұмысшы ғана қол жеткізе алады.
- Білім берудің вариативтілігі жеке адамның жеке мүмкіндіктерін толық ашуына, оның қалыптасу барысына жағдай жасайды жəне оның жеке өзіндік талпынысына қоғамдық түр береді. Бұл жерде жалпы еңбектік жəне кəсіби дайындықтың ерікті түрде таңдау принципіне негізделген тиімді үйлесуіне қол жеткізу керек.
- Жаңа əлеуметтік-экономикалық жағдай, нарықтық экономиканың дамуы қоғамның əрбір мүшесінен тым болмаса кəсіпкерлік əрекеттің алғашқы экономикалық білімін талап етеді.
- Қазіргі заманғы Қазақстанның тұрғындарының көп бөлігі ауыр əлеуметтік жағдайда өмір сүріп жатыр. Сондықтан өмірге араласқан əрбір жеке адам өз өмірін құруда тəжірибесі болуы керек жəне мектеп оған осы білімді алуда көмек көрсетуі тиіс.
«Технология» білім беру саласы қазіргі заманғы мектептегі оқушылардың қоғамдағы осы ерекшеліктерін ескере отырып жеке өмірдегі еңбекке даярлауға бағытталған.
Оның негізінде М.Б. Павлова [7], Д.Барнекс пен Дж.Питтаның [8] анықтауы бойынша оқушылардың бойында жобаны талдауды қамтитын дизайн саласында қайта білім беру, нəтижесін бағалау мен оны іске асыру əрекеті жатыр. Білім беру парадигмасының “педагогикалық ортадан” бала тұлғасына ауысуы жүріп жатыр, онда білім беру қызығушылық пен оқушылардың дамуына негізделеді.
Технологиялық білім берудің дидактикасында технологияның толық мағынасы ретінде адамның қайта білім алу əрекеті жатыр, ол тек материалдық өндірумен байланысты ғана еңбек емес. Сондықтан «Технология» жаратылыстану пəні білімдерін синтездейтін жəне оны адам əрекетіндегі барлық жақтарын қолдануға мүмкіндік беретін интегративті пəн болуы керек.
Мысалы, оған қалалық мектепте төмендегі негізгі бағыттар арқылы оқытумен қол жеткізіледі:
- Конструкциялық материалдарды жəне машина жасау элементтерін оқыту технологиясы.
- Электрорадиотехнология.
- Ақпараттық технология.
- Графика.
- Тұрмыс мəдениеті, мата өңдеу мен тамақ өнімдері технологиясы.
- Құрылыс жəне жөндеу жүргізу- жабдық жұмыстары.
- Материалды көркем безендіру, техникалық шығармашылық, көркем конструкциялау.
- Қоғамдық өндіріс пен кəсіби анықталу.
- Көліктік техника.
- Тұрмыстағы техника.
- Үй экономикасы жəне кəсіпкерлік негіздері.
Бұл жерде саралап оқытуды іске асыру үшін екі түрлі нұсқа ғана қолданылады: 1 жəне 2-ші бағыттардың немесе 5 бағытының артуымен (ұлдар немесе қыздар). Бұл бөлу жалпы білім беретін мектептің негізгі баспалдағына сəйкес келеді (5-9 сыныптар), бұл жерде политехникалық ой-өріс қалыптасып, өмірге қажетті жалпы еңбектік білім мен іскерліктер мен дағдылар.
Сонымен қатар кəсіби білімі бар педагогты даярлау да қатар жүруі керек. Олар техника саласында жəне конструктивті материалдарды өңдеу немесе ауыл шаруашылығы өнімін өңдеу, басқасы үй шаруашылығы бойынша дайындалады. Осылардың қайсысы болса да экономика мен кəсіпкерлікті ұйымдастыру негіздерінен бірдей дайындықта болуы керек.
Жүргізілген сараптамалар нəтижесі келесі негізгі қорытындыларды жасауға мүмкіндік береді:
- Кəсіби оқыту сабақтарын жүргізетін педагогты технологиялық оқыту үздіксіз білім беру жүйесінің құрамдық бөлігі болып табылады жəне орта білім алу орындарын бітірген түлектердің бірінші кезектегі еңбекке баулу процесінде алған білімдері мен іскерліктеріне жəне дағдыларына негілделеді.
- Студенттерді кəсіби дайындық бойынша арнайы психологиялық- педагогикалық жəне əдістемелік даярлаудың мазмұны жалпы білім беру мектептерінің оқушыларды еңбекке баулу талаптарына сəйкес келуі керек.
- Мұғалімдерді технологиялық даярлаудың міндеттері мен мақсаттары мемлекет пен қоғамның еңбекпен тəрбиелеуге деген көзқарасының өзгеруіне байланысты жəне оның мақсаттары мен мазмұнына байланысты күрделі түрде өзгеріске ұшырады.
Еңбек пəнін оқытатын мұғалімдердің мамандықтарының аты да бір неше рет өзгерді. Оларды тəжірибелік аспектінің теория мен тəжірибеден артуына байланысты арнайы даярлау мазмұны жетілдірілді. Бұған қарамастан, осы мамандықтағы маманның моделін құру кезінде бір талаптар қою керек, оның негізгі талаптары сонау 20-30 жылдары құрылған болатын:
- Мұғалімнің кең түрдегі политехникалық ой өрісі.
- Өмірмен байланысы, нақты өндіріспен байланысы.
- Технологияның бір саласындағы терең теориялық білімімен технологияның нақты бір саласындағы практикасының сабақтастығы.
- Оқушылармен кəсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізе білу іскерілігі.
- Оқушылардың танымдылық қызығушывлығын тудыру, оны дамытуды қамтамасыз ету.
- Тек қана білім беру емес, сондай- ақ тəрбиелік функцияларды орындауға дайындығы.
Бұл талаптар кəсіби оқыту педагогын даярлау кезінде негізге алынуы керек.
П.Р.Атутовтың [9], В.А. Поляковтың ғылыми жұмыстарында əрбір оқыту пəні үшін білімді таңдаудың негізгі қағидалары құрастырылды:
- таңдалып алынған материалдың ғылыми маңыздылығы;
- материалдың оқып жатқандар үшін игеру жеңілдігі;
- түсініктер мен тəжірибелік əрекеттердің жалпылығы;
- білімді басқа да əрекеттерге ауыстыра алу мүмкіндігі;
- ақыл ой мен дене еңбегінің, шығармашылық жəне атқарушылық əрекеттерінің тиімді үйлесімділігі;
- білімнің басты ғылыми-техникалық прогреспен сəйкес келуі.
Мамандықтың мазмұнын таңдау проблемасы, оның ішінде, педагогтарды технологиялық даярлау үшін кəсіби оқыту мен осы сала маманының моделін жасау туралы соңғы жылдары (Ю.К. Васильевтің, А.Сластениннің, В.Д.Симоненконың, Д.А.Тхоржевскийдің, В.Г.Гетта) еңбектерінде көп жазылған.
Көзқарастардағы кейбір айырмашылықтарға қарамастан, көпшілік ғалымдар осы модель барлық жалпы орта білім беруден жəне техника мен технологияның перспективасын ескере отырып қазіргі заманғы жағдайынан шығуы керек деп есептейді.
«Технология» білім беру саласының қалыптасуына байланысты қазіргі кезеңдегі Қазақстандағы білім беруде кəсіби оқыту мұғалімдерін даярлауда нақты бір қадамдар жасалып жатыр. Бұл біріншіден жалпы білім беретін мектептердегі оқытылатын технологиялардың артуына байланысты. Екіншіден, мектепте графика, көліктік жəне тұрмыстық техника, құрылыс пен жөндеу-жабдықтау жұмыстарымен байланысты.
Көрсетілген тараулар бойынша қолданылу аясы тар мамандықтағы мұғалімдерді даярлау оларды мектепте оқу жүктемесімен қамтудың қиындықтарына байланысты. А.А.Вайсбургтің[11] еңбегінде қолданысы кең жəне қолдану аясы тар мамандықтардың өзін-өзі ақтамайтындығын айтады. Сондықтан бүгінгі күні қолданыс аясы кең кəсіби оқыту мұғалімдерін аздаған айырмашылықта даярлауға тура келіп отыр.
«Технология» білім беру саласында біріктірілген оқыту пəндерінде қазіргі заманғы жалпы білім беру мектептерінің барлық сыныптары төменгі сыныптан жоғары сыныпқа шейін барлығы қамтылады. Ол бастауыш сыныптар мұғалімдерінің технологиялық дайындығын арттыруды талап етеді.
Мектептегі білім беру стандарттарына сəйкес мектепте техникалық жəне көркем-сəндік шығармашылыққа, жобалауға көп көңіл бөлінеді. Сондықтан мұғалімдерді даярлау кезінде олардың шығармашылықтарын дамытуға көп көңіл бөлу керек
Еліміздегі экономикалық қайта құрулар жас ұрпақтан жалпы білім беру орта мектептерін бітірген соң өмірдегі жағдайларға жəне нарықтық қатынастарға бейімделе білуді талап етеді. Бұдан келіп кəсіби білім беретін педагогтарды тиісті түрде даярлау талаптары туындайды.
Мұғалімдерді даярлау үшін берілген мерзім ішінде кең көлемдегі пəндерді оқу қажеттілігін олардың əрбіреуінің оқу мерзімін шектейді. Ол əсіресе көп уақытты талап ететін тəжірибелік дайындықта қатты көрінеді. Сондықтан əрбір студенттің жұмысты біліктілігі жоғары деңгейдегі маманнан үйреніп орындауы проблемалы болып отыр.
Сонымен қатар, бұл деңгей мектепте оқу процесін сапалы түрде қамтамасыз ету үшін неғұрлым кəсіби түрде болуы керек.
Мұғалімдерді даярлаудың тиімділігін арттырудың жолдарының бірі, əсіресе көп профильді мамандықтар бойынша, пəнаралық байланысты тудырумен оны пəндерді оқытудығы үйлесімділік пен кезектілігін таңдау үшін жалпыландыру болмақ. Педагогикалық жоғары оқу орындарындағы студенттерді кəсіби техникалық білім беру жүйесінде оқытудың пəнаралық байланыстарын зерттеуге бірқатар зерттеушілердің еңбектері арналған.
Пəнаралық байланыс “білім аралық, іскерлік пен дағдының, құралдар мен əдістердің, мазмұнның жəне оқылып жатқан пəндердің нақты өмірдегі обьективті байланыстарының ара қатынастары” жүйесі ретінде қаралады [2].
Пəнаралық байланысты зерттеу кезінде оларды сараптаудың əр түрлі əдістері ұсынылады: құрылымдық- логикалық кесте, графтар теориясын қолдану, матрицалық пен тораптық жоспарлау.
Алайда, осы əдістердің барлығында олардың əрқайсысының тиімділігін салыстыра отырып бағаламай, тек қана байланысының болуы есепке алынады. Шындығында тек қана байланыстардың өзі сарапталып отырған пəнді оқу кезінде оны игеруге үлкен үлес қосады, басқалары сондай маңызды емес жəне қажет болған жағдайда еш шығынсыз қаралудан алынып тасталуы мүмкін. Бұл мəселе одан əрі қайта талдауды талап етеді.
Қазіргі заманғы еңбек технологиясы мен кəсіпкерлік пəндері мұғалімдерін даярлау кезіндегі білімнің тереңдігі мен жан-жақтылығы пəнаралық байланыстың жоғарылығы жəне студенттердің оқу процесіндегі белсенділігін талап етеді. Бұл студенттердің жоғары оқу орындарын бітіру кезіндегі міндеттері мен оқу мақсатын түсінуі (оқу мотивациясы), оқудың белсенді əдістерін қолдану кезінде ғана мүмкін болады. Мысалы, проблемалық, танымдылық əрекеттерді белсендіру құралы ретіндегі өзіндік шығармашылық жұмыстарды толық жəне епті түрде қолдану т.б.
Осы мəселеге ғалымдар тарапынан көп көңіл бөлінгеніне қарамастан, қазіргі жағдайда ол əлі де болсын өзекті болып отырғанын атап өту керек. Əсіресе, атап айтқанда нақты бір технологиялық пəндерді оқыту барысында көптеген мəселелерді шешуді талап етеді.
Жоғары білікті мамандар даярлаудың нақты нəтижелері мен стратегиясы алға қойылған мақсаттар арқылы анықталады, ол нақты жəне шынайы іске асырылатын болуы керек. Одан оқылатын пəнді жинақтаумен оның мазмұны тиесілі болады.
Жақсы нəтижелерге қол жеткізу үшін пəн мазмұны мен оны оқудағы оптималды сабақтастықты орындалу керек. Ол бюджеттік уақыттың аздығында материалды сапалы түрде игеруді қамтамасыз етеді.
Сонымен, жоғарыда айтылған ой- пікірлер пəнаралық байланыс ұғымы «табиғат – қоғам – адам ойы» жүйесінде білім негізін, пəнішілік қатынастарды жəне ғылымдардың кіріктірілуін реттеуші қызметін жүзеге асырады деген тұжырым жасауға негіз болады.
Осы мəселелер «050120 – Кəсіби оқыту» мамандығы бойынша студенттерді технологиялық даярлау мəселелеріне қатысты. Сондықтан «технологиялық дайындық», «технологиялық даярлау»ұғымдарының мағынасын қарастырып ашуды жөн көрдік. «Технология» саласы əр түрлі технологияларды оқуды қамтиды, олардың ішінде жетекші рөлдердің бірі конструкциялық материалды өңдеуге жатады. Оның негіздерін білу жалпы білім беретін мектептерде өтетін пəн бойынша жалпы еңбектік дағдысын алу қандай да бір мамандықтың технология мен кəсіпкерлік пəні мұғаліміне қажет. Одан басқа, мектептің оқу жоспарында оны оқуға көп сағаттар берілген, сондықтан осы мұғалімдер жүктемесін басқа мамандықтар оқытушыларына беруге болады.
Əдеттегі технологиялық даярлық екі деңгейде жүргізіледі: жалпы («Материалдарды өңдеу технологиясының практикумы», «Өнеркəсіп өндірісінің негіздері, еңбекті жəне қоршаған ортаны қорғау», «Материалдарды өңдеу») жəне мамандандыру пəндері.
Технологиялық даярлықты осылайша ұйымдастыру мамандандыру пəніне оқу сағаттарының көлемін арттыруға мүмкіндік береді.
Базалық технологиялық дайындық нəтижесінде студенттер білуі керек:
- еңбекті тиімді ұйымдастырудың, қауіпсіздік техникасын жəне өндірістік санитарияның негізгі ережелерін, сондай–ақ металл мен ағаш өңдеу бойынша оқу шеберханаларының өртке қарсы шараларын;
- құралдың сапасын анықтаудың негізгі принциптерін, жылтыр цилиндрлі біріктірулер мен құру жүйесін жəне бетінің кедір-бұдырын регламенттеу, бөлшектер көлемін бақылауда қолданылатын жан-жақты өлшеу құралдары мен өлшеу əдістерін;
- жабдықты таңдау жəне құру, құралдар мен қондырғыларды, сондай-ақ оқу шеберханаларындағы материалдарды өңдеу бойынша қолмен жəне механикалық өңдеумен орындалатын жұмыс көлемін анықтау;
- құралдық материалдардың негізгі топтарымен оларды өз орнымен қолдану жəне өңдеу жағдайларын;
- бұйымды жасаудың механизациясы мен автоматизациясының негізгі бағыттары мен міндеттерін.
Студенттердің игеруге міндетті іскерліктері:
- материалды өңдеу технологиясының практикумы бойынша негізгі түсініктерді айта білу, оларды одан əрі шығармашылықпен жəне епті қолдана білу алған білімдерімен технологиялық цикл пəні бойынша сабақ бере білу;
- материалдарға қолмен жəне механикалық өңдеу жасау барысында еңбек қорғау ережелерін орындау;
- жылтыр цилиндрлік біріктірулердің орналасуын анықтау;
- бөлшектердің көлемін анықтау үшін қажетті құралдарды таңдау жəне қолдану;
- қолмен жəне механикалық түрде көп таралған бөлшектерді өңдеу жұмыстары үшін құрал таңдап алу, кесетін құралдардың негізгі геометриялық параметрлерін анықтау;
- металл мен ағашты өңдеу мен олардан жасалған бөлшекті біріктіру үшін қарапайым қол еңбегін таңдап алу;
- жалпы білім беретін мектептерде қолданылатын темір кесетін жəне ағаш өңдейтін қондырғыларды басқару олармен қарапайым жұмыстарды жасай білу.
Конструкциялық материалдарды өңдеуге мамандандырылатын студент базалықтан басқа арнайы технологиялық дайындықтан өтеді, нəтижесінде олар осыған қоса мыналарды білуі керек:
- бөлшектің туралық параметрі мен оны сараптаудың статистикалық əдістерді;
- бөлшекті даярлау барысындағы берілген туралыққа қол жеткізу əдістерді;
- конструкциялық материалдарды кесу процесінің заңдылықтары мен негізді;
- қондырғының кинематикалық тізбесінде қолданылатын механизмдерді;
- бөлшекті даярлаудың технологиялық процестерінің негізгі принциптерід;
- кесу режимін анықтау əдісі жəне өңдеуге кететін уақытты анықтауды;
- технологиялық процестердің тиімділігін арттыру жолдарын.
Бұрын қалыптасқан іскерліктерге арнайы технологиялық дайындық нəтижесінде мына іскерліктер де қосылады:
- металл жəне металл емес материалдарды қолмен жəне механикалық өңдеудің технологиялық процесін жасау;
- қондырғының төл құжатын қолдану, кинематикалық тізбекті айыра білу, қондырғының қосу алдындағы сынауын жүргізу, қолдану барысында кездесетін қарапайым ақауларды жою;
- қарапайым кесетін құралдарды қайрау (қолмен өңдеуге арналған құралдар, токарлық кескіштер, бұрғы т.б.) олардың геометриялық параметрлерін бақылау;
- металды жəне ағашты өңдеу бойынша жəне бөлшектерді біріктіру бойынша қол еңбегінің негізгі түрлерін орындау;
- токарлық, бұрғылау, фрезерлік, ұштау қондырғыларында жұмыс істеу;
- конструкциялық материалдарды өңдеудің оқу-материалдық базасын ұйымдастыру, қызмет көрсету жəне аздаған жөндеу жүргізу;
- оқушылардың кəсіпкерлік əрекеттерін ұйымдастыру;
- ең бірінші мектептегі оқу шеберханалары базасында.
Əрине, студенттерге жұмысшы мамандықтары бойынша тым болмаса 2-3 кəсіби разряд бойынша тəжірибелік дайындық берген дұрыс болар еді. Алайда бұл талапты орындау өте қиын. Біріншіден, оқу сағаттарының аздығы, екінші жағынан – өндірістік талаптар өте көп. Берілген уақыт ішінде барлық жұмысшы мамандықтарын толық меңгеру мүмкін емес, ал технология мұғалімі өз кəсіби іс-əрекетінде көптеген жұмыс түрлерін атқарады.
Демек, білім берудің ғылымның, мəдениеттің, ғылыми-техникалық прогрестің даму деңгейіне сай болуын талап еткендіктен жəне жалпы білімнің мазмұны ғылымдардың өзара байланысы, өндіріспен қоғамдық дамудың жаңару процесі тəуелді болғандықтан қазіргі таңда оқыту процесінде пəнаралық байланыс ерекше көкейкесті орын алып отыр жəне жалпы педагогикалық маңызға ие болуда.
«050120 – Кəсіби оқыту» мамандығының оқу жоспарында материалды өңдеу технологиясының парктикалық сабақтарына барлығы 400 сағат берілсе, кəсіби мектептерде үшінші разрядтағы маманды даярлауға тек бір мамандық бойынша – 2000 сағат беріледі.
Оқу процесін ұйымдастыру барысында нақты студенттер контигентінің əр түрлі деңгейін де ескеру қажет. Ол базалық технологиялық дайындық жүргізуге де қатысты. Студенттер əр аймақтан (өндірістік, ауыл шаруашылық), əр түрлі мектептен (технология сағаттары көп немесе аз) келуі мүмкін. Олардың кейбіреулері конструкциялық материалдарды өңдеуді мектепте оқыды немесе оның кейбір элементтерімен тұрмыста танысты, ал кейбіреулерінің (əсіресе қыздар) оған ешқандай қатысы болған жоқ.
Базалық дайындық нақты бір деңгейде осы айырмашылықтарды реттейді жəне арнайы технологиялық дайындық ендігі жерде бір тектес контингентке беріледі. Технологияның бұл саласына əдетте жоғары білімі мен іскерлігі бар, оған ыңғайлы студенттер мамандандырылады. Алайда, жеке іскерліктерге байланысты өзгешеліктер мен алдыңғы оқудың жетістіктерінің қайткенмен де орны болады.
Айтылғандардан шыға келе, технологиялық дайындықтың негізгі міндеттерін құруға болады:
- Студенттердің өздеріне сəйкес келетін білмдер мен іскерліктерін алуы.
- Студенттің іскерлігі мен дайындығына байланысты оқытуды жекелеу.
- Оқытудағы танымдылық қызығушылығын дамыту.
Енді технологиялық дайындықтың құрылымы мен мазмұнын сипаттап берейік.
Дəстүрлі технологиялық даярлық келесі пəндерді оқу арқылы жүргізілді:
1 Технологиялық практика төменгі (1-2 курс) студенттеріне арналған. Оның негізгі міндеті – металл жəне металл емес материалдарды өңдеуді қолмен жəне механикалық өңдеу жəне оны орындау бойынша тəжірибе дағдыларын алу.
Бұл жерде жоғары оқу орындарының көпшілігі еңбек пəні мұғалімдерін дайындағанын ескеру керек, оның ішінде өндірістік аумақтарда негізінен техникалық еңбек мұғалімдерін дайындады. Оларға жоғарыда көрсетілген дағдылар мен білім жоғары оқу орынын бітірген соң тəжірибе алу үшін керек.
- Өнеркəсіп өндірісінің негіздері, еңбекті жəне қоршаған ортаны қорғау. Бұл курсты технологиялық дайындықтың бір бөлігі ретінде қарастыру өте дұрыс, себебі онда бұйымның регламентациясы мен сапаны бақылауға байланысты мəселелер оқытылады. Берілген сапаға қол жеткізу бұйымды жасау барысындағы қандайда болмасын өңдеудің негізгі мақсаты болып табылады.
- Материалдарды өңдеу.
Бұл жерде теориялық база келтіріліп, физикалық негіздер мен процестер мен құбылыстарды механикалық өңдеу кезіндегі заңдылықтар ашылды, механикалық өңдеу үшін жабдықтар жасауға арналған құралдар туралы мəліметтер берілді.
- Мамандану пəндері: «Машина танудың теориялық негіздері», «Металл кесетін станоктар», т.б. оларды жоғары оқу орындары өз қараулары бойынша алдарына қойылған міндетке байланысты енгізді. Олардың кейбіреулері арнайы курс ретінде берілді, ал кейбіреулері – факультатив ретінде жүргізілді.
Жоғарыдағыларды қорытындылай отырып мынадай түйінге келуге болады:
- Жоғарғы жəне орта білім беру үнемі бір-бірімен өзара байланыста болып, бір- біріне маңызды əсер ете алады. Бұл əрекеттестік өзара үйлесімді түрде балансталған болуы керек.
- Жасөспірімдерді еңбекпен тəрбиелеу мұғалімі кадрларын даярлауды іске асыру ХХ ғасырда көп өзгерістерге ұшырады. Бүгінгі күні жалпы білім беретін мектептерде «Технология» білім беру саласы қалыптасты.
- Қазіргі заманғы кəсіби даярлау оқытушысының ой-өрісі кең жəне мобилді, шығармашылық əрекеттерге бағытталған жəне үнемі өзін-өзі жетілдіріп отыратын болуы керек, жоғары коммуникативті, оқушылармен тəрбие жəне кəсіпкерлік жұмысты жүргізе алатын адам болуы керек, кəсіпкерлік негізі мен оны ұйымдастыра білетін адам болуы керек.
- Көп профилді оқыту бойынша оқытушыларды даярлаудың тиімділігін арттырудың негізгі бір жолы, пəнаралық байланысты анықтап оның мазмұны мен пəн кезектілігін, реттілігін анықтау мақсатында жүргізіледі.
Жоғары оқу орындарындағы оқыту процесі осы талаптарға сəйкес келетін мұғалімді даярлауға бағытталған болу керек.
Сонымен, пəнаралық байланыстың маңызы ғылымдар негізін меңгерудің жəне білім жүйесінің дамуының қажетті шарты болуымен, диалектикалық көзқарастың қалыптасуы білім мазмұнының барлық құрамды бөліктерінің байланысын талап етеуімен, педагогикалық процестің барлық салаларын комплексті жүзеге асыруға жəне оны тиімді ұйымдастырылуына ықпал жасауымен, педагогикалық іс- əрекеттін үйлесімді болуына əсер етумен анықталады. Демек, пəнаралық байланыстар арқылы оқытудың мазмұны,əдістері, оқытудың ұйымдастыру түрлерімен ғана шектеліп қоймайды.
Тағы бір ескеретін жағдай педагогикалық пəнаралық байланыстың құрылымын анықтау бұл байланыстарды нақты бір білім саласында қарастыруды қажет етеді. Педагогикалық пəнаралық байланыстың құрылымы «Кəсіби оқыту» мамандығының студенттерін технологиялық даярлауына бағытталған. Осыған орай аталмыш педагогикалық пəнаралық байланыстың құрылымы екі бөлімнен тұрады: 1-ші бөлім пəнаралық байланыстың компоненттері деп, 2-ші бөлімі пəнаралық байланыс негізінде технологиялық даярлаудың жүйесі деп аталады. Екінші бөлімінің компоненттерінің мазмұны бірінші бөлімнің, яғни пəнаралық байланыстың компоненттеріне тəуелді. Демек, пəнаралық байланыстың құрамы технологиялық даярлаудың мазмұнымен анықталса, байланыстар амалы (құралы) сол даярлаудың əдістемелік жағынан қамтамасыз етудің ерекшеліктерімен айқындалады, ал пəнаралық байланыстардың бағыттылығы өз көрінісін «Кəсіби оқыту» мамандығының студенттерді технологиялық даярлаудың мақсаты мен нəтижесінің мазмұнында табады.
Сонымен, қорыта айтқанда жалпы осында келірілген мəселер шын мəнінде оқу процесінде алған проблемалардар туындаған. «Кəсіби оқыту» мамандарын даярлауда технология түрлерінің маңызы аса зор.
Әдебиеттер
- Директивы ВКП (б) и постановления советского правительства о народном образовании: Сборник документов за 1917-1947 гг. /Сост. Н.И.Болдырев. — М.,- Л., 1947. — 303 с.
- Блонский П.П. Избранные педагогические и психологические сочинения: В 2 т. –Т.1. — М.: Педагогика, -1976. — 304 с.
- Крупская Н.К. О политехническом образовании, трудовом воспитании и обучении. –М., 1982.
- Шацкий С.Т. Педагогические сочинения /Под ред. И.А.Каирова. — т. 1. — М.: Изд. АПН РСФСР, 1962. – 328 с.
- Сембаев А.И. История развития советской школы в Казахстане. — Алма-Ата, 1962. — 367 с.
- Храпченков Г.М. Научно-педагогичекие основы народного образования в Казахстане. — Алма-Ата, 1976. — 144 с.
- Павлова М.Б. Социально-педагогические основы подготовки учителя к трудовой жизни: Автореф дис….к.п.н. – М., 1992. – 18 с.
- Барнекс Д., Питт Дж. Технологическое образование в школах Великобритании //Школа и производство. – 1999. — №5. – С.93-95.
- Атутов П.Р. Политехнический принцип в обучении школьников.
- 10 Поляков В.А. Политехнический принцип в трудовом обучении школьников. – М., 1977.
- 11 Вайсбург А.А. Организация профориентационной работы школы, ПТУ, предприятия. – М., 1986. – 123 с.
Автордың аты-жөні, тегі: Шарзадин А.М.