К к дыбысы мен әріпі балабақшадағы ашық сабақтар

0

Сабақтың тақырыбы: 

                                              «К к» дыбысы мен әріпі

Сабақтың мақсаты:   

  1. Балаларға «К к» дыбысы мен әрпін таныту, баспа түрін жаздырып үйрету, «К к» дыбысына байланысты сөздер ойлату, сөйлем құрату.
  2. Тіл байлықтарын кеңейтіп, қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыру, әдемі жазуға дағдыландыру.
  3. Өзара сыйластыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

 

Мазмұнына байланысты міндеттер:

а/ «К к» дыбысы және әріпімен танысады;

ә/  «К к» дыбысынан басталатын сөздер  бейнеленген суреттерді топтастырады;

б/  «К к» әрпін баспа түрін алдарындағы тақтада  жазып үйренеді;

в/  Балапан дәптерінен «К к» әріпінің жазба түрін нүктелердің үстінен бастырып, элементтерін жазып үйренеді.

 

Топтық үрдісіне байланысты  міндеті:

  1. Балалар бір-бірінен үйренеді, көреді.
  2. Топта ақылдасып, бір – біріне сөздерді оқуға  көмектеседі.
  3. Тапсырмалар орындаған кезде топтастарына қарап үйренеді, қарым-қатынас жасайды.

 

Көрнекілігі:

«К к» әріпінен сөздер бейнеленген суреттер, кеспе әріптер,  үлестірмелі суреттер, қызыл, көк үй, «К к» әрпі бейнеленген күн сызбасы.

 

 

Құрал- жабдығы:

Техникалық құралдар /музыка қоюға/,   алдарына қоятын тақталар, қобдиша, балапан дәптер, оқулық, кәмпиттер.

 

Сабақтың типі:

Жаңа материалды меңгерту сабағы.

 

Сабақтың түрі:

Ойната отырып,  дамыта оқыту сабағы.

 

Әдіс-тәсілдер:

Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, сөздік жұмысы,  ойын ойнату.

Сабақ барысы:

 

 

Кезеңдері

Қолданылатын

стратегиялар

Мұғалімнің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті.

 

І. Ұйымдастыру.

 

  Балаларды тыныштандыру.

 

 

 

 

 

 

 

Бүгінгі сабағымыз күнделікті сабақтардан сәл өзгешелеу, өйткені бүгін сабағымызға көп қонақтар келіп отыр, сондықтан сендер өздеріңді дұрыс ұстап,  тәртіпті болып, сабаққа белсене қатысып, ойларыңды ұялмай  айтуға тырысыңдар,  келген қонақтарға өздеріңді тек жақсы жағынан ғана  көрсете біліңдер демекпін.

 

Балалар түзу  тұрып:   Қатар — қатар тізіліп,

                                   Оқушыға    ұқсайық.

                                   Қолымызды түсіріп

                                      Түп-түзу боп тұрайық

                                     1-ші қатар- жәй отыр

                                      2-ші қатар – тез отыр,

                                   3-ші қатар-сендерде

                     отырыңдар.

Балалар    мұғалімнің     айтқанын     мұқият тыңдайды. 

 

 

Қызығушылықты ояту.

-Музыка ырғағымен, орындарында отырып қастарында отырған достарының алақандарына алақандарыңды  түйістіріп, бір-бірлеріңе жылы лебіз, күлкі сыйлаңдар, бір-бірлеріңді еркелетіп айтуға да болады.

 

Балалар қасында отырған баланың алақанына өз алақандарын түйістіріп,  жылы лебіз, күлкі сыйлайды, еркелетіп айтады.

 

ІІ.  Дайындық кезеңі

 

Эмоцианалды тұрақтылықты тудыру.

 

Пішіндер тарату арқылы 4 топқа бөлу. Пішіндер: көбелек, күн,  кітап, көйлек.

  • Балалар таратылған пішіндер  бойынша топ болып отырамыз  және топ болып  бірігіп сабаққа  қатысамыз,  тапсырмалар  берілгеннен кейін  болған топ шуылдамай, қолымыздан ұстап, жоғары көтереміз.  Әр  тапсырманы дұрыс орындап, сабаққа жақсы қатысқан топтарға кәмпиттер беріліп отырады,  сабақтың соңында санап, қорытындысы  шығарылады.

 

 

Әр оқушы пішіндерге байланысты бөлініп отырады.

  1. ші топ – көбелек
  2. ші топ – күн
  3. ші топ- кітап
  4. ші топ- көйлек

 Топ басшысын сайлау

 

ІІІ. Өткенді қайталау

 

 

  • Балалар, дыбыстар нешеге бөлінеді?

«Әріптер қай үйде тұрады?» ойыны . өткен әріптерді дауысты, дауыссызына қарай үйлерге әр топтан бір баладан келіп, алған дыбысты атап, салады. Әріптер үстел үстінде шашылып жатады.

 

 

— Дыбыстар екіге бөлінеді, дауысты, дауыссыз болып. Дауысты дыбыстарды айтқанда еркін, кедергісіз, созылып айтамыз, ал дауыссыздарды айтқан кезде  кедергілермен  айтылады, соза алмаймыз.

 

ІҮ Жаңа сабақ

 

Мағынаны тану

 

-Балдалар,  бүгін таңертең сыныпқа кірсем,  менің үстелімде мынадай бір зат тұр.

  Бұл не екен балалар? Бұл сиқырлы қобдишаны ашып, оның ішінде не бар екенін көрейік.

  -Ішінде  жұмбақ жасырылыпты, қазір мен оқып берейін, сендер шешуін таба қойыңдар.

Үлкен алтын табақтан,

  әлемге нұр таратқан.

  • Бұл не екен?
  • Осы жұмбақтың шешуіндегі сөзге мән берейік. «Күн» сөзі   қандай дыбыстан басталып тұр?
  • Дұрыс айтсаңыдар «К» дыбысынан басталып тұр екен, бүгін біз «К» дыбысы және әріпімен  танысамыз.

    Жұмбақтың шешуіндегі сөз бейнеленген сызбаны тақтаға ілу /күннің сызбасы/ ортасында «К» әріпі бейнеленген.

 «К» дыбысын хормен айтып көрейік, айтылуына мән берейік, не байқадық, қалай айтылады екен?

  • Кедергілермен айтылса «К» дыбысы қандай дыбыс?

 

  • «Сөз ойла, тез ойла»  ойынын ойнаймыз, қай топ «К» дыбысынан басталатын көбірек сөз ойлап айтады екен?

Топтың атына тоқталу. Осы айтылған сөздердің ішінде  сендерге таныс емес, түсініксіз сөздер бар ма, бар болса айтыңдар.  

 

 

 

-Бұл қобдиша.

 -Иә, қобдишаның ішінде не бар екенін көргіміз келеді.

 

 

 

Балалар мұғалімді мұқият  тыңдайды.

 

 

 

 

 

Балалар хормен мұғаліммен біге «К» дыбысын айтады.

 

 

 

 

 

 

 

Айтылуына мән береді –кедергімен айтылады екен.

 «К» дыбысы дауыссыз дыбыс, көк үйде тұрады.

 

 

 Әр топтан «К» басталатын  сөздер айтады: көлік, керік, кеме, кене, көл, кілт. 

 

 

Топтың аталуына тоқталады.

 

 

 

Топтастыруу

 

Топтарға суреттер тарату, ішінен «К» дыбысынан басталатын сөздің суреті бейнеленгенін тақтаға күннің сызбасына іледі, топтастырады.

 «К» әріпінің баспа, жазба түрін көрсету арқылы танысу.

-Неше таяқтан құралған? Балапан дәптерінде «К» әрпінің баспа түрін бастырады.

 

Топ ішінде суреттерді қарап, әр топтан бір бала келіп іледі.

 

 

Ауада, алдарындағы  тақтада жазып үйренеді.

 

 

Ү. Сергіту сәті

 

 

           Сылдырмақты алайық,

           Ақырындап қағайық.

          Жайлап билеп көрейік,

          Ырғағына ерейік:

          Шақ-шақ-шақ.(қолды шапалақтау 3-рет)

          Сылдырмақты алайық,

          Қатты-қатты қағайық.

         Күш түсіріп табанға,

         Би билейік табанда:

         Тақ-тақ-тақ.(аяқпен тақылдату 3-рет)

 

 

 

Балалар орындарынан тұрып, жаттығуды хормен айтып, қимылмен келтіреді.

 

ҮІ. Бекіту.

 

 

  • Қобдиша ішінде тағы не бар екен, көрелік! Ішінде жазылған сөздер бар екен, қазір сендерге таратып беремін.  Балалар берілген қысқа сөздерді топ ішінде оқиды, «К» әрпі  сөздің  қай жерінде тұрғанын айтады.

 

 

Балалар топ ішінде оқиды, топ басшысы және қалған балар тексереді.

 

ҮІІ. Бағалау.

 

 

 

Әр топтың кәмпиттерін санау, жақсы қатысқан топтарды  мадақтау.

 

 

 

Топ басшыларын тыңдау.

 

ҮІІІ. Қорытындылау

 

 

-Балалар, не істедік, не үйрендік?

-Сабақ сендерге ұнады ма?

Топтарға әріптер жазылған суреттер тарату, «К» әрпі жазылған суретті ғана бояйды.

 

 

 -«К» дыбысымен таныстық, әріп жазып үйрендік, ойын ойнадық, сөйлем құрадық.

 

 

 

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!


Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!