К дыбысы және әрпі балабақшадағы ашық сабақтар
К дыбысы мен әрпі
Категориясы:Бала бақша
Ақтөбе облысы,Әйтеке би ауданы,Әйке ауылы
Әйке орта мектебі
Мектепалды даярлық топ тәрбиешісіМолдашева Мағура Нұрланқызы
Білім саласы: Қатынас.
Бөлімі: Сауат ашу және жазу
Тақырыбы: К дыбысы және әрпі.
Мақсаты: 1. К дыбысы мен әрпімен таныстыру.Сөз ішінде басқа дыбыстан ажыратып,оны дұрыс дыбыстату. К дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасауға,сөзді буынға дұрыс бөлуге үйрету.
2. Балалардың сөздік қорына мән бере отырып, ойлау қабілетін,қиялын дамыту.
3.Ауызекі сөйлеу мәдениетін қалыптастыра отырып, баспа әріп жазу жолдарын үйрете отырып,таза, сауатты жазуға тәрбиелеу.
Қажетті құралдар: к дыбысының баспа түрі,текшелер,кеспе әріптер.
Оқу іс-әрекетінің барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.Психологиялық дайындық.
1)Балалар шаттық шеңберіне тұрады.
Кел, балалар,күлейік!
Күлкіменен түлейік!
Қабақ түйген не керек!
Көңілді боп жүрейікІ
2) «Балықшы» дидактикалық ойыны (өткен әріптерді пысықтау). Балалар аквариумнен магниттік текшелерді қармақпен аулап алады да,текшеде қандай әріп болса , сол әріпке сөз құрайды.
2.Негізгі бөлім.
1)Жұмбақ жасыру.
-Балалар мен сендерге жұмбақтар жасырамын,қане кім тапқыр екен көрейік.
Білесің мекен даласын,
Бірден тауып аласың.
Салып алып дорбаға
Жүреді ылғи баласын.
-Кенгуру (суретін іліп қоямын) қалталы жануар.Артқы аяқтары алдыңғы аяқтарынан ұзын және күшті.Өсімдікжегіш.Өзінің тұқымын 6-8 ай дорбасында ұстайды.Қызыл кітапқа енген жануар.
-Бұл сөздің басында қандай дыбыс естіліп тұр? (Хормен айтқызу.)
-К қандай дыбыс?
-Дауыссыз дыбысты қандай түспен белгілейміз?
-Осы сөзге дыбыстық талдау жасайық. Неше дыбыс бар?
— Дауысты дыбыс нешеу?
-Дауыссыз дыбыс нешеу?
-Ал енді шапалақ арқылы буынға бөлейік . Неше буын бар?
— К дыбысы нешінші буында тұр?
-Ал енді келесі жұмбақты шешейік.
Тау басына салады ұяны,
Өткір көз шегір,
Бүргенін құртады тұяғы.
-Бүркіт (суретін көрсетемін) таулы жерді мекендейтін тегеурінді,имек тұмсықты құс.Бүркітті қазақ халқы киелі құс санайды,қастерлейді.Жаңа туған балаға бүркіттей қыран,өжет,қайсар болсын деп оған қатысты аттарды қойған.Еліміздің көк байрағында да қыран құс бейнеленген.
-Бұл сөзде К дыбысы бар ма?
-Буынға бөлейік.Неше буын бар?
-К дыбысы нешінші буында тұр?
-Неше дыбыс бар?
-Дауысты дыбыс нешеу?
-Дауыссыз дыбыс нешеу?
-К қандай дыбыс?
2) «Доп лақтыру» ойыны.Шарты: Балаларға допты лақтырамын. Допты қағып алған бала К дыбысынан басталатын немесе құрамында К дыбысы бар сөз айту керек.
3) Сергіту сәті.
Бір,екі,үш
Жинап алып күш.
Қолға қалам аламыз,
К дыбысын жазамыз.
4)Дәптермен жұмыс.
К дыбысын ауада жазу.
К әрпінің баспа түрін жазамыз.Үлгі бойынша к дыбысының кіші және бас әрпін бастырып жазады.Торкөздерге к дыбысынан басталатын сөздер ойлап табады. «Сөйлем құра» тапсырмасын орындау.
5) «Кім шапшаң?»ойыны.
Берілген дыбыстардан сөз құрастырып айту: а,н,п,т,ғ,о,й,е,к,ж,с,ұ,б,м,д.
3.Қорытындылау.
-Бүгін қандай дыбыспен таныстық?
-К қандай дыбыс?
-К дыбысы сөздің қай жерлерінде кездеседі?
Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтау.
Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!