Электр зарядының сақталу заңы, қозғалмайтын зарядтардың өзара әрекеттесуі, Кулон заңы, элементар электр заряды.

0









Электр зарядының сақталу заңы, қозғалмайтын зарядтардың өзара әрекеттесуі, Кулон заңы, элементар электр заряды.

Автор: Аманкулова Акмарал Шолбаевна

Бағыты: Физика Бөлімі: Сабақ жоспары Сыныбы: 8 сынып

Жарияланған уақыты: 2019-01-26


Материал туралы қысқаша түсінік

Тәжірибе алмасу




Сабақ: Мектеп:
Пәні: физика Мұғалімнің аты-жөні:
Күні:
Сынып: 8 Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақ тақырыбы Электр зарядының сақталу заңы, қозғалмайтын зарядтардың өзара әрекеттесуі, Кулон заңы, элементар электр заряды.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 8.4.1.4 электр зарядының сақталу заңын түсіндіру;8.4.1.5 — Кулон заңын есептер шығаруда қолдану
Сабақтың мақсаты Барлық оқушылар: Электр зарядының сақталу заңын туралы түсіну Оқушылардың басым бөлігі:Кулон заңын тұжырымдап, элементар электр зарядын сипаттау, есептер шығару.Кейбір оқушылар: Кулон заңының формуласын түрлендіру, күрделі есеп шығара алу
Бағалау критерийі 1. Электр зарядының сақталу заңы туралы біледі2. Кулон заңын тұжырымдап, элементар электр зарядын сипаттайды, есептер шығарады.3. Кулон заңының формуласын түрлендіріп , күрделі есеп шығара алады
Тілдік мақсаттар Сабақ барысында оқушылардың айтылым ,жазылым,тыңдалым, оқылым дағдыларын арттыру. Диалог үшін пайдалы дәйекті сөздер 1.Кулон күші….. әріппен белгіленеді. 2.Пропорционалдық коэффициентінің мәні ….. тең. 3.Вакуумда 1 м қашықтықта орналасқан, шамасы жағынан өзіне тең нүктелік зарядқа 9×109 Н күш пен әрекет ететін нүктелік заряд ……… ға тең. 4.Өлшемдері өзара әрекеттесетін денелердің арақашықтығынан көп кіші болатын зарядталған денелерді …………. деп атайды. 5. Атом электрондар қосып алса, онда атом ………зарядқа ие болады.

Арнайы пәндік лексика мен терминология:

Құндылықтарғабаулу «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы: Жалпыға бірдей еңбек қоғамы еңбекке, шығармашылық өсуіне,ортамен ынмақтастық қатынас орнатып, өмір бойы білім алуына баулу.
Пән аралықбайланыс Қазақ тілі, ағылшын тілі, орыс тілі, математика
Алдыңғы білім Денелердың электрленуі, электр заряды, өткізгіштер мен диэлектриктер
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар
Сабақтың басы10 мин Ұйымдастыру кезеңі: — Оқушылармен сәлемдесу;— Оқушыларды түгелдеу;— Сынып тазалығына мән беру;— Оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландыру;-Оқушыларды «Шаттық шеңбер» бойымен тұрғызып, «Жүректен жүрекке» әдісі арқылы оқушылар бір-бірлеріне жылулық білдіріп, достарыға сәттілік тілейді.— Оқушыларды топқа жыл мезгілдері арқылы біріктіру,үй тапсырмасын сұрау. «Ия немесе жоқ» әдісі«Ия немесе жоқ» әдісі арқылы оқушылардың тыңдалым, оқылым, жазылым дағдылары дамиды. І-Топ. Көктем

  • Денелердың электрленуінде кемінде екі зат қатысады.
  • Зарядтар оң және теріс зарядтарға бөлінеді.
  • Электр зарядының шамасы Ампер мен анықталады.
  • Жауабы: 1 1 2 ІІ-Топ. Жаз

  • Өткізгіштер электр токын жақсы өткізеді.
  • Эбонит таяқшаны жүнге үйкегенде электрленбейді
  • Электроскоп-денелердің электрленгенін білуге арналған құрал.
  • Жауабы: 1 2 1 ІІІ- Күз

  • Зарядталған қағаз қиқымдары әрқашан жақындатылған қолға тартылады.
  • Оң заряд және теріс зарядтар бір-біріне жақындалғанда тартылады.
  • Заряд I әріпімен белгіленеді.
  • Жауабы: 1 1 2 ІY— Қыс

  • Таңбалары бірдей зарядтар бір-бірін тебеді
  • Зарядтың өлшем бірлігі 1Н мен белгіленеді.
  • «Янтарь» сөзі грек тілінде ион деген мағынаны білдіреді.
  • Жауабы: 1 2 2

    Дескриптор

  • 1. Денелердің электрленуін біледі. Оң және теріс зарядтар туралы мәліметке ие.
  • 2. Зарядтардың шамасын және өлшем бірліктерін біледі.
  • «Смайлик» әдісі арқылы бағалау

    Ия -1Жоқ-2

    Жұмыс дәптері

    Сабақтың ортасы25 мин «Ой қозғау» әдісі арқылы оқушыларға «Электр зарядының сақталу заңы, қозғалмайтын зарядтардың өзара әрекеттесуі, Кулон заңы, элементар электр заряды» тақырыбына арналған бейнежазбаны көріп, тақырыпты анықтайды. Оқушыларға мына сұрақтар қойылады:1 Бұл бейнежазбада не көрсетілді?2 Бейнежазбаға байланысты қандай тақырыпты бүгін қозғаймыз?Қалыптастырушы бағалау: оқушылар жұлдызшалар арқылы бағаланады

    1-тапсырма. Мәтінмен жұмыс. Оқулықтағы бет аралығындағы материалды оқыйды. (топтық, жеке жұмыс). «Бумеранг» әдісі арқылы төрт топ бір-біріне сұрақтар береді. Сұрақтарға жауап берген оқушылар смайликтер арқылы бағаланады. Оқушыларда тыңдалым, айтылым, оқылым дағдыларын қалыптастырады. Мұғалім бағыт беріп отырады.Сергіту сәті:«Табиғат құбылысы». Табиғатта болатын құбылыстарды жасатамын. 2-тапсырма«Мені түсін» әдісі бойынша оқушылар берілген сөздермен терминдерді (заряд, элементар заряд, атом, ядро) сипаттайды.Сұрақтарға жауап берген оқушылар смайликтер арқылы бағаланады. «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі арқылы жаңа сабақты жеке оқып, жұптық, топтық жұмыста талқылап, өз ойларын постерге түсіреді. Бұл әдіс арқылы оқушылар өз ойларын еркін жеткізуге, ұйымшылдыққа үйренеді.1-топ: Электр зарядының сақталу заңы туралы түсіндіріңіз?2 –топ. Қозғалмайтын зарядтардың өзара әрекеттесуі туралы не білесіз?3- топ: Кулон заңың тұжырымдаңыз?4-топ: Элементар электр заряд туралы не білесіз?Әр топ тапсырманы постерге түсіріп, топтар алдында қорғайды

    Құрал-жабдықтар: видео сюжеттер, А4 форматтағы қағаздар.

    Флипчарт, маркерлер

    «Есептеу білімді еселеу» әдісі арқылы оқушылар деңгейлік есептерді шешіп, білімін бекітеді.А-деңгей: Екі нүктелік зарядтың арақашықтығын екі есе арттырғанда олардың арасындағы өзара әрекеттесу күші қанша есе өзгереді? В-деңгей: Екі нүктелік зарядтың біреуінің зарядын үш есе арттырғанда олардың арасындағы өзара әрекеттесу күші қанша есе өзгереді? С-деңгей:Арақашықтығы 2 см, ал зарядтары 2×10-8 Кл және 4×10-8 Кл болатын бірдей екі кішкене шар вакуумда қандай күшпен әрекеттеседі? Жұмыс дәптерлері

    Оқулық

    Сабақтың соңы10 мин Рефлекция«Ойды аяқта» әдісі мен тақырыпты пысықтау кезінде пайдаланамын. -бүгін мен білдім….-мен үйрендім…..-қыйындық тудырды…..-қолымнан келді….. Жұмыс дәптерлері
    Үйге тапсырмаА деңгей №600В деңгей №594С деңгей №598 В.И.Кем, Б.А.Кронгарт«Физика есептер жинағы», 8 сынып
    Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? Сабақ барысындағы қолданған тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп, сараланған. «Ия немесе жоқ» әдісі арқылы оқушылардың тыңдалым, оқылым, жазылым дағдылары дамиды. «Ой қозғау» әдісі арқылы қабілеті жоғары оқушылардың ойын қозғауға, дамытуға ықпал етемін.«Бумеранг» әдісі арқылы төрт топ бір-біріне сұрақтар береді. «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі арқылы жұпта, топта жұмыс жасауын арттырып, бір-біріне деген сенімділігін орнатады жаңа сабақты жеке оқып, жұптық, топтық жұмыста талқылап, өз ойларын постерге түсіреді. Бұл әдіс арқылы оқушылар өз ойларын еркін жеткізуге, ұйымшылдыққа үйренеді. «Есептеу білімді еселеу» әдісі арқылы оқушылар деңгейлік есептерді шешіп, білімін бекітеді. Оқыту тәсілдері арқылы үлгерімі төмен оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру үшін сызбалар, ойындар, оқулықтардан пайдаланамін. Орта деңгейдегі оқушыларға түрткі сұрақтар, нұсқаулықтар беру арқылы пәнге деген қызығушылығын арттыруға көмектесемін. Кейбір оқушыларға деңгейлік тапсырмалар, күрделі есептер беру арқылы қолдау көрсетемін.
    Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? Сабақ барысында қалыптастырушы бағалауды көбірек қолданғанымыз дұрыс. Себебі, қалыптастырушы бағалау, оқу үдерісінің ажырамас бөлігі. Қалыптастырушы бағалау оқушылардың физика пәніне деген қызығушылығын арттырып, білім деңгейін қадағалап, реттеуге мүмкіндік береді. Бағалаудың бұл түрі оқушылармен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді. Оқушыларды мадақтау сөздер, бағдаршам, жұлдызшалар, смайликтер, бағалау критерийі, дескрипторлар арқылы бағалаймын.
    Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау Тәжірибелік жұмыс жасау барысында техника қауіпсіздігінің сақтауын қатаң қадағалаймын
    Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?
    Жалпы бағалау

    Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?1:

    2:

    Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?1: 2:Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?







    Материалды сайттан тегін жүктеу

    Жүктеу

    Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


    Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.