Электр тогының жылулық әсері. Джоуль-Ленц заңы

0
744
Мұғалімнің аты-жөні: Күні: СЫНЫП: 8Қатысқан оқушылар саны: Қатыспаған оқушылар саны:Сабақтың тақырыбыЭлектр тогының жылулық әсері. Джоуль-Ленц заңыСабақ негізделген оқу мақсаттары8.4.2.12 жұмыс және қуат формулаларын есептер шығаруда қолдану;8.4.2.13 Джоуль-Ленц заңын есептер шығару үшін қолдану;Сабақ нәтижесі:Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Джоуль –Ленц заңын күнделікті өмірде және өндірістерде, есептер шығаруда қолдана білуге үйрету. Электр қыздырғыш аспаптар. Қысқа тұйықталу Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: электр тоғы туралы теориялық білімдерін қалыптастыруБағалау критерийіЭлектр тогының жұмысын, электр тогының қуатын біледі, формулаларын қолданады.Электр тогының жылулық әсерін білудің практикалық маңызын түсінеді, біледі .Джоуль-Ленц заңын түсінеді,біледі және формуласын қолданып сапалық есептер шығара алады .Тілдік құзіреттілікЭлектр құбылыстары туралы білімдерін тереңдету;Джоуль-Ленц заңын , электр тогының жылулық әрекетін түсіндіру ;Құндылықтарды дарыту
  • жұптық және топтық жұмыстар орындау барысында өзіне және айналадағы адамдарға дегени құрмет;
  • топтық жұмыстарды орындау барысындағы ынтымақтастық;
  • өз пікірін білдіру барысындағы ашықтық;
  • топтық жұмыстар, кретаивті шығармашылық ізденістер барысындағыеңбек және шығармашылық;
  • Әдіс-тәсілдерСұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.Пәнаралық байланысМатематика, қазақ тілі. Алдыңғы оқуДеформацияСабақтың жоспарыЖоспарланғануақытСабақ барысы :Бағалау түрлеріБасталуы5 минутСыныптағы психологиялық ахуалды қалыптастыру, оқушылармен амандасу, түгендеу, топқа бөлу.Оқушыларды  «электрондар», «протондар» және «иондар» деп топқа бөлу. Сабақ мақсатымен жоспарымен, бағалау кретийлерімен таныстыру Мақсатқа жету үшін,алдыңғы сабақты еске түсірейік,үй жұмысын қайталайық. Оқушылардың білімін презентация арқылы тексеремін. «Блиц – сұрақ» фронталды өткізіледі.

  • Электр зарядының: оң және теріс екі түрі бар. (ия/жоқ)
  • ХБЖ- да электр өрісі кернеулігінің бірлігіне 1Н/Кл алынады. (ия/жоқ)
  • Электр өрісі тудыратын жұмыстың ығысатын зарядтың модуліне қатынасына тең шама кернеу деп аталады. (ия/жоқ)
  • ток күшінің формуласы: (ия/жоқ)
  • Ом заңын(ия/жоқ)
  • Тізбектеп жалғаудың формуласы:I = I1 + I2,
  • U = U1 = U2
  • (ия/жоқ)7.Ток күшін вольтметрмен өлшейді (ия/жоқ)8.БХЖ-де кедергі ампермен өлшенеді (ия/жоқ)9.Өткізгіштерді тізбектей қосқанда жалпы кернеу тізбектің барлық бөліктеріндегі кернеудің қосындысына тең. (ия/жоқ).1. Электр тогы дегеніміз не? – Еркін электр зарядтарын тасымалдаушылардың реттелген қозғалысы 2. Ток күші деп нені айтады және формуласы қандай? – Өткізгіштің көлденең қимасы арқылы қандай да бір уақыт аралығында тасымалданатын электр мөлшерінің сол уақыт аралығына қатынасы 3. Электр кернеуі деп нені айтады және формуласы қандай? – Тізбектің берілген бөлігінде заряд орын ауыстырғанда, электр өрісінің атқарған жұмысының осы зарядқа қатынасы 4. Өткізгіш ұштарындағы кернеуді қандай құралмен өлшейді және ол тізбекке қалай қосылады? – Вольтметр. Ол тізбекке параллель қосылады.5. Тізбектің бөлігі үшін Ом заңы қалай тұжырымдалады? Тізбектің бөлігіндегі ток күші осы бөліктің ұштарындағы кернеуге тура пропорционал, ал өткізгіштің кедергісіне кері пропорционал Үйге берілген сабақ тақырыбы :«Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау»1.Өткізгіштерді тізбектеп жалғағанда: а) R = ? ә) I = ? б) U=?Жауабы: а) R = R1+R2+…+Rn  ә) I = I1=I2=…=I б) U= U1+U2+…+U 2.Өткізгіштерді параллель жалғағанда: а) R = ? ә) I = ? б) U=?Жауабыа) 1/R = 1/R1+1/R2+…+1/Rn  ә) I = I1+I2+…+In  б) U= U1=U2=…=Un

    1-топ: Жазушылар2-топ: Зерттеушілер3-топ: Суретшілер

    «Өзі туралы кластер» тренинг, қағаздар, қалам.

    Жаңа білім10 минутБілу және түсінуБерілген мәтіндерді балалар оқып алады.Қызығушылықты ояту:

  • Электр заряды дегеніміз не?
  • Зарядтардың өзара әсерлесу күші?
  • Өткізгіштің меншікті кедергісі дегеніміз не?
  • Электр кедергісінің өлшем бірлігі?
  • Теріс зарядталған бөлшектер деген не?
  • Электр кернеуі дегеніміз не?
  • Электр сыйымдылығы қалай аталады?
  • Потенциалдар айырымысының тұжырымдамасы?
  • Физикалық диктант 1.Зарядталған б……….ң реттелген бағытталған қозғалысы э….р тогы деп аталады. 2.Уақыт бойынша өзгермейтін т… тұ….ы ток деп аталады.3.Э….р т…..ң әсерлері болып табылады ж…..қ, х……қ, м…….к. әсерлер4.Уақыт бірлігіндегі өтетін з….тың мөлшеріне тең шама т.. к….і деп аталады. 5.Ток күші А….рмен өлшенеді. 6.Кулондық күштермен бөгде күштердің жасаған қосынды ж….ы эл…р к.р…і деп аталады. 7.Тізбек бөлігіндегі токтың ж….ы сол т….ң шамасына , тізбек бөлігіңдегі к…..ге және ток өтетін уақытқа тура пропорционал.8.Токтың қ…ы ток күші мен к…..дің көбейтіндісіне тең физикалық шама. 9.Өткізгіште болінген жылу м……н есептеу үшін ток күшінің квадратын,өткізгіш ке…….сін және электр тогының өту у…..н өз ара көбейту керек. Электр тогының жұмысыСонымен біз электр тогының бар екенін оның жылулық, химиялық, магниттік және биологиялық әсерлері бойынша білуге болады дедік. Осы әсерлер арқылы электр тогы, нақты айтқанда электр тогының көзі жұмыс жасайды. Мысалы ток өткенде өткізгіш қызады, соның салдарынан олардың ішкі энергиясы өседі. Ал өткізгіштің ішкі энергиясының артуы ток жұмысының есебінен жүреді, осы жқмысты есептейік. Сонда электр өрісі A=qU жұмыс өндіреді. Ток күші I=q/t болғандықтан жұмыс мынаған тең: A=IUt Тізбектің бөлігі үшін Ом заңына сүйеніп Токтың жұмысының өрнегін мына түрде жазуға болады.A=I2 Rt . Тізбектің бөлігіндегі жұмысы ток күшінің кернеуге және жұмыс өндіруге кеткен уақытқа көбейтіндісіне тең.Токтың жұмысы Джоульмен (Дж) өлшенеді.1Дж =1A*1B*1cДжоуль- Ленц заңыЕгер өткізгіш қозғалмаса, токтың барлық жұмысы өткізгішті қыздыруға жұмсалады. Сол кезде бөлінетін жылу мөлшері мынаған тең болады. Q=A=I2 Rt. Бұл формула Джоуль- Ленц заңын сипаттайды.Өмірмен байланыстыру- өндірісте, тұрмыста қолданыстағы электр приборларының жылуының мөлшері осы заңға негізделген. Заңның тұжырымдамасы: өткізгіштегі токтың бөліп шығаратын жылу мөлшері ток күшінің квадратына, өткізгіш кедергісіне және электр тогының өту уақытына пропорцианал.Бұл заңды тәжірибе жүзінде 1841 жылы ағылшын ғалымы Дж.Джоуль және 1843 жылы Петербург академигі Э.Х.Ленц ашқан. Сонымен электр тогының жылулық әсерін түсіндіретін заң Джоуль- Ленц заңы болды.Электр тогының жылулық әсері тұрмыстық, өнеркәсіптік жылу қондырғыларында қолданылады. Олар электр шамдарында, өлшеу техникаларында, аспаптарында, электрлік дәнекерлеуде, тағы да басқа көптеген қазіргі заманғы техниканың салаларында пайдаланылады.Ең алғашқы электр шамдар, осы уақытқа дейін пайдаланылып жүрген, қыздыру шамдары б. т. Олардың жарық көзі адам көзінің қабылдауына оптималды б. т. Бірақ олардың елеулі кемшілігі бар: жуық шамамен олардың 95% энергиясы жылуға айналады, ал 5% ғана жарық көзінің үлесіне қалады.Электр шамының бір ғана өнертапқышы жоқ. Шамның тарихы әр түрлі уақытта, әр түрлі адамдардың ашқан жаңалықтарының тізбегінен тұрады. Лодыгин ең бірінші болып шамға вольфрам сымын қолданды және қыздырғыш сымды спираль пішінде орауды ұсынды. Лодыгин ең бірінші шамнан ауаны сорып алды, сөйтіп ол шамның қолдану мерзімін көп есеге арттырды. Лодыгиннің тағы бір жаңалығы шамды инертті газға толтырып, қолдану мерзімін арттыруға бағытталды.1876 жылы 23 – ші наурызда П. Н. Яблочков (1847 – 1894) дүниежүзінде бірінші болып электр шамын жасауға патент алды. Орыстың электротехнигі П. Н. Яблочков «Яблочков шамы» деп аталатын электр доғалы шам жасады. Мұндай шамдар 1878 жылы Париждің алаңдары мен көшелерінде орнатылды, ал кейін Москва мен Петербургте пайда болды.

    \

    Оқулық,мәтіндер.

    Ортасы10 минутҚолдану

  • Электр тогын сипаттайтын параметрлер.
  • 2. Тұрақты ток заңдары.

    Есеп шығару

  • Егер қалта фонары шамының кернеуі 3,5 В, ал ток күші 0,28 А болса, ондағы электр тогы 5 минутта қандай жұмыс істейді?
  • Егер резистордағы ток күші 10 мА, ал кедергісі 1кОм болса, онда 10 минут ішінде қанша жылу мөлшері бөлініп шығады?
  • Кедергісі 1 кОм резисторды кернеуі 100В тізбекке қоссақ, онда 10 минут ішінде қанша жылу мөлшері бөлініп шығады?
  • Токтың жылу мөлшерін есепте. Вольтметрдің көрсетуі 5,2 В, амперметрдің көрсетуі 2А, кедергісі 2 Ом, уақыт 5 минут.
  • Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер

    «Ыстық орындық» орындық әдісі, сұрақтар, орындық.

    Сергіту сәті2 минут«Қара жорға» биівидеожазбаАяқталуы Сабақты бекіту10 минут «Ойлан – жұптас – бөліс» әдісіІ деңгей1.Электр энергиясын үнемді пайдалану жөнінде не айтасың? (ұпай)Кернеу 40 В, ток күші 500 А дәнекерлеуші аппараттың 30 мин ішінде тұтынатын қуатын және жұмсаған энергиясын есепте. (2ұпай)ІІ деңгей1.Неліктен электр қыздырғыш приборлардың қылсымдарын меншікті кедергісі көп материалдан жасайды? (2 ұпай)2.1 кВт сағ 4 теңге 83 тиын деп есептеп 30 тәулік бойы тәулігіне 10 сағаттан жанып тұрған шамдағы токтың жұмысының құнын есепте. Электр шамының қуаты 100 Вт (4ұпай)3.Электровоздың 6 электр қозғалтқышының тұтынатын кернеуі кВ және әрбір қозғалтқышының қуаты 3 кВт. ҚозғалтқыштыңПӘК– і 92% болса, ток күші неге тең? (7ұпай)ІІІ деңгей1.ПӘК- і 80% болған жағдайда 10 мин. ішінде 2л. суды 20 0 C –ден қайнағанға дейін қыздыруға болатындай, 220В кернеуге есептелген қыздырғыш жасау үшін қимасы 0,84 мм2 никелин сымның ұзындығы қандай етіп алу керек? (7ұпай)Есептер шығару: №1. Амперметр тізбекте 15А ток күшін,дәл сол бөлікте вольтметр 24В кернеу көрсетеді.Ток 20 мин ішінде қандай жұмыс істейді

    №2.Электр плитканың кедергісі 80 Ом,кернеуі 220В. 6 сағат ішінде плитка қанша жылу бөледі?

    №3.Қимасы 0,5мм2 хромаль сымнан 700Вт қуаты бар, 220В кернеуде жұмыс істейтін қыздырғыш үшін спираль дайындау қажет. Сымның ұзындығын табыңдар. Хромальдың меншікті кедергісі 1.4 Ом*мм2

    6. «Электр» және «Қуат» түсінігіне синквейн жазу.Мұғалім Синквейн жазу ережесін түсіндіреді:1-ші жол-тақырыптың атауы(зат есім)2-ші жол-тақырыпты сипаттайтын екі сөз(сын есім)3-ші жол-тақырып туралы қимылды білдіретін үш сөз(етістік)4-ші жол-тақырыпқа қатысты төрт сөзден тұратын сөз орамы(нақыл сөз)5-ші жол- тақырыптың мәнін ашатынЕсептердің шешімі,жауабы: №1Берілгені: t =20мин=1200с I=15AU=24В Т/к: А– ?Шешуі : A=I*U*t А=15А*24В*1200с=432000Дж Жауабы:4,32МДж№2.Берілгені :R=80 U= 220 Вt=6 с Т/к:Q – ?Шешуі: Q=I=U/RQ= U2 /R Q=(220В)2 :80Ом*6*3600с =13.1МДжЖауабы: 13,1МДж№3.Берілгені: S=0.5 мм2P=700 BU=220Вρ=1.4 Ом*мм2Т/к:L=?Шешуі:R=ρ*L/S; P=IU; R=U/I;U2/P=ρL/S; L=U2S/;L=(220B)2*0.5 мм2/700Вт*1.4Ом*мм2=24.7мЖауабы:24,7м

    «Ойлан – жұптас – бөліс» әдісі

    Бағалау

    5 минут

    Кері байланыс3 минут

    Бағалау парақшасы Дұрыс жауапқа 5 балл.

    Бағалау парақшасы

    Рефлексиялық шеңбер

    Қосымша ақпаратСаралау – Сіз қосымшакөмек көрсетуді қалайжоспарлайсыз? Сізқабілеті жоғарыоқушыларға тапсырманыкүрделендіруді қалайжоспарлайсыз?БағалауОқушылардыңүйренгенін тексерудіқалай жоспарлайсыз?Пəнаралық байланысҚауіпсіздік жəне еңбектіқорғау ережелеріАКТ-мен байланысҚұндылықтардағыбайланысРефлексияСабақ / оқумақсаттарышынайы ма?Бүгін оқушыларне білді?Сыныптағы ахуалқандай болды?Мен жоспарлағансаралау шараларытиімді болды ма?Мен берілгенуақыт ішіндеүлгердім бе? Менөз жоспарымақандай түзетулеренгіздім жəненеліктен?

    Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкескелетін сұрақтарға жауап беріңіз.

    Қорытынды бағамдауҚандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?1:2:Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?1:2:Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымдыжетілдіруге көмектесетін не білдім?