Сабақ: |
Мектеп: |
Пәні: физика |
Мұғалімнің аты-жөні: |
Күні: |
|
Сынып: 8 |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
Сабақ тақырыбы |
Электр тогының химиялық әсерi (Фарадейдiң заңы) |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
8.4.2.18 – сұйықтардағы электр тогын сипаттау |
Сабақтың мақсаты |
Барлық оқушылар:Электролиттегі, сұйықтардағы электр тогы ұғымын түсіну Оқушылардың басым бөлігі:Фарадей заңын тұжырымдап, электролиздің техникалық қолданылуына мысалдар келтіру, есептер шығару.Кейбір оқушылар: Электролиз заңының формуласын түрлендіру, күрделі есеп шығара алу |
Бағалау критерийі |
1. Электролиттегі, сұйықтардағы электр тогы ұғымын түсінеді2. Фарадей заңын тұжырымдап, электролиздің техникалық қолданылуына мысалдар келтіреді, есептер шығарады3. Электролиз заңының формуласын түрлендіріп, күрделі есеп шығара алады |
Тілдік мақсаттар |
Арнайы пәндік лексика мен терминалогия.Сөздік
Арнайы пәндік лексика мен терминология:1. Электролиттегі электр тогын тасымалдаушы бөлшектер______болып табылады.2. Электролиттерге екі электродты енгізгенде оң иондар ______ , теріс иондар ______ қарай қозғалады.
|
Құндылықтарғабаулу |
«Мәңгілік ел» ұлттық идесы: «Индустрияландыру мен инновацияға негізделген экономикалық өсу».Электродтарда зат бөліну процесінің негізінде гальваникалық элементтер, аккумуляторлар, гальвонопластика, гальвоностегияларды қолдана алады. |
Пән аралық байланыс |
Химия, Математика— |
Алдыңғы білім |
Электролиттік диссоциация, рекомбинация |
Сабақ барысы |
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
Сабақтың басы10 мин |
Ұйымдастыру бөлімі: — Оқушылармен сәлемдесу;— Оқушыларды түгелдеу;— Оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландыру;— Оқушыларды топқа құрал-жабдықтар арқылы біріктіруҮй тапсырмасын сұрау «Ия немесе жоқ» әдісі«Ия немесе жоқ» әдісі арқылы оқушылардың тыңдалым, оқылым, жазылым дағдылары дамиды.
Қыздырғыш аспаптарға электр кептіргіш фендер, электр үтігі т.б жатады.
Қыздыру шамы тек контактіден тұрады
Электр аспаптарымен жұмыс істеу кезінде ток көзінен ажыратпай электр аспабын динауға, шашуға не түзетуге болмайды.
Жауабы: 121
Ең алғаш қыздыру шамын А.Н.Лодыгин ойлап тапты
Ток көзінің кедергісі өте көп өткізгішпен тұйықталуын қысқа тұйықталу деп аталады
Электр қыздырғыш құралдарда қыздырғыш элементі меншікті кедергісі үлкен және балқу температурасы жоғары материалдардан жасалады
Жауабы: 121
Электр аспаптарымен жұмыс істеу кезінде қос қолмен жалаңаш екі сымды қатар ұстау қауіпсіз
Қысқа тұйықталу кезінде ток көзінің бүлінуін болдырмас үшін балқымалы сақтандырғыш қолданылады.
Қысқа тұйықталу кезінде ток азаяды
Жауабы: 212Дескриптор
1.Электрқыздырғыш құралдар. Қыздыру шамдарын біледі.
2.Қысқа тұйықталу. Балқымалы сақтандырғаштар тақырыбын біледі
«Смайлик» әдісі арқылы бағалау |
Ия -1Жоқ-2
Жұмыс дәптері
|
Сабақтың ортасы25 мин |
Жаңа сабақ«Миға шабуыл» әдісі арқылы тақырыпқа сай тәжірибелік жұмыстар жасау арқылы оқушыларда тыңдалым, айтылым, оқылым дағдыларын қалыптастырады. Мұғалім бағыт беріп отырады
«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі арқылы жаңа сабақты жеке оқып, жұптық, топтық жұмыста талқылап, өз ойларын постерге түсіреді. Бұл әдіс арқылы оқушылар өз ойларын еркін жеткізуге, ұйымшылдыққа үйренеді.1-топ: Электролиттерді электр тогын түсіндіріңіз?2 –топ. Электролиздің пайда болу себебін түсіндіріңіз?3- топ: Электролизді техникада қолдана аласыз ба?4- топ: Фарадей заңын тұжырымдаңыз?Әр топ тапсырманы постерге түсіріп, топтар алдында қорғайды
Әр топ «SWOT» талдау арқылы бағалай отырып, тақырыптың күшті, әлсіз, мүмкіндіктері мен қауіптерін қорытындылай аладыSWOT талдау S W күшті жақтары әлсіз жақтары
O T мүмкіндіктер қауіптер
|
Құрал-жабдықтар: екі электрод (катод және анод), тазартылған суы бар ыдыс, тұз, ток көзі, электролитті ванна, мыс купорасы, Электр лампасы, амперметр, кілт
Флипчарт, маркерлер
|
|
«Жадыны дамытуға арналған есеп» әдісі арқылы оқушылар деңгейлік есептерді шешіп, білімін бекітеді.А-деңгей: Мыс тотияйынының ерітіндісі арқылы 20кКл заряд өтті. Осы кезде катодтан қанша мыс бөлінді?
В-деңгей: Мыс ваннадан 20 мин ішінде 1,98г мыс бөлінген. Ваннадағы ток күшін анықтаңыз?
С-деңгей:Электролит арқылы 5 мин ішінде 1,5А ток өткенде, катодтан 135мг зат бөлінген. Ол қандай зат?
|
|
Сабақтың соңы10 мин |
« Мидың суретін сал» әдісі тақырыпты пысықтау кезінде пайдаланамын.Оқушылар мидың суретін дәптерге салады да, оның сабақ кезінде меңгерген білімдерін тірек сөздермен толтыру.Дескриптор:
Электр тогының химиялық әсерін түсінеді
Фарадей заңын тұжырымдай алады.
Оқушылар «Дескрипторға» сүйене отырып өзерін «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды
|
Жұмыс дәптерлері |
|
Үйге тапсырмаА деңгей №616В деңгей №618С деңгей №615 |
В.И.Кем, Б.А.Кронгарт«Физика есептер жинағы», 8 сынып |
|
Кері байланыс«Мадақтау сэндвичі» әдісін пайдалану арқылы кері байланыс жасаймын.1-бөлік – позитивті комментарий, не ұнады;2-бөлік – сындарлы сын, не нәрсені жақсарту керек;3-бөлік – келешекке арналған комментарий: маған ұнады, бірақ келесі жолы … |
|
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? |
Сабақ барысындағы қолданған тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп, сараланған. «Миға шабуыл» әдісі арқылы тәжірибелік жұмысты жасау арқылы жаңа сабақтың мазмұнын ашады. «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі арқылы жұпта, топта жұмыс жасауын арттырып, бір-біріне деген сенімділігін орнатады. «Жадыны дамытуға арналған есеп» әдісі арқылы әр оқушының деңгейіне сай тапсырмалар берілді. Бір – бірін «SWOT» әдісі арқылы тақырыптарды қорытындылай алады. «Миға шабуыл» әдісі арқылы қабілеті жоғары оқушылардың ойын қозғауға, дамытуға ықпал етемін. «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі арқылы орта деңгейдегі оқушыларға пәнге деген қызығушылығын арттыруға көмектесемін. Үлгерімі төмен оқушыларға деңгейлік тапсырмалар, түрткі сұрақтар, нұсқаулықтар беру арқылы қолдау көрсетемін. |
Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? |
Сабақ барысында қалыптастырушы бағалауды пайдаланып отырған дұрыс. Себебі, қалыптастырушы бағалау арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, білім деңгейін қадағалап, реттеуге мүмкіндік береді. Оқушыларды мадақтау сөздер, бағдаршам, жұлдызшалар, бағалау критерийі, дескрипторлар арқылы бағалаймын. |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау |
Тәжірибелік жұмыс жасау барысында техника қауіпсіздігінің сақтауын қатаң қадағалаймын. |
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен? |
|
Жалпы бағалау
Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?1:
2:
Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?1: 2:Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?
|