Экологиялық тауарлар мен қызметтер рыногын дамыту

0

Экологиялық өзгерістерді жүзеге асырудың стратегиялық бағыттарының бірі кәсіпкерлікті дамыту болып табылады. Экологиялық кәсіпкерлік бағытын қалыптастыру — экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қоршаған ортаның сапасын жақсартудың ең маңызды элементі. Экологиялық кәсіпкерлік тауарларды өндіру және сату қоршаған ортаға жағымсыз әсер етуге жол бермейтін жұмыстар мен қызмет көрсетулерді жүзеге асыру деп ұғынылады.

Қазіргі уақытта қоршаған ортаға зиян келтірмейтін өнімді өндіру бойынша қызмет бизнестің дамуына ықпал етеді және табыс әкеледі. Мысалы, Канадада 3,5 мың компания табиғатты қорғау жабдықтарын шығарады және соған байланысты қызметтер қөрсетеді. Осы компанияларда 150 мыңнан астам адам еңбек етеді. Жапонияда өткен ғасырдың 80-жылдарының аяғынан бастап экологиялық бизнес бойынша сарапшылар кеңесі жұмыс жасай бастады, олар экологиялық кәсіпкерліктің дамуына байланысты түрлі мәселелерді үйлестіреді. Экологиялық кәсіпкерлікпен айналысатын 10 мыңнан астам фирма ЕО елдерінде нәтижелі жұмыс жасайды. Олар шығарған өнімнің жалпы сатылым мөлшері жылына 40 млрд еуродан асады. Соңғы жылдары экологияға бағытталған бизнес АҚШ шаруашылығының барлық салаларына ене бастады. Экономикасы дамыған елдерде экологиялық консалтинг және жобалау салалары бойынша маманданған фирмалар, сондай-ақ қалдықтарды жою және қайта өвдеумен айналысатын компаниялар санының өсуі байқалады. АҚШ-тағы экологияға бағытталған өнім өнеркәсіптік жабдықтар мен тұтыну тауарларын шығару бойынша алғашқы қатарда тұр.

Қоршаған ортаны қорғау бойынша қызмет бизнеске ықпал етеді және жетілдірілген технологиялардан, сондай-ақ оның негізінде шығарылған экологиялық таза өнімдерді сатудан табыс әкеледі.

Көптеген дамыған елдерде экологиялық реттеу капитал жинаудың жаңа жэне өте пайдалы саласының қарқынды дамуына ықпал етті. Экологияға бағытталған өнім өнеркәсіптік, сондай-ақ тұтыну тауарларын шығаруда маңызды орын алады,

Ұлттық және әлемдік рыноктағы бәсекеге қабілеттілік өндіріс технологиясының, шығарылған тауарлардың экологиялық параметрлерімен, сондай-ақ ортақ шығындардың деңгейіне тікелей әсер ететін қоршаған ортаны қорғау шығындарымеи анықталады. Әрине, бұл тауардың бағасына, өткізу рыногына, өндірістің болашағына әсер етеді.

Дамыған елдерде экологиялық заң талаптарының реттелуі біртіндеп жүзеге асырылуда, ол тауар ағындары мен қаржы салу ағындарына жағымды эсер етеді. Сараптамалық бағалаулар бойынша, табиғатты қорғау технологиялары бәсекеге қабілетті күрес құралдарының бірі болып табылады.

Рыноктың экологиялық инфрақұрылымын құруда келесі деңгейлер белгіленеді: кәсіпорын, аймақ, мемлекет және халықаралық деңгей. Кэсіпорын деңгейіне қоршаған ортаны қорғау бойынша арнайы бөлімшелер (қызметтер) жатады. Аймақтық деңгейге арнайы кэсіпорындар мен аймақтағы экологиялық бақылау қызметтері жатады. Мемлекеттік деңгей аймақаралық (мемлекет аралық) мәселелерді шешуге арналған бірлестіктер мен қызметтер болып табылады. Сонымен бірге, халықаралық деңгей мемлекетаралық экологиялық мәселелерді шешу үшін ұйымдық-экономикалық құрылымдарды қамтиды.

Қазіргі уақытга табиғатты қорғау әрекеттерін ынталандыруды күшейтуге бағытталған салық жеңілдіктерін кеңейту бойынша шешім экономикалық дамыған елдерде белсенді қолданылынады. Әсіресе, негізгі қорлардың жеделдетілген өтелімі кеңінен қолданылынады. Жеделдетілген өтелім, яғни амортизациялық есептердің өсуі, бір жағынан кәсіпорындарды табиғатты қорғау жабдықтарын жаңарту үшін қызықтырады, яғни ол қысқа мерзім ішінде ақталып шығады, ал екінші жағынан тым жоғары амортизация өнімнің өзіндік құны арқылы табысқа салынатын салықтың базасын азайтуға мүмкіндік береді.

Германияда тазарту құрылғылары мен жабдықтардың, сондай-ақ шуды азайтуға мүмкіндік беретін жабдықтардың жеделдетілген жүйесі эрекет етеді. Канадада тазарту жабдығы үшін амортизациялаудың екіжылдық мерзімі, ал Ұлыбритания, ГФР және АҚШ-та — бесжылдық мерзім көзделген. Францияда тазарту жабдықтарының 50%-ы бір жыл ішінде амортизацияланады, ал Италияда — үш жыл ішінде. Әлемнің көптеген елдерінде табиғатты қорғау қызметтерінде экономикалық ынталандыру жүйесі қолданылынады. Акциздік экологиялық салықтарға өндіру және тұтыну деңгейінде қоршаған ортаны ластайтын өнімдердің құны жатады. Франция, Германия, Италияда майлайтын майларға салық белгіленді. Норвегия және Швецияда минералдық тыңайтқыштар мен пестицидтерге салық салынады. ЕО елдерінде біржолғы орауыштар мен сыйымдылықтар, майлатын майлар, мұнай және мұнай өнімдері, минералдық тыңайтқыштар мен пестицидтер, кадмий және сынаптары бар аккумуляторларға акциздік салық белгіленді.

Осы салада аса белсенді саясатты Шығыс Еуропа елдері — Польша, Чехия және Венгрия да жүргізеді. Экологиялық тауарлар, жұмыстар және қызмет көрсету рыногының дамуы қазіргі уақытта экономикасы дамыган батыс елдері, сондай-ақ өтпелі экономикалы мемлекеттер үшін өзекті болып табылады.

Пайдаланылған әдебиеттер: Мұхажанова Н.А., Жаһандық экология: Алматы, -2011. -172 бет.

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз