Экология ғылымының негізгі міндеті

0
206

1 бет

Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық тренинг «Сенің есімің» ойыны.

2 бет

Үй тапсырмасын қайталау:Конверт сұрақ –әдісі:Экология нені зерттейді?Экологияның негізгі міндеттері қандай?Экология ғылымының зерттеу нысаны?Экологиялық факторлар қанша топқа жіктеледі?

3 бет

Экология –тірі организмдердің бір –бірімен қарым-қатынасын қоршаған ортасымен, тұрағы немесе мекенімен байланыстыра отырып зерттейтін ғылым. Экология ғылымының негізгі міндеті — популяция, биоценоз және экожүйені динамикалық зерттеу, экологиялық үрдістердің заңдылықтарын ашу, индустриализация және урбанизация жағдайындағы ғаламшар проблемаларын зерттеу. Экологияның негізгі зерттеу нысандары – популяция, экожүйе және биосфера.

4 бет

Сабақтың тақырыбы: Ортаның абиотикалық факторлары

5 бет

Сабақтың мақсаты:Экология ғылымын еске түсіре отырып, экологиялық факторлар негізгі үш топқа бөлінетінін айтып, ортаның абиоткалық факторлары туралы жалпы түсінік қалыптастыру.

6 бет

Тірі организмдерге тікелей немесе жанама әсер ететін өлі табиғат құрамбөліктері мен құбылыстарын абиотикалық факторлар деп атайды. Абиотикалық факторларға климат (температура, жарық, ылғал), топырақ, жер бедері және атомосфера газдары жатады.

7 бет

Мағынаны тану:РАФТ –әдісі:Температура Жарық Ылғалдылық

8 бет

Әліпби желісі –әдісі:Пойкилотермді организмдер –Гомойотермді организмдер – Анабиоз – Термофилдер – Психрофиттер – Ксерофиттер – Суккуленттер – Гигрофиттер – Мезофиттер – Гидрофиттер –

9 бет

Пойкилотермді организмдерге барлық омыртқасыздар, омыртқалылардан балықтар, қосмекенділер және бауырымен жорғалаушылар жатады.Гомойотермді организмдерге құстар мен сүтқоректілер жатады. Бұл организмдер қоршаған орта температурасына тәуелсіз дене температурасын реттеп отырады. Анабиоз – жануарлар қолайсыз температура жағдайында қысқы ұйқыға кетеді. Термофилдер – жылусүйгіштер Психрофиттер – суықсүйгіштер Ксерофиттер – құрғақ сүйгіш өсімдіктер (сексеуіл, жусан, қылша, теріскен, сеуел, күйреуік)Суккуленттер – шырынжапырақ өсімдіктер (алоэ, агава, кактус)Гигрофиттер – ылғалы мол жерде өсетін өсімдіктер. Оларға тропиктік ылғалды орманда өсетін өсімдіктер жатады. Мезофиттер – ылғалы жеткілікті топырақта өсетін өсімдіктер (беде, атқонақ, інжугүл, саумалдық)Гидрофиттер – төменгі бөлігі суда болатын немесе грунтқа бекініп өсетін су өсімдіктері (элодея, балдырлар)

10 бет

Қазіргі уақытта экологияға неліктен көп көңіл бөледі?

11 бет

Ой толғаныс:
Жауабы. 1. А2. С 3. В 4. А 5. В

12 бет

Үйге тапсырма: § 55. 284 бет. Орта факторларының әсер ету қарқындылығы.