Экология глоссарий қазақша — Экология

0

Абиотикалық факторлар — тірі организмдерге тікелей немесе жанама әсер ететін өлі табиғат элементтері (космостық, геофизикалық, климаттық, кеңістік, уақытша, т.б.)
Автотрофтар — көмір қышқыл газы, су және минералдық тұздардан органикалык заттарды синтездейтін организмдер.
Адаптация — тірі организмдердің тіршілік жағдайларына бейімделі процесі, түр бойынша (генотиптік) бейімделушілік бірнеше ұрпақ бойынша жүріп, түр түзілу процесімен байланысты болатын және жеке (фенотиптік) адаптация 
Аменсализм — белгілі бір ортадағы организмдердің бір түрінің екінші түр тіршілігіне басымдылық көрсететін түр аралық қатынастар типі.
Атмосфера — Жердің немесе кез келген космостық дененің газды қабықшасы.
Антибиоз — организмдер арасындағы бір-біріне кері әсер ететін қарым — қатынастың түрі.
Анабиоз — қолайсыз жағдайлар әсерінен немесе организмнің жеке даму процесінде ерекше кезеңнің қалыптасуына байланысты олардың тіршілік әрекеттерінің уақытша тоқтауы.
Анаэробты организмдер — оттегіні қажет етпейтін, оттегі қатысынсыз ортада тіршілік ететін организмдер.
Антропогендік факторлар — адамның тіршілік әрекетінің әсері.
Апвеллинг —  мүхит суларының жоғарғы қабатқа қарай көтерілуі.
Ареал — органимздердің систематикалық топтарының -популяциялар, түр, т.б. таралу аймағы.
Аутэкология — белгілі түрге жататын жеке особьтарды зерттейтін экологияның бөлімі немесе түр экологиясы.
Альбедо — белгілі бір дененің түскен сәулені шағылдыру қасиеті.
Альтернативті энергия көздері — Күн, жел, теңіздер мен геотермальды энергия түрлері
Аэробты организмдер — бос оттегі қатысында тіршілік ететін организмдер.
Азотфиксация — топырақ бактерияларының атмосферадағы молекулалық азотты сіңіруі.
Базалық мониторинг — антропогенді әсер болмайтын табиғи экожүйелердің жағдайын бақылау.
Бентос — мүхит пен континетальды сулардың түбінде, грунтта тіршілік ететін организмдер 
Биогаз — қатты және сүйық қалдықтардан, оның ішінде мал шаруашылығы комплекстерінің қалдықтарынан, қаланың коммунальдық — түрмыстық суларынан, сол сияқты арнайы өсірілген балдырлар мен басқа да организмдерден алынатын жанғыш газ. 
Биогенді заттар — тірі организмдердің тіршілік процестері нәтижесінде түзілетін заттар (атмосферадағы газдар, таскөмір, мүнай, торф), қоректік заттар, биогендер, биогендік элементтер — тірі организмдер құрамына кіретін элементтер — көміртегі, оттегі, азот, сутегі, 
Биогеохимиялық цикл — минералды қосылыстар құрамындағы химиялық элементтердің өсімдіктер мен жануарлар организмдері арқылы табиғаттағы айналымы.
Биогеоценоз — тірі организмдер қауымдастығының (биоценоз) абиотикалық жағдайлардың кеңістіктік жиынтығын (биотоп), зат, энергия мен информация алмасулары негізінде біріктіретін құрлықтық экожүйе.
Биосфера — құрамы, құрылысы мен энергетикасы тірі организмдер тіршілігімен анықталатын Жердің белсенді ерекше  қабықшасы.
Биоиндикация — тірі организмдер мен олардың қауым-дастықтарына тигізген әсеріне қарай антропогендік факторларды анықтау.
Биологиялық ресурстар — адамзат қоғамына пайдалы, багалы болып саналатын генетикалық ресурстар, организмдер немесе олардың бөліктері, популяциялар мен басқа да кез келген экожүйелердің биотикалық компоненттері.
Биологиялық тазарту — судың қүрамындағы ластаушы заттарды микроорганизмдер көмегімен тазарту.
Биота — кеңістіктегі барлық тірі организмдер жиынтықтарының кез келген түрі, (мысалы, экожүйе биотасы, құрлық биотасы, теңіз биотасы, биосфера биотасы, т.с.с).
Биотикалық факторлар — тірі организмдердің бір-біріне әсеріңің барлық түрдері.   
Биотикалық айналым – биосферадағы биотикалық және абиотикалық компоненттердің арасындағы экожүйелердегі биогенді элементтердің айналымы.  
Биотоп – белгілі биоценоз алып жатқан абиотикалық факторлары салыстырмалы біртекті кеңістік.
Биокосты заттар — тірі организмдердің тіршіліқ процестері мең биологиялық емес (табиғи) процестердің біріккен әсері нәтижесінде түзілетін заттар. 
Биом — Жердің негізгі климаттық аймақтарына сәйкесірі кұрлықтық экожүйелер (шөлдер, шөлейттер, ормандар).
Биоценоз — кұрлық не судың белгелі бір бөлігінде бірге, тіршілік ететін әртүрлі систематикалық топқа жататын организмдердің қауымдастығы.
Биоценоэкология — тірі организмдердің қауымдастықтары мен оларды қоршаған орта арасындағы қарым-қатынастарды зерттейтін экология саласы.
Биофильтр — ағызынды суларды биологиялық әдіс арқылы тазарту қондырғысы.
Валенттілік (экологиялык) — толеранттылық шектері немесе түр, не популяциялардың әртүрлі орта жағдайларында тіршілік ету қабілетінің сипаттамасы.
Газдар (парниктік) — атмосфераға түсіп, парниктік эффект туғызатын, көмірқышқыл газы, метан, көмірсутектер, т.б. газ тәрізді заттардың қоспасымен атмосфераның ластануы.
Гомеостаз — организмдер немесе организмдер тобының қоршаған ортаның түрлі өзгерістерінде динамикалық тұрақты тепе-теңдігін сақтай алу қабілеті.
Геотермальды сулар — жер қойнауындағы ыстық, өздеріне тән химиялық құрамы бар сулар.
Гербицидтер — арам шөптерді жоюға қолданылатын улы химикаттар.
Гидробиология — барлық су ресурстарыда тіршілік ететін тір организмдерді зерттейтін ғылым саласы.
Гидробиосфера — Жер бетілік суларда мекендейтін тірі организмдердің тіршілік ету ортасы, биосфераның бір бөлігі.
Гидробионттар — суда тіршілік ететін организмдер.
Гидросфера — тірі  организмдер мекендейтін  Жердің сулы кабықшасы, барлық мұхиттар, өзендер мен көлдер теңіздер, батпақтар, су қоймалары мен бұлақтар.
Гидрохимиялық режим — судың химиялық құрамының уақыт мезгіліне  байланысты өзгерістері.
Гигрофиттер — батпақты ортада тіршілік ететін организмдер.
Глобальды мониторинг — жалпы әлемдік масштабтағы биосферадагы процестер мен өзгерістерді бақылау.
«Гринпис» — ең атақты халықаралық қоғамдық экологиялық ұйым.
Демэкология — популяциялар мен оларды қоршаған орта арасындағы қарым-қатынастарын зерттейтін экологияның бөлімі.
Деградация — қоршаған табиғи орта компоненттерінің табиғи және антропогендік факторлар әсерінен бұзылуы, жағдайының нашарлауы.
Дендрарий — ағаш тектес өсімдіктер арнайы топырақта өсірілетін территория.
Детрит — организмдердің ыдырау және бөліну өнімдері, өлі органикалық заттар.
Деструкторлар — органикалық заттармен қоректену арқылы оларды ыдырататын организмдер (редуценттер).
Десиканттар — өсімдік тамырларын жоюға қолданылатын улы химикаттар.
Дефолянттар — өсімдіктердің жапырақтарын жою үшін қолданылатын улы химикаттар.
Зоопланктон- суда тіршілік ететін консументтер.
Зооценоз — белгілі бір биоценоздағы жануарлардың қауымдастығы.
Зоофагтар — жануарлармен қоректенетін организмдер (каннибализм).
Интродукция — өсімдіктер мен жануарлардың белгілі бір түріне жататын особьтардың тіршілік ету ареалынан баска жаңа табиғи климаттық жағдайларғаауысуы.
Ил — сулардағы минералдық және органикалық косы-лыстардан күралған түнба.
Импактілі мониторинг — ластаушы заттар таратушы көздерге жақын орналасқан аса қауіпті аймақтар мен орын-дарды бақылау.
Ирригация — егістікті жасанды суару — мелиорацияның бір түрі; медицинада дәрілік сұйықпен емдеу.
Ихтиология — балықтар туралы зерттейтін зоологияның саласы.
Кадастр — объектілер мен қүбылыстардың сандық және сапалық көрсеткіштері жөніндегі жүйелі түрдегі мәліметтер жинағы.
Коменсализм — белгілі ортада тіршілік ететін бір түрге жататын организмдер екінші түрге жататын организмдерді пайдалана отырып, бірге тіршілік ететін түр аралық қарым-қатынастар типі.
Консументтер — гетеротрофты организмдер (негізінен, жануарлар) басқа организмдердің өсімдіктер (өсімдік қоректі фитофагтар) мен жануарлардың (жануар қоректі зоофагтар) органикалық заттарымен қоректенетіндер.
Ксеробионттар — құрғақ ортада тіршілік ететін организмдер.
Климатотоп — қоршаған ортадағы климаттық жағдайлар.
Қызыл кітап — сирек кездесетін және жоғалып кету қаупі бар жануарлар, өсімдіктер мен саңырауқүлақтардың түрлері туралы үнемі толықтырылып отыратын мәліметтер жинақталған ресми қүжат.
Қышқыл жаңбырлар — атмосфералық қалдықтардың реакция ортасының жауын, қар, түманның қүрамындағы техноғенді калдыктар әсерінен қышқылдығының қалыпты мөлшерден артуы.
Қоректік (трофикалык) тізбектер — биоценоздың әртүрлі трофикалық деңгейлердегі мүшелерінің алдыңғыларының соңғыларымен қоректенуі арқылы заттар мен энергияның тасымалдануы.
Макроэкология — классикалық экологияның ең негізгі түжырымдары, адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынастардың проблемалары туралы ілім, адам экологиясымен біріктірілген ғылыми пән.
Мелиорация — ауыл шаруашылығында пайдаланылатын жерлердің жағдайын жақсарту.
Метаболизм — организмдердегі, биологиялық жүйелердегі зат пен энергияның алмасуы.
Мониторинг — белгілі бір объектілер мен кұбылыстарды, олардың жәй-күйін үздіксіз бақылау.
Мониторинг (экологиялык) — қоршаған орта компоненттерінің сапасын, жәй-күйін бақылау.
Мутуализм — бірге тіршілік ететін организмдердің бір-біріне пайдалы әсері жағдайындағы түр аралық қарым-қатынастар типі.
Нектон — сулы ортада еркін қозғалып жүзіп тіршілік ететін организмдер.
Нейстон — судың бетінде тіршілік ететін организмдер, мысалы, масалардың личинкасы.
Ноосфера — ойлаушы қабат, ақыл-ой сферасы, В.И. Вернадскийдің сөзімен айтқанда, биосфераның адам ақыл-ойы мен әрекеті нәтижесінде сапалық жағынан жаңа, жоғары сатыдағы даму кезеңі.
Озон қабаты — тірі организмдер үшін аса қауіпті Күннің қысқа толқынды ультракүлгін сәулелерін сіңіретін озон молекулаларының жоғары концентрациясы жинақталған атмосфера қабаты.
Озондық ойық — атмосфераның озон кабатындағы озон молекулалары жоқ аймақ.
Ойық не қуыс (экологиялык) — түрдің тіршілік етуі үшін, қауымдастықтағы басқа түрлермен байланыстарын қоса алғанда, оның тіршілік етуіне қажетті факторлар комплексі немесе белгілі бір түрдің қауымдастықтағы алатын орны.
Парниктік эффект — Күннің жылу сәулелерін сіңіретін газдар мөлшерінің көбеюі нәтижесінде атмосфера температура-сының жоғарылауы.
Пестицидтер — өсімдіктер, жануарлар, ауыл шаруашылық дақылдарын басқа организмдердің- арам шөптердің (гербицидтер), насекомдардың (инсектицидтер), саңырауқүлақтардың (фунгицидтер), т.б зиянды әсерінен қорғау үшін қолданылатын химиялық улы химикаттар.
Пирамида (экологиялык) — биоценоздардың қоректік деңгейлері — продуценттер, консументтер және редуценттердің арасындағы сапалық қатынастардың, олардың саны (сандық пирамда), биомассасы (биомасса пирамидасы) немесе энергиясы (энергия пирамидасы) бойынша графиктік бейнеленуі.
Поллютанттар — ортаның техногенді ластаушылары: ауада — аэропланктондар, суда- гидропланктондар, топырақта -террополлютанттар.
Популяция — генофондысы ортақ, салыстырмалы бірдей экологиялық жагдайлардағы ортаны мекендеп, бір-бірімен еркін будандасып, ұрпақ бере алатын, бір түрге жататын особьтардың жиынтығы.
Продуценттер — органикалық емес заттардан алғашқы өнім түзетін автотрофты организмдер.
Редуценттер — органикалық заттарды жай минералдық заттар: су, көмірқышқыл газы, күкіртсутек және түрлі түздарға дейін ыдырататын гетротрофты организмдер (бактериялар мен саңырауқүлақтар).
Рекультивация — бұзылған табиғи ландшафтарды қалпына келтіруге бағытталған іс-шаралар комплексі.
Сапрофагтар — өлі органикалық заттармен қоректенетін жануарлар (детритофагтар).
Синэкология — көп түрлі қауымдастықтар мен экожүйелер экологиясы.
Сукцессия — белгілі тіршіілік ортасындағы организмдердің түр қүрамы өзгерістерінің үздіксіз және бағытталған жүйесі.
Терратогендер — организмдерге әсер ету арқылы олардың үрпақтарында аномалиялар туғызатын заттар, не физикалық агенттер.
Техногенез — адамды қоршаған және табиғи ортада өзгерістер туғызатын техника мен материалдық мәдениеттің даму процесі.
Урбанизация — қалалардың өсуі мен дамуы, ауылдың қалаға айналуы, ауыл түрғындарының қалаларға көшуі, қоғам өмірінде қалалар ролінің артуы.
Фенотип — организмдердің сыртқы белгілері мен қасиеттерінің жиынтығы.
Фитопланктон — суда тіршілік ететін өсімдіктер мен басқа да тірі организмдер.
Фитофагтар — өсімдік қоректі организмдер.
Фитоценоз — көптүрлі өсімдіктер қауымдастықтары.
Фильтраторлар — суды майда планктон организмдер мен детриттерден тазартатын суда тіршілік ететін организмдер-гидробионттар.
Фотосинтез — Күннің жарығы әсерінен жасыл өсімдіктердің хлорофилл дәндерінде атмосферадағы көмірқышқыл газы мен судан органикалық заттардың түзілуі.
Цунами — жер сілкіну, вулкандар атқылауы немесе т.б. табиғи қүбылыстар кезінде мүхит түбі бөліктерінің ауысуына байланысты туатын теңіз толқындары.
Цитология — тірі организмдердің клеткалық құрылымын зерттейтін биологияның саласы.
Хемосинтез — кейбір минералдық заттардың тотығуы кезінде бөлінетін энергияны пайдалану арқылы хемо-автотрофты бактериялардың органикалық зат синтездеу процесі.
Экологиялың жүйе — бір-бірімен тығыз байланысты, әртүрлі орта жағдайларында тіршілік ететін бірнеше түрге жататын организмдер жиынтығы.
Эрозия — топырақтың қүнарлы қабатының жаңбыр, қар суларымен шайылып, не желмен үшып бүзылуы.
Экологиялық сараптама — адамның шаруашылық және басқа қызмет түрлерінің экологиялық талаптарға сәйкестігін анықтайтын сараптама.
Экоцид — өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің жаппай жойылуы, атмосфера, су ресурстарының немесе басқа да табиғи ортаның зиянды заттармен улануына әкеп соғатын экологиялық апаттар.
Эпизоотия — жануарлар арасында аурудың таралуы.
Этология — жануарлардың    мінез — қылықтарының    биологиялық непзі жөншдеп ғылым.
Эвтрофикация — табиғи суларға минералдық тыңайтқыштар, жуғыш заттар, мал шаруашылығы комплекстерінің қалдықтары түрінде азот, фосфор, күкірт, т.б. биогенді элементтердің көп түсуі нәтижесінде фитопланктон (әсіресе, көкжасыл балдырлар) биомассасының күрт өсіп, олардың оттегін белсенді сіңіріп, улы заттарды бөлуіне байланысты басқа гидробионттардың тіршілік жағдайлары нашарлап, қырылып қалуы.
Ядролық катастрофа — жаппай қырып-жоятын ядролық қаруды қолдану нәтижесінде қалыптасатын глобалды экологиялық апат.

 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!