Ядролық реакция слайд,презентация

0

Ядролық реакция слайд,презентация

 

 

 

Жұптылықтың сақталу заңы бойынша  реакцияға дейінгі жүйе мен реакциядан кейінгі жүйенің жұптылықтары тең болады. Басқа сақталу заңдары сияқты жұптылықтың сақталуынан да ядролық әсерлесудің түрлерін шектейтін сұрыптау ережелері туады. Олар α-,β-,γ-, ыдырауларын қарастырғанда кездескен болатын. Жұптылықтың сақталу заңынан, мысалы, серпімді соқтығыс кезінде бөлшектердің орбиталық моментінің 1- ге немесе басқа тақ санға  өзгеруі мүмкін еместігі туады. Серпімді шашыратылу кезінде бөлшектердің ішкі куйлері өзгермейді.  Тек спиннің бағыты өзгеруі мумкін. Жұптылығы өзгермейді. Сондықтан (9) ден олардың салыстырмалы қозғалысының моменттерінің тек жұп санға өзгеру мүмкіндігі шығады. Жұптылықтың сақталу заңынан жұп жүйенің салыстырмалы орбиталық моменті жұп, спиндері 0-ге тең, екі дәл бірдей  бөлшекке ыдырай алатыны шығады.

 

  

 

 

 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!