Ядролық энергетиканың экологиялық проблемалары |

0
116

Ядролық энергетика қазіргі уақытта ең перспективті деп қарастырылады. Адамзаттың XXI ғасырдағы тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуде және энергетикалық сұраныстарды қанағаттандыруда ядролық энергетика айтарлықтай үлес қосуға тиіс. Мұны салыстырмалы түрде ядролық отын қорының үлкен және ортаға аяулы түрде беретін әсерімен байланыстырады. АЭС-тің құрылысын салудағы бір артықшылығы — олардың орнын ресурс алынатын орынға тәуелсіз таңдауға болады, себебі отын мөлшері аз болғандықтан тасымалдау көп шығынға әкелмейді. Мөлшері жағынан 055 кг ядролық отыннан алған энергия 1000 т таскөмірді жаққандағы энергияны беретінін ескерсек те жеткілікті.

АЭС-те энергия алудың негізіне жататын үдеріс, мысалы, атом ядросының ыдырау реакциясы жану реакциясынан әлдеқайда қауіптірек. Сондықтан, өндірістердің даму тарихында өнім мүмкіндігі аз бола отыра, энергия алу барынша қауіпті саналады.

Көптеген елдерде көп жылдық тәжірибе АЭС-ті қолдануда олардың қоршаған ортаға әсері көп болмайтынын көрсетеді. 1998 жылдары АЭС-ті қолдану мерзімі орташа 20 жыл деп есептеген. АЭС-тің сенімділігі, қауіпсіздігі жэне экономикалық тиімділігі тек қана оның жұмыс үдерісінің уақытына ғана емес, сол сияқты оның қоршаған ортаға әсерінің абсолютті минимумға жету мәліметтеріне сүйенеді.

Қалыпты жұмыс істейтін АЭС-тің қоршаған ортаға радио активтік элементтер тасталымы өте аз болады. Қуаты сондай ЖЭС-пен салыстырғанда олардың мөлшері орта есеппен 2-4 есе аз.

1989 жылдың маусымындағы мәлімет бойынша әлемдегі жұмыс істейтін және электр энергиясының 17%-ын беретін 400 энергоблок табиғи радиоактивтілік фондын тек 0,02%-ға ғана көтерген. Чернобыль апатына дейін сол кездегі Кеңес Одағында тек АЭС-те ғана өндірістік жарақат алу дәрежесі төмен болатын. 30 жыл аралығында болған апаттарда 17 адам ғана өлген, оның өзінде радиация себеп болған жоқ. Ал 1986 жылдан кейін ең басты экологиялық қауіпті АЭС-те болатын апат мүмкіндігімен байланыстыра бастады. Қазіргі АЭС-те бұл қауіп мүмкіншілігі аз, бірақ сонда да оны үзілді-кесілді болмайды деу қиын. Ең ірі апатқа Ресейдің Чернобыль АЭС-нің төртінші блогында болған апатты жатқызуға болады.

Әр түрлі мәліметтер бойынша шығарылып тасталған бөліну өнімдерінің қосындысы реактор құрамындағы заттардың 3,5%-ынан (63 кг) 28%-ына (50 т) дейін құрады. Салыстыру үшін Хиросимаға тасталған бомба тек 740 г ғана радиоактивтік зат бергенін атап өтуге болады.

Чернобыль АЭС апатының салдары 20 мемлекеттің территориясын қамтыған, радиусы 2 мың км жоғары территория радиореактивті ластануға ұшырады. Бұрынғы Кеңес Одағы шектеуінде 17 млн адам өмір сүретін 11 аймақ күйзеліске ұшырады.

Чернобыль апатынан кейін көптеген мемлекеттерде жұртшылықтың талабы бойынша АЭС құрлысы бағдарламасы уақытша тоқтатылды немесе жабылды, бірақ атомдық энергетиканың дамуы әлі де 32 елде жалғасуда.

Ядролық реакция барысында ядролық отынның тек 0,5-1,5%-ы ғана жанады, оның 1000 ГВт қуаты бар. Ядролық реактор 1 жыл жұмыс істегенде 60 т радиоактивтік қалдық бөледі, оның бір бөлігі өңделеді, ал негізгі бөлігі көмуді талап етеді. Көму технологиясы салыстырмалы түрде қиын және қымбат.

Қазір ядролық энергетиканың қолайлылығы немесе қолайсыздығы туралы талас бәсеңдеді, көміртегінің қос тотығы мен басқа да органикалық отынның жану өнімдерінің атмосфераны ластауға жол беріп отыра беруге де болмайтынын әлем түсінді. Тіпті 1990 жылдары 10 жаңа АЭС электр торабына қосылды. АЭС құрылыстары тоқтаған жоқ: әлемде 1998 жылы 434 тіркелсе, 1999 жылдың соңында 436 энергоблок жұмыс істеді. Әлемде жұмыс істейтін энергоблоктардың жалпы электрлік қуаты шамамен 335 ГВт (ІГВти = 1000 МВт = 109Вт). Atom электр станциялары энергияға әлемдік қажеттіліктердің 7%-ын қанағаттандырады. Тек Батыс Еуропада атом электр станциялары орташа есеппен барлық электр энергиясының 50%-ын өндіреді.

Егер қазір әлемдегі барлық жұмыс істейтін атом электр станцияларын жылу станцияларымён алмастырса, әлемдік экономикаға, бүкіл біздің планетамызға және эрбір жеке адамға орны толмас залал келер еді. Бұл қорытынды мына фактілерге негізделген: АЭС-тен энергия алу жылу электр станцияларында органикалық отын мөлшерін төмендетіп, соның нәтижесінде Жер атмосферасын 2300 млн т көмірдің қос тотығының, 80 млн т күкірт диоксиді мен 35 млн т азот оксидтерінің жылдық тасталымдарынан қорғайды. Одан басқа органикалық отындар (көмір, мүнай) атмосфераға қүрамындағы радиоактивтік заттарды шығарады, олардың арасында негізінен жартылай ыдырау периоды шамамен 1600 жыл дейін жететін радий изотопы болады. Бұндай қауіпті заттарды атмосферадан бөлу және одан халықты қауіпсіздендіру мүмкін болмас еді. Мынадай бір нақты мысал келтіруге болады. Швецияда Барсебек-1 атом станциясын жабу Швецияның бірінші рет соңғы 30 жылда электр энергиясын Даниядан алуына әкелді. Оның экологиялық салдары мынадай: Данияның көмір электр станцияларында Ресей мен Польшадан қосымша алынған 350 мың т көмір жағылды, ал ол көмірдің қос тотығының жылына 4 млн тоннаға өсуіне және Швецияның оңтүстік бөлігінде қышқыл жауын мөлшерінің біршама артуына әкелді.

АЭС құрылысын ірі қалалардан 30-35 км қашықта салады. Құрылыс салынатын жер жақсы желденуі және тасқын кезінде су баспауы керек. АЭС маңында санитарлық-қорғау зонасы болуы, ал онда халықтың өмір сүруіне тыйым салынуы керек.

Қолданылған әдебиеттер: Рыскиева Г.Ә., — Алматы: Өнеркәсіп экологиясы, 2011. -262 бет.