Иық бұйымдарының түрлері және сипаттамасы, ашық сабақ технология
Мақсаты: білімділік: оқушыларды иық бұйымдары түрлері және сипаттамасымен, киімге қойылатын талаптармен, сән тарихымен таныстыру.
дамытушылық: қызығушылығын арттыру, ой — өрісін байыту, көріп есте сақтау, талдау қабілеттерін дамыту, ойлау қабілетін дамыту.
тәрбиелік: оқушының талғамын дамыту, эстетикалық талғамға тәрбиелеу, соңғы сәнмен және үйлесімділікпен киім таңдауға үйрету.
Сабақ түрі: өткенді қайталау, жаңа сабақ түсіндіру, талдау, бекіту, зертханалық жұмыс.
Сабақ әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, иллюстрациямен үйрету, интерактивті әдіс, фишкамен бағалау, үлестірмелі материалдармен жұмыс(зертханалық). Оқыту әдістері: топтық, баяндау, сұхбат.
Көрнекіліктер: «Бұйым сызбасы», «Адам мүсінінде сызықтарды бейнелеу» кестелері, сән журналдары, мата үлгілері, жұмыс дәптері, оқулық.
Пәнаралық байланыс: бейнелеу, геометрия, сызу, қазақ тілі.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1) «Еңбекке баулу» 7 сынып. Москва «Просвещение» 1997ж
2) Журналдар: «Мектептегі технология» №2, 2012 ж;
3) Технология Алматы «Мектеп» 2012ж
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру
1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Кезекші арқылы сынып оқушыларын түгендеу.
3. Құрал – жабдықтарын тексеріп назарларын сабаққа аудару.
Кіріспе:
Қазіргі заманғы киім ассортименті әртүрлі. Оның бұлай жіктелуінің түрлі қағидалары бар. Басында киім қарапайымдылығымен ерекшеленген және негізгі иықтан және белден киюге арналған киім түріне бөлінген. Иықты киім – мата бөліктерінен тігілетін иықтан киілетін бұйым. Белден киілетін киім өзінің бастамасын алғашқы қауымдағы белдік байламдардан алған, мықын тұсын жабу ретінде қолданылған. Одан қазіргі алжапқыш, белдемше, шалбарлар пайда болған.
Оқушылардың қызығушылығын ояту үшін және өтілген тақырыпты қайталау мақсатында сөзжұмбақ шешу.
Сөзжұмбақта тігінен «алжапқыш» сөзі шығуы керек.
Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.