Іскерлік қарым –қатынас слайд,презентация
Іскерлік қарым –қатынас слайд,презентация
Қарым-қатынас – адамдар арасында бірлескен іс-әрекет қажеттілігін туғызып, байланыс орнататын күрделі процесс; екі немесе одан да көп адамдардың арасындағы танымдық немесе эмоционалды ақпарат, тәжірибе, білімдер, біліктер, дағдылар алмасу. Қарым-қатынас тұлғалар мен топтар дамуының және қалыптасуының қажетті шарты болып табылады.
Іскерлік қарым-қатынас процесіне көз қарас. Мұнда өмірдің талабына сай қойылған міндеттерді шешу мақсатында қарым –қатынас процестерін белсенді түрде пайдалану бағдарын ұстану ықтималдығымен білінеді.
Іскерлік қарым –қатынасқа түскен серіктес көзқарас. Іскелік қарым –қатынас құру үшін ең бастысы алдыңдағы бөтен адамға ерекше көңіл бөлу аса маңызды. Ғылыми тілмен айтқанда әңгімелесуші доминантасына деген көңіл бөлу өз алдына ерекше болуы керек.
Өзіңе қатысты көзқарас. Өзің туралы позитивті пікір тудыруға өзіңнің кім, қандай екендігіңді елестете білу, өзіңді бағалай білу, басқа адамдармен қарым – қатынас жасауға, өзара ынтымақтастықта болуға елеулі әсерін тигізеді.
Іскерлік қарым –қатынас мәселелерін шешудің келесі формалары кеңінен пайдаланады:
— іскерлік әңгімелесуді жүргізу
— іскерлік қарым –қатынасты жүргізу
— іскерлік кеңес ұйымдастыру
-көпшілік алдында сөз сөйлеу