Іске қатысушы адамдардың сот отырысына келмеуінің салдары

0

Мазмұны

КІРІСПЕ … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … 4

І-ТАРАУ. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫ БОЙЫНША ІСТЕРДІ ҚАРАУ ТӘРТІПТЕРІ
1.1. Азаматтық істерді қозғап, бірінші сатыда қарау … … … … … … … … … … 6
1.2. Азаматтық істерді апелляциялық тәртіппен қарап іс жүргізу … … … … . 28
1.3. Сот актілерін қадағалау тәртіптерімен қайта қарау … … … … … … … .. … 34

ІІ ТАРАУ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫ БОЙЫНША ҚАРАУ ТӘРТІПТЕРІ
2.1 Қылмыстық істреді қозғап, алдын ала тергеу жүргізу тәртіптері … … … .41
2.2 Қылмыстық істер бойынша бас сот талқылауын жүргізу тәртіптері … … 48
2.3 Қылмыстық іс бойынша үкім шығару … … … … … … … … … … … … … … …54

ІІІ ТАРАУ. ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУ ТӘРТІПТЕРІ
3.1 Әкімшілік құқықтың субъктілері … … … … … … … … … … … … … … … … … 65
3.2 Әкімшілік іс жүргізу ерекшеліктері … … … … … … … … … … … … … … … ..66

ҚОРЫТЫНДЫ … … … … … … … … … … … … … … … … … … .. … … … … … … 89

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР … … … … … … … … … … … … … … … … .. 92

КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыстың өзектілігі мен маңыздылығы: Азаматтық іс жүргізу, қылмыстық іс жүргізу және әкімшілік процестердің айырмашылығы мен ұқсасатығын ажыратып айтатын болсақ олар әр қайсысы жеке дара процестер болып табылады. Өзгеше айтар болсақ — бұл тараптардың және өзгеде қатысушылардың дәлелдемелерді табыс етуге, жинауға және оларды зерттеуге әрекеті.
Ал азаматтық іс жүргізу құқығы бойынша — азаматтық іс бойынша тараптардың талаптармен қарсы пікірлерін дәлелдейтін мән-жайлардың бар-жоғын анықтағанда сот негізге алатын нақтылы деректер және істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайлар, яғни іс бойынша нақты деректерді анықтау үшін, сотпен қолданылатын тәсілдерді анықтау үшін сотпен қолданылатын тәсілдер. Заңмен көзделген тәртіпте сот тараптардың талаптары мен қарсылықтарын негіздейтін мән-жайлардың бар не жоғын, сондай-ақ істі дұрыс шешу үшін өзгеде маңызы бар мән-жайларды солардың негізінде анықтайтын заңды түрде алынған нақты деректер іс бойынша дәлелдемелер болып табылады.
Заңгердің біліктілігінің негізі — құқықтық салаларды жақсы білу және олардың ішінде жол табу ісін меңгеру. Азаматтық іс жүргізу құқығы өзге салалардың арасында маңызды орында. Сондықтан да заң факультетінің тұлектерінің болашақта судья, адвокат және басқа да құқық қолданылатын қызметтерде жоғары нәтижелерге жету шарттарының бірі болып, азаматтық іс жүргізу құқығын терең зерттеу болып табылады.
Қазақстан Республикасында сот ісін жүргізу регламентациясы, салыстырмалы жақында ғана қабылданған АІЖК бойынша жүргізілуіне байланысты, зерттелетін мәселе әлі толық қаралған емес. Сот және құқық қорғау жүйесінің принциптерін, АІЖК-нің құқықтық негізін Конституция белгілейді.
ҚР қабылдаған АІЖК-нің позитивтік жақтарын алсақ, ол азаматтық соттардың юрисдикцияларының кең болуы, айтысу регламентациясы талаптарының сапалы белгіленуі.
Құқықтық жүйенің құрылымының принциптері ретінде, демократияны және заңнаманы либералдау жолын таңдау, ҚР азаматтық іс жүргізу құқығына да ұлкен әсерін тигізеді. Конституциялық принциптерді өмірде іске асыру үшін әрбір заңнамалық адымды толық, теориялық зерттелген идяларды қолдана отырып, жасау кажет. Ол үшін мемлекетімізге жоғары сапалы заңгерлер, заң жағынан білікті мемлекеттік қызметкерлер қажет. Бұл кәсіп, әсіресе, қоғамның әлеуметтік құрылуы, жаңа экономикалық және саяси бағдар таңдауы кезінде жоғары бағаланады.
Зерттеу объекті — азаматтық іс жүргізу, қылмыстық іс жүргізу және әкімшілік процестердің ерекшеліктерін ашу
Зерттеу пәні — азаматтық іс жүргізу, қылмыстық іс жүргізу және әкімшілік процестердің заң нормалары, Конституция.
Зерттеу мақсаты — азаматтық іс жүргізу қылмыстық іс жүргізу және әкімшілік процестердің тәртіптерін талқылау.
Зерттеу гипотезасы: АІЖК-де азаматтық құқық принциптерінің толық зерттелмегендігі, оларға анализ жасау және тұзеті енгізу қажеттіілігінде.
Мақсатқа жету үшін келесі сұрақтарды қарастырамыз:
— азаматтық іс жүргізу құқығындағы тәртіптерді талқылау;
— қылмыстық іс жүргізу және әкімшілік процестері принциптерінің жүйесін қарастыру;
— толық анализ жасап, азаматтық, қылмыстық және әкімшілік іс жүргізу принциптерінің мәселелері мен болашағын анықтау.
Жаңалық элементі ретінде: диспозитивтік принциптің соңғы дұрыс талқылауы — сот және өзге істерді жүргізудің бастапқы локомотив екендігі анықталғанын айта кеткен жөн.
Дипломдық жұмысты орындаудағы мақсатым:
1. Азаматтық іс жүргізу тәртіптерін түсінігі мен мағынасын, мақсатын ашу;
2. Қылмыстық іс жүргізу және әкімшілік процестердің тәртіптері мен мағынасын, мақсатын ашу;
3. дәлелдеу пәнің көрсету;
4. Азаматтық іс жүргізу құқығы бойынша істерді қарау тәртіптері дәлелдеменің түсінігін, жіктелуін және оларды зерттеумен бағалау мәселелерін ашып көрсету;
Осы мақсатты көздей отырып, жұмысты үш тарауға бөлдім. Әр бір тарау қажеттіі мәселелерді ашуға арналған.
І-тарау. Азаматтық іс жүргізу құқығы бойынша істерді қарау тәртіптері;
ІІ тарау. Қылмыстық іс жүргізу құқығы бойынша қарау тәртіптері;
ІІІ тарау. Әкімшілік құқық бұзушылық бойынша іс жүргізу тәртіптері.

І-ТАРАУ. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫ БОЙЫНША ІСТЕРДІ ҚАРАУ ТӘРТІПТЕРІ

1.1. Азаматтық істерді қозғап, бірінші сатыда қарау

Республикада азаматтық, төрелік, қылмыстық және басқа да істерді қарайтын, соттардан тыс ешқандай орган жоқ. Азаматтық және шаруашылық істерді сотқа дейін әзірлеу жүргізу сот төрелігін жүзеге асыру болып табылмайды. Сондықтан Республиканың Конституциясында сот төрелігін жүргізетін органдардың арасында алдын ала тергеу жүргізетін органдар және прокуратура аталмайды.
Сот азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғайтын, ол бұзылған жағдайда оны қалпына келтіретін барынша ықпалды нысан болып табылады.
Соттарға мемлекеттік мәжбүрлеуді қолдану құқығы берілген. Сот азаматтық және шаруашылық істер жөніндегі шешімдермен кінәлі тарапты (талап қоюшыны немесе жауапкерді) тиісті тәртіпке шақырады, оларды міндеттері мен жауапкершілігін орындауға, оның ішінде жауапкердің есеп шотынан талап қоюшының пайдасына ақшалай қаражат өндіртуге не мүліктерін өндіруге мәжбұрлейді. [1.23]
Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабының 2-тармағына сәйкес әркім өз құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғауға құқылы.
Алайда іс жүзінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бұзушылық және оларды шектеу әлі де орын алады. Бұл жағдайда жеке, мүліктік, отбасы, еңбек және өзге де құқықтары мен заңды мүдделерді қорғаудың ең тиімді тәсілі — азаматтардың сотқа жұгінуі.
Сотта азаматтық іс:
* өзінің құқығын немесе заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін өтініш жасаған адамның арызы бойынша;
* прокурордың арызы бойынша;
* заң бойынша басқа адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін сотқа жұгіне алатын болған жағдайда мемлекеттік басқару, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, кәсіподақтың, мекемелердің, ұйымдардың және азаматтардың мәлімдеуі бойынша қозғалады (ҚР АІЖК-нің 8, 56, 57-баптары).
Азаматтық іс қозғау — процестің бірінші және өте маңызды сатысы. Азаматтық іс жүргізу кодексінің 152-бабына сәйкес азаматтық іс бойынша арызды қабылдау туралы мәселені судья жеке дара шешеді. Арыз сотқа түскеннен бастап бес кұннің ішінде судья істі қозғау жөнінде үйғарым шығарады. Мүдделі адамның құқығын соттың қорғауы іске асырылатыны немесе бұдан бас тартылатыны соттың бұл мәселені дұрыс шешуіне байланысты болады. [3.76]
Азаматтық істі қозғаудың алдында мүдделі адам талап арыз, шағым (арыз) береді.
Талап арыздың берілуімен талап қою бойынша іс жүргізу қозғалады. Ерекше талап қоюмен іс жүргізу және Ерекше іс жүргізу — арыз, шағым берумен қозғалады.
Талап қою бойынша іс жүргізу азаматтық, отбасылық, еңбек, тұрғын үй және басқа да құқықтық қатынастарынан туындайтын субъективтік құқық немесе заңмен қорғалатын мүдде туралы дауларды қарау мен шешу жөніндегі соттың азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларымен реттелген қызметі.
Сотта азаматтық істердің көпшілігі Азаматтық іс жүргізу кодексінің 150-бабында аталған талаптар сақтала отырып, жазбаша түрде талап қойылған, яғни азаматтық іс туралы қажет мәліметтер бар талап арыз беру арқылы қозғалады. Егер талап арызды өкіл берсе, оған заңда белгіленген тәртіппен рәсімделген сенімхат немесе өкілдің өкілеттігін куәландыратын өзге құжат қоса табыс етілуі қажет. [3.92]
Талап арызға талап қоюшы қол қойып, сотқа жауапкерлер мен үшінші тұлғалардың санына қарай көшірмелерімен қоса беріледі. Судья істің қиындығы мен сипатына қарай талап қоюшының талап арызға қоса тіркелетін құжаттардың көшірмелерін табыс етуге міндеттеуі мүмкін (ҚР АІЖК 151-бабының 4-тармақшасы).
Талап арыз бен қос құжаттардың көшірмесі жауапкерге табыс етіледі, мұның өзі оның істі сотта қарауға дайындалуына мүмкіндік береді.
Сотқа берілетін талап арызға баж төленуге тиіс (ҚР АІЖК-нің 101-бабы, «Мемлекеттік баж туралы» заңының нормасына сәйкес).
Азаматтық істі қозғай отырып, бес кұннің ішінде судья үйғарым шығарады да, сонымен бірге істі өзінің жүргізуіне қабылдайды және сол кезден бастап нақты іс бойынша процесс пайда болады.
Азаматтық іс қозғау сатысында судья үйғарым шығару ретінде келесі шешімдердің біреуін қабылдайды:
I. талап арызды (арыз, шағым) қабылдау және өз қарауына алу;
II. талап арызды (арыз, шағым) қабылдаудан бас тарту;
III. талап арыз (арыз, шағым) қайтару;
IV. талап арызды қозғалыссыз қалдыру.
Азаматтық іс бойынша талап арызды (арыз, шағым) қабылдау және өз қарауына алу мәселесін судья жеке-дара шешеді. Талап арызды қабылдау туралы судья үйғарым шығарады. Сот үйғарымды қабылдағаннан кейін азаматтық іс процестің келесі сатысына өтеді.
Кейде азаматтық іс қозғау сатысында арыз азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға және шешуге жатпайтыны анықталса, сондай-ақ тараптардың арасындағы дау бойынша, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша шығарылған соттың заңды күшіне енген шешімі немесе талап қоюшының талап қоюдан бас тартуына байланысты іс бойынша сот ісін жүргізуді тоқтату туралы немесе тараптардың бітімгершілік келісімін бекіту туралы сот үйғарымы болса судья талап арызды қабылдаудан бас тарту туралы үйғарым шығарады.
Арызды қабылдаудан бас тарту туралы үйғарым ол сотқа түскен кезден бастап бес кұн мерзімде шығарылуы және арыз берушіге арызға қоса тіркелген барлық құжаттармен бірге табыс етілуге немесе жіберілуге тиіс. Арызды қабылдаудан бас тарту өтініш берушінің сол жауапкерге сол нысана және сол негіздер бойынша талап қоюмен сотқа қайтадан жұгінуге заң бойынша болмайды.
Арызды қабылдаудан бас тарту туралы судьяның шығарған үйғарымына іске қатысушылармен жеке шағым берілуі, ал прокурормен — жеке наразылық келтірілуі мүмкін. [6.33]
Сонымен қатар азаматтық іс қозғау сатысында судья талап арызды қайтаруға құқылы. Талап арызды қайтару туралы судья үйғарым шығарады. Мұндай үйғарым шығарады, егер:
oo талап қоюшы істердің осы санаты үшін дауды сотқа дейін алдын ала шешу заңдармен белгіленген тәртібін сақтамаса және осы тәртіпті қолдану мүмкіндігі жойылмаса;
oo іс осы соттың соттауына жатпаса;
oo арызды әрекетке қабілетсіз адам берсе;
oo арызға оған қол қоюға өкілеттігі жоқ адам қол қойса;
oo осы немесе басқа бір соттың іс жүргізуінде сол тараптар — арасында, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша дау жөнінде іс бар болса;
oo коммуналдық мүлікті басқаруға құқылы орган жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органның осы затты қабылдаған кұнінен бастап бір жыл өткенге дейін жылжымайтын затқа коммуналдық меншікті тану туралы өтінішпен сотқа жұгінсе;
oo бұл туралы талап қоюшы мәлімдесе.
Талап арызды қайтару туралы үйғарым ол сотқа түскен кұннен бастап бес кұн мерзімде шығарылуға және арызға қоса тіркелген барлық құжаттармен арыз берушіге тапсырылуға және жіберілуге тиіс, сонымен қатар осы сот үйғарымына жеке шағым және жеке наразылық берілуі мүмкін.
Егер талап қоюшы жол берілген бұзушылықты жоятын болса, арызды қайтару талап қоюшының сол жауапкерге, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша талап қоюмен сотқа қайтадан жұгінуге кедергі болмайды.
Азаматтық іс қозғау сатысында судья талап арыз ҚР АІЖК-нің 150-бабының талаптарына және 151-бабының 1) — 3) тармақшаларына сәйкес келмеген жағдайда арызды қозғалыссыз қалдыру туралы үйғарым шығарады. Бұл үйғарымда талап қоюшымен талап арызында келтірілген кемшіліктер көрсетіледі және оларды тұзетуге мерзім береді. Талап қоюшы судьяның нұсқауына сәйкес және ол белгілеген мерзімде үйғарымда аталған талаптарды орындаса, талап арыз оны сотқа алғашқы тапсырылған кұні берілген болып есептеледі және судья азаматтық іс қозғау туралы үйғарымын шығарып іс келесі сатыда қаралуына мүмкіндік етеді. Егер кемшіліктер белгіленген мерзімде тұзетілмесе арыз берілмеген болып есептеледі және судьяның үйғарымымен оған қоса тіркелген барлық құжаттармен бірге талап қоюшыға қайтарылады, бірақ талап қоюшы арызды қайтару туралы судьяның үйғарымына жеке шағым, наразылық беруі мүмкін. [4.261]
Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің 249-бабына сәйкес сот арызды қараусыз қалдыру мүмкін, егер:
oo талап қоюшы осы санаттағы істер үшін заңда белгіленген дауды алдын ала сотқа дейін шешудің міндетті тәртібін сақтамаса және осы тәртіпті қолданудың мүмкіндігі жоғалмаса (мысалы, «Сауда мақсатында теңізде жұзу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 232-235-баптары. (2002 жылғы 17 қаңтар № 284 — ІІ);
oo арызды әрекетке қабілетсіз адам берсе;
oo арызға қол қойған және оны берген адамның арызға қол қоюға және оны беруге өкілеттігі жоқ болса;
oo осы немесе басқа соттың іс жүргізуінде осы тараптар арасындағы, сол мәселе туралы дау бойынша және сол негіздер бойынша бұрын қозғалған іс бар болса;
oo тараптар арасында бұл дауды заңға сәйкес аралық соттың шешіміне беру туралы келісім жасалса және жауапкерден істі мәні бойынша қарау басталғанға дейін дауды сотта шешуге қарсылық білдірілсе;
oo өздерінің қатысуынсыз істі қарауды өтінбеген тараптар екінші шақыру бойынша сотқа келмесе;
oo өзінің қатысуынсыз істі қарауды өтінбеген талап қоюшы екінші шақыру бойынша сотқа келмесе, ал жауапкер істі мәні бойынша қарауды талап етпесе;
oo өзінің мүддесіне сай іс қозғалған адам мәлімделген талапты қолдамаса;
oo талап арызды қайтарып алу туралы өтініш берілсе, ал жауапкер істі мәні бойынша қарауды талап етпесе;
oo көрсетушіге арналған күші жойылған бағалы қағаздар және ордерлі бағалы қағаздар бойынша құқықты қалпына келтіру туралы істер жөніндегі өтініш жарияланымнан бастап үш ай мерзім аяқталғанға дейін берілсе.
Аталған мән-жайлар жойылғаннан кейін мүдделі адам жалпы тәртіп бойынша сотқа тағы да арыз беруге құқылы. [4.225]
Арызды қараусыз қалдыру туралы сот үйғарым шығарады, бірақ іске қатысушы адамдар оған жеке шағым беруі немесе прокурор наразылық келтіруі мүмкін.
Талап арыз (арыз, шағым) қабылдау арқылы азаматтық іс қозғағаннан кейін сот азаматтық процестің келесі азаматтық істі сотта қарауға әзірлеу сатысына өтеді. Нақты азаматтық істі сотта қарау сатысында бұзылған немесе даулы құқықтар, бостандықтар және заңмен қорғалатын мүдделер қорғауы жүзеге асырылады. Егер істі қарау және шешу бойынша сәйкесті әзірлік жүргізілсе бұзылған немесе даулы құқықтарды, бостандықтарды қорғап шығуға мүмкіндік бар.
Кез келген азаматтық іс бойынша сотта қарауға әзірлеу жүргізілуі қажет, себебі бұл маңызды роль атқаратын азаматтық процестің жеке сатысы.
Сотта іс қарауға әзірлеуді жүргізу туралы заң талаптарын сақтау істі дұрыс және уақытылы шешудің негізгі шарттарының бірі. Сотта іс қарауға әзірлеу сатысы сотпен сәйкесті үйғарым қабылдаудан басталады. Бұл үйғарымда жүргізілуге тиіс әрекеттер белгіленеді. Істі сотта қарауға әзірлік жүргізудің мақсаты — істі дер кезінде және дұрыс шешуді қамтамасыз ету. [5.87]
Осы мақсат ҚР АІЖК-нің 166-бабында көрсетілген міндеттерді шешу жолымен жүзеге асырылады.
Азаматтық істерді әзірлеудің міндеттері:
1. істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайларды айқындау;
2. тараптардың құқықтық қатынастарын және басшылыққа алынуға тиісті заңды анықтау;
3. іске қатысатын адамдардың құрамы мен процестің басқа да қатысушылары туралы мәселені шешу;
4. әрбір тарап өз пайымдауларын негіздеу үшін ұсынуға тиіс дәлелдемелерді анықтау.
Кейбір ғалымдардың пікірінше сотта іс қарауға әзірлеу сатысында тек сот қана әрекет етеді, бірақ бұл тұбінде осы сатының мәні мен мазмұнына сәйкес емес. Әрине судьяның қызметі негізгі болып есептеледі, сондықтан оның әрекеттері азаматтық іс жүргізу құқығының арнайы нормаларымен реттеледі. Бірақ әзірлік жүргізуге іске қатысушы тұлғалардың тікелей қатысы бар. Мысалы, тараптар іс бойынша сотқа дәлелдемелер ұсынуға міндетті.
Әзірлеу сатысында дәлелдемелер ұсынуға жағдай жасалуына байланысты іс жүргізуге басқа да тұлғалар қатысуы мүмкін. Осылай, мысалы, сотта істі қарауға әзірлік жүргізу кезінде алғашқы, қосымша және қайталама сараптама тағайындауға болады.
Іс жүргізуге қатысушылардың атқаратын рөлдері әртүрлі. Судья заңмен бекітілген іс-әрекеттер жасауға тиіс. Егер іс сот мәжілісінде қарауға тиісті түрде әзірленбесе, онда судья оны сот отырысында қарауға тағайындауға құқығы жоқ. Әзірленбеген іс заңсыз және негізсіз шешім шығаруға, сондай-ақ осы сотпен қабылданған шешімді бұзуға немесе өзгертуге әкеп соғады. Сотпен белгіленген дәлелдемелерді іске қатысушылармен ұсынбауы олардың мүдделерін қанағаттандырмайтын сот шешімін шығаруға әкеледі. Басқа қатысушылар іске қажет болған жағдайда қатысады.
Азаматтық істерді қарап талап арызды (арызды, шағымды) қабылдағаннан кейін судья істі сотта қарауға әзірлеу жүргізеді және ҚР АІЖК-нің 168-бабына сәйкес үйғарым шығарады.
Келесі жағдайды Ескерген жөн, егер жоғары тұрған сот төменгі сот шешімін бұзып және істі жаңа сот қарауына жіберсе, осы іс бойынша істі жүргізуші судья жаңадан істі сотта қарауға әзірлеу туралы үйғарым қабылдау қажет. [10.34]
Істі сотта қарауға әзірлеу заңмен белгіленген мерзімде аяқталуы тиіс.
Істі сотта қарауға әзірлік жүргізуді әр түрлі іске қатысушылар жүзеге асырады, бірақ процесте негізгі қызметті судья атқарады. Сондықтан ҚР АІЖК-нің 170-бабының талаптарына сәйкес істің мән-жайларын Ескере отырып, істі сотта қарауға әзірлеу тәртібімен судья жеке-дара мынадай әрекеттерді жүргізеді:
oo талап қоюшыдан ол мәлімдеген талаптардың мәні бойынша жауап алады, одан жауапкердің тарапынан мүмкін болатын қарсылықтарды анықтап алады, егер бұл қажет болса, қосымша дәлелдемелер беруді ұсынады, талап қоюшыға оның іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді;
oo қажет болған жағдайларда жауапкерді шақырып алады, одан істің мән-жайлары бойынша жауап алады, талап қоюға қандай қарсылықтар бар екенін және бұл қарсылықтардың қандай дәлелдемелермен расталуы мүмкін екенін анықтайды; айрықша кұрделі істер жөнінде жауапкерге іс бойынша жазбаша түсінік беруді ұсынады, жауапкерге оның іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді;
oo іске тең талап қоюшылардың, тең жауапкерлердің дербес талаптарсыз үшінші тұлғалардың кіруі туралы мәселені шешеді, сондай-ақ тиісті емес жауапкерді ауыстыру туралы мәселені шешеді;
oo тараптарға дауды шешу үшін олардың аралық сотқа жұгіну құқықтарын және мұндай әрекеттің салдарын түсіндіреді;
oo оның нәтижесіне мүдделі азаматтар мен ұйымдарға істі қараудың уақыты мен орны туралы хабарлайды;
oo ды сот отырысына шақыру туралы мәселені шешеді;
oo тараптардың өтінімі бойынша және өз бастамасы бойынша сараптама тағайындайды, сондай-ақ іске маманды, аудармашыны қатыстыру мәселесін шешеді;
oo тараптардың өтініштері бойынша ұйымдардан немесе азаматтардан дәлелдемелер талап етеді;
oo кейінге қалдыруға болмайтын жағдайларда іске қатысатын адамдарды хабарландыра отырып, жазбаша және заттай дәлелдемелерді сол жерде тексеруді жүргізеді;
oo талап қоюды қамтамасыз ету туралы мәселені шешеді;
oo талап қоюшының өтініші бойынша оның берген талап арызын (арызын) қайтару туралы үйғарым шығарады;
oo басқа да қажеттіі іс жүргізу әрекеттерін жасайды.
Судья іс жеткілікті әзірленген деп тапса, оны сот отырысында қарауға тағайындау туралы үйғарым шығарады
Істі сотта қарауға әзірлеу сатысы істі сотта қарауға әзірлеу туралы үйғарым шығарудан басталады және істі сот отырысында қарауға тағайындау туралы үйғарым шығарумен аяқталады.
Судья істі дайын болды деп тани отырып, оны сот отырысында қарауға тағайындау туралы үйғарым шығарады және осымен бір мезгілде тараптар мен процестің басқа да қатысушыларына істі қараудың орны мен уақыты туралы хабарлайды.[15.122]
Іс бойынша тараптарды және басқа да іс жүргізуге қатысушыларды ( ды, сарапшыларды, мамандарды және аудармашыларды) сот отырысының немесе жекелеген іс жүргізу әрекеттерін жасаудың уақыты мен орны туралы мына:
oo соттың шақыру қағаздарымен (іске қатысушы тұлғалар және пошта арқылы);
oo тапсырыстық хат арқылы;
oo телефонаграмма немесе жеделхат арқылы;
oo хабарлау мен шақырудың жасалуын қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдарын пайдалану арқылы хабарландырылуы немесе сотқа шақырылуы мүмкін, бірақ адамдардың сотқа уақытылы келуі және іске даярлануы үшін жеткілікті мерзімі болуы есептеле отырып жолдануға тиіс.
Тәжірибеде жиірек сот хабарлаулары мен шақырулар арасында соттың шақыру қағазы қолданылады. Соттың шақыру қағазы жіберілген азаматқа табыс етіліп, сотқа қайтарылуға тиісті тұбіршегіне оның өз қолы қойылады. Ұйымға жіберілген шақыру қағазы оның өкіліне немесе басқару қызметін атқаратын тиісті адамға табыс етіледі, ол шақыру қағазының тұбіршегіне оны алғандығы жөнінде өзінің қызметін, тегін және аты-жөнін көрсетіп қол қояды. [13.321]
Кейде шақыру қағазын жеткізуші адам іс бойынша хабарланатын немесе шақырылатын азаматты тұрғылықты жерінен немесе жұмысынан таба алмайды, онда ол шақыру қағазын олардың келісімімен:
oo онымен бірге тұратын отбасының ересек мүшелерінің біріне;
oo тұрғын үй пайдалану ұйымына;
oo жергілікті өзін-өзі басқару органына;
oo адресаттың тұрғылықты жері бойынша тиісті атқарушы органға;
oo оның жұмыс орнындағы әкімшілікке тапсырады.
Жоғарыда аталған жағдайларда шақыру қағазын қабылдап алған адам шақыру қағазының тұбіршегіне өзінің тегін, атын, аты-жөнін, сондай-ақ адресатқа қатыстылығын немесе атқаратын қызметін көрсетуге міндетті. Содан кейін шақыру қағазын қабылдап алған адам мүмкіндігінше кідіртпей шақыру қағазын адресатқа тапсыруға міндетті.
Шақыру қағазын жеткізу тапсырылған адам оны тапсырған кұні көрсетілген және адресаттың шақыру қағазын алғандығы жөнінде қолы қойылған шақыру қағазының тұбіршегін сотқа қайтаруға міндетті (ҚР АІЖК-нің 131-бабының 3-бөлігі), себебі одан кейін сотта іс қарау кезінде судья үшін сотта іс қарауды жалғастыру немесе оны кейінге қалдыру туралы үйғарым шығаруға негіз болып табылады.
Егер іске қатысушы адамдар сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісінше хабарланбаса, яғни ҚР АІЖК-нің 11-тарауында бекітілген талаптары сақталмаса, онда сот істі қарауды кейінге қалдырады. Іс кейінге қалдырылған кезде істің жаңа сот отырысында шешілуін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін уақыт Ескеріле отырып, жаңа сот отырысының кұні белгіленеді, бұл жөнінде келген адамдарға қол қойдырылып хабарланады. Келмеген және іс жүргізуге қатысуға жаңадан тартылған адамдарға жаңа сот отырысының уақыты мен орны туралы шақыру қағазы жіберіледі. [22.254]
Егер сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісінше хабарланған іске қатысушы адамдардың қайсыбірі келмеген жағдайда, сондай-ақ олардың келмеу себептері дәлелсіз деп танылса, сот істі қарауға (сотта іс қарауды жалғастыруға) құқылы (ҚР АІЖК 187-бабының 4-бөлігі).
Сот төрелігін жүзеге асыру кезінде соттың қызметіне араласуға жол берілмеушілік нақты істерді шешкен кезде судьялардың Конституция мен заңдардың нормаларын басшылыққа алатындығын, нақты істе барлық мәселелерді өзінің ішкі сенімімен шешетіндігін және бір де бір мемлекеттік немесе қоғамдық мекеменің, бір де бір лауазымды адамның судьяға нұсқау беруге құқығы жоқ екендігін, қандай да істі болсын шешу тек қана сотқа жұктелгендікті білдіреді. Істі іс жүргізуде шешетін бірінші сатыдағы сот жоғары тұрған сотқа тәуелсіз болады. [11.135]
Қандай да бір нысанда болсын судьяға істің жан-жақты, толық және объективті түрде қаралуына кедергі жасау мақсатында ықпал ету немесе заңсыз шешім шығарттыру қылмыстық жауаптылыққа жатады.
Сотта іс қарау — істі мәні бойынша қарауға және шешуге бағытталған бірінші сатыдағы сот пен басқа да қатысушыларының іс жүргізу әрекеттерінен тұратын азаматтық процестің негізгі сатысы. Сотта іс мәні бойынша жан-жақты, толық және заңды шешіледі. Бұл сатыда сот өз алдына қойылған мына:
oo істі мәні бойынша шешу;
oo тараптар арасындағы даулы құқықтық қатынастарды реттеу;
oo сот қызметінің тәрбиелік әсер етуін қамтамасыз ету;
oo заңды тұлғалар мен азаматтардың бұзылған құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қалпына келтіру міндеттерді жүзеге асырады.
Бірінші сатыдағы сотпен істі сот отырысына қарауға тағайындау туралы үйғарым шығарған кезден сотта іс қарау басталады және сәйкесті сот актісін (шешім, үйғарым) қабылдағанға дейін жалғасады.
Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу кодексінің 175-бабына сәйкес азаматтық істі қарау сот отырысында жүргізіледі, сондықтан «сотта іс қарау» және «сот отырысы» ұғымдарды бір-бірінен ажырата білу керек. Әдебиетте осы ұғымдардың ара байланысы жөнінде көптеген ғылыми пікірталас бар. Осылай, А.Ф.Клейман аталған ұғымдар ұқсас және бір мағына түсіндіретінін айтты: сот отырысында іс қарау не іс қарау сот отырысында өтетінін. Бірақ бұл мәселе жөнінде біздің ой-пікірімізше П.П.Гуреевтің айтуы дәйекті: сот отырысы — сотта азаматтық істерді қарау нысаны (формасы). И.М.Зайцев бұл ойды қолдап жалғастырады, ол бұл екі ұғымдардың бір-бірінен айырмашылығы бар екенін жазды, олар мазмұны (сотта іс қарау) және нысан (формасы — сот отырысы) ретінде айқасады. Бұған қоса нақты азаматтық іс қарауы бір емес бірнеше сот отырысында өтуі мүмкін екенін айтты. Сотта іс қарау және сот отырысы ұғымдардың арасындағы айырмашылыққа И.К.Пискаревта өзін азарын аударған болатын. Ол сот отырысындағы азаматтық істі мәні бойынша қарау тәртібі азаматтық процестің өзге де мәселелерін шешуге арналған сот отырысының процедурасынан айырмашылығы бар екенін дұрыс белгіледі, мысалы, сот шешімдегі қателіктерді тұзету туралы (ҚР АІЖК 230-232-баптары), іс жүргізу мерзімдерін қалпына келтіру туралы (ҚР АІЖК 128-бабы), сот актілерін жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы (ҚР АІЖК 408-бабы), сот тапсырмасын орындау туралы (ҚР АІЖК 73-бабы) және т.б. арыздар қарау. [34.281]
Сотта іс қарау мен сот отырысы өту уақыты бойынша бір-біріне сәйкес келмейді. Осылай, нақты азаматтық іс бойынша сотта іс қарау шешім немесе үйғарым (мысалы, іс бойынша іс жүргізуді қысқарту) шығарумен аяқталады, ал сот отырысы осы іс бойынша істі қарауды кейінге қалдыру немесе іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру туралы үйғарым шығарумен аяқталуы мүмкін. Осы сотта іс қарау сот отырысына қарағанда процессуалдық жағынан ұзақ болуы мүмкін екенін білдіреді.
Сот азаматтық сот ісін жүргізудің барлық принциптерін (қағидаларын) басшылыққа алып азаматтық істерді қарап шешеді (ҚР АІЖК-нің 2-тарауы).
Соттың бірінші сатысындағы азаматтық істерді соттың атынан әрекет ететін судья жеке-дара қарайды (ҚР АІЖК 37-бабының 1-бөлігі).
Соттың бірінші сатысында іс қарау тәртібі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің (17-тарау. «Сотта іс қарау») жеке тарауында көрсетілген. Өзге категория істерін қарап шешудің арнайы тәртібі ҚР АІЖК-нің 25-39-тарауларында белгіленген.
ҚР АІЖК-нің 176-бабының 1-бөлігіне сәйкес төрағалық етуші сот отырыстың барысына басшылық жасайды. Төрағалық етушінің міндетін судья атқарады.
Төрағалық етуші сот отырысында:
* істің барлық мән-жайының толық, жан-жақты және объективті анықталуын;
* іс жүргізу әрекеттерінде дәйектіліктің және тәртіптің сақталуын;
* процеске қатысушылардың өздерінің іс жүргізу құқықтарын жүзеге асыруын және олардың міндеттерін орындауын;
* процестің тәрбиелік ықпалын қамтамасыз етеді.
Оған қоса заң сот отырысында төрағалық етушіге қаралатын іске қатысы жоқ мәселелердің барлығын сот қарауынан шығарып тастау міндетін жұктеген және сот отырысында тиісті тәртіптің қамтамасыз етілуіне қажеттіі шаралар қолдану. [9.272]
Процеске қатысушылардың қайсыбіреуі төрағалық етушінің іс-әрекетіне қарсылық білдірген жағдайда бұл қарсылық білдірулер сот отырысының хаттамасына енгізіледі. Төрағалық етуші өзінің іс-әрекеттеріне қатысты түсініктеме береді.
Соттың бірінші сатысындағы азаматтық іс қарайтын сот отырысын бөлімдерге бөліп қарастыруға болады.
Істі сот отырыстарында қарау мен шешу Конституцияның 77-бабында аталған принциптерге негізделеді.
Сот отырысының әр бөлімінде жасалатын іс жүргізу әрекеттер жиынтығының өз мәні бар және азаматтық істер қарап шешуге байланысты нақты сұрақтар шешуге бағытталған.
Соттың бірінші сатысындағы сот отырысы төрт бөлімдерден тұрады:
1. әзірлеу бөлімі;
2. істі мәні бойынша қарау бөлімі;
3. сот жарыссөздері және прокурордың қорытындысы бөлімі;
4. шешім шығару және оны жариялау бөлімі.
1. Әзірлеу бөлімі — алғашқы іс жүргізу әрекеттерін алдын ала қорытындылау және іс мәні бойынша шешілуіне тиісті іс-әрекеттер жасалу үшін қажеттіі жағдайлар жасау бөлімі (Г.А.Жилин). Бұған байланысты ғылыми әдебиеттерде сотта азаматтық істер қараудың көрсетілген бірінші бөлімінің қажеттіілігі анықталған. П.П.Гуреева ғалымның ой-пікірі бойынша әзірлеу бөлімінің міндеті — осы сот отырысында істі қарап шешу үшін қажеттіі шарттар жасалғандығын тексеру. Осындай аспекте П.Я.Трубниковта әзірлеу бөлімінің міндетін белгілейді, ол «сот осы отырысында істі мәні бойынша толық және дұрыс қараумен байланысты барлық сұрақтар анықтайды және шешеді «- деп жазды. Сотпен әзірлеу бөлімінде шешілетін негізгі сұрақтарына келесі мүмкіндіктерді анықтау жатады:
* осы сот құрамында іс қарау;
* бар дәлелдемелер негізінде іс қарау мен шешу;
* процеске қатысушылардың біреуі келмей қалған жағдайда істі қарап шешу.
Әзірлеу бөлімінде жасалатын іс-әрекеттер, сондай-ақ ол іс-әрекеттер жасау кезегі ҚР АІЖК 180-191-баптарымен реттеледі. Заң осы бөлімде белгіленген нұсқау шегінде жұруін көздейді және келесі тәртіп бойынша іс жүргізу әрекеттерін жасауын алдын ала Ескереді:
* сот отырысын ашу;
* процеске қатысушылардың келуін тексеру;
* аудармашыға оның міндеттерін түсіндіреді;
* ды сот отырысы залынан шығару;
* сот құрамын жария ету және қарсылық білдіру құқығын түсіндіру;
* іске қатысушы адамдарға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру;
* соттың іске қатысушы адамдардың өтінімдерін шешуі;
* іске қатысушы адамдар мен өкілдердің сот отырысына келмеу салдары;
* сот отырысына куәнің, сарапшының, маманның, аудармашының келмеу салдары;
* істі қарау кейінге қалдырылған кезде дан жауап алу;
* сарапшы мен маманға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру.
Сот отырысын ашу (ҚР АІЖК 180-бабы). Судья сот отырысы залына кірген кезде залдағы барлық қатысушылар орындарынан тұрады. Судья кірген кезде сот отырысының хатшысы өзі ол туралы айтады. Істі қарау үшін белгіленген уақытта төрағалық етуші (судья) сот отырысын ашады және қандай азаматтық іс қаралуға жататын жариялайды. Бұл бірінші сот отырысы басталуында іс жүргізу әрекеті, бірақ сотта іс қарау емес. Аталған іс-әрекет талап қоюшының, жауапкердің және басқа да процеске қатысушылардың келуіне байланыссыз сотпен жеке-дара жасалады. И.К.Пискаревтың айтуы бойынша процеске қатысушылардың біреуінің келмей қалуына байланысты істі қарау кейінге қалдыру заңмен белгіленген тәртіпті (процедураны) сақтамай жүргізетін болса, келген тұлғалардың іс жүргізу құқықтарына қысым жасайды (мысалы, қарсылық білдіру мен өтініш жасау мүмкіндігінен). [41.26]
Процеске қатысушылардың келуін тексеру (ҚР АІЖК 181-бабы). Сот отырысының хатшысы сот отырысы басталғанға дейін процеске қатысушылардың қайсысы процеске келгенін, ал егер олар келмеген жағдайда онын себебін анықтайды. Сот отырысында төрағалық етуші хатшыдан процеске қатысушылардың қайсысы келгені туралы сұрайды. Бұдан кейін хатшы іс бойынша кім келгенін, келмегендерге хабарланғаны туралы және олар жоқтығы туралы қандай мәліметтер бар жөнінде баяндайды.
Аудармашыға оның міндеттерін түсіндіру (ҚР АІЖК 182-бабы). Бұл іс жүргізу іс-әрекеті сот отырысының басынан басталады, ол сотта іс жүргізу тілін білмейтін тұлғаға іс қарауында жасалатын барлық әрекеттер мен мәліметтер жөнінде білу мүмкіндігі үшін өткізіледі. Аудармашысыз ол мұндай мүмкіндіктен айрылады, себебі ҚР АІЖК 182-бабында көрсетілген сот іс-әрекет жасағаннан кейін аудармашы өзіне жұктелген міндеттерін орындауға кіріседі. Төрағалық етуші аудармашыға тіл білмейтін тұлғаның түсініктерін, жауаптарын, арыздарын аудару міндетін түсіндіреді, ал тұлғаларға — іске қатысушы тұлғалардың түсініктерінің, жауаптарының, арыздардың мазмұнын және істе бар құжаттармен, дыбыс жазбалармен, сарапшының қорытындысымен, маманның консультациясымен, сондай-ақ төрағалық етушінің тапсырмаларымен, сот үйғарымымен және шешімімен таныстырып түсіндіреді. Төрағалық етуші аудармашыны ҚР Қылмыстық кодексінің 352-бабымен белгіленген жауаптылыққа жалған аударғаны үшін тартылуы туралы Ескертеді. Ол туралы қолхатты сот отырысының хаттамасына біріктіреді. Аудармашы сотқа өз еркімен келуге немесе өз міндеттерін орындаудан бас тартқан жағдайда ол әкімшілік құқық бұзушылық заңы бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылуы мүмкін.[37.2.1]
Саңырау, тілсіз, мылқау адамдар өзара араласуында қолданатын белгілерін аударатын (сурдо) аудармашыларына да ҚР АІЖК 182-бабында белгіленген тәртібі қолданылады.
ды сот отырысы залынан шығару (ҚР АІЖК 183-бабы). Келген процеске қатысушылардың келуін тексерген соң бірден сот отырысы залынан шығарылады, ал іс бойынша аудармашы қатысқанда, онда оған аудармашының міндеттерін түсіндіргеннен соң шығарылады. ды шығарғанға дейін оларға іс бойынша жауап беру үшін сот отырысы залына біртіндеп кіретіні туралы алдын ала Ескертеді.
Төрағалық етуші сотта жауап берген жауап әлі бермегендермен бір-бірімен сөйлеспеу үшін шаралар қолданады.
Сот құрамын жария ету және қарсылық білдіру құқығын түсіндіру (ҚР АІЖК 184-бабы). Төрағалық етуші сот құрамын жария ету кезінде өз тегін атайды, сондай-ақ істі алқалы қарауда басқа да судьялардың тегін, аты мен аты-жөнін атайды. Соңғысында сот отырысында төрағалық етушінің міндетін судьяның қайсысы орындайтынын белгілейді. Кейінен төрағалық етуші, прокурор, сарапшы, маман, сот отырысының хатшысы, сот приставы болып кім қатысатынын хабарлайды және әрқайсының лауазым мәртебесін атайды. Содан соң төрағалық етуші іске қатысушы тұлғаларға қарсылық білдіру құқығын түсіндіреді. Іске қатысушыларға заңмен берілген қарсылық білдіру құқы әділетті сот шешімін шығару процессуалдық кепілдіктердің біреу болып қарастырылады. Іске қатысушыларға қарсылық білдіру құқықтары түсіндірілгендігі туралы сот отырысының хаттамасына жазылады. Қарсылық білдіру негіздері, қарсылық білдіру туралы мәлімдемелер және оларды шешудің тәртібі, мәлімдемені қанағаттандырудың салдары ҚР АІЖК-нің 40-43-баптарымен реттеледі. [26.78]
Қарсылық судьяға, прокурорға, сарапшыға, маманға, аудармашыға, сот отырысының хатшысына және сот приставына білдірілуі мүмкін.
Судьяға қарсылық білдіру үшін негіздер ҚР АІЖК-нің 40-бабында көрсетілген. Судья істі қарауға қатыса алмайды және оған қарсылық білдірілуге тиіс, егер ол:
* осы істі мұның алдындағы қарау кезінде куә, сарапшы, маман, аудармашы, өкіл, сот отырысының хатшысы, сот орындаушысы, сот приставы ретінде қатысса;
* іске қатысушы адамдардың немесе олардың өкілдерінің біреуінің туысы болса;
* істің нәтижесіне жеке, тікелей немесе жанама түрде мүдделі не оның әділдігіне кұмән туғызатын өзге де мән-жайлар болса.
Істі қарайтын соттың құрамына өзара туыс адамдар кіре алмайды.
ҚР АІЖК-нің 40-бабының 1-бөлігінде көрсетілген қарсылық білдіру үшін негіздер прокурорға, сарапшыға, маманға, аудармашыға, сот отырысының хатшысына және сот приставына қолданылады.
ҚР АІЖК 41-бабының 2-бөлігіне сәйкес сонымен қатар сарапшы немесе маман іс қарауға қатыса алмайды, егер:
oo ол іске қатысу адамдарға немесе олардың өкілдеріне қызмет жағынан немесе өзгедей тәуелді болса немесе тәуелділікте болып келсе;
oo ол тексеру жүргізіп, оның материалдары сотқа жұгінуге негіз болса не осы азаматтық істі қарағанда пайдаланылса.
Прокурордың, сарапшының, маманның, аудармашының, сот отырысы хатшысының, сот приставының осы істі мұның алдында қараған кезде тиісінше прокурор, сарапшы, маман, аудармашы, сот отырысының хатшысы, сот приставы ретінде қатысуы оларға қарсылық білдіруге негіз болып табылмайды (ҚР АІЖК 41-бабының 3-бөлігі). Жоғарыда аталған мән-жайлар болған кезде аталған тұлғалар өздігінен бас тартуды мәлімдеуге міндетті. Сол негіздер бойынша іске қатысатын адамдар қарсылық білдіретінін мәлімдеуі мүмкін.
Өздігінен бас тарту мен қарсылық білдіру істі мәні бойынша қарау басталғанға дейін дәлелденіп, мәлімделуге тиіс. Істі қарау барысында өздігінен бас тарту (қарсылық білдіру) туралы мәлімдеме жасауға қарсы болу (қарсылық білдіру) негіздері сотқа немесе өздігінен бас тартуды (қарсылық білдіруді) мәлімдеуші адамға істі қарау басталғаннан кейін белгілі болған жағдайда ғана жол беріледі.
Прокурордың, сарапшының, маманның, аудармашының, сот отырысы хатшысының, сот орындаушысының, сот приставының өздігінен бас тартуы (қарсылық білдіруі) туралы мәселені істі қарайтын сот шешеді.
Өздігінен бас тарту (қарсылық білдіру) туралы мәселе соттың үйғарымымен шешіледі. [26.79]
Іске қатысушы адамдарға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру (ҚР АІЖК 185-бабы). Төрағалық етуші іске қатысушы адамдарға және өкілдерге олардың іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді, оның ішінде: іс материалдарымен танысу, олардан ұзінділер жазып алуға және көшірмелер тұсіруге; қарсылықтарын мәлімдеуге; дәлелдеме табыс етуге және оларды зерттеуге қатысуға; іске қатысушы басқа адамдарға, ға, сарапшылар мен мамандарға сұрақтар қоюға; өтінім жасауға, соның ішінде қосымша дәлелдеме талап ету туралы өтініш жасауға; сотқа ауызша және жазбаша түсініктемелер беруге; сот процесі барысында туындайтын барлық мәселелер бойынша өз дәлелдерін келтіруге; іске қатысушы басқа тұлғалардың өтінімдері мен дәлелдеріне қарсылық білдіруге және т.б. [55.14]
2. Істі мәні бойынша қарау бөлімі — сотта іс қараудың негізгі бөлімі. Осы бөлімде сот отырысында азаматтық істер қарауында жасалатын процессуалдық іс-әрекеттер ҚР АІЖК 192-210-баптарымен реттеледі. Осы сотта іс қарау бөлімінің негізгі міндеті — зерттеу арқылы азаматтық істің мән-жайын, бірінші кезекте ізденудегі деректердің бар не жоқтығын куәландыратын іс бойынша жиналған дәлелдемелерді анықтау. Істі мәні бойынша қараудың басқа да міндеті бар, ол процесті дауласып жатқан субъектілердің өз еркілерімен аяқтауы. Сотта іс қараудың екінші бөлімі иеленушілік іс-әрекеттер жасау туралы мәселелерін анықтаудан басталады (ҚР АІЖК 192,193-баптары). Төрағалық етуші талап қоюшы өз талаптарын қолдайтын-қолдамайтыны, жауапкер талап қоюшының талаптарын мойындайтын-мойындамайтыны және тараптардың істі бітімгершілік келісімімен аяқтауды немесе істі аралық сотқа қарауға беруді қалайтын-қаламайтыны туралы мәселелерді анықтауы тиіс.
Талап қоюшының талап қоюдан бас тартуы туралы арызы, жауапкердің талап қоюды мойындауы немесе тараптардың бітімгершілік келісімінің шарттары сот отырысының хаттамасына енгізіледі және оларға тиісінше талап қоюшы, жауапкер немесе екі тарап та қол қояды. Егер талап қоюдан бас тарту, жауапкердің талап қоюды мойындауы немесе тараптардың бітімгершілік келісімі сотқа жолданған жазбаша арыздарда жазылса, олар іске қоса тіркеледі, бұл туралы сот отырысының хаттамасында көрсетіледі. Талап қоюдан бас тарту қабылданғанға не талап қою мойындалғанға немесе тараптардың бітімгершілік келісімі бекітілгенге дейін сот талап қоюшыға, жауапкерге немесе тараптарға тиісті іс жүргізу әрекеттерінің салдарын түсіндіреді. Талап қоюдан бас тартуды қабылдау немесе … жалғасы

Дереккөз: https://stud.kz