Ішек өтімсіздігі слайд,презентация

0

Ішек өтімсіздігі слайд,презентация

 

Ішек өтімсіздігі

 

Хирургиялық аурулар ішінде, жедел ішек өтімсіздігі осы уақытқа дейін операциядан кейінгі өлім қауіпінің жоғары болуымен анықталады.
 Ішек өтімсіздігі- ауыр түрде өтетін ауру, асқазаннан артқы тесікке баратын ішек сұйыктығының тоқтауымен сипатталады.
Термин – ileus – осы ауруды бізге дейін ескі атауы ішек айналуы болған. Орта ғасырда осы аурудың ауыр түрінде дәрігерлер көмек көрсете алмаған.
Ащы және тоқ ішектің анатомиясымен физиологиясы.
Ащы ішектің жалпы, ұзындығы 6,5 – 8,5 м болады. Соқыр ішекке карай түсіп шырышты қатпарларды құрап, бұлшық етпен қабатталған – Баугини заслонкасын түзеді. Бұл бұрыш илеоцекальді деп аталады.
Тоқ ішектің ұзындығы 1,5 м. Бұдан соқыр ішекті, әкелгіш ішекті, бауыр бұрышы, көлденең – тоқ ішекті, көкбауыр бұрышы, әкеткіш ішекті, сигма тәрізді ішекті және тік ішекті ажыратады.
Ащы ішекпен және тоқ ішектің оң жақ жартысын жоғарғы – шажырқай артериясы канмен камтамасыз етеді. Тоқ ішектің сол жақ жартысын төменгі шажырқай артериясы қанмен камтамасыз етеді. Ішек веналары бір аттас артериялармен сәйкес болады. Төменгі шажырқай венасы жоғарғымен қосылып және көкбауыр венасы портальды венаның бағанын құрайды, ол бауырға қан тасымалдаушы.
Ащы ішекте асқазан және ұйқы безінің көмегімен дайындалған сұйықтықтарды және белоктарды, майларды, көмірсуларды сіңіру үрдісі жүргізіледі.
  Тоқ ішекте ең басты судың сіңірілуі болады. Ащы ішектің 2/3 бөлігін алып тастағанда ағзада қоректену бұзылмайды, ол мықын ішектің резекциясында біраз ауыртпашылық тудыруы мүмкін. Ащы ішектің жыланкөзінде, ағзаның жүдеуіне және өлімге тез әкелуі мүмкін.

 

 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!