Іш жарығының асқынулары, қысылған жарықтар, емі алдын-алу шаралары слайд,презентация — Биология
Іш жарығының асқынулары, қысылған жарықтар, емі алдын-алу шаралары слайд,презентация
Қысылған жарықтар:
Қысылу – жарықтың ең ауыр асқынуы болып табылады. Барлық аурудың 3-15% — ын құрайды. Қысылған жарық дегенiмiз: қысылған мүшенiң қоректенуiнiң бұзылуымен өтетiн, жарық құрамындағы заттың жарық қақпасында немесе жарық қабының тыртықты өзгерген мойнында кездейсоқ қысылуы.

Қабырғалық қысылуы (Рихтерлiк) кезiнде iшектiң тек бiр қабырғасы ғана қысылады. Ол – iшек шажырқайына қарама-қарсы орналасқан iшек қабырғасы.
Ретроградты қысылуында ащы iшек қысылады, бұл кезде жарық қапшығында екi iшек iлмегi болады, ал аралық iшек iлмегi құрсақ қуысы iшiнде орналасады. Ішек некрозы алдымен жарық сақинасынан тыс құрсақ қуысы iшiндегi iшекте дамиды, ал жарық iшiндегi iшек iлмектерiнiң бұл кезде әлi өмiрге қабiлеттiлiгi сақталады. Көбiнесе iшек iлмегi, содан кейiн шарбы қысылады.