Иса Байзақов

0

1 бет

Иса Байзақов
Иса Байзақов (1900-1946) — қазақтың халық ақыны, әнші, әртіс, домбырашы, композитор. • Ақын
• Жазушы
• Актер
• 40 — тан астам әнге сөз жазған
• Суырып салма ақын

2 бет

Павлодар облысы Ертіс ауданы Үлгілі ауылында туған. Әкесі Байзақ ескіше хат таныған, жасында ән салып, өлең шығарған, шағын шаруалы, сауыққой кісі болған. Иса 9-ға шыққанда шешесі қайтыс болып, өлеңші, әңгімеші әжесі Жанбаланың бауырында өседі. Нағашы ағасы Рахмет оған домбыра тартып, ән салуды үйретеді. Кішкентайынан “Әнші Иса”атанады. 

3 бет

1921 жылы Семейдегі жұмысшы факультетінде, 1922 жылы Орынбордағы Қазақ халық ағарту институтында, 1929—1932 жылы Қазақ педагогикалық институтында оқыған. 1926—1929 жылы Қазақ драма театрына шақырылып Әміре, Қалибек, Құрманбек, Серке, Елубай, тағы басқа актерлермен бірге жаңа театрдың негізін қаласады. Театр алғаш қойған М. Әуезовтің “Еңлік — Кебегі” мен “Бәйбіше — тоқалында” басты рөлдерде ойнайды.

4 бет

«Құралай сұлу», «Қойшының ертегісі», «Алтай аясында», «Кавказ», «Қырмызы-Жанай» (аяқталмаған), «Ақбөпе» поэмаларында Иса Байзақов адамгершілікті, адал махаббатты жыр етеді.

5 бет

Эпикалық шығармалары:«Құралай сұлу» (1925)«Қойшының ерте-гісі» (1926)«Алтай аясында» (1939)«Кавказ» (1941)«Қырмызы- Жанай» (1940, аяқталмаған)«Ақбөпе» (1945)«Неге Алатау шаттанды» (1929)«Ұлы құрылыс» (1933)«Он бір күн, он бір түн» (1939)

6 бет

Еңбек Қызыл Ту орденімен және көптеген медальдармен марапатталған. Әнші-ақынның есімі Павлодар облысы Ертіс ауданыдағы ауылдық округке, Үлгілі ауылындағы орта мектепке берілген.