ІҚМ безноитиозының патологиялық морфологиясы | Скачать Дипломдық жұмыс

0

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
Коммерциялық емес акционерлік қоғамы
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Ветеринария факультеті

Биологиялық қауіпсіздік кафедрасы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: ІҚМ безноитиозының патологиялық морфологиясы

Беттер саны ____
Сызбалар мен көрнекі
материалдар саны ___

Орындаған: Есенқұлов Нұрбек

2018 ж. «___» мамырында қорғауға жіберілді

Кафедра меңгерушісі, профессор ___________________ Ж.К.Төлемісова

Жетекші, қау. профессоры ____________________ А.С. Ибажанова

Норма бақылау, қау. профессор______________________А.С. Ибажанова

Сарапшы, доцент ________________________________

Алматы 2018
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ комерциялық емес акционерлік қоғамы

Ветеринария факультеті

5В120100 — Ветеринариялық медицина мамандығы
Биологиялық қауіпсіздік кафедрасы

Дипломдық жұмысты (жобаны) орындау
ТАПСЫРМАСЫ

Студент Есенқұлов Нұрбек

Жұмыс (жоба) тақырыбы ІҚМ безноитиозының патологиялық морфологиясы

Университет бойынша 2017 жыл 14 қараша № 550-К бұйрығымен бекітілген
Дайын жұмысты (жобаны) тапсыру мерзімі: 2018 жыл __ маусым

Жұмыстың (жобаның) бастапқы деректері
Безноитиоздан өлген сиырлардың ішкі мүшелері, толық сойып зерттеу хаттамасы, дайындалған гистологиялық препараттар, түсірілген түрлі-түсті макро және микро суреттер
Дипломдық жұмыста қарастырылатын сұрақтардың тізімі
Кіріспе, әдебиетке шолу, өзіндік зерттеулер: зерттеу материалдары мен тәсілдері, зерттеулер нәтижелері, ұсыныстар, әдебиеттер тізімі. Көрсетілген тарауларда безноитиоз ауруынан өлген сиырлардың ішкі мүшелерінің патологиялық морфологиясының сипаттамасы берілген
Ұсынылатын негізгі әдебиеттер
1. Абуладзе К. И. Паразитология и инвазионные болезни сельскохозяйственных животных. М. Колос, 1975. — 472 с.
2. Абуладзе К. И. Паразитология и инвазионные болезни сельскохозяйственных животных. М: Колос, 1982. — 496 с.
3. Сулейменов К.У. Жануарлардың инвазиялық ауруларыА.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті, оқу құралы, Қостанай, 2016, Б. 143-152.
4. Абуладзе К. И. Практикум по диагностике инвазионных болезней сельскохозяйственных животных. М: Колос, 1984 — 256 с.
5. Акбаев М.Ш., Василевич Ф.И., Балагула Т.В., Коновалов Н.К. Паразитология и инвазионные болезни животных. М: Колос, 2001. — 528 с.

Жұмыстын (жобаның) арнайы тараулары бойынша кеңесшілері

Тарау
Кеңесші
Мерзімі
Қолы
Кіріспе
Ибажанова А.С.
Желтоқсан, 2017

Негізгі бөлім
Ибажанова А.С.
Қаңтар, 2018

Тұжырым
Ибажанова А.С.
Наурыз, 2018

Зерттеу нәтижелері
Мауланов А.З.
Сәуір, 2018

Экономикалық тиімділік

Мамыр, 2018

Еңбекті қорғау және экологиялық мәселелер

Мамыр, 2018

Кафедра меңгерушісі,профессор ________________ Ж. К. Тулемисова

Жұмыс (жоба) жетекшісі,
қауым.профессор м.а ________________ А.С. Ибажанова

Тапсырманы орындауға
қабылдадым, студент ____________________Н. Есенқұлов

Дипломдық жұмысты (жобаны) орындау

КЕСТЕСІ
Рет саны
Тараулар және қарастырылатын сұрақтар тізімі
Жетекшіге ұсыну мерзімі
Ескертулер
1
Әдебиетке шолу
Қараша, 2017
Орындалды
2
Зерттеу материалдары
Желтоқсан, 2017
Орындалды
3
Гистологиялық материалдарды жасау
Қаңтар, 2018
Орындалды
4
Гистологиялық препараттарды зерттеу
Наурыз, 2018
Орындалды
5
Өзіндік зерттеулерді толықтыру
Наурыз, 2018
Орындалды
6
Қорытынды
Сәуір, 2018
Орындалды
7
Практикалық ұсыныстар
Сәуір, 2018
Орындалды

Кафедра меңгерушісі,профессор ________________ Ж. К. Тулемисова

Жұмыс (жоба) жетекшісі,
қауым.профессор м.а ________________ А.С. Ибажанова

Тапсырманы орындауға
қабылдадым, студент ____________________Н. Есенқұлов

МАЗМҰНЫ

НОРМАТИВТІК СЛІТЕМЕЛЕР

АНЫҚТАМАЛАР

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

1
КІРІСПЕ

1.1
Зерттеудің өзекті мәселелері және тәжірибелік маңыздылығы

1.2
Зерттеу объектілері мен тәжірибелік базасы және мақсаты мен міндеттері

2
ҒЫЛЫМИ ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ

2.1
———————————— ———————————— ———-
Безноитиоздың анықтамасы және қоздырғышы

2.2
Аурудың себептері және клиникалық белгілері

2.3
Ауруды балау, патогенезі, алдын-алу шаралары және емі

2.4
Аурудың патологиялық анатомиясы

3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ

3.1
Зерттеу материалдары мен әдістері

3.2
Зерттеу нәтижелері

3.2.1
Жақсыбай шаруашылығындағы ірі қара мал безноитиозының клиникалық белгілері

3.2.2
Лажысыздан сойылған ірі қара малдардың безноитиоз кезіндегі негізгі пато-гистологиялық өзгерістері

3.3
Экономикалық тиімділікті есептеу

4
ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІ

5
ҚОРЫТЫНДЫЛАР

6
ТӘЖІРИБЕЛІК ҰСЫНЫСТАР

7
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
Бұл дипломдық жұмыста төмендегідей стандарттарға сілтемелер жасалды
ТШ ОСЧ 25-6
Дистильденген су
ТШ 46-22-549-08
ТЭС — 1 термостаты
МСТ (ТШ) 2766-51
Негізгі фуксин, таза
МРТШ 42-56
Микротом пышағын қайрайтын қондырғы
МРТШ 42-102-63
Хирургиялық қайшылар
МРТШ 64-1-281-64
Парафин кесінділеріне арналған МПС-2 микротомы
МРТШ64-1-1629-64
МПС-1 микротомы
МЕМСТ 5962-67
Этил спирті 96-ті ректификацияланған
МЕМСТ 381-69
Термометр
МЕМСТ 381-69
Хлороформ
ТШ 6-09-183-70
Эозин Н индикаторы
ТШ 64-1-1582-72
ГС 80 У 42 маркалы термостат
ТШ 480-11-10-73
Шыныға жазатын қалам
МЕМСТ 20291-74
Пробиркалар
МЕМСТ 20292-74
Сиымдылығы 100, 200, 500 және 1000 мл болатын өлшеуіш колбалар
МЕМСТ 20292-74Е
Шыны пипеткалар
МЕМСТ 20292-74
Микротом пышағын қайрайтын қондырғы
МЕМСТ 9284-75
Микропрепаратқа арналған заттық шыны
МЕМСТ 9284-75
Микроскопқа арналған жапқыш шыны
МЕМСТ 4220-75
Екі хром қышқылды калий
МЕМСТ 2290-76
Пихта бальзамы
ТШ 6-09-3803-77
Қышқыл фуксин (Рубин С)
МЕМСТ 9412-77
Медициналық мақта
МЕМСТ 8284-78
МБИ маркалы микроскоп
ТШ 27-56-774-79
КШ — 240 маркалы тоңазытқыш
МЕМСТ 3118-79
Тұз қышқылы, ч.д.а., тығыздығы 1,19 гсм3
МЕМСТ 24104-80Е
Лабораториялық таразы
МЕМСТ 25336-82Е
Лабораториялық шыны ыдыстар
МЕМСТ 25 336-82Е
Биолам Р-11 микроскобы
ТШ 6-09-3637-87
Лабораториялық жұмыстарға арналған парафин
МЕМСТ 3164
Медициналық вазелин майы
МЕМСТ 20283
Полистирол
МЕМСТ 9949
Ксилол
МЕМСТ 27583
Тауық жұмыртқасының ақуызы
МЕМСТ 6304
Ақ түсті жіп, қағаз тігуге арналған
МЕМСТ 21241
Медициналық пинцеттер
МЕМСТ 25336
Конус колбалар Кн — 2 — 100 ТХС
МЕМСТ 25336
Воронкалар В — 1 — 250 ТС

АНЫҚТАМАЛАР
Бұл дипломдық жұмыста мынандай терминдер мен анықтамалар қолданылды
Өліктің шіруі күрделі органикалық қосылыстарды қарапайым, қосылыстарға, күкірт сутектерге, аммиакка, көмір қышқыл газына дейін ыдырататын, микроағзалардың өміршеңділігі мен ұлпалардағы аутолиз үрдісінің әсер ету нәтежиесінде пайда болады (сондықтан иіс болады).
Безноитиоз (Besnoitiosis) — негізінен тері мен тері шелінің, тыныс алу жолдары кілегейлі қабықтарының қабынып, бұдырлана қалыңдауымен сипатталатын протозооз.
Жануарлар патологиясы — жануарлар мен адамның ағза — тоқымаларында түрлі аурулар әсерінен пайда болатын морфологиялық өзгерістерді зерттеп, анықтайтын ғылым.
Гиалинді — тамшы дистрофиясы — цитоплазмада ірі жартылай мөлдір біркелкі ақуыздық тамшылардың пайда болуымен сипатталады.
Гиперемия — белгілі бір мүшеде немесе тоқыма қан тамырларында қанның шамадан тыс көп жиналуы.
Гиалинді дистрофиялар (гиалиноз) дәнекер ұлпада мөлдір белоктық массаның түзілуі, олар тамшы, кесекше түрінде көрініп, шеміршекке ұқсас келеді, бірақ та биологиялық тұрғыдан еш байланысы жоқ. Себептері әртүрлі аурулар нәтижесінде қантамырлар қабырғасының өткізгіштігі бұзылуынан және басқа да себептерден туындайды.
Мүйізгек дистрофия (патологиялық қабыршақтану) — торшада мүйізгек затының түзілуі (кератин).
Амилоидоз (амилоидтық дистрофия) ұлпада тығыз, бірыңғай мөлдір заттарда тұнумен сипатталатын, гиалинге ұқсас, бірақ өзінің гистохимиялық қасиеттерімен ерекшеленеді.
Амилоид — бұл глобулинге жақын, ақуыздық заттар (амилоидопротеин).
Глюкопротеидтер — күрделі ақуыздар, құрамына күрделі көмірсулар кіретін, әртүрлі гексоздардан, гексозамин және гексурлы қышқылдардан құралған.
Құрғақ некроз (коагуляциялық) ұлпалық сұйықтық пен торшалық протоплазманың тығыздалуы және іруімен сипатталады.
Майлану дистрофиясы — май алмасуы бұзылуынан торшалар мен тоқымаларда дамитын морфологиялық өзгеріс.
Іртікті өлі еттенуі (казеозды некроз). Туберкулез бен маңқа ошақтарында торшаның ақуыздық — майлы ыдырауы жүреді.
Ылғалды (колликвациялық) некроз (colliguare — сұйылту) ылғалға толы ұлпаларда дамиды (бас миы немесе өлгеннен кейін сұйықтық жиналған басқада ұлпалар).
Гангрена — өзгеріске ұшырайтын және қоршаған ортамен жанасқан ұлпалар мен ағзалардың өлуі.

БЕЛГІЛЕУЛЕР ЖӘНЕ ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР
Бұл дипломдық жұмыста төмендегідей қысқартылған сөздер қолданылады
Қаз ҰАУ
— Қазақ ұлттық аграрлық университеті
ҚР
— Қазақстан Республикасы
МБИ
— биологиялық зерттеу микроскобы
ЖШҚ
— жеке шаруа қожалығы
МС
— микротом
МПС
— парафин кесінділеріне арналған микротом
ЖС
— жеке серіктестік
мкм
— микрометр
ДНҚ
— дезоксирибонуклеин қышқылы
РНҚ
— рибонуклеин қышқылы
Г
— грамм
мин
— минут
см
— сантиметр
мм
— миллиметр
мк
— микрон
нм
— нанометр
мг
— миллиграмм
кг
— киллограмм
ж.
— жыл

1 КІРІСПЕ
1.1 Зерттеудің өзекті мәселелері және тәжірибелік маңыздылығы
Қазақстанның дамыған 50 мемлекеттің қатарына ену мақсатында қазіргі таңда малшаруашылығын аурудан арылту жұмыстары интенсивті түрде жүргізілуде. Бірақ та бұл іс шараға кедергі келтіретін жағдайлардың бірі малдар арасында инфекциялық, инвазиялық және жұқпалы емес аурулардың шығуы. Кедергі келтіретін бір тұрғыдан инфекциялық аурулардың бірі болып, екінші тұрғыдан инвазиялық аурулар болып саналатын безноитиоз ауруының туындауы.
Безноитиоз (Besnoitiosis) — негізінен тері мен тері шелінің, тыныс алу жолдары кілегейлі қабықтарының қабынып, бұдырлана қалыңдауымен сипатталатын протозооз. Сиыр мен солтүстік бұғылары ауырады. Ауруға ешкіде бейім [1,3].
Бірақ та ірі қара мал безноитиозы кезінде байқалатын клиникалық белгілердің басқа аурулардың белгілеріне ұқсас болуынан және ауруға диагноз қою қиындық тудыруда. Сондықтан да аурудың этиологиясын, клиникалық белгілерін және патоморфологиялық өзгерістерін бір жүйе етіп қарастыру бұл диагностикалық құндылығы жоғары және өзекті мәселе болып саналады.
Ал, жануарлар басының артуымен қатар олардың аурулары да көбеюде. Жануарлар ауруларының ішінде басқа аурулармен қатар, инвазиялық аурулар бірінші өзекті мәселелердің бірі. Аталған ауруларға қарсы препараттар және т.б. емдік шаралар жүргізілгенімен жануарларды өлім жітімге ұшыратып, қожаларын емдеуге қажет шығындарға мәжбүрлеп, шаруашылықтарды үлкен экономикалық шығындарға әкеп соқтыртып жүр.
Бұл аурулардың қазіргі кезде өте қарқынды дамып, тез таралуы ғалымдар арасында үлкен алаңдаушылық тудырып отыр. Осыған байланысты, осы аурулар кезінде ірі қара малдың ішкі мүшелерінде туындайтын патоморфологиялық, гистологиялық, гистохимиялық өзгерістерді зерттеу бағытында ізденіс жұмыстарын жүргізу және негізгі патологиялық морфологиялық өзгерістерді білу кез — келген ветеринариялық дәрігердің міндеті.
Себебі, патологиялық анатомиялық зерттеулер нәтижелері ең бірінші аурудың алдын — алуға, балауға және ажыратып балауға мүмкіндік береді.

1.2 Зерттеу объектілері мен тәжірибелік базасы және мақсаты мен міндеттері
Жұмыс Алматы облысына қарасты жеке мал шаруашылықтарында табиғи жағдайда безноитиозға шалдығып өлген сиыр өлекселеріндегі негізгі клиникалық және патологиялық анатомиялық өзгерістері келтіріледі.
Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты: ІҚМ безноитиозының патологиялық анатомиясын зерттеу;
Аталған мақсатқа жету үшін алдымызға келесі міндетті қойдық:
— Шару қожалығындағы сиырлар арасында безноитиоздың салыстырмалы клиникалық белгілерінің ерекшеліктері;
— Ауруға тән ішкі мүшелерді пато-гистологиялық зерттеу;
Зерттеу нысаны: Әртүрлі жастағы сиырлар.
Жұмыстың теориялық және практикалық маңызы. Шаруашылықтарда безноитиоз ауруы шыққан жағдайда балау қоюға септігін тигізеді.

2 ҒЫЛЫМИ ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
2.2 Безноитиоздың анықтамасы және қоздырғышы
Безноитиоз (Besnoitiosis) — негізінен тері мен тері шелінің, тыныс алу жолдары кілегейлі қабықтарының қабынып, бұдырлана қалыңдауымен сипатталатын протозооз. Сиыр мен солтүстік бұғылары ауырады. Ауруға ешкіде бейім. [1,2].
Безноитиоз — жіті, жітілеу және созылмалы түрде өтетін, Besnoіtіa besnoіtі деген споровиктер тобына жататын қарапайымдылар қоздыратын қара мал ауруы. Безноитиозға шалдыққан малдың терісі қабынады, түгі түседі, терісінің әр жері кедір-бұдырланады, қатпарланады. Осы уақытқа дейін бұл ауру толық зерттелмей келді, сондықтан оны бұрын тері глобидиозы, тері саркоцистозы деп, тіпті мал мамандары оны асқынған қотыр, көң қотыр, қышыма көнтек деп те атаған [3].
Безноитиоз Қазақстанның Оңтүстік облыстарында ғана, атап айтқанда Шымкент, Жамбыл, Қызылорда және Алматы облысының оңтүстік аудандарында кездеседі. Профессор Б. П.Всеволодов 1959 ж. Алматы ет комбинатында сойылған ірі қара етін зерттеп, одан ең алғаш паразит цисталарын тапты. Қазақстанда безноитиоз Сырдария, Шу, Талас, Асы өзендерінің алқаптарында және Іле, Амудария өзендері құйылыстарында кездеседі [7,13].
Қоздырғышы — Besnoіtіa besnoіtі, пішіні сопақ, алмұрт немесе орақ тәрізді. Ұзындығы 5-9 мкм және 2-5 мкм. Оның қандағы көбею сатылары трофозоит деп аталады. Қан жұғындыларын Романовский-Гимза әдісімен бояғанда трофозоиттардың цитоплазмасы көкшіл түске, ядросы қызғылт-қоңыр түске боялады.
Ауру жұққаннан кейін үш аптадан соң қоздырғыш терінің дәнекер ұлпасына, ет шандырына, көздің ақзаты мен дәнекер қабығына, танауға, көмейге, кеңірдекке және басқа да ұлпалар мен мүшелерге еніп, үлкендігі 0,5-4 мм, пішіні дөңгелек не сопақ цисталар түзейді. Мұндай цисталардың іші трофозоиттарға толы. Әр түрлі жолдармен қанға енген безноитиялар моноциттер мен нейтрофилдердің ішіне еніп, жыныссыз бөлініп көбейеді. Мұндайда паразит мекендеген торшалар ыдырайды да, трофозоиттар қан тамырына түседі.
Қан ағымымен әртүрлі мүшелерге барған трофозоиттар дәнекер торшалар гистиоциттердің ішіне енеді. Гистиоцит ішінде көбейіп, торша ішін толтырады. Мұндай кеңейген гистиоциттердің маңына фибробластар жиналып, олардың фибрилдері (жіпшелері) кейіннен циста түзейді.
Кейбір ғалымдардың зерттеу нәтижесіне қарағанда, паразиттің тұрақты иесі мысық және мысық тектестер. Паразит дала мысығының ішегінде жыныстық жолмен өсіп жетіледі, зигоциста (ооциста) түзіліп, қайтадан нәжіс арқылы сыртқа шығады. Ал, ірі қара ооцисталармен былғанған жем-шөп арқылы зақымданады [3].

2.2 Аурудың себептері және клиникалық белгілері
Ауруды Besnoitia besnoiti атты қарапайым қоздырады. Паразит организмде эндозоиттар және цисталар түрлерінде болады. Цисталар домалақ немесе сопақша пішінді, сарғыш-ақшыл түсті, диаметрі 0,2 — 0,5 мм, қабырғасы өте қалың және нығыз құрылым. Олардың ішінде апельсин бөлегі немесе қол орақ пішінді, денесінің алдыңғы жағы ұшталған, артқы жағы доғалданған, ұзындығы 6 — 12 мкм, көлденеңі 2 — 5 мкм көптеген эндозоиттар болады.
Қозырушыны қан сорғыш шыбын-шіркейлер (сона, т.б.) тасымалдайды. Паразит әуелі организмге енген жерінде және өңірлік лимфалық түйіндерде (гистиоциттерде) көбейеді де, одан әрі қанға, лимфаға өтіп, бүкіл денеге таралады. Қоздырушының тіршілік әрекеттерінің өнімдері улы әсер етіп, мүшелерде дистрофиялық және қабыну процестері туындайды, организм уланады [2,4].
Безноитиоздың жасырын кезеңі 6 -10 күн, ал кейде 1-1,5 айға созылады. Аурудың жіті түрінде алдымен малдың дене қызбасы 40-41,5 С дейін көтеріледі. Бірақ 2-5 күннен соң қызба басылып, аздан соң қайта көтерілуі мүмкін. Ауру малдың тыныс алуы мен жүрек соғуы жиілейді. Бұл ауруға тән белгілерінің бірі — көз қарығуы. Көзі коньюнктивитке шалдығып, мал көзге сәуле түсуінен қорқады. Сондай-ақ ринит асқынып, танауларынан жалқаяқ сорғалайды [5,6].
Ауру мал күйзеліп, тәбеті қашады. Кейбір сыртқы сөл бездері қабынады және ұлғаяды. Көздің қас қабағында үлкендігі тары дәніндей, ақ түсті (цисталар) түйірлер пайда болады. Танау іші қызарыңқы, онда ақ түйірлер орналасқан. Кейбір жануарлардың жұтқыншағында, қынабында да осындай ақ түйірлер кездеседі.
Кейбір буаз сиырлардың іштастауы мүмкін. Кейде ауру малдың аяқтары және әукесі ісінеді. Сиырдың қынабы, ал бұқаның ені қабынады. Сондықтан безноитиоз бұқаларды белсіздікке душар етеді. Күтімі нашар болса, безноитиозға шалдыққан мал шығынға ұшырауы мүмкін.
Безноитиоздың созылмалы түрінде мал сап-сау сияқты боп көрінеді, бірақ біртіндеп арықтай береді. Малдың ісінген терісі қатпарланады, қалыңдайды, тіпті пілдің терісіне ұқсайды. Кейбір жерлерінің терісі жарылып, одан қан шығып тұрады, түгі түседі.
Ауру мал ыстыққа шыдай алмай, тыпыршып көлеңкеге тығылады немесе суға түсіп тұрады. Шамамен безноитиозға шалдыққан малдың 10 % шығынға ұшырайды [7,8,9].

2.3 Ауруды балау, патогенезі, алдын-алу шаралары және емі
Безноитиоздың эпизоотологиялық деректерін, аурудың клиникалық белгілерін анықтайды. Ауру малдан алынған цисталарды (түйіршіктерді) екі шынының ортасын салып қысады да, ішіндегі трофозоиттарды шығарып, Романовский-Гимза әдісімен бояйды. Сондай-ақ, биопсия жасап, теріден алынған кесіндіні гистологиялық әдіспен тексеріп, цисталардың бар-жоғын анықтауға болады. Безноитиозды анықтау үшін серологиялық әдістерін де қолдануға болады (КБР) [9,10,11].
Қозырушыны қан сорғыш шыбын-шіркейлер (сона, т.б.) тасымалдайды. Паразит әуелі организмге енген жерінде және өңірлік лимфалық түйіндерде (гистиоциттерде) көбейеді де, одан әрі қанға, лимфаға өтіп, бүкіл денеге таралады. Қоздырушының тіршілік әрекеттерінің өнімдері улы әсер етіп, мүшелерде дистрофиялық және қабыну процестері туындайды, организм уланады. Безноитиоздың нақты емі әлі табылған жоқ [13,14]
Ауру малды дер кезінде табыннан бөліп оқшаулап, жарамсыз топқа шығарып, етке пайдалану керек. Қан сорғыш жәндіктермен инсектицид және репеллент дәрілерін қолданып күресу керек. Мал қораларын уақытында қидан тазалап, жиналған көңді биотермиялық әдіспен өңдейді. Мал қорасына мысық жібермеген жөн. Жазда шөлейт аймақтарда, жағалауында жайылған малды күзде міндетті түрде клиникалық байқаудан өткізу қажет. Бұл жұмыс басқа мал дәрігерлік шаралармен қоса, бір мезгілде жүргізіледі [12,15,16]

2.5 Аурудың патологиялық анатомиясы
Өлген немесе амалсыздан сойылған малда өте зілді және ауруға тән өзгерістер негізінен тері мен тыныс алу жолдарының жоғарғы бөлегі кілегейлі қабықтарында болады. Бас, мойын, артқы аяқтар мен ұма терілерінің 2 — 3 есе қалыңдағаны, қатпарланғаны, адыр-бұдырланғаны, түктерінің түсіп, сирегені байқалады. Осылайша өзгерген тері бетінде құрғақ, үгітіліп қиқымданатын қабыршықтар болады. Теріні тіліп көргенде жай көзге дәнекер өрмемен қоршалған көптеген сарғыш түсті түйірлер түріндегі қоздырушының цисталары көрінеді [17, 22].
Паразит цисталарының шоғырлары апоневроздарда да, бұлшықеттераралық дәнекер өрмеде де, бұлшық еттер қалыңында да болады. Танау қуысының, жұтқыншақ пен көмейдің, кеңірдектің, ірі бронхылардың кілегейлі қабықтарындағы цисталар шоғылары ұнтақ ботқасының жұқа жағындысына ұқсайды.
Цисталар әрдайым көз склерасында, кейде эндокард астында байқалады. Олар қынаптың кілегейлі қабығын да, бұқа енінің, қамшысының және күпегінің қабықтарын да зақымдайды. Цисталар кеулеп, 2 — 3 см дейін қалыңдаған және қатпарланған ұма терісінде өлшемі 1 — 3 см дей ойылымдар кездеседі [18].
Цисталар есебінен қабықтары қалыңдаған ен, оның қосымшасы қатаяды. Еннің тілік бетінде кальций тұзымен кеуленген майда өлі ошақтар байқалады. Малдың қоңдылығы нашарлап, май өрмесі атрофияға, паренхималық мүшелер дистрофияға ұшырайды.
Зақымданған мүшелерді микроскоптың кіші үлкейкейткішімен зерттегенде көптеген цисталар бірден көңіл аударады. Олар диаметрі 200 — 400 мкм, домалақ пішінді, фуксинмен қызыл түске боялатын қалың қабықты құрылым. Цисталар тері қабаттарының бәрінде де болады, торлы қабатта коллаген талшықтарының будалары аралығында, қан және лимфа тамырларының қабырғаларында, жүйке діңгектерінде де байқалады [21].
Көптеген цисталар желінді, емшектің терісі мен кілегейлі қабығын, ен мен ен қосымшасын жайлайды.
Өкпеде, бауырда, бүйректе, талақ пен лимфалық түйіндерде олардың саны бірен-саран-ақ. Цисталарды азды — көпті гистиоциттер, лимфоциттер мен фибробластар шоғырлары қаумалайды, олар талшықты дәнекер өрменің өсуіне әкеледі [22].

3 НЕГІЗІГІ БӨЛІМ
3.1 Зерттеу материалдары мен әдістері
Жұмыс Алматы облысы (бұрынғы Талдықорған облысы) Көксу ауданына қарасты Жақсыбай жеке шаруашылығында және Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің Биологиялық қауіпсіздік кафедрасында орындалды, жұмысқа 2017 жылы лажысыздан сойылған 3 бас ірі қара мал өлекселері қолданылды.
Барлық сиырлар толық патологиялық анатомиялық сойып зерттеліп, хаттамалар толтырылды. Ауруға диагнозды кешенді түрде: жалпы эпизоотологиялық жағдайды, аурудың клиникалық белгілерін ескере отырып, сойып-зерттеу және гистологиялық зерттеулер нәтижелерінің негізінде қойдық. Диагноз паразитологиялық, патологиялық анатомиялық зерттеулер нәтижесі бойынша дәлелденді.
Ірі қара малдарды Шор Г.В. ұсынған әдіспен сойып-зерттедік, яғни ішкі мүшелерді толық эвицерациялау жолымен жүргізілді. Бұл әдіс, техникалық жағынан алғанда мойын, көкірек, құрсақ және жамбас қуысындағы мүшелерді бүтіндей кешенді түрде шығарып алуға негізделген.
Көкірек, құрсақ қуыстарының сірлі қабықтарының күйін және ішкі мүшелердің орналасқан орнын жан-жақты және мұқият қарап шыққаннан кейін, әр мүшені басқа көршілес орналасқан мүшелермен жалғасқан күйінде зерттедік.
Барлық сойып-зерттелген ірі қара малдардың ішкі мүшелерінен гистологиялық және гистохимиялық зерттеу жүргізу үшін, көлемі 0,5-1 см болатындай кесекшелер алынды.
Алынған патологиялық материалдар Г.А. Меркуловтың әдістемелігіне сәйкес бейтараптандырылған 10% формалиннің судағы ерітіндісіне салынып 24 сағат бекітілді. Ал терең гистохимиялық зерттеулер жүргізу үшін күрделі ерітінділерде (Карнуа, спирт-формалин) бекітілді.
Патматериалды сусыздандыру … жалғасы

Дереккөз: https://stud.kz