Ипотекалық кредит — Ақша, кредит және банктер — Рефераты на казахском языке — Библиотека
Жылжымайтын мүлікті кепілге салу арқылы болатын қарызды ипотека кредиті ретінде ұғуға болады. Ол тұрғын үй құрылысын салуға және сатып алуға, жер сатып алуға беріледі, әрі ұзақ мерзімді сипатқа ие. Ипотекалық кредиттеу нарықтық экономиканың ажырағысыз элементі болып табылады. Оның мынадай ерекшеліктері бар:
- ипотекалық кредит — бұл қатаң анықталған кепілзатпен берілетін қарыз. Кредит қайтарылмаған жағдайда кепілге салынған жылжымайтын мүлік сатылады және одан түскен қаражатпен кредит берушінің алашағы өтеледі. Сол себепті де ипотека кредиті кредит беруші үшін ең «сенімді» кредит ретінде саналады:
- ипотекалық қарыздың көбісі қатаң мақсатты тағайындауға ие, өйткені, ол тұрғын ұй мен өндірістік үй-жайларды қаржыландыру, сатып алу, тұрғызу үшін және жер учаскелерін игеру үшін пайдаланылады;
- ипотекалық кредит, әдетте, 10-30 жылға дейін ұзақ мерзімге беріледі. Кредит алдын ала жасалған кестеге сәйкес біртіндеп өтелетін болады.
Ипотеканың айрықша маңызды принциптеріне мыналар жатады: кепілге салынатын мүлік нақты болу керек, яғни келісім-шартта кепілдік құқығының объектісіне жататын нақты мүлікті анықтау; кепілдіктің жариялылығы, яғни кепілге салынған мүліктің ауыртпалығын үшінші тұлға оңай танитындай болуы керек.