Инвестициялар туралы түсінік, олардың жіктелуі
Мазмұны:
Кіріспе
1. Инвестициялар туралы түсінік, олардың жіктелуі
2. Инвестициялар есебі
2.1 Еншілес, тәуелді және бірігіп бақыланатын заңды тұлғадағы инвестициялар есебі.
2.2 Қаржылық инвестициялар есебі
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Қазақстан Республикасының егемендігін алып, тәуелсіз болғанына да, міне, 27 жыл уақыт болды. Бұл жылдары елімізде әлеуметтік-экономикалық мәні аса жоғары қыруар игі өзгерістерге қол жеткізілді. Осы жылдар ішінде тындырған ісіміздің басты түйіні, — деп көрсетті Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің халыққа жолдауында, — Қазақстанның дербес, дүние жүзі танитын тәуелсіз дәрежелі, экономикасы жоғары дамыған мемлекет екенімізді барша әлемге мойындаттық. Біздің әлі де есею мен кемелдену кезегінен өтуіміз керек, Қазақстандағы азаматтық қоғамның босағасын бекіте беруіміз керек .
Бұдан туындайтын талаптар мен міндеттерді абыроймен орындап шығудың басым бағыты экономиканы дамыту, осының негізінде еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын тұрақтандыру, халықтың әл-ауқатын түбегейлі жақсарту.
Жаңа қоғам өзінің соңғы өзгерістерін бірге ала келетіні белгілі. Сол сияқты нарықтық экономика да біздің қоғамға инвестиция ұғымын ала келді. Бұл өркениетті әлемде әлдеқашан қарым-қатынастың қалыпты заңдылығына айналып кеткен ұғым болып табылады.
Нарықтық экономикаға өткеннен кейін басым бағыттардың бірі — бизнесті дамыту болды. Осыған байланысты түрлі бағытта инвестициялар тартыла бастады. Инвестицияны, алуан түрлі күрделі қаржыны белгілі бір жобаларға ұйымдастырылған түрде жұмсау үшін шешім қабылдау өте қиын. Жерінің қазба байлығы мол, экономикалық потенциалы аса жоғары деңгейде танылған Қазақ елінің кең байтақ аймақтарындағы табиғи шикізат ресурстарын игеру, оны өңдеу, өндіру мәселелері тәуелсіздік алған жылдардың басында негізгі сұрақтардың бірі болатын. Еліміздің басымды саяси-экономикалық механизмдерінің нәтижесінде республикаға шетелдік инвесторлардың келуі, одан кейін отандық инвесторлардың біртіндеп экомикаға жұмыс істеуінің нәтижесінде табиғи шикізат ресурстарын шығару, өңдеу, өндіру, сату процестері қалыпты жолға қойылып, елде инвестициялық салым айналысы жандана бастады.
Қандай да болмасын жаңадан құрылып, қалыптаса бастайтын экономикалық үрдістің түпкі мақсаты — материалдық өндіріс пен халықтың сұранысы мен ұсынысына жауап берерлік және бәсекелестік тұрғыдағы өнімдер өндіріп, қызметтер көрсету болып табылады. Сапалы дәрежеде өнімдер өндіріп, қызметтер көрсетіп, мұның өзін үлкен бәсекелестік жағдайға келтіру үшін әртүрлі көздерден қаржы жұмсалады және жұмсалған қаржыны тиімді басқару қажеттігі туындайды. Сондықтан, экономикалық жүйені тиімді басқару мен салынған қаржылық салымдардың тиімділігін анықтау және олар бойынша шешім қабылдау процесіне қажетті ақпараттар қалыптастырушы бухгалтерлік есеп жүйесі болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда шаруашылық жүргізуші ірі, орта немесе шағын бизнес субъектілеріндегі қаржылық инвестициялар есебін дұрыс ұйымдастыру және оны жетілдіру бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып саналады.
Дәл осы инвестициялар және олардың қозғалысы жайлы мәселелерді қарастыру мақсатында Қаржылық инвестициялар есебі тақырыбын таңдадым.
1. Инвестициялар туралы түсінік, олардың жіктелуі
Инвестициялар деп өнеркәсіптің, құрылыстың, ауыл шаруашылығының және экономиканың басқа да салаларының кәсіпорындарына капитал түрінде салынып, жұмсалатын шығындардың жиынтығын айтамыз. Инвестициялық қызметтің мақсаты — түпкі нәтижесінде кәсіпкерліктен табыс немесе пайыз алу болып табылады.
Кәсіпкерлік табысты, капитал өсімін немесе процентін алу (шаруашылық жүргізуші субъектілерінің құның арттыру және осыған орай оны меншіктеушілердің әл ауқатын көтеру) мақсатында әр түрлі экономика саласына капитал жұмсау жолымен іс жүзіне асырылатын жиынтық шығындарды инвестиция деп ұғамыз.
Инвестицияның көзі болып жаңадан қалыптасқан (құрылған) күн немесе таза табыстың жинақталған бөлігі саналады. Кәсіпкерлер (кәсіпорындар) оны өзінің табысының (таратылған) қаражаттарының есебінен жұмылдырады. Негізгі капиталды жаңартуға арналған инвестиция көзі болып кәсіпорынның меншігінде қалған табысы саналады. Бағалы қағаздардың көп түрлілігі инвестицияны жіктеудің көптеген критерийлердің алдын ала айқындайды. Инвестициялар деп өнеркәсіптің, кұрылыстың, ауыл шаруашылығының және экономиканың баска да салаларының кәсіпорындарына капитал түрінде салынып, жұмсалатын шығындардың жиынтығын айтамыз. Инвестициялык қызметтің мақсаты — түпкі нәтижесінде кәсіпкерліктен табыс немесе процент алу болып табылады.
Инвестициялық қызметтің мақсаты — түпкі нәтижесінде кәсіпкерліктен табыс немесе пайыз алу болып табылады.
Инвестиция мыналарға бөлінеді:
:: үлестік — жай және артықшылықты акциялар:
:: борышқорлық — облигациялар, қазыналық вексель, депозиттік сертификаттар және т.б.
Инвестиция көздері:
:: жаңадан жасалған құн (таза табыстың жиналған бөлігі);
:: амортизацияның қорлануы (накапливанмая амортизация);
:: кредиттік ресурстар
Инвестицияны мына топтарға жіктеуге болады:
Жұмсау мерзімі бойынша:
:: қысқа мерзімді — бір жылға дейін емдену мерзімі (бұл еркін ақшалай қаражатты уақытша орналастыру мақсатында оңай өткізілетін бағалы қағаздардағы компанияның инвестициясы);
:: ұзақ мерзімді — бір жылдан көп иемдену мерзімі;
:: мерзімсіз инвестициялар.
Ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияны қайта бағалау барысында бағалау сомасы өзіндік капиталдың өсуіне қатысты болады. Арзандатулар сомасы бір ана сол инвестицияның бағалау сомасы есебінен жүзеге асырылады, ал бағалау сомасы болмаған кезде оның кеміген сомасы залалға жатады.
Инвестиция өзінің арналымы немесе алынған мақсаты бойынша: қаржылық және нақты болып бөлінеді.
Қаржылық инвестиция өзінің пайдалану мерзіміне қарай, қысқа және ұзак мерзімді болып белінеді.
Нақты инвестициялар — ақшаны нақты материалдық және материалдық емес активтерге (негізгі капитал және айналым капиталына, зияткерлік меншікке) салу.
Қаржылық инвестиция — бұл субъектінің табыс алу мақсатында пайдаланатын активі, инвестицияланған капиталдың өсімі немесе алынатын басқа да олжалар. Сондай- — ақ, қаржылық инвестицияға пайдаланбай тұрған жылжымайтын мүліктер де жатады. Қаржылық инвестицияның бір түрі болып бағалы қағаздар да саналады. Барлық бағалы (құнды) қағаздар екі топқа бөлінеді — ақшалай және күрделі болып. Ақшалай бағалы қағаздарды алған кезде ақшалай қарыздарды алғандағыдай етіп рәсімделеді. Бұл борыштық құнды қағаздар. Оларға: вексельдер, депозиттер және жинақ сертификаттар және т.б. жатады. Осы бағалы қағаздар бойынша табыс бір мәртелік сипатқа ие болады және олар өзінің номиналдық (атаулы) құнынан төмен бағаға сатып алудың есебінен қалыптасады. Ақшалай бағалы қағаздар, әдетте, қысқа мерзімге (бір жылдан аспайтын уақытқа) беріледі.
Зияткерлік инвестициялар — ол ғылыми мекемелердегі мамандарды даярлау, тәжірибелер, лицензиялар және ноу-хау, бірлескен ғылыми әзірлемелермен алмасу (беру) тағы сол сияқтылар.
Қоржындық инвестициялар — ақшаны әртүрлі қаржы құралдарына (бағалы қағаздарға, банк депозиттеріне, валютаға, асыл металдар мен тастарға) салу.
Тікелей (төте) инвестициялар — қаражат салу үшін инвестация нысанын таңдауға инвестордың тікелей өзінің қатысуы.
Жанама инвестициялар — қаражат салымына басқа тұлғалардың (инвестициялық фирмалар мен компаниялар, үлестік жарнаның инвестиция қорлары, басқа қаржы мекемелері) жанамаласуы арқылы салынатын инвестициялар.
Орташа мерзімді инвестициялар — капиталды бір жылдан бес жылға дейінгі мерзімге салу.
Жеке инвестициялар — қаржы салымдарын азаматтар мен жеке ұйымдардың (фирмалар, компаниялар) салуы.
Мемлекеттік инвестициялар — бюджеттік, бюджеттен тыс және қарыз қаражаттары есебінен орталық және жергілікті билік және басқару органдары, сонымен қатар біртүтас кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдар өздерінің меншікті қаржы көздерін жұмылдыру жолымен салатын салымдар.
Аралас инвестициялар — мемлекеттің, аймақтардың, муниципалдық білім беру мекемелерінің, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалардың үлеспен қаржы салымдарын салуы.
Шетелдік инвестициялар — шетелдік мемлекеттік, жеке және заңды тұлғалардың салатын салымдары.
Бірлескен инвестициялар — аталған елдің және шетелдік мемлекеттердің субъектілері салатын салымдар.
Ішкі салымдар — елдің бір немесе басқа аумағы шекараларында орналасқан инвестициялау нысандарына қаражат салу.
Сыртқы инвестициялар — қаражатты шетелдегі инвестициялау нысандарына салу.
Жалпы инвестициялар — жаңа құрылысқа, еңбек құралдары мен заттарын сатып алуға, тауар-материалдық қорлардың және зияткерлік құндылықтардың өсіміне салынатын қаражаттың жалпы көлемі.
Таза инвестициялар — жалпы инвестициялардың амортизациялық аударымдарды алып тастағандағы барша сомасы.
1. Инвестициялар есебі
2.1 Еншілес, тәуелді және бірігіп бақыланатын заңды тұлғадағы инвестициялар есебі.
Шаруашылық жүргізуші субъект акцияға ие болу жолымен немесе үлестік қатысудан табыс алу арқылы басқа субъектілерге қаржылық жұмсалымды тудыра алады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне сай шаруашылық тараптарды серіктестігі, егер басқа (негізгі немесе бас) шаруашылық серіктестігінің, оның жарғылық капиталындағы үлесінің басымдылығына байланысты немесе олардың өзара келісіміне орай немесе өзгеше жолдармен, шешімдерді айқындауға мүмкіндігі болса, онда ол еншілес деп есептелінеді; тәуелді акционерлік қоғам, яғни бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалар деп жасалған келісімдер нәтижесінде инвестицияланған объектіге қатысты қаржылық және өзге аспект деңгейін анықтау құқығына ие болған басқа заңды тұлғалардың ықпалына түсіп қалған серіктестерді айтамыз.
Инвестициялардың есебі 2000 Инвестициялар бөлімшесінің шоттарында жүргізіледі, оның құрамына мынадай синтетикалық шоттар кіреді: 2120 Еншілес серіктестерге салынған инвестициялар, 2140 Тәуелді серіктестіктерге салынған инвестициялар, 2130 Бірлесіп — бақыланатын заңды тұлғаларға салынған инвестициялар,2180 Басқа инвестициялар.2120-2180 шоттар активті және күрделі болып келеді. Талдамалы (аналитикалық) есеп инвестицияланған кәсіпорындар мен инвестициялар түрлері бойынша жүргізіледі.
Инвестицияларға есеп жүргізілгенде төмендегідей әдістер қолданылады:
Үлестік қатысу әдісі — инвестицияларды иеленген мезетте сатып алу құнымен көрсетіп, кейінірек тәуелді шаруашылық серіктестерінің таза активтеріндегі өзгерістерде инвестордың үлесі мойындалуына байланысты олардың құнының өсуін (кемуі) есепке алу әдісі. Тәуелді шаруашылық серіктестестігінің таза кірісінде (шығынында) инвестор үлесінің өзгеруі қаржылық — шаруашылық қызмет туралы есепке табысқа жатқызылады.
Үлестік қатысу әдісін қолданған кезде инвестициялардың баланстық құны тәуелді шаруашылық серіктестіктерінің таза табысындағы инвестордың үлесін сараптағандағы өсуі (кемуі) табысқа жатқызады.
Еншілес ұйымдардың жинақталған таза табысының жалпы сомасынан тиісті дивидендтер инвестициялардың баланстық құнын кемітеді.
Еншілес ұйымдардың шаруашылық серіктестігінің активтерінің қайта бағалануына байланысты инвестордың үлесінің өзгеруі, инвестициялардың баланстық құнын көтереді (кемітеді) және меншікті капиталдың бөлімшесінде көрсетеді.
Инвестор өзінің еншілес ұйымдардың таза табысында үлестік қатысын қайта жаңғыртуға, тек таза табыс үлесі, таза шығындар үлесіне тең болғанда ғана мүмкіндік алады.
Құн әдісі — инвестицияларды иелену мезетінде сатып алу құнымен көрсетілетін есеп әдісі. Инвестордың қаржылық — шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есепте, инвестиция табысы деп, тәуелді шаруашылық серіктестігінің, жинақталған жалпы таза табысының сомасынан тиісті дивидендтердің мөлшері алынғаннан кейін барып мойындалады. Инвестицияланған кәсіпорын өте қатаң, ұзақ мерзімді, шектеулі жағдайларда жұмыс істеп, инвесторға табыс бере алу қабілеті төмен болса, инвестицияға иеліктің құны сатып алу құнымен есептеледі. Мұндай шектеулерді тудыратын төмендегідей себептер: реттеуші органның бақылауында болса, кәсіпорын дивидендтері бөлу аспектісіне араласуы мүмкін; кәсіпорын өз қызметін, дивидендтерді (табыстарды) шетелге аударуға шек қойылған немесе валюта бағасы жедел кеміп кететін елде жүргізілуі мүмкін.
Еншілес ұйымдардың шаруашылық серіктестігіне инвестициялар оларды болашақта сату мақсатында алғаннан басқа жағдайда үлестік қатысу әдісі бойынша біріктірілген қаржылық есепте есептеледі; тәуелді шаруашылық серіктестігі инвесторға қаражат беру қабілетін төмендететін қатаң ұзақ мерзімді жағдайда жұмыс істейді. Бұл жағдайда олар құн әдісімен есептелуі тиіс.
Бөлек қаржылық есеп-беруді жүргізуші инвестор, еншілес ұйымдарға біріктірілген қаржылық есеп — беруді жасаған кезде, тек өзінің инвестициясы туралы мәліметті ғана беруі керек. Біріктірілген қаржылық есеп-беруді жасамайтын инвестордың есебі, жеке қаржылық есеп беруден тұрғанымен, ол мынадай жайларды ескереді: үлестік қатысу әдісімен немесе құн әдісімен (тәуелді шаруашылық серіктестігі қатал ұзақ мерзімді шектеулер жағдайында қызмет істесе немесе инвестициялар жақын болашақта сату мақсатында алынса); сатып алу құнымен немесе қайта бағалау құнымен немесе ұзақ мерзімді инвестицияларды есепке алудың қабылданған есеп саясатына сай сатып алу мен ағымдағы құнының ең төменгі бағасы бойынша есептеледі.
2.2 Қаржылық инвестициялар есебі. (ҚЕХС 32)
1100 «Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар»
1110 — Қысқа мерзімді берілген қарыздар
1120 — Саудаға арналған қысқа мерзімді қаржылық активтер
1130 — Өтеуге дейін ұсталатын қысқа мерзімді инвестициялар
1140 — Сатуға арналған қолда бар қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар
1150 — Өзге қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар
2000 «Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар»
2010 — Ұзақ мерзімді берілген қарыздар … жалғасы