Информатика — Пәнді оқыту | Скачать Материал

0

Кіріспе

Информатика – басқа ғылыми бағыттарға белсенді әсер ететін кешенді
ғылыми бағыт. Ол пәнаралық сипатқа ие және гуманитарлық мамандықтар бойынша
мамандар дайындау үшін жалпыкәсіби дайындаудың базалық пәні болып табылады.
Пәнді оқытудың мақсаты оқу процесінің және таңдалған мамандық бойынша
келешектегі жұмыс жасау талаптарын ескере отырып, студенттерді ақпараттық
технология құралдарын жүйелі пайдалануға үйрету.
Пәнді оқыту есебі. Бұл курс информатика саласында студенттерді
дайындаудың базалық деңгейін анықтайды, яғни сәйкесінше ол дербес
компьютермен және оның периферийлі құрылғылармен қолданушы деңгейінде
жұмыс жасай алуы керек, жиі қолданылатын кәсіби міндеттегі текстілік,
графиктік және арнайы программалармен жұмыс дағдысын меңгеруі керек,
телекомуникация жабдықтары – WWW, электрондық почта, FTP қолдана алуы
керек, мәліметтер қорымен жұмыс жасай білуі керек, әр түрлі программалау
тілдері туралы түсінігі және олардың қолданылу облыстары мен
ерекшеліктерін білуі керек. Студенттер меңгерген дағдыларын барлық оқу
жоспарының мамандықтары бойынша есептеу, зерттеу және шығармашылық
жұмыстарды орындау барысында қолдана алады.
Берілген курс жалпы білім беру орындарында оқытылатын информатиканың
бастапқы мәліметтеріне негізделеді. Ол лабораториялық жұмыстарда
студенттердің болашақ мамандығына байланысты есептер шығаруды қарастырады.
Мысалы, мұндай есептерге отчеттерді безендіру, мәліметтер архивтерін
жүргізу, электрондық кестелер көмегімен есептеулер жүргізу, өз мамандығы
бойынша соңғы ғылыми жетістіктерді Интернет желісі арқылы іздеу есептерін
жатқызуға болады.
Аппараттық және программалық жабдықтар. Курсты оқыту барысында Pentium
типті компьютерлер, прринтерлер, локальді желілер, Интернет, Windows
982000NT операциялық жүйелері, Microsoft Office, Windows Commander
программалық қабықшасы, Visual Basic инструментальды құру ортасы, PhotoShop
6CorelDraw, Web-броузер Microsoft Explorer графиктік редакторлары,
Microsoft Outlook Express электрондық почтасы, ACDSee32 графиктік вьюері,
FrontPage Editor парақтарының Web редакторы, Snagit5 экрандық бейнелерді
қиып алу программалары, WinRAR WinZIP архиваторлары, утилиттер, курс
тақырыптары бойынша оқытушы программалар қолданылуы керек.

НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАР

Жоспар
1. Ақпарат, ақпарат түрі, формасы және қасиеттері.
2. Ақпараттық процестер және олардың моделдері.
3. Ақпаратты кодтау.
4. ЭЕМ-нің даму тарихы. ЭЕМ буындары.

1. Ақпарат, ақпарат түрі, формасы және қасиеттері.
Жалпы түрде ақпарат дегеніміз – ол нақты өмірді белгілермен немесе
сигналдардың көмегімен бейнелену. Жеке жағдайда ақпарат деп адамның
қоршаған ортадан алатын мәліметтерін айтамыз.
Ақпарат термині латынның informatio – түсіндіру, баяндау деген сөзінен
шыққан.
Бізді қоршаған ортадағы сан алуан ақпаратты әр түрлі белгілерге
байланысты топтауға болады.
Ақпарат шығу облысына байланысты былай бөлінеді:
• Қарапайым – бұл жансыз табиғатта болып жатқан құбылыстар мен процестерді
бейнелейді.
• Биологиялық – өсімдіктер мен жануарлар әлеміндегі процестерді бейнелейді.

• Әлеуметтік – қоғамдағы адам туралы процесті бейнелейді. Ол адамның
практикалық өмір тіршілігімен тығыз байланысты, сондықтан адамның қанша
тіршілік түрі болса, сонша әлеуметтік ақпараттық түрі мен типін ажыратуға
болады. мысалы, қоғамға байланысты ақпаратты көпшілік, арнайы және жеке
деп жіктеуге болады.
Ақпаратты беру және қабылдау әдістеріне байланысты келесідей
ажыратады:
• визуальды – көрнекі бейнелер мен арнайы белгілер арқылы таратылады;
• аудиальды – дыбыс арқылы таратылады;
• тактильді – сезім арқылы;
• органо-лептикалық – иіс және дәм арқылы;
• машиналық – есептеу техникасының көмегімен таратылады.
Информатикада ақпараттың екі түрін қарастырады.
1. аналогтік, яғни кез-келген уақытта және кез-келген өлшемге өзгере алатын
үздіксіз процесті сипаттайтын ақпарат ( мысалы, адам денесінің қызғаны,
музыкалық шығармалар.)
2. үзілісті, яғни дискретті процесті сипаттайтын арнаулы уақытта және алдын-
ала белгіленген мәндерін қабылдап өзгеруі мүмкін сигнал. Дискретті
процесті сипаттайтын ақпарат (мысалы, жыл мезгілдері, Морзе әліппесіндегі
нүкте және тире).
Информатика тұрғысында ақпараттың негізгі қасиеттері мынадай:
• оның анықталған бір жүйемен үзіліссіз байланысы;
• құрылымдылығы – түскен сигналдардан ақпаратты айқындауға мүмкіндік
береді.
• пайдалығы ақпараттың мақсаты мен міндетін анықтауға мүмкіншілік береді.
• құндылығы, ақпараттың тұтастығымен, анықтылығымен, актуальділігімен,
пайдалылығымен анықталады.

1.2 Ақпараттық процестер және оның моделдері.
Ақпараттық процесс – бұл процесс нәтижесінде ақпаратты қабылдау,
жинау, шығару, өңдеу және сақтауға болады.
Ақпаратты қабылдау – техникалық жүйеге немесе сыртқы өмірден тірі
ағзаға түскен мәліметтің болашақта пайдалануға ыңғайлы формаға түрлендіру
процесі.
Ақпаратты жинау – сыртқы ортадан ақпаратты қабылдау және оны берілген
ақпараттық жүйеге сәйкестендіру. Ақпаратты шығару – арнайы программаның
және ақпараттық құралдардың байланыс каналдарымен жүзеге асады.
Ақпаратты өңдеу – қазіргі дамыған ақпараттық жүйеде тізбектей және
уақытқа сай есептеулерді шешу.
Ақпаратты сақтау бұл оның қайталанып пайдалануымен туындаған және ол
ақпараттық массив түрінде машиналық тасымалдаушымен жүзеге асады.
Модель – қандай да бір объектінің, процестің немесе сыртқы өмірдегі
құбылыстың математикалық немесе басқа арнайы символдың көмегімен
өрнектеліп, шамамен сипатталуы.
Ақпараттық модель – объектінің, процестің, құбылыстың күйін және
қасиетін, сол сияқты олардың сыртқы ортамен өзара байланысын сипаттайтын
ақпараттың жиынтығы.
Ақпараттық модель былай жіктеледі:
• Ауызша (ақпараттық модель ойша немесе сөзбен).
• Таңба (ақпараттық модель таңбаның көмегімен беріледі, яғни кез-келген
формальді тіл арқылы).

1.3 Ақпаратты кодтау.
Жоғарыда айтылғандай ақпаратты қабылдаудың және өңдеудің әр түрлі екі
әдісі бар: үздіксіз (аналогтік) және үзілісті (дискретті). Қазіргі
аналогтік аппараттар сапалы, мысалы түрлі-түсті теледидар және
бейнекөріністер т.б. Компьютерлік технология ақпаратты қабылдаудың
дискретті түрін ұсынады. Әр түрлі типті мәліметтермен жұмысты
автоматтандыру үшін оның берілу формасын бірыңғайлау өте маңызды, ол үшін
көбіне кодтау қолданылады.
Техниканың, ғылымның және мәдениеттің кейбір саласында кодтау
проблемалары өте жақсы шешімін табуда. Мысал ретінде математикалық
өрнектерді жазу жүйесін, телеграф азбукасын, соқырларға арналған Брайля
жүйесін және т.б. айтуға болады.

С О М P U T E R

43 4F 4D 50 55 54 45 52 ASCII
коды

( ( ( ( ( ( ( ( ( ( ( ( ( ( ( ( ( ( ( Морзе коды

Брайл коды

1-сурет. Әр түрлі кодтау жүйесіне мысалдар.

Есептеу техникасының өзінің жүйесі бар – ол екілік кодтау деп аталады
және мәліметтерді 1 мен 0-ден тұратын екі белгінің тізбегімен жазуға
мүмкіндік береді. Бұл белгілер екілік цифрлар немесе биттер деп аталады(bit-
ағылшынша, binary digit-тің қысқаша жазылуы).
Бит – ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі. 8 биттің комбинациясы байт деп
аталады. ЭЕМ-да кез-келген таңбаны және санды биттердің көмегімен жазуға
болады. Практикада ақпаратты өлшеу үшін үлкен өлшем бірліктер қолданылады:
1 Кбайт = 210 байт; 1 Мбайт = 210 Кбайт; 1 Гбайт = 210 Мбайт.
Текстік мәліметтерді кодтау. Егер алфавиттің әр символына белгілі бір
санды сәйкестендіріп қойса (мысалы реттік номерін), онда текстік ақпаратты
екілік кодтың көмегімен кодтауға болады. Қазіргі компьютерлерде ақпарат
ASCII (American Standart Codе for Information Interchange – американский
стандартный код для обмена информацией) кодымен беріледі. ASCII коды АҚШ-
тың (ANSI) американың стандарттық ұлттық институтында жасалған, бірақ оның
256 стандарт символдан тұратын бөлігі арнайы программаның көмегімен ұлттық
алфавиттің символдарымен ауыстыруға болатындықтан басқа елдерде пайдалана
алады.
Қазақстанда құрамында кириллица символдары бар ASCII-ге алтернативті
кодтау қолданылады. Онда үлкен және кіші орыс және латын әріптері, цифрлар,
тыныс белгілер және арифметикалық амалдар және т.б. қамтылған. ASCII
символының әрқайсысына 8 биттік екілік код (байт) сәйкес қойылған, бұл 256
әр түрлі символды кодтауға мүмкіншілік береді.
Сонымен, егер адам текстік файл құрып және оны дискіге жазса, онда
адамның енгізген әр символы компьютер жадында сегіз нольдер мен бірлердің
жиынымен сақталады. Тексті экранға немесе принтерге шығарғанда осы кодтарға
сәйкес символдар бейнеленеді.
Графикалық мәліметтерді кодтау. ЭЕМ-дағы кез-келген басқа ақпарат
секілді графикалық бейнелерді сақтауға, өңдеуге және екілік жүйеде
кодталған түрінде байланыс жолдармен жіберіледі. Графикалық байланыс
жолдармен жұмыс жасайтын әр түрлі программалар саны жеткілікті. Мұнда
графикалық кодтау әдістері әр түрлі графиктік форматтар қолданылады.

Бейне сақталған файлдың кеңеймесі мұнда қандай формат қолданғанын
білдіреді, яғни қандай программаның көмегімен қарауға, өңдеуге және баспаға
шығаруға болатынын аңғаруға болады. Осындай әр түрлі мүмкіншіліктеріне
қарамастан бейнені кодтаудың негізінде растрлық және векторлық графика
деген әр түрлі екі тәсілі бар.
Растрлық графиканы қолданғанда бейненің әрбір кішкене элементінің түсі
санаулы биттің көмегімен кодталады. Бейне пиксель деп аталатын ұсақ
нүктелердің жиынын құрайды. Тастар немесе әйнектердің жиынтығынан құралған
мозайка немесе вираж секілді түрлі-түсті нүктелердің көмегімен сурет
салынады. ЭЕМ-де растрлық әдісті қолданғанда әр пиксель үшін биттік
қалыңдық(глубина) деп аталатын санаулы биттер саны бөлінеді. Әр түске
белгілі бір екілік код сәйкес келеді. Мысалы, егер биттік қалыңдық 1-ге тең
болса, онда 0-қара, 1-ақ түске сәйкес келеді де, ал бейне тек қара-ақ түсті
болады. Егер биттік қалыңдық 2-ге тең болса, яғни әр пикселге 2 бит
бөлінсе, онда 00-ге қара, 01–ге қызыл, 10-ға көк, 11–ге ақ сәйкес келеді
де, төрт түсті пайдалануға болады. Биттің қалыңдығы 3-ке тең болғанда 8
түсті пайдалануға болса, ал 4-те 16 түсті пайдалануға болады. Сонымен,
графиктік программалардың көмегімен 2,4,8,16,32,64,…,256 және т.б. түсті
бейнелерді құруға болады. Мүмкін түстің санының өсуіне байланысты бейнені
есте сақтауға қажет жадыдан орынның көлемі де өседі. Бұл растрлық
графиканың негізгі кемшілігі. Мысалы, орташа өлшемдегі фотография
компьютер жадынан бірнеше Мегабайт орын алады. Бұл бірнеше жүз, не бірнеше
мың беттік текстке пара-пар.
Векторлық графиканы пайдаланғанда бейнені құраушы қарапайым графиктер
– геометриялық объектілердің математикалық өрнегі (мысалы, кесінді,
шеңберлер, тік бұрыштар және т.б.) ЭЕМ-нің жадында сақталады. Шеңберді салу
үшін оның центрінің орнын, радиусын және сызықтық жуандығы мен түсін жадыда
сақтау керек. Осы мәліметтер бойынша сәйкес программалар керек фигураны
дисплей экранында тұрғызады. Мұндай бейнелеуде әр нүктенің түсін жадыда
сақтау керек болмағандықтан расторлық графикаға қарағанда ол көп жадыны
қажет етпейді (10 — 100 рет аз). Векторлық графика жоғары сапалы
көркемсурет бейнелерімен, фотосуреттер мен фильмдермен жұмыс істеуге
мүмкіндік бермейді. Сондықтан векторлық графика сызбалар, схемалар,
диаграммалар т.б. жасау үшін пайдаланады.
Төменде растрлық графика (а) және векторлық графика (б) арқылы
бейнелеулердің мысалдары келтірілген.

а
б
2 — сурет. Растрлық (а) және векторлық графиканы (б) пайдаланып
бейнелеулердің мысалдары.

Мына кеңеймелері бар файлдар *.bmp , *.pcx , *.gif , *.msp , *.img
және басқалар растрлық текті форматтарға, ал *.dwg , *.dxf , *.pic және
басқалар векторлық текті форматтарға сәйкес келеді.

1.4. ЭЕМ-нің даму тарихы. ЭЕМ-нің буындары.
Төрт арифметикалық амалдарлы автоматты түрде орындайтын бірінші машина
XVII ғасырда пайда болды. 1623 жылы сандарды қосып не азайтып қана қоймай,
оларды кейде көбейтіп және бөле алатындай машинаны өнертапқыш Вильгельм
Шиккард жасап шығарды.
1642 жылы француздың философы және ғалымы Блез паскаль кеңсенің
есептерін механикалық тұрғыдан есептеуге арналған арифмометр жасады.
1674 жылы немістің философы және математигі Готфрид Лейбниц Паскаль
машинасының мүмкіндігін кеңейтті. Ол жасаған «Лейбництің тісті дөңгелегі»
деп аталатын машинасы екілік санау жүйесінде көбейту, бөлу және түбір табу
амалдарын орындайтын еді.
XIX ғасырда ағылшын математигі Ч.Бэббидж «Аналитикалық машина» деп
аталатын программаланатын автоматты есептеу құрылғысының нұсқасын жасады.
Программалар кодталып перфокарталарға түсірілді. Бұл әдісті Бэббидж тоқыма
станоктарындағы амалдарды бақылауға алғаш пайдаланған француз өнертапқышы
Ж.Жаккардтан алды.
Бэббидждің ойынша бұл командалар жұбын және мәліметтерден тұратын
топтарын бірте-бірте енгізгенде автоматты түрде әр түрлі есептеулер
орындауы тиіс еді. Картадағы тесіктердің орналасу тәртібін және карталардың
келу ретін өзгертіп, есептеу ретін өзгертуге болатын еді (басқаруды шартты
түрде беру идеясы!).
Жобаның меценаты (қамқоршысы) – белгілі ақын Джорж Байронның қызы
графиня Ада Лавлейс (Ada Lovelace) осы «аналитикалық машинаның»
программисті болды. Ондық жүйенің орнына екілік жүйені қолдану
қажеттілігіне Бэббидждің көзін жеткізген сол Ада Лавлейс болды. Ол осы
күнге дейін көкейтесті болып келетін программалаудың негізгі принциптерін
жасады. Оның құрметіне 1979 жылы жасап шығарған алгоритмдік тіл Ada – деп
аталды.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында Герман Холлерит перфокарталарды
сұрыптауға және санауға арналған бірінші электромеханикалық машинаны жасап
шығарды. Табулятор деп аталатын бұл машина реледен, санағыштан және
сұрыптаушы жәшіктен тұрды. Бұл машина 1890 жылы Америкада тұрғындардың
санағын өңдеуге қолданылды. Холлерит 1896 жылы әйгілі IBM фирмасының негізі
болатын фирманы ашты.
Екінші дүниежүзілік соғыс есептеу құрылғыларын және оларды өндіру
технологиясын жетілдіруге дем берді. 1944 жылы Говард Айкен IBM-нің бір топ
зерттеушілері релелік логикалық элементтерге негізделген электрлік
есептеуіш машинасын жасады.
1943 жылдан 1946 жылға дейін Пенсильвания қаласындағы (АҚШ)
университетте ENIAK деп аталатын түгелімен бірінші электронды – цифрлық ЭЕМ
құрастырылды. Машина 30 тонна тартты, 200 кв.м. жерді алып жатты, 18 мың
лампадан тұрды. Оның жұмыс істеуінде ондық жүйе қолданылды. Программадағы
командалар қолмен енгізілді; программаны енгізгеннен кейін орындалу тәртібі
тек бүкіл программа орындалып болғаннан кейін ғана өзгертуге болатын еді.
Әрбір жаңа программа ажыратқыштарды және алынып-салынатын коммуникацияларды
орнату арқылы жүзеге асатын жаңа сигналдар комбинациясын қажет етті.
Нәтижесінде ең қарапайым программаны құрып, орындау үшін өте көп уақыт
қажет болды.
ENIAK машинасында программалаудағы қиындықтар осы жобаның бұрынғы
консультанты Джон фон Нейманның (1903-1957) ЭЕМ архитектурасын жасаудың
жаңа принциптерін жасауына түрткі болды. Ол программаны, басқару
командаларының тізбегін ЭЕМ-нің жадысында сақтауды ұсынды. Өз баяндамасында
фон Нейман компьютердің бес базалық элементін атап көрсетті: арифметикалы-
логикалық құрылғы (АЛҚ), басқару құрылғысы (БҚ), есте сақтау құрылғысы
(ЕСҚ), ақпаратты енгізу және шығару құрылғылары. ЭЕМ-нің осы құрлысын фон
Нейман архитектурасы деп атау келісілген.
Бұл принциптер жаңа EDVAC ЭЕМ-де жасалды. Мұнда екілік арифметика
қолданылды, негізгі жады 102444 — разрядты сөзді сақтай алатын болды. Бұл
ЭЕМ 1951 жылы пайдалануға берілді.
ЭЕМ-нің буындары түсінігі есептеуіш машиналарының даму тарихымен тығыз
байланысты, яғни қолданылатын элементтік базасы бойынша анықталады.
ЭЕМ-нің бірінші буынында элементтік база ретінде электрондық лампа мен
реле қолданылды.
1948 жылы транзисторлар мен магниттік жүрекшелерге сақтау
құрылғыларының ойлап табылуы есептеуіш техникасына үлкен әсерін тигізді.
Катодты қыздыру үшін үлкен қуатты қажет ететін және сенімсіздеу болып
келетін вакуумдық лампалар кішкене кремнилік транзистормен алмастырылды.
Олар екінші буын машиналарының элементтік базасы ретінде қолданылды.
Компьютерлердің миниатюрасын және сенімділігін көтерудің революциялық
кезеңі 1958 жылы болды. Американдық инженер Д.Килби бірінші интегралдық
схеманы ойлап тапты. 60-шы жылдардың ортасынан бастап элементтік базасы
интеграциясы кіші және орта дәрежедегі интегралдық схемалар болатын үшінші
буын машиналары шыға бастады.
Тағы бір технологиялық революция микропроцессорларды жасауға алып
келді. 1971 жылы американдық инженер М.Хофф бір кремнилік кристаллда
–микропроцессорда – компьютердің негізгі элементтерін біріктірді.
ЭЕМ-нің төртінші буынында интеграция дәрежесі жоғарғы интегралдық
схемалар – үлкен интегралдық схемалар (ҮИС) құрыла бастады. Үлкен
интегралдық схеманың кристалында он мыңға дейін элементтер қамтылады.
Қазіргі кездегі кең қолдау тапқан дербес компьютерлер төртінші буынға
жатады.
Қазіргі уақытта ЭЕМ-нің бесінші буынын дайындау мәселесі қаралуда. Оның
ерекшелігі дыбысты енгізіп және шығаруға қатысты өз бетінше оқып үйрену
қабілеті болмақ.
Өзін — өзі бақылауға арналған сұрақтар

1. Ақпарат дегеніміз не? Ақпараттың түрлерін және формаларын атаңыз.
2. Фон Нейман принциптерін атаңыз.
3. Ақпарат қасиеттері.
4. Ақпараттың өлшем бірліктері.
5. Басқа қандай өлшем бірліктерді білесіз?
6. Ақпаратты қабылдау және өңдеу жолдары.
7. ЭЕМ-нің даму тарихы.
8. ЭЕМ-нің буындарын атаңыз.

Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тақырыптар

1. ЭЕМ–нің даму перспективасы.
2. Информатика – ғылым, қолданбалы пән, индустрия.
3. Ақпараттық технология.

Қорытынды бақылау сұрақтары

1. Ақпарат және информатика туралы негізгі ұғымдар.
2. Ақпараттың өлшем бірлігі.
3. Информатиканың даму тарихы.
4. Есептеу техникасының даму этаптары.
5. Ақпараттың түрлері және қасиеттері.
6. Ақпаратты қабылдау, жинау, шығару, өңдеу және сақтау.
7. Ақпарат және оны кодтау.
8. Ақпараттық процестер және оның моделі.
9. Компьютер тарихы.

Тест тапсырмалары

1. Ақпаратты қабылдау және шығару әдістеріне қарай былай ажыратылады.
A) визуальді ақпарат;
B) аудиальді ақпарат;
C) тактильді ақпарат;
D) машиналық ақпарат;
E) барлық жауап дұрыс.
2. Ақпаратты өлшеудің негізіне алынған бірлік
А) 1 бит В) 1 бот С) 1 байт D) 1 кбайт
Е) 8 бит
3. 1 байт неге тең?
А) 8 бит В) 10 бит С) 10 кбайт D) 1 бот
Е) 1 бит
4. Информатикада ақпарат мөлшері қалай анықталады?
A) анықталмағандық санының азаюымен;
B) ақпаратты шығару жылдамдығымен;
C) ақпараттың дұрыстығымен;
D) ақпараттың пайдалылығымен;
E) жедел жадының көмегімен.
5. Есептеу техникасында ақпараттың берілу формалары:
A) аналогты және цифрлы;
B) символды және визуальды;
C) машиналық және арнайы;
D) көпшілік және жеке;
E) барлық жауап дұрыс.
6. БАЙТ сөзі қанша биттік ақпаратты көрсетеді.
А) 8 В) 32 С) 16 D) 64
Е) 4
7. Килобайт – бұл:
А) 1000 символ В) 1000 байт С) 8 бит D) 1024 байт Е)
1000 сөз.

2. ДЕРБЕС КОМПЬЮТЕРДІҢ АРХИТЕКТУРАСЫ

Жоспар
1. ДК құрылымының функциональді-логикалық негізі.
2. ДК есте сақтау құрылғысы.
3. ДК сыртқы құрылғысы.

2.1. ДК құрылымының функциональді-логикалық негізі
Электронды есептеуіш машина (ЭЕМ) немесе компьютер – бұл ақпаратты
шығаруға, өңдеуге және жинақтауға арналған программалар мен техникалық
құрылғылардың жиыны. Ең көп тарағаны, кез-келген жұмыс орнында құруға
ыңғайлы, көлемі шағын есептеуіш машинасы дербес компьютерлер.

Компьютердің жүйелік блогы

3-сурет. Дербес компьютердің архитектурасы.

ДК ең аз конфигурациясының құрылымы үш компоненттен тұруы керек:
жүйелік блок, дисплей және клавиатура.
Жүйелік блок – бұл құрылғы, өзінің құрылымында ДК-нің негізгі
техникалық компоненттерін қамтиды: микропроцессор, жедел жады, тұрақты
жады, адаптерлер және бақылаушылар, коммуникациялық порттар, қатты дискіге
жинақтағыш, иілгіш дискіге жинақтағыш, компакт–дискіге жинақтағыш,
қоректену блогы.
Жүйелік блоктың сырты темір корпуспен қапталған, алдыңғы бетінде Power
тоққа қосуға арналған айырғыш және Reset компьютерді қайта жүктеуге
арналған батырмалары орналасқан.
Ішкі құрылысы құрылғылардың жиынынан тұрады, онда жүйелік плата
(материнская), сыртқы жады және қоректену блогы құрылғыларға арналған
бөліктер.
Аналық (материнская) плата. Бұл диэлектрлік материалдан жасалған
пластина, онда мыналар орналасуы тиіс: микропроцессор, BIOS модулі, жедел
жады модулі, жүйелік шина, ресурс ұлғайту ұяшығы, кварцты резонатор және
көмекші микросхемалар.
Сопроцессор – жылжымалы үтірлі санды өңдеуге мүмкіншілігі бар құрылғы.
Мұндай сандармен есептеулер жүргізгенде әр амал үшін микропроцессордың
көмегімен бірнеше оншақты амалдардың моделі жасалады.
Машиналық графиканы және басқа жағдайларда жылжымалы үтірлі санды
үдемелеп қолданылса, ғылыми есептеулер үшін компьютерді қолдану тиімділігін
төмендетеді. Сопроцессордың көмегімен амалдарды орындау жылдамдығын 5-15
есе арттыруға болады.

2.2. ДК есте сақтау құрылғысы
4-суретте ДК есте сақтау құрылғысының классификациясы келтірілген.

4-сурет. ДК есте сақтау құрылғысының классификациясы

Жедел жады (ЖЖ) – ақпаратты сақтау құрылғысы. Компьютер тоққа қосылып
тұрғанда ғана ЖЖ-да ақпарат сақталады, яғни ол уақытта жады және RAM
(Random Access Memory) деп аталады. Бұл жады екі бөлікке бөлінеді:
біріншісі қолданбалы программалар мен операциялық жүйелер үшін қолданылады,
ал екіншісі (жоғарғы жады) қызмет көрсету мақсаттары үшін (ДК құрылғыларын
тестілеу программаларын және операциялық жүйені алғаш жүктейтін, экранға
бейнені жіберетін программаларды сақтауға арналған).
Тұрақты есте сақтау құрылғысы (ТЕСҚ немесе ROM – read-onlу memorу) –
ақпаратты тұрақты есте сақтауға арналған, яғни арнаулы құрылғының көмегіме
бір рет жазылады да сонан соң одан тек оқуға болады. ТЕСҚ-сы компьютерді
тоққа қосқан соң өзін тексеретін процедура – енгізу-шығару базалық жүйесін
(BIOS) қамтиды.
Жедел жадының көлемі үшін қатты дискінің сыйымдылығы көрсетіледі. Қатты
магниттік дискіге жинақтауыш (НЖМД немесе винчестер) компьютермен жұмыс
жасағанда пайдаланатын ақпаратты сақтауға арналған. Тоққа қосылмаған
жағдайда да ақпарат қатты дискіде сақталып тұрады, диск сыйымдылығы біршама
үлкен. Қажет болса дискіні бірнеше бөліктерге бөлуге болады, әр бөлігі
бөлек логикалық дискінің ролін атқарады.

5- сурет. Дискідегі ақпараттың құрылысы.

Ақпаратты бір ДК-ден екіншісіне тасымалдау үшін иілгіш дискетті
қолданады.
Ең көп тарағаны өлшемі 3,5 дюйм, ал сыйымдылығы 1,44 Мбайттық
дискеттер. Дискетте кесін жердің орнына жазуға рұқсат беретін немесе рұхсат
бермейтін арнайы айырғыш орнатылған. Дискеттегі тесік жабық болса, онда
ақпаратты дискетке жазуға рұқсат болмайды, ал ашық болса рұқсат болады.
Иілгіш дискіні кейде флоппи диск деп атайды.
Компакт — дискі (СД — диск) ақпаратты сақтауға арналған құрылғы, мұнда
ақпарат дискінің бетіндегі шығарылатын және шығалмайтын бөліктердің
кезектесуімен кодталады. Компакт-диск шығарылатын өндірісте бұл бет
алюминийден істеледі, ал шағылмайтын бөлігін арнайы пресс-формамен батырып
із қалдырады. Лазерлік дискідегі ақпараттарды оқу қалдырады. Лазерлік
дискідегі ақпараттарды оқу үшін тек лазер сәулесі пайдаланылады. Басқа
дискілерге қарағанда лазерлік технологияны пайдаланатын дискінің көлемі
әлдеқайда үлкен болады (бірнеше гигабайтқа жетеді). Оның үстіне, лазерлік
дискілер магниттік электрлік әсерлерге орнықты және деректерді сақтаудың ең
жоғарғы сенімділігін қамтамасыз етеді, сонымен қатар олар басқа дискілердей
емес, магниттік қасиетін тез жоймайды.
Магниттік оптикалық дискі – ақпаратты сақтауға арналған құрылғы,
ақпарат мөлдір пленкамен сақталған магниттік тасымалдаушыда сақталады, ал
оқу мен жазу лазерлік сәуленің көмегімен жүзеге асады.
Дискінің өлшемі 3,5 сыйымдылығы 230 Мбайт, ал жылдамдығы винчестрдің
жылдамдығымен бірдей, ақпаратты сақтау сенімділігі өте жоғарғы.
Стример – ақпаратты магниттік таспада сақтауға арналған құрылғы өте
көлемді мәлімет сақтай алғанмен, оқу-жазу жұмыстары бірте-бірте тізбектей
іздеу арқылы жәй жүргізіледі. Сол себепті стримерлер магниттік дискідегі
жинақтауыштарды ауыстыра алмайды, тек толықтырады.

2.3. ДК — сыртқы құрылғылары
Мына суретте ДК сыртқы құрылғыларының классификациясы келтірілген.

6-сурет. ДК сыртқы құрылғыларының классификациясы

Мұнда тек кең тараған құрылғылар көрсетілген ЭЕМ-нің кассалық
ақпаратпен, микрофонмен, видеокамерамен, видеомагнитофонмен, медициналық
және т.б. мен бірге жұмыс жасауын қамтамасыз ететін арнайы құрылғылар да
бар.

Ақпаратты енгізу құрылғылары.
Клавиатура ақпаратты енгізуге арналған негізгі құрылғы. Ең көп тараған
клавиатуралар 101 және 102 пернелерден тұрады.
Клавиатурадағы пернелерді төмендегідей блоктарға бөлуге болады:
алфавитті-цифрлық пернелер, олар перне тақтаның сол жағына орналасқан. Ол
клавиатураның негізгі бөлігі болып табылады. Бұл бөлікте латын, орыс, қазақ
әріптері, цифрлар, тыныс белгілер және басқа да символдар орналасқан.
• функционалдық пернелер, бұл символдық пернелердің үстіндегі жолға
орналасқан. Олар латынның F (F1, F2, …, F12) әріптерімен белгіленген.
Функционалдық пернелер компьютерде күрделі амалдарды тез орындауға
арналған.
• Цифрлық пернелер немесе калькулятор блогы, олар символдық пернелердің оң
жағына орналасқан.
• Курсорды экран бетінде басқару пернелері. Олар арқылы экранда символ
орналасқан орынды анықтайды.
Бұлардан басқа бірнеше арнайы пернелер орналасқан.
1. Entеr немесе енгізу пернесі.
2. Бос орын пернесі. Бұл пернелердің ішінде ең ұзын перне, ол символдардың
бір-бірінен ажыратып жазуға пайдаланылады.
3. Backspase пернесі. Бұл перне курсордың алдындағы символды өшіруге
пайдаланады.
4. Shift пернесі. Бұл жазба әріптерді баспа әріптерге және керісінше
өзгертуге пайдаланылады.
5. Caps Look пернесі. Егер оны бір рет басып қойса, баспа (үлкен) әріптер
теріледі, ал оны екінші рет басса, кіші әріптер теріледі.
6. Delete пернесі. Бұл перне меңзердің оң жағында тұрған символды өшіреді.
Жарық (световое) қалам – ұшында жарық сезгіш детектор бар, кәдімгі
қаламға ұқсас құрылғы. Егер осындай қаламды диплей экранына жақындатып
тигізсе, онда жанасқан жерде координат бас нүктесі орналасқан тік бұрышты
координат жүйесі пайда болады. Қаламды экран бетімен орын ауыстырса сурет
пайда болады.
Графикалық планшет қағаз бетінде сурет салғандай дисплей экранында
сурет салуға мүмкіншілік береді.
Сканер — қағаздағы көріністі дисплей экранына түсіруге арналған
құрылғы, ол арқылы сурет, график, текстерді сканерлеуге (енгізуге) болады.
Сканер көрністі машина кодына ауыстырып, компьютер жадына жазады.

Басқару құрылғылары.
Мышь (тышқан). Қазіргі кездегі компьютерлерге ақпараттарды енгізуге
арналған маникулятор Мышь құрылғысымен жабдықталған. Тышқанның екі түрі
болады: үш батырмалы және екі батырмалы. Екі батырмалы тышқан жиі
пайдаланылады, себебі, ортаңғы батырма жұмыс кезінде көп пайдаланылмайды.
Джойстик. Бұл компьютерлік ойындар экранда жылжитын объектіні
басқаруға арналған рычагты манипулятор. Джойстик қораптан және қолға
ұстағыштан тұрады. Қолға ұстағышты немесе қорапта бір немесе бірнеше
батырмалар болады. Ұстағышты айналдыру және батырмаларды басу арқылы
компьютерге басқару әрекетін береді.

Ақпаратты шығару құрылғылары.
Мониторлар тексті және графикалық ақпаратты экранға шығаруға арналған.
Олар түрлі түсті, монохромды болып келеді және екі режимнің біреуінде жұмыс
жасайды: текстік және графикалық.
Текстік режимде монитордың экраны шартты түрде бөлек бөліктерге
бөлінеді, таңба орындарына көбіне әрбіреуінде 80 символдан (таңба орны)
болатын 25 жолдан тұрады. Әрбір таңба орнына кодтау кестесінің алдын-ала
берілген 256 символының біреуі шығарылуы мүмкін, сонымен қатар кестені,
диаграмманы және рамкіні салу үшін қолданылатын псевдографикалық символдар
да қолданылуы мүмкін.
Графикалық режим экранға графиктерді, суреттерді және т.б. шығаруға
арналған. Бұл режимде әр түрлі шрифтермен текстік ақпаратты да шығаруға
болады. Бұл режимде монитор экраны монохромдық монитор үшін жарық немесе
күңгірт болатын нүктелерден, ал түрлі түсті монитор үшін бірнеше түстің
біреуін қабылдайтын нүктелерден тұрады. Горизонталь және вертикаль
бағыттағы нүктелер саны рұқсат ету мүмкіндігі деп аталады. Монитордың
рұқсат ету мүмкіндігі экранның өлшеміне тәуелді емес.
Мониторда рұқсат ету мүмкіндігі үлкен болатын графиктік режим жасау
үшін монитор жұмысын басқарып отыратын адаптер немесе видеоплата керек.
Адаптерді таңдарда рұқсат ету мүмкіндігіне қатысты өз сұранысыңызды, дербес
компьютерге жалғау тәсілін (жүйелік және локальдік шина арқылы) ескеру
керек.
Кескінді экран бетін шығару үшін процессор алдымен суретті адаптердің
жадысына немесе видеожадыға жазады.
Принтерлер – ақпартты қағаз бетіне шығаратын құрылғылар. Олар
монохромды және түрлі-түсті болып бөлінеді. Ақпартты қағазға түсіру
тәсілдеріне байланысты олар ромашкалық немесе литерлік, матрицалық, сия
бүріккіштер, термографиктік және лазерлік принтерлер болып бөлінеді.
Литерлік принтерлердің жұмыс жасау принципі механикалық баспа
машинкасындай. Олардағы символдар тізбегі шектелген, және олар графиктік
ақпаратты шығара алмайды. Басу жылдамдығы онша үлкен емес – бір бетке 5
минуттан 80 секундке дейін, бірақ шуыл деңгейі біршама жоғары.
Матрицалық принтерлердің жұқа металл инелерінен тұратын баспа ұштары
болады. Ұштары басылатын қағаздың бойымен қозғалады, ал стерженьдер қажет
уақытта боялған лента (бір тондық немесе түрлі-түсті) арқылы қағазды соғып
тұрады. Бұл принтерлер текстілік ақпаратты да, графиктік ақпаратты басады,
ал бір бетті 50 секундтен 60 секундқа дейінгі жылдамдықпен басады.
Ең кең тараған 9 және 24 баспа инесі бар принтерлер, бірақ 48 инесі бар
принтерлерде бар.
Сия бүріккіш принтерлер кескінді арнайы тамшылар арқылы қағазға бүркіп
істелінетін арнайы сиялардың ұсақ тамшылары арқылы қалыптастырады.
Термографиктік принтерлер кескінді қағазға түсіру үшін қыздыруды
пайдаланады. Термографиктік принтерлерді тура қыздыру және жылу тасымалдау
принтерлері деп бөледі.
Тура қыздыру принтерлері үшін арнайы химиялық қабаты бар қағаздар
қолданылады. Қыздырылған нүкте мен қағаздың байланысқан жерінде химиялық
реакция болады және нүктенің түсі өзгереді.
Түрлі-түсті баспалар жасайтын бұл принтерлерді тіптен дыбыссыз деуге
болады, бірақ арнайы қағаз бен бояйтын лента жұмыс құнын жоғарылатып
жібереді.
Лазерлік принтерлер жұмыс барысында ксерография принципін қолданады:
кескін қағазға арнайы барабан арқылы түседі, яғни бояу бөлшектері
электрленіп тартылады. Басушы барабан компьютердің командалары бойынша
лазер көмегімен электрленеді.
Бұл принтердің басу сапасы өте жоғары. Рұқсат ету мүмкіндігі 1 дюймға
300-600 нүкте. Басу жылдамдығы 1 бетіне 15-тен 5 секундке дейін.
Плоттер (графиктұрғызғыш) – сызбаларды қағазға шығаратын құрылғы.
Плоттерлер қағаздар рулонымен жұмыс істейтін барабандық типке және
планшеттік типке (қағаз парағы жазық столда жатады) бөлінеді.
Аудиоплата (sound blaster) – дыбысты шығаратын құрылғы. Оның әуенді
және дыбысты мәліметті жазуға, жасауға және редакциялауға мүмкіндіктері
бар. Дыбысты шығару және жазу үшін аудиоплатадан басқа дыбыстық колонкалар
мен микрофондар қажет.

Басқа есептеу жүйелерімен байланыс жасау құрылғылары
Сенсорлық экран – жарық қаламұшының әр түрлі мүмкіндіктерін қамтитын
құрылғы. Экранға жақындатып кескінді қозғауға болады, сондай-ақ компьютерге
кейбір орындауға арналған командаларды беруге болады.
Модем – телефондық канал бойынша бір компьютерді екіншісімен қосуды
қамтамасыз ететін құрылғы. Компьютерге қосу тәсілдері бойынша модемдер
жүйелік блокқа қойылатын және сыртқы коммуникациялық портқа арқылы
жалғанатын болып бөлінеді.
Модемдер бір-бірінен мәліметтерді тасымалдаудың максимал жылдамдығы
арқылы өлшенеді. Ол Бодпен (1 бод=1 битсек) өлшенеді.
Факс-модем – модемнің мүмкіндіктерін қамтитын және басқа факс-модемдер
мен факстік кескіндерді алмастыратын және қарапайым телефакстық аппараттар
арасында да мәлімет тасымалдайтын құрылғы.
Желі-адаптері – компьютерді жергілікті желіге қосатын құрылғы. Мұнда
тұтынушы желіге қосылған басқа компьютерлер арасында ақпарат алмастыра
алады.

Өзін — өзі бақылауға арналған сұрақтар

1. Жүйелік блокқа қандай түйіндер кіреді?
2. Аналық плата дегеніміз не?
3. Жадының түрлерін атаңыз.
4. Текстілік ақпаратты енгізу құрылғыларын атаңыз.
5. Ақпаратты шығару құрылғыларын атыңыз.
6. Дербес компьютердің минимальді комплектісіне не кіреді?
7. Принтерлердің түрлерін атаңыз.
8. Мышь деген не?
9. Қандай құрылғыларды ЭЕМ-нің ішкі архитектурасына жатқызу келісілген?
10. Контроллер дегеніміз не?

Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тақырыптар

1. ЭЕМ даму перспективасы.
2. Есептеуіш техникасын қолдану ортасы.
3. Информатиканың басқа ғылымдар арасында орны.
4. Ақпараттық технология туралы ойыңыз.

Қорытынды бақылау сұрақтары

1. ЭЕМ жұмысының арифметикалық және логикалық негіздері.
2. Процессорлардың даму тарихы.
3. Үлкен және кіші ЭЕМ-дер
4. ДК-дің есте сақтау құрылғысы.
5. Текст және графиктік ақпаратты енгізу-шығару құрылғылары.
6. Басқа есептеуіш жүйелерімен байланыс құрылғылары.
7. Ақпараттық технология құралдары.
8. Ақпараттық технологияның даму тарихы.

Тест тапсырмалары

1. ДК-дің минимальді қажетті құрылғылар тізімі:
А) жүйелік блок, монитор, клавиатура
В) принтер, жүйелік блок, клавиатура
С) жүйелік блок, дискжетектер, тышқан
Д) принтер, винчестер, монитор, тышқан
Е) жүйелік блок, монитор, принтер
2. Жедел және сыртқы жады өзара қандай қатысты болып келеді?
А) сыртқы жадының сыйымдылығы көбірек
В) сыртқы жадының сыйымдылығы аздау
С) әр түрлі компьютерлер үшін бұл қатынас әр түрлі
Д) жадының бұл түрлерінде ешқандай өзгешелік жоқ
Е) барлық жауаптар дұрыс
3. ДК-дің есте сақтау құрылғылары:
А) жедел жады, тұрақты жады, кэш-жады, сыртқы жады
В) жүйелік блок, дисжетектер, тышқан
С) принтер, винчестер, монитор, тышқан
Д) жедел жады, тұрақты жады
Е) сыртқы жады — қатты, иілгіш, лазерлік, магнитті оптикалық
дисклердің және магниттік ленталардың жинауыштары (накопительдері)
4. Текстік және графикалық ақпаратты енгізу құрылғысы
А) клавиатура, сканер, графикалық планшет, жарық қаламұшы
В) винчестер, монитор, тышқан, сканер
С) клавиатура, жарық қаламұшы, монитор

Д) графикалық планшет, жарық қаламұшы, монитор

Е) тышқан, жүйелік блок, клавиатура
5. Текстік және графикалық ақпаратты шығару құрылғылары
А) дисплей, плоттер, принтер, дыбыстық қарта
В) графикалық планшет, жарық қаламұшы, монитор
С) клавиатура, тышқан, сканер, графикалық планшет, жарық қаламұшы
Д) тышқан, жүйелік блок, клавиатура
Е) принтер, жүйелік блок, клавиатура
6. Басқа есептеуіш жүйелерімен байланыс жасау құрылғылары
А) модем, желілік адаптер В) тышқан, джойстик
С) принтер, сканер Д) монитор, жүйелік блок
Е) клавиатура, монитор

3. ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕР

Жоспар
1. Операциялық жүйе түсінігі (ОЖ). Операциялық жүйенің атқаратын
функциялары.
2. ОЖ-ның жіктелуі.
3. Windows операциялық жүйелері.
4. Windows обьектілі-бағытталған платформасы.
5. Берілгендермен алмасуды ұйымдастыру.
6. Windows программалық жабдықтары.
7. Windows Commander программасы.
8. Windows Commander – Windows ОЖ-де жұмыс жасау құралы.
9. Windows Commander-де пернелер комбинацияларын қолдану.

3.1. Операциялық жүйе түсінігі. ОЖ атқаратын функциялары
Операциялық жүйе – компьютер іске қосылған кезде бірден жұмыс жасайтын
программа. Операциялық жүйе қолданушымен сұхбат ұйымдастырады, компьютермен
және оның ресурстарымен (оперативті жад, дискіде орынды, т.б.) басқару
жұмыстарын, орындауға басқа қолданбалы программаларды іске қосу жұмыстарын
орындайды. Операциялық жүйе қолданушымен, қолданбалы программалармен және
компьютер құрылғыларымен байланыс түрін (интерфейс) орнатуды қамтамасыз
етеді. Ол адамға программаларды іске қосуға, барлық мүмкін деректерді
оларға беруге және олардан алуға, программаның жұмысын басқаруға,
компьютердің параметрлерін және оған қосылған құрылғыларды өзгертуге,
ресурстарды қайта бөлуге мүмкіндік береді.
ОЖ-ның екі негізгі қызметін атап айту керек, олар:
1) Барлық қолданбалы және жүйелік программалардың жұмысын, оларды бір-
бірімен және аппаратық жабдықтармен байланыстыра отырып, қамтамасыз ету;
2) Әрбір адамға ЭЕМ-ді жалпы басқару мүмкіншілігін беру;
Компьютерді басқару ОЖ-нің командалық тілі арқылы жүргізіледі, ол
дискіні басқару, мәліметтерді көшіру, файлдарды баспаға шығару, кез-келген
программаны іске қосу, қажетті жұмыс режимін орнату сияқты әр түрлі
әрекеттерден тұрады.

3.2. ОЖ-ның жіктелуі
Дербес компьютерлер үшін операциялық жүйе бірнеше параметрлер бойынша
өзгешеленеді. ОЖ:
1) Бір қолданушы және көп қолданушылы (жүйемен бір мезгілде жұмыс жасайтын
қолданушылар саны);
2) Бір есепті және көп есепті (ОЖ көмегімен кез-келген мезгілде шешіліп
шығарыла алатын есептер саны);
3) ОЖ-мен қолданушының байланысының базалық түрі (командалар түрінде
диалог, меню тілінде диалог, графикалық көріністер түрінде диалог
орнату);
4) Адрестік шинаның разрядтарының саны (16,32 немесе 64);
5) Ең аз қажетті ресурстар, яғни оперативті және дискілі жадтардың ең аз
көлемдері, микропроцессорлар класы қажет.
Көп есепті операциялық жүйе бір мезгілде бірнеше програмаларды іске
қосуға мүмкіндік береді. Бұл программалар бір-біріне кедергі келтірмей
параллель жұмыс істейтін болады. Мысалы, бір программа әуен тыңдай отырып
дайын құжатты баспаға шығарады, ал екіншісі жаңа құжатты форматтайды.
Адрестік шинаның разрядтылығы жад көлемін анықтайды. Дербес компьютерлер
үшін 32 разрядтық ОЖ-ні қолданудың үлкен мәні бар:
1) IBM фирмасы үшін OS2;
2) Microsoft фирмасы үшін Windows;
3) Bell Laboratory корпорациясы үшін Unix;

3.3. Windows операциялық жүйелері
IBM PС үшін Windows операциялық жүйесі бірінші графикалық операциялық
жүйе болып табылады. Windows жүйесінің ерекшеленетін белгілері:
• 32-разрядтілі архитехтурасы;
• Көп есептілігі және көп қолданушылығы;
• Графикалық қолданушы интерфейсі;
• Plag and Play технологиясы бойынша жаңа периферийлі құрылғыларды қосу;
• Виртуальды жадты қолдану;
• Бұрын құрылған программалық қамтамасыз етумен сәйкестілігі;
• Коммуникациялық программалық жабдықтардың бар болуы;
• Мультимедиа жабдықтарының бар болуы;
• Интернет глобальды желімен интеграциясы;

3.4. Windows объектілі-бағытталған платформасы
Программалық өнімдерді өңдеудің қазіргі технологиясы обьект ұғымы негіз
болатын объектілі-бағытталған программалаудың концепцияларында жұмыс
жасайды. Интерактивті режимде жұмыс мүмкіндігі пайдаланушыға көрнекі
графикалық саймандарды және әр түрлі көмектерді қолдануды ұсынады.
Объектілі-бағыттаушы программалаудың фундаментальды мінездемелері:
• Компьютерлік әлемде объектілермен жұмыс жасайды;
• Компьютердегі есептеу объектілер арасында мәліметтер алмасу жолымен
жүзеге асырылады. Объектілер хабарламаларды жіберу және қабылдау арқылы
өзара әрекеттеседі.
• Хабар беру – әрекет орындау үшін берілетін сұраныс. Әр объект басқа
объектілерден тұратын байланыссыз жадтан тұрады;
• Әр объект өзіне байланысты объектілердің қасиетін көрсететін класс болып
саналады;
• Класта объект тәртібі көрсетіледі, сондықтан осы класқа жататын барлық
объектілер бірдей әрекеттерді орындайды;
• Барлық кластар иерархиялық құрылымды құрайды.
Windows жүйелік ортасында әрекеттер тізімін орындау үшін:
• объектіні ерекшелеу керек, яғни экранда осы объект белгісінде тышқанның
сол жақ батырмасын шерту;
• объект орындайтын әрекеттер тізбегінен меню көмегімен қажеттісін таңдау.
Файл деп ішкі жадыда белгілі атпен облысты алатын немесе программалар
тізбегін айтады.
Windows жүйесінде кез-келген файл аты бар объект ретінде қабылданады.
Файлға қойылған ат ондағы информациялар мазмұнын ашатын болуы керек. Файл
аты ұзын болуы және цифр, орыс және латын алфавитінің әріптерінен, әр түрлі
символдардан, нүктелерден тұруы мүмкін. Файл қасиетін көрсететін
параметрлер:
• Тип, сақталынған мәліметтердің мазмұнын көрсетеді;
• Файл өлшемі, дискілік кеңістіктен алатын көлемі;
• Файлдың құрылған мезгілі мен уақыты;
• Файлға соңғы өзгертулер енгізілген мезгіл мен уақыт;
• Файл атрибуттары: архивтік, тек оқу үшін, жасырынды, жүйелік;
Файлдармен анықталған әрекеттер тізбегін қолдануға болады:
• Файлды ашу;
• Файлды сақтау;
• Файлды қиып алу;
• Файлды көшіру;
• Дискіден файлды өшіру;
• Файлдың атын өзгерту;
• Файл үшін жарлық құру;
Бума Windows-та құжаттарды сақтауға арналған кәдімгі бума ролін
атқарады және құжаттарды сақтауды тәртіпке келтіреді. Бума – объектілерді
сақтау қоймасы. Бумаға ат беріледі және ол файл аты сияқты ережелер бойынша
жазылады. Бумалар мен файлдарға қолданған әрекеттердің тізбегін қолдануға
болады: буманы құру, өшіру, атын өзгерту, көшіру, буманы басқа орынға
жылжыту, буманы ашу және жабу.
Жарлық – бұл белгілі бір объектімен тікелей қатынас жасауды іске
асыратын сілтеме. Жарлық арқылы құжаттар мен программаларды тез іске қосуға
болады. Windows-те бумалардың бағынышты құрылымы иерархиялық құрылымды
құрайды. Жоғары деңгейде Рабочий стол деп аталатын объект орналасады.
Екінші деңгейде Рабочий стол-да орналасатын объектілер болады. Стандартты
түрдегі мұндай объектілерге Мой компьютер, Мои документы, Корзина және т.б.
бумалар жатады. Басқа объектілер иерархия бойынша осы бумалардың ішінде
болады.
Windows-те қолданбалы программалар қосымша деп аталады, мысалы: Paint
графикалық редакторы, Проводник программасы, дискілермен жұмыс жасау үшін
қажетті жұмыс программалары, антивирустік программалар және т.б. қосымшалар
болып саналады.
Қосымшалар бір немесе бірнеше файлдардан тұрады және өзіне тән аты бар
бумаларда сақталады. Мысалы, ойын-қосымшасы бір файлда, Word текстік
процессор қосымшасы өзара байланысқан файлдар кешенінен тұрады. Бұл файлдар
арасында жүктеу файлы деп аталатын басты файл болу керек.
Қосымшалар ішінде құрылған объектілер: мәтіндер, кестелер, суреттер,
дыбыстар және т.б. болуы мүмкін. Windows ортасында мұндай объектілер
құжаттар деп аталады.
Интерфейс – құрылғылар, программалар және адам арасындағы байланысты
ұйымдастыратын жабдықтар мен ережелер тізбегі. Дербес компьютер мен
қолданушы арасындағы байланысты ұйымдастыратын интерфейс қолданушы
интерфейсі деп аталады.
Графикалық қолданушы интерфейсі – адам мен компьютер арасындағы
байланысты ұйымдастыру үшін қолданылатын графикалық жабдықтар. Графикалық
қолданушы интерфейсінің мысалы бұл Windows интерфейсі.
Қолданушының графикалық интерфейсінің негізі – бұл ұйымдастырылған және
жақсы ойлап табылған терезелер жүйесі. Терезе – экранда монитордың
шектелген төртбұрышты көлемі, онда қосымша (қосымша терезесі), құжат (құжат
терезесі), мәлімет (мәлімет терезесі) бейнеленеді. Сол сияқты жүйе
параметрлерін көрсету үшін жұмыс жасайтын сұхбат терезелері болады.
Екінші графикалық объектіге тышқан көрсеткіші жатады. Экранның көлеміне
байланысты тышқан көрсеткішінің түрі өзгеріп отырады: меню көлемінде бір
түр, текстті енгізу көлемінде екінші бір түр, суреттер көлемінде үшінші бір
түр және т.б. Ол, сонымен қатар, жүйе тәртібін көрсетеді: бос емес немесе
бос.

3.5. Мәлімет алмасуды үйымдастыру.
Мәлімет алмасу – бір объектіден екіншісіне мәлімет апару. Windows-те
мәлімет алмасуды берілгендерді бір объектіден екіншісіне апару деп
түсінеді. Осы процесс нәтижесінде объектілер өзгереді, бір немесе бірнеше
бар объектілерден жаңа объектілер құрылады.
Windows ортасында мәлімет алмасу тышқан көмегімен объектіні “алып бару”
және алмастыру буфері OLE технологиясы арқылы жүргізіледі. Windows-те жұмыс
жасағанда объектілерді көшіру немесе бір орыннан екінші орынға жылжыту
қажет болады. Объектілерді көшіргенде объект бұрынғы орында қалады, ал
көшірмесі жаңа орынға орналасады. Қанша қажет болса, сонша көшірме алуға
болады. Объектіні жылжытқанда ол жаңа орынға орналасады, бұрынғы орыннан
өшеді. Көптеген қосымшаларда мәлімет алмасу тышқан көмегімен “алып бару”
әдісі арқылы орындалады. Осы әдіспен көшіру және жылжыту әрекеттерін де
орындауға болады.
Алмасу буфері – жылжытылатын немесе көшірілетін мәліметтерді сақтап
тұруға арналған жадының арнайы бір бөлігі. Тышқан көмегімен “алып бару”
әрекетін экранда нұсқа қабылдаушыға алыс емес жерде орналасқан кезде
қолдануға болады. Ол үшін қосымшалар терезесін жақын орналастыру қажет.
Тышқан көмегімен жылжыту төмендегідей көрсетілген бойынша жүргізіледі:
• Жылжыту керек объектіге тышқан көрсеткішін орнатып таңдайды. Тышқанның
сол жақ батырмасын басулы күйінде ұстап бірнеше объектілер тобын да
таңдауға болады (мысалы, мәтін бөлігін);
• Сол жақ батырма басулы күйінде ерекшелінген объектіні таңдаған орынға
жылжытады. Көшіру, жылжыту тәрізді орындалады, сол пернесін басулы
күйінде ұстау керек. Бұл жағдайда жылжытылатын объект қосымша + таңбасы
арқылы белгіленеді.
Алмастыру … жалғасы

Дереккөз: https://stud.kz