Инфляцияның даму факторлары және оның салдары — Ақша, кредит және банктер — Рефераты на казахском языке — Библиотека

0

 

Инфляцияның даму факторлары әр түрлі, олар ішкі және сыртқы, ақшалай және ақшалай емес сипатта болуы мүмкін.

Ақшалай факторлармен туындаған инфляция сұраныс инфляциясын, ал ақшалай емес — шығын инфляциясын білдіреді.

Бұл екеуі де ішкі факторларға жатады. Ақшалай факторларға мемлекеттік бюджеттің тапшылығы, ақша белгілерінің эмиссиясы, мемлекеттік қарыздың өсуі, кредит экспансиясы, ақша айналыс жылдамдығының өсуі және т.б. жатады. Ақшалай емес факторларға жұмыс өнімділігінің төмендеуі, экономиканың циклдік дамуы, халық шаруашылығы салаларының арасындағы пропорциялардың бұзылуы, экономиканың монополизациясы, директивалық бағаның түзелуі жатады.

Импортталған инфляцияны туындататын сыртқы факторларға — елге шетел валюталарының артық ағылуы, импортталған тауарлар бағаларының өсуі және т.б. жатады.

Инфляциялық факторлар экономикалық емес сипат алуы мүмкін екенін ерекше атаған жөн. Адам қылықтарының психологиялық аспектілері (күту инфляциясы), әлеуметтік сілкіністер (соғыстар, апаттар), өкіметке сенімділіктің жоғалуы, саяси тұрақсыздық және т.б. факторларға жатады.

Инфляция факторларын былайша топтаймыз:

  • ұдайы өндірістік факторлар: тауарлардың өндірісінің тоқырауы немесе өндіріс көлемінің азаюы жағдайында пайда болады. Экономика құрылымының бұзылуы: өндірілген жиынтық өнімнің 3/4 бөлігінің көбі машиналар өндірісі, жабдықтар мен басқа өндіріс құралдардың құрайды, ал тұтыну заттарының өндірісі халық қажеттілігін қамтамасыз етпейді, жұмыс өнімділігінің өсуі мен халықтың ақша табысының арақатынасының бұзылуы;

Скачать реферат/Рефератты жүктеу