Инфляция көрінісінің түрлері мен формалары — Ақша, кредит және банктер — Рефераты на казахском языке — Библиотека

0

 

Инфляция көрінісінің келесі түрлері мен формалары болады:

1.        Бағаның өсу қарқынына қарай:

— баяу (бәсең) инфляция — бағалар өсуінің орташа жылдық қарқыны 10 пайыздан төмен болғанда, бағалардың біртіндеп ұзақ өсуімен сипатталатын инфляция. Осындайда ақшаның құны тәжірибе жүзінде сақталады, номиналды бағалармен өзара шарттарға қол қою тәуекелі болмайды. Сондықтан оны экономиканың жөнді даму элементі ретінде қарастыруға болады. Қазақстанда қазіргі уақытта жыл сайынғы инфляция 5-8 пайыздың шеңберінде ғана.

— орташа инфляция — баға өсуінің орташа жылдық қарқыны 10-50 пайызды құрағанда, баға өсуінің секірмелі түріндегі инфляция; оның кезінде өзара шарттар бағаның өсуіне «байланады», ақша тез материалданады. Инфляцияның осындай түрі қауіпті саналып, бұған қарсы шаралар қолдануды талап етеді.

— Қарқынды инфляция (гиперинфляция) — бағалар өсуінің өте жоғары қарқынды инфляциясы, бағалардың өсуі жылына 100 пайыздан асады. Ол шаруашылық механизмді ақсатады, экономикалық байланыстар үзіліп, бартерлік айырбасқа өтеді. Мұндай жағдайда бизнесті жүргізу мүмкін емес. Қазақстанда 1994—1996 жж. Инфляция деңгейі 2000 пайызға дейін жеткен.

2.        Пайда болу сипатына қарай:

— әкімшілік инфляция — «әкімшілікті» басқарулы бағалардан туындаған бағаның өсуімен пайда болатын инфляция;

Скачать реферат/Рефератты жүктеу