Инфляция әлеуметтік-экономикалық құбылыс ретінде — Ақша, кредит және банктер — Рефераты на казахском языке — Библиотека
Инфляция — латыншадан «inflation» аударғанда «қампию» дегенді білдіреді. Инфляция түсінігі 1861-1865 жж. азаматтық соғыс кезінде пайда болған. Алайда, инфляция құбылысының өзі айналымға ақша енгізумен байланысты ежелгі Рим мен ежелгі Қытайда болып тұрған. Жоғарыда айтқанымыздай, алтын мен күміс ақша айналымында инфляция болмайды, өйткені олар артық болған жағдайда қазынаға салынып, ал қажеттілік туған кезде қазынадан айналымға келіп түседі. Осылайша, ақша айналымы өзін-өзі реттей алады. Нақты қағаз ақша айналымында, яғни толымсыз ақша көрсеткіштері, нақты ақша өкілдері айналымында міндетті түрде инфляция болады. Инфляция мәселесі барлық елдерде болады және ол экономика мен қоғамға шындап қауіп-қатер төндіреді. Сонымен, инфляция — тек қана қағаз ақшаның айналымына тән, айналым арнасы тауар айналымы қажеттілігімен салыстырғанда қағаз ақшамен артық шамада толып кетуі, олардың бағасының төмендеуі және тауарлар мен қызметтер бағаларының көтерілуін, ақшаның сатып алатын қабілетінің түсуіне мән беретін әлеуметтік-экономикалық феномен. Онда экономикалық, әлеуметтік, саяси мәселелер ұштасады. Инфляция — табиғи апаттар және қоғам сілкіністерінің жиі серігі, саяси және әлеуметтік жанжалдар нәтижесі екенін тәжірибеде көрсетеді.
Осы заманғы инфляция жүйелі сипатымен көрінетін ерекшеліктерге ие және бұл құбылыс тек бағаның өсу нәтижесінде туындайтын ақшаның арзандау көрінісі ғана емес, сонымен қоса ол бүкіл ел экономикасының мүшкіл халіне байланысты болып келеді. Инфляцияның негізгі себебі — халық шаруашылығының әр түрлі салаларындағы: қор жинау мен тұтынудың, сұраныс пен ұсыныстың, мемлекеттік табыстар мен шығындардың, кредиттің, капитал көлемі мен мөлшерінің, айналымдағы ақша массасының мөлшері мен шаруашылықтағы ақша сұранысының тепе-тендігі бұзылғаны болып табылады. Ақша айналымы арналарының толып кетуі артық ақша эмиссиясынан, тауарлық масса мен жасалған қызметтердің, ақша белгілерінің айналым жылдамдығы азайған кезде болуы мүмкін.