Home Білім Инфаркт ауруы | туралы қазақша

Инфаркт ауруы | туралы қазақша

0
114


Инфаркт ауру туралы мәлімет
Инфаркт ауру туралы мәлімет

Инфаркт жайлы айтар болсақ, миокард инфарктінен бастағанымыз абзал. Миокард деген сөз қазақша «жүрек еті» деп, ал инфаркт — «сығылысу», «тығыздану» деп аударылады. Ол жүректі қоректендіріп тұрған қан тамырларының бірінің ішіне қан ұйып қалып, тамырдың бітелуі салдарынан өлеттенуі. Ол кенет пайда болады. Жүрек бұлшық етіне қан бармай, барса да кірден қойылып, жолы бітелген сайын бұлшық ет қорексіз қалып, өлеттенеді, не болмаса шіриді. Шіріген ет түрлі өзгеріске ұшырайды. Өлі еттенген жерге өлі ткандар өсіп, бірте-бірте жазылады. Кейде жүректің қан қысымы артып, шіри бастаған ет қабаты жарылып, адам кейде ажал құшуы мүмкін.

Бұл аурудың патологиялық ерекшелігі осындай. Клиникалық жағынан тексерер болсақ, бұл сырқат стенокардияға өте жақын. Дәрігерлер бұл ауруға тәжірибе жүргізгенде миокард инфарктісі болардан бұрын стенокардиямен ауыратыны белгілі болды. Ал оны тексере келе бұл екі аурудың пайда болуына отеросклероз себеп болады екен.

Миокард инфарктісі 40-60 жас аралығындағы адамдарда жиі кездеседі. Бұл аурумен дене еңбегін істемейтін, қан қысымы жоғары топтағы семіз адамдар ауырады.

Миокард ауруының алдында невроз => атеросклероз => гипертония => стенокардия ауруларынан өтіп барып, соңы миокардқа ұшырайды. Мысалы стенокардия қозбасы ұстағанда кеуде сүйегінің асты қатты шаншып ауырып, ауру ұшы сол жақ иыққа, сол жауырынға, қолға ауысып, ақсайды.

Бұл кезде жүрек қан тамырларынан қан жүрмей қалады. Егер қан бірер минуттан соң жүре бастаса, шаншу басыла бастайды. Бұл екі ауру өте ұқсас келеді. Оны электрокардиограмма тізбегін жасатқан соң ғана анықтайды. Сондықтан жүрек тұсы қатты шаншып, төс сүйектің асты қатты шаншьш ауырған кезде жедел жәрдем шақыру керек. Ауыру диагнозын дәрігер анықтауы керек. Аурудан алдын-ала сақтану жолдарына келсек, невроз, атеросклероз, гипертония бола бастағанда мирокардқа жеткізбей жүйелі түрде ем қабылдаған жөн.

Жүрек тұсы шаншып ауыра бастаса валидол, валлокардинді қантқа тамызып беру керек. Қан қысымы артып, ауырып жүрген, неврозға ұшыраған, көп қозғалмай тамақты шамадан тыс ішіп-жеген, шылымды көп тартатын адамдарда атеросклероз жиі болатын көрінеді. Атеросклероздың алдын алу үшін құрамында С, В6, В12 дәрумендері бар тағамдар, сүт тағамдарын жеткілікті түрде пайдалану қажет. Бұл тағамдардың құрамында холин және метионим деген холестеринге қарсы ферменттер бар. Холин мен метионим тағамдағы, қандағы холестеринді ыдыратып отырады.

Гипертония ауруы артериядағы қан қысымының көтерілуі. Гипертония ауруы кезінде жүрек бұлшық еттерін қоректендіріп тұратын артериялардың таралуы жиі кездеседі. Бұл тамырлардың тарылуы жүрек бұлшық еттерінің қоректенуін нашарлатады. Қоректік заттар мен оттегі жүрек бұлшық еттеріне қажетті мөлшерде жеткізілмегендіктен, олар өзгеріске ұшырай бастайды. Мұндай кезде кеуденің асты қатты қысып ауырады.

Жүректің қатты қысылуын стенокардия-жүректің талма ауруы деп атайды. Стенокардия-жүрек қан тамырларының атеросклероздануынан болған ауру. Гипертонияның асқынған екінші түрі миды қоректендіретін қан тамырларының зақымдануына байланысты. Мұндай жағдайды инсульт деп атайды.

Инсульт негізінен атеросклероз бен гипертонияның асқынуынан туындайтын ауру. Инсульт ауруының екі түрі бар. Мидың қан тамырлары атеросклерозға ұшырап, ол гипертонияға ұласып, тамырда қан ұйып қалады да, тамыр жолы бітеліп, миға қан бармай қорексіз қалса, ми зардап шегіп, ашығады да, адам есінен танып қалады.

Ал екінші түрі ми қан тамыры жарылып кетеді, онда мидың аз бөлігіне қан құйылады. Бұл жағдайда адамды ауыр халге душар етеді. Бұл стенокардия мен инсульт және атеросклероз бен гипертониядан басталған аурудың соңғы қатерлі сатылары. Құлаған адамды орнынан қозғамай, жедел түрде жедел жәрдем шақыру қажет.

Инфаркті халық емімен емдеу жолдары

Гипертонияға лимон, апельсин, грейпфрут емдік қасиеті өте жоғары өнімдер.

№1 ем.
3 лимонды қабығымен қосып тілгілеп, 3 бас сарымсақпен қосып 3 литрлік банкіге салыңыз, қайнаған жылы су құйып, жауып қойыңыз. 2-3 күн өткен соң жарты стақаннан күніне 2 мезгілден ішіп отырыңыз.

№2 ем
Сәбізді тазалап, 1 стақандай сөлін алыңыз. 1 стақан атқұлақтың сөлі, 1 лимон сөлі, 1 стақан бал алып, бәрін араластырып, 1 ас қасықтан тамақтан 2 сағат бұрын 3 мезгіл ішу керек.

№3 ем
Күн сайын грейпфруттың кез-келген түрін жеп отырыңыз. Онда калий өте көп. Ол гипертония мен инсультке өте ем.

№4 ем
Екі стақан суға лимон қабығын (кепкен түрі де болады) салыңыз. 30 минуттай әлсіз отта қайнатыңыз. 10 минут тұндырып, жарты стақаннан 3 мезгіл тамақтан 30 минут бұрын ішіңіз.

№5 ем
Гипертониямен ауыратындар жарты тілім лимонды қабығымен тәулігіне 3-4 реттен жеп отыру керек.

№6 ем
Инфаркт алған кісіге лимон мен қарағай қылқанынан жасалған сусын пайдалы. Ол үшін лимонды тазалап, майдалап, қылқанның суын құйыңыз. Бір ішіміне (доза) жарты лимон қажет. Қолдануы: тамақтан 1 сағат бұрын жұтып салу керек. Күніне 4 рет ішіңіз.

№7 ем
Жаңадан жиналған гүлі бар көктікеннен 100 гр. алып, 2 стақан зәйтүн майын немесе күнбағыс майын құйыңыз. Аузын жақсылап жауып, 20 күндей күннің көзіне қойып, сүзіп алыңыз. Қолдануы: Таңертең 1 шай қасықтан ішіп тұрыңыз. Инфарктан соң жүрек жұмысын қалпына келтіруге көмектеседі.

№8 ем
1 кг. бөріқарақаттың жемісін және 200 гр. сарымсақты ет шеккіштен өткізіп, 100 гр. бал қосып, араластырып, ыдыстың қақпағын жауьш, 3 күндей тұндырып қойыңыз. Қолдануы: Тамақтан бұрын 1 шай қасықтан күніне 2 рет ішіңіз.

№9 ем
1 стақан сұлыға 1 литр ыстық су құйып, отқа қойыңыз. Сүзіп алыңыз. Қолдануы: Тәулігіне жарты стақаннан ғана ішіңіз. Бірақ жұтып емес, күні бойы ас қасықтан ғана ішіп жүріңіз.

#Инфаркт #ауруы