Инертті газдар немесе асыл газдар

Инертті газдар деп химиялық реакцияларда белсенділігі төмен — гелий, неон, аргон, криптон, ксенон және радон газдарын атайды. Бұларды кейде асыл газдар деп те атайды.
Осы газдардың түсі де иісі де жоқ. Инертті газдар Жердің атмосферасында бар. Инертті сөзінің мағынасы — икемсіз, пассивті.
Инертті газдарды, жарнамада жиі қолданатың түрлі түсті шамдарды жасау үшін пайдаланады:
Сонымен қатар кәдімгі жарық шамдардың ішінде де инертті газдарды пайдаланады:
Шамның ішіндегі газ, электр тоғымен қызып, жарық беретің шам ішіндегі вольфрам металынан жасалған сымның ауада бар оттегімен реакцияға түсіп, жанып кетуінен сақтайды.
Пән: Химия