Иммобилизация және зардап шеккен адамды тасымалдау слайд,презентация

0

Иммобилизация және зардап  шеккен адамды тасымалдау слайд,презентация

 

Иммобилизация

 

 Иммобилизация.
 Омыртқа сынған кездегі алғашқы көмек.
 Бас сүйегі сынғанда көрсетілетін көмек.
 Жамбас сүйек және қол сынғандағы алғашқы көмек.
 Қорытынды.
 Пайдаланған әдебиеттер.

Иммобилизация барынша дем шығару кезінде кеуде клеткасына, нығыздалған айналма таңғыш салу. Иммобилизацияның уақытша, тұрақты, емдік түрлері болады. Уақытша иммобилизация жасағанда арнайы таңғыш пайдаланылады. Емдік иммобилизация – гипстеп таңу, тартып түзеті, ортопедиялық аппараттар және корсет кигізу. Иммобилизация жұмсақ және тез қататын гипс таңғышты бекітетін апараттардың көмегімен жасалады. Қазір хирургирияда жиі қолданылатын Иммобилизацияның бір түрі остеосинтез. Омыртқа сынғанда: бұл аса ауыр зақымдану; жамбас суйектері қызметінің бұзылуына, қол-аяқтьщ сал болып қалуына өкеп соқтыратьш жұлынның жаншылуымен коса беріледі. Сынықтар ашық, жабык, асқынған, аскынбаған, жаншылған болуы мүмкін.
Алғашқы медициналык жәрдем көрсету кезінде жұлынның жаншылып қалуын (зақымдануын) тудырмас үшін, омыртқа бүгілуін болдырмау қажет. Арнайы уақытша белгілеулер — зардап шегушіні етпетінен абайлап зембілге салады, иық асты мен бас жағына жастық немесе қалтқы кояды. Жұмсақ зембілге жатқызғанда, оған ағаш жайма тақта, фанер, кең тақтайша немесе бірнеше ұзын фанер жақтаулар салынады (аурудың арқасына және бүйіріне төрт фанер жақтауларды бинтпен орап байлап қоюға болады).
Бас сүйегі сынғанда: зардап шегушіні зембілге жатқызып, тезірек емдеу мекемесіне жеткізуді камтамасыз ету керек. Жүрек қызметі бұзылған кезде камфора немесе кофеин, ал тыныс алу әлсізденгенде—лобелин жөне жасанды тыныс алдыру қолданылады. Ми шайқалғанда морфин енгізуге болмайды (өйткені, тыныс алуды жауып калуы мүмкін). Тасымалдау кезінде зардап шегушінің жағдайын (тамыр соғуы, тыныс алуы) бақылап отыру қажет, басын бір қырына бұрып жатқызып (құсыққа тұншығып қалмауы үшін) және оны мақта-дәкеден жасалған дөңгелек үстіне жатқызады (көрпе, киім, мақта, сабан салынған қапқа н/е үрмелі резеңке дөңгелекке).

 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!