Имандылық туралы тәрбие сағаты(Имандылық – жарасады ұл-қызға!) — Тәрбие сағаты
Имандылық туралы тәрбие сағаты(Имандылық – жарасады ұл-қызға!)
Батыс Қазақстан облысы
Теректі ауданы Қоғалытүбек ауылы
Қоғалытүбек негізгі жалпы білім беретін мектебі
Султашова Жанар Касымовна
Тақырыбы: Имандылық – жарасады ұл-қызға!
Мақсаты:
1.Білімділік: Құрбан айт мерекесінің қасиеті туралы түсіндіру.
2.Тәрбиелілік: Оқушыларды сабырлы, әдепті, ұқыпты болуға тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: Оқушылардың бойында имандылық қасиеттерін қалыптастыру.
Көрнекіліктер: Нақыл сөздер, суреттер, діни кітаптар.
1.Құрбан шалу – мұсылмандықтың маңызы.
2. Құрбан шалу көрші ақысын еске түсіріп, татулыққа бастайды.
3. Құрбан шалу шаңырақты берекеге бөлейді.
4. Құрбан шалудың қоғамдық пайдасы мол.
Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Армысыздар ұстаздар, оқушылар! Баршаларыңызды қасиетті «Құрбан айт» мейрамымен құттықтаймын!
Әнұран орындау
ІІ. Тегіміз Түркі,дініміз — Ислам
« Біз — тегіміз Түркі,дініміз — Ислам екенін ұмытпауымыз керек.Ол үшін қасиетті кітап-Құран — Кәрімді насихаттауды естен шығармауымыз керек. Халық Алласына, Тәңірге сеніп, ертеңгі күнін, аржақтағы ана дүниеге баратын күнін ойлап, дүниедегі мынау бүгінгі күннің күйбеңімен жүре бермей, Мұхаммед Пайғамбарымыздың ( с.а.с.) Хадистеріне сәйкес өмір сүрсе деймін.
Дінімізді,ділімізді, тілімізді сақтау-Ұлттығымызды , Мемлекетімізді сақтау» деп
Н.Ә.Назарбаев елбасымыз айтқандай бүгінгі ашық сабағымызда Ислам діні, имандылық және Құрбан айт туралы айтылады.
Дін — ғылымның анасы
Дін- ғылымның анасы,
Дін- ғылымның әкесі,
Ғылым- діннің баласы,
Дін- ғылымның көкесі!!!
Ғылым да бар, дін де бар,
Қоқыс та бар, гүл де бар.
Адам ата өлмесін,
Ақырзаман келмесін,
Қол қусырып құдайға
Ғылым мен дін, бірге бар!
Ислам діні алғаш рет Аравияда дүниеге келді. Оның негізін салушы-Мұхаммед Пайғамбар. Өзін мұсылман санайтын адам баласы төмендегідей бес парызды ұстауы керек:
1. Аллаға сеніп,Мұхаммедтің үметі екеніңді мойында.
2. Дәрет алу,күніне бес рет намаз оқу.
3. Зекет беру .
4. Рамазан айында отыз күн ораза тұту.
5. Қажыға,Меккеге бару.
Бес парыз
Болған соң мойнымдағы бас қарызым,
Айтайын өтер-өтпес досқа арызым.
Жәннатқа жақсы істермен жарысайық,
Орындап мұсылманның бес парызын.
Иманды баға жетпес нұрға бала,
Ақылды адам одан құр қала ма?
Дүниені әркімдерге-ақ берген Раббым-
Дінді тек берер сүйген құлға ғана.
Ендеше, дін тірегі- намаз дейді,
Намазбен пенде Алладан пана іздейді.
Құлшынып құлшылығын арттырғандар-
Құранан ешқашан да ара үзбейді.
Тұтпаса уағымен Оразаны-
Адамның тәні толып, жаны азады.
Тұрмаса тізгінделіп тіл мен нәпсі
Тозақтың сенде дей бер бар азабы.
Парызды сонан соңғы- Зекет дейді,
Қолыңа нелер келіп, не кетпейді.
Бергенің береке болып ахиретте
Жұмақтың биігіне жетектейді.
Алланың түссе саған назары асыл,
Сүймейсің бос мақтанмен сөз аласын,
Инша Аллах қабыл болса қажылығың-
Анаңнан туылғандай тазарасын!
Жаратқан «бай», «кедей» деп жіктемейді,
Жалқаулық, сараңдыққа құп демейді.
Тыйым жоқ бес парызда,
бізге Алла-
Келместі қолымыздан жүктемейді
Мұхаммед (с.ғ.с.)пайғамбар адам болудың жауапкершілігін былай түсіндірген. Қиямет күні әр адамнан мына 4 нәрсенің есебі сұралады:
1.Өмірін (уақытылы) қайда жұмсағанын;
2.Жастығын қалай өткізгендігін;
3. Қалай дүние тауып,қалай жұмсағандығы;
4. Алған білімін қайда жұмсағандығы.
Адамдық іс
Күн туса, нұр қашады айдан-дағы,
Жарлы жақсы қайырсыз бойдан-дағы.
Бұрынғы қариялардан қалған нақыл,
Бұл сөзді таптың-деме қайдан дағы?
Тұлпардың тұқымының туымы бар,
Белгілі ат болуы тайдан-дағы.
Алды аға артта-іні жетіп тұрса,
Жігітке ол бір құрал сайман-дағы.
Деген бар: төртеу түгел төрге шығар,
Төрің сол-бақыт құстың айналғаны.
Алтау боп-аузын ала бола қалса,
Дұшпанға құл боп анық байланбаған.
Кейбіреу сәл бақытқа мас болады,
Шабақтай шапылдаған қайраңдағы.
Адамдық ісіңе жұрт аңсап тұрсын,
Не керек қарыныңның құрмаланғаны?
Көңіліне мен де адаммын деп жүрген көп,
Кілегей майға ұқсаған айрандағы.
Пайғамбарымыз: “Сендер маған мына 6 мәселеге уәде берсеңдер, мен сендердің жұмаққа баратындарыңызға уәде берем”-деген.
1. Сөйлегенде шындық айтуға;
2. Уәде берсеңдер орындауға;
3. Аманатқа қиянат жасамауға;
4. Арлы болуға
5. Құран тыйған харамдардан сақтаныңыздар;
6. Жамандық жасамаңдар, көре алмаушылық болмасын.
Адамдық пен надандық
Дүниеге кімдер келіа кім кетпеген,
Табиғат-түбі терең ұол жетпеген.
Өтерін өміріңнің біле тұрып,
Маңдайын пенде барма терлетпеген?
Баз біреу көп ақылға ие болып,
Жұмысын ешбір жанға жөндетпеген.
Баз біреу мал базарын мақсат етіп,
Ауруын адамдықтың емдетпеген.
Ақылдың ауырлығы қорғасындай,
Көңілді бұзық іске өрлетпеген.
Тынық боп тыпыршымай есің болса,
Қаңтардың шуағындай желдетпеген.
Лұқпандай мың жыл өмір сүрсе дағы,
Ақыры өлім кімді еңіретпеген.
ІІІ.Құрбан айт туралы не білеміз?
Айт – арабшадан тілімізге аударғанда «мейрам» деген мағынаны білдіреді. Айт намаздарының уәжіптігі құран мен сүндетке сүйенеді. Біріншісі- Рамазан айты, екіншісі- құрбан айт.
Құрбан араб тілінде «жақындау» дегенді білдіреді, яғни жасаған сауап істер арқылы жүректі тазартып, Аллаға жақындай түсу.Ал шариғатта терминдік мағынасы «шарттармен санаса отырып, құлшылық ниетімен мал бауыздау» дегенге саяды. Құрбан айт- мұсылманның ұлық мерекесі.
Құрбан айтта құрбандыққа мал шалу – Ханафи мәзһабында (шамасы жеткендерге ғана) уәжіп.
Төмендегідей төрт шартқа ие жандарға құрбан шалу уәжіп:
— Мұсылман болуы;
— Ақылды және балиғат жасына толуы;
— Құрбан айт уақытында жолаушы болмауы;
— Негізгі қажеттерден тыс нисап мөлшеріндегі қаржыға ие болуы.
Нисап мөлшері – 85 грамм алтын, яки соның құнына тең келетін ақша. Мұндай байлық мөлшері қолында жоқ адамдарға құрбандық шалу міндет болмағанымен, жағдайы келсе құрбандық шалуына рұқсат.
Ибраһим (а.с) пайғамбар өзінен кейін халықты тура жолға бастайтын ізгі ұрпақ сұрап, көп жыл бойы Алла тағалаға жалбарынғанды.Бұл тілегі қарттық шағында болмасы бар ма?! Күндердің күнінде Ибраһим пайғамбар түсінде баласын құрбандыққа шалғалы жатқанын көрді.Белгінің Жаратушыдан келгеніне көз жеткізген Ибраһим пайғамбар бұл белгіні орындауға бекемденеді. Ұлы Жаратушы әмірі қайткенде де сөзсіз орындалуы тиіс.Ақыр соңында тәуекелге бел буды. «балам түсімде Алланың әмірімен сені құрбандыққа шалуға ниеттеніп, бауыздайтын деп жатыр екем. Бұған не дерсің?» дейді. Баласы әкесінің ойын түсінді: «Әкетай,еш тартынба! Хақ Тағаланың бұйрығын не болса да орында.Тәуекел ет!» деді қасқая. Әке мен бала бұйрықтың басқадан емес,Ұлы Жаратушыдан келгенін жете ұғына білді.Сол үшінде қыңқ деместен, «кессең мойным міне» деп пышаққа түсті.Әттең,қанша қайралса да пышақ өтпей қор қылды.Соңынды сынақтан да сүрінбей өтті-ау. Алланың өзі аян білдірді:
«Әй, Ибраһим! Сен көрген түсіңе адалдық таныттың.Міндетіңді орындадың. Исмайылдың орнына құрбандық ретінде шаларсың деп қошқар түсірдім. Біз жақсы құлдарды осылай марапаттаймыз!» Иә, Алла тағала сынағаны болмаса, Исмайылды құрбандыққа шалуды қаламады.Ол тек Ибраһим пайғамбардың өзіне адалдығына,әмірін қалтықсыз орындауына тәнті болуды қалады. Нағыз тәуекел ете білудің үлгісін паш етті. Ибраһим пайғамбардың кезінде құрбан шалу қажылықтың бір шарты ретінде сүннетке айналып,соңғы елші хазірет мұхаммедке де (с.а.с) жетті.Осы кезден бастап құрбан шалу қажылықтың бір рәсімі ғана емес, бүкіл мұсылман жұртшылығына ортақ құлшылықтың түріне айналды.Құрбан шалу Алла елшісі (с.а.с) Мәдинаға қоныс аударғаннан кейін,хижраның екінші жылы қажылықтан тыс мұсылмандарға да міндеттелді. Осы күндері айт намазын оқу және құрбан шалу уәжіп ретінде бекітілді.
ІV. Сыныппен жұмыс.
Сұрақтар беріледі. Сол сұрақтар бойынша оқушылар жауап береді.
1. Құрбан шалудың пайдалары
2. Құрбандыққа шалынатын мал қанша адамға жетеді?
3. Құрбандыққа шалынатын малдарға қойылатын талаптар
4. Құрбандықтың уақыты
Алланың өзі де рас, сөзі де рас
Алланың өзі де рас, сөзі де рас,
Рас сөз ешуақытта жалған болмас.
Көп кітап келді Алладан, оның төрті
Алланы танытуға сөз айырмас.
Аманту оқымаған кісі бар ма?
Уәктубиһи дегенмен ісі бар ма?
Алла өзгермес, адамзат күнде өзгерер,
Жарлық берді ол сіздерге, сөзді ұғарға.
Замана, шаруа, мінез күнде өзгерді,
Оларға кез-кезімен нәби келді.
Қағида шариғаты өзгерсе де,
Тағриф Алла еш жерде өзгермеді.
Күллі махлұқ өзгерер, Алла өзгермес,
Әһлі кітап бұл сөзді бекер демес.
Адам нәпсі, өзімшіл мінезбенен,
Бос сөзбенен қастаспай, түзу емес.
Махаббатпен жаратқан адамзатты,
Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті.
Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп,
Және хақ жолы осы деп әділетті.
V. Өзіңді таны
1. Адам бойында кездесетін жаман қасиеттерді жазу.
2. Адам бойында кездесетін жақсы қасиеттерді жазу.
ҮI. Мақал –мәтелдер сайысы
Адамгершілік, мейірімділік, ұқыптылық, тазалық туралы.
ҮII. Сөзжұмбақ «Жарапазан»
1. Мұсылманның бес парызының бірі (қажылық)
2. Пайғамбардың аты (Мұхаммед)
3. Ораза айы қалай аталады? (Рамазан)
4. Біздің билеушіміз (Алла)
5. Жарлыларға берілетін садақа (Пітір)
6. Аптаның қасиетті күні (Жұма)
7. Мұсылманның бес парызының бірі (зекет)
8. Діни мереке (Айт)
9. Исламның қасиетті кітабы ( Құран)
Жастарға өсиет.
Шырағым шынмененай саумысың,
Басыңнан бақ-дәреже таймасын күн.
Парықсыз ақпа құлақ ақымақ болмай,
Көрінсе нұсқалы сөз көңіліңе түй.
Жасыңнан базар жайға барып тұрсың,
Өнердің порасын қой жібіген түй.
Ай сайын әр насихат аңдатамын,
Хауып ойлап тоқи ма-деп қатпаған ми.
Тұрғанда бидай бітеу нан борлмайды,
Тері де тон болмайды көрмеген.
Елде де талай адам жүр ғой демей,
Ілімсіз іске аспайды дәркілдек би.
Тайыңнан тас ақырға дайындадым,
Беліңді берік бойлап айылдадым.
Пайдасын от басының ойламайақ,
Заңы–деп заманымның қайымдадым.
ҮIІІ. Қорытынды
Егемен ел атанған көпұлтты мемлекетіміз өткен жылдар ішінде дүниежүзінің қалың жұртшылығына жан-жақты жаңарған, экономикасы серпінді дамыған, өсіп-өркендеу мүмкіндігі мол, діні мен тіліне қарамастан барша адамзат балаын бауырына басқан еңселі мемлекет ретінде танылды. Тұғыры берік тәуелсіздігіміздің басты жетістіктерінің бірі жасампаз халқымыздың ділімізбен қайта қауышуы екені даусыз.Олай болса үш күн бойы аталып өтілетін бұл мейрамның барша мұсылмандар үшін мән-маңызы аса зор, өнегесі өзгеше.Ауқатты, тұрмысы жақсы адамдар Ұлы жаратушы Иеміз-Алла разылығы үшін құрбандық шалып, кедей әрі мұқтаж адамдарға, міксін жандарға қамқорлық көрсетеді.
Олай болса, Құрбан айт мерекесі де адамдардың бір-біріне ізгі ниеттер тілеп, бір-бірінің көңіл-күйін көтеріп, ренжітіп алған кездері болса кешірім жасасатын күн.
Қасиетті Құрбан айт жүрегімізге қуаныш ұялатып, біздің рухани тазалығымызды қамтамасыз етсін. Жүрегімізді қуанышқа бөлеп, барлық ақ ниетті істерімізді қолдасын.
Ән: «Дүние керуен»
— Осымен ашық тәрбие сағатымыз аяқталды. Қатысқандарыңызға рахмет. Сау болыңыздар