Имандылық әліппесі, пікірталас, дөңгелек үстел, мұсылман әлемі, адам құғығы

0

Тақырыбы: Имандылық әліппесі (пікірталас)
Сыныптар: 8, 9, 10
Мақсаты: а) білімділігі – имандылық тәрбиесі өркениетті ел болуға ұмтылған бүгінгі қазақ елінің алдындағы ең өзекті, ең негізгі мәселе болып отыр. Ал жас ұрпақтың жүрегіне имандылық дәнін сеуіп, оны одан әрі дамыту мұғалімдердің басты міндеті болмақ. Әрбір ұстаз имандылық иірімдерін дінмен байланыстырғанда ғана түпкі мақсаттарына жете алмақ. Сондықтан да құран хадистерін, данышпан ақын — жазушылардың имандылық, адамгершілік туралы даналық сөздерін негізге ала отырып, шәкірттердің ислам діні, имандылық туралы түсініктерін бір жүйеге келтіру, қалыптастыру.
б) дамытушылығы – имандылық иірімдерін қазіргі өмірмен, ақын — жазушылардың өнеге, үлгі боларлық даналық сөздерімен салыстыру, байланыстыру. Сол арқылы имандылық қасиеттерін одан әрі жетілдіре отырып дамыту.
в) тәрбиелілігі – оқушыларды өз дініне, тіліне, әдет — ғұрпына, яғни мұсылманшылыққа үйрету, имандылыққа, адамгершілікке, ішкі жан — дүниесінің тазалыққа бейімделуіне тәрбиелеу.

Өту барысы:
Екі түрлі қоғам – екі түрлі көзқарас
Дін – ұлы апиын, Дін – тәрбие мектебі.
Аңқау елге — арамза молда
Құдай көгін билесін, жеріме менің тимесін.
Сауатсыз молданың сәлдесі үлкен.
Дін – қараңғы ін. Көпке ұнаған құдайға да ұнайды.
Көпке тентек – Құдайға шет.
Дінің тіліңді сақтайды.
Алла кішіпейілділіктің абыройын асырды, тәкаппарлықтың құтын қашырды.

Армысыздар құрметті ұстаздар және шәкірттер! Бүгінгі «Имандылық әліппесі» атты пікірталасымызды бастауға рұқсат етіңіздер. (Бейнебаян көрсетіледі)
Ендеше ортамызға мектебіміздің беделді ұстазы Қожабаева Майра Серікқызын шақырамыз.
— Майра апай, бүгінгі өсіп келе жатқан жастарымыздың дін туралы, имандылық туралы білімдерін, түсініктерін қалай бағалайсыз? (Майра апай өз пікірін айтады)
Хадистер – мұсылман әлеміндегі адам құқының негізгі ережелері.
Үш түрлі қасиет бар, осы үшеуіне ие болған адамдарға Тәңірім қиямет күні мейіріммен қарап, жәннатқа кіргізеді: Тату-тәтті тұрған жұбайлар. Ата — анасына мейірімді болған адамдар. Қол астындағыларға қадірлі болған адамдар. Үш түрлі адамдар бар, — оларға бейіштің есігі жабық: Ата — анасының қарғысына ұшырағандар. Ішкілікке мүлде салынып кеткендер. Берген қайыр — садақасын не жақсылығын міндет қылушылар. Үш түрлі адамдар бар, Тәңір о дүниеге барғанда олармен сөйлеспейді, рахымы да түспейді, кінәларын да кешпейді. Олар: Қу медиен шөлде келе жатқан адамға бір жұтым су бермеген адам. Тәңірінің атын айтып, өтірік су ішіп, сатушы адам. Өз патшасымен пайда көрсе, сертінде тұрып, пайда көрмесе қиянат іс жасайтын адам.
Келесі қонағымыз 10 сынып оқушысы ———————і ортаға шақырайық.
— Серік, жаңа ғана хадисте айтылып кеткен сөз жайында не айта аласың? Ата — анаға мейірімді болған адамдар дегенді қалай түсінесің?
Пікірсайысқа келген басқа оқушылар да бұл жайында өз пікірлерін білдіреді.
— Қалай ойлайсыңдар, қандай жағдайда бала ата — анасының қарғысына ұшырауы мүмкін?
Келесі сұрақ мектебіміздің жас маманы, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Абжанова Жұлдызға қойылады:
— Қалай ойлайсыз, қазіргі заманда берген қайыр — садақасын міндет қылатын адамдар бар ма? Сізге сондай адамдар кездесті ме? Тәжірибеңізбен бөлісе отырсаңыз.
Оқушыларға қойылатын сұрақ: Тәңірінің атын айтып, өтірік су ішіп, сатушы адам деп айтып өттік. Естіп жатамыз «нан ұрсын, Құдай ұрсын» деп ант су ішіп жататындар да бар. Сендер өздерің осыған қалай қарайсыңдар? Бұл дұрыс па? Өздерің де солай деп айтқан кездерің болды ма?
Тарих пәнінің мұғаліміне сұрақ қойып өтсек, «мектепте жоғары сыныптарда «дінтану» сабағы жүреді. Ол жерде сіздер қандай тақырыптарды қозғайсыздар?»
Көркем әдебиет – адамтану, адам тәрбиелеу құралы болса, поэзиялық шығармалар – адамды сезімге жетелейтін, ішкі жан дүниесін қозғайтын, тілін, санасын дамытатын рухани дүниелер. Қазіргі кезек имандылық тақырыбына арналған ақындар шығармашылығына арналады. (Оқушылар ақын — жазушылардың шығармашылығынан үзінді оқып береді).
(Бейнебаян көрсетіледі)
Сөз соңында, ел президенті, Н. Ә. Назарбаев «Біз тегіміз – түрік, дініміз – Ислам екенін ұмытпауымыз керек. Ол үшін қасиетті кітап – Құран Кәрімді насихаттауды естен шығармауымыз керек. Дінімізді, тілімізді сақтау – ұлттығымызды, мемлекеттігімізді сақтайды.» — деген сөзін басшылыққа алып, пікірталасты қорытындылаймыз.
Жол қайда ақиқатқа апаратын?
Ел қайда ақиқат деп аталатын?
Айлакер, арамзалар алаяқтар,
Аяғы көктен келіп маталатын?

…. Алауыздық әкелген адамдарға,
Онда орын жоқ шығар адамдарға?
Бар болса егер, сүреді қайтіп өмір,
Ақиқаттың сүңгісі қадалғанда? (М. Мақатаев)

Қатысқандарыңыз үшін көп рахмет!

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!