ХVІІІ ғасырдағы батырлар туралы тарихи аңыздар
1. Жоңғарларға қарсы бір жорығында Абылай-хан барлау үшін алғыншы ретінде мың жігіт іріктеп алып, оларды екіге бөледі де, екі қас батырын басшы етеді: олардың бірі — Қанжығалы қарабужыр Жантай1 да, екіншісі — сол рудың ақсақал ағасы Бөгенбай. Батырлар ұзақ уақыт оралмай, Абылай шынымен-ақ абыржиын дейді. Ақыры шыдай алмай: «бұл батырлардың тағдыры не болар екен деп дегбірсізденіп, өзінің ақылшысы Бұқар-жыраудан:
Менің сайыпқырандарым не болды екен, олардың осынша уақыт оралмауның себебі не? — деп сұрайды. Сонда Бұқар:
Сабыр сақта, Абылай,
Жантай асар Талқыдан,
Бөгенбай таймас қалпынан,
Батыр Құлжан секілді,
Жауды мысы басады,
Хан-баба бірақ қашады,
Жантайымның жолы ауыр,
Өте алмай тұр жасағы,
-деп жырлай жөнеліп кідіреді,
«Апырай, Жантайым жазым болмаса жарайды ғой» деп ойға батады Абылай. Сонда Бұқар жырау саңқылдап:
Тарлыдан аман асады,
Дұшпанның қанын шашады,
Олжа етіп ұлысты,
Айғабақ аппақ аруды
Алдыңа сый ғып тосады,
-депті. Оның осы көріпкелдігі айна-қатесіз келіп, Жантай олжамен оралғанда қуанғаннан төбем көкке жеткендей болды» дейді екен Абылайдың өзі.
2. Бірде Абылай бас бағып баспалап қытайлармен тасадан тап беріп ұрыспақ болады да, осынау сәтсіз қимылым саяз ойлайтын кейбір қазақтарға кері әсер етіп жүрмес пе екен деп, іштей булығып,
қатты қиналады. Сонда оның дабылды ақындарының бірі Тәтіғара жырау жылыстауға бет алған қазақтар мен Абылайдың өзіне қайрат- жігер беру үшін былай деп жырлай жөнелген екен:
Кебеже қарын кең құрсақ,
Артық туған Абылай,
Көтере көр бұл істі,
Көп қытайдың жылқысы,
Тұрымтайдай құнысты,
Жау жағадан алғанда,
Ит етектен алғанда,
Ер Абылай қорыққан жоқ,
Әншейін еңкейе беріп жылысты,
Бәсентиін Сырымбет
Оқ жіберіп ұрысты,
Ақыл қалмас қашқанда,
Дегбір қалмас сасқанда,
Баяндай ерді көрмедім,
Бұрылып жауды шанышқанда.
3. Бәз-бір әбес қылығы үшін Абылай үйсін биі Ерден батырдың ауылын шабуға әмір етеді. Бұл жолы қаһарына мініп ханның терісіне сыймай қатты ашуланғаны сондай, кінәліні ақтап ауыз ашуға бірде-бір пенденің дәті бармайды. Халықтың сұрауымен Бұқар-жырау белін бекем байлап, аңыратып қоя береді.
Ай, Абылай, Абылай!
Таймасын тек бастан бақ,
Даңқыңыз тұр аспандап,
Теңесе алмай асқар да,
Ақтан болып күніңіз,
Тасып мерей нұрыңыз,
Арсы менен күрсіге,
Кетті тарап үніңіз,
Өзің болған күніңде,
Бес қақпаға сыймады,
Азат еткен құлыңыз,
Алатаудан асыңыз,
Ашуыңызды басыңыз,
Есіңізді жиыңыз,
Алашапан Ерденнен,
Сексен нарға артылып,
Келер сонда сыйыңыз!
- 4. Ел аузындағы аңызға қарағанда, Түркістаннан қашып шыққан немере ағасы Оразбен бір атқа мінгесіп, қырдағы ең жақын туысқаны Әбілмәмбет ханға жол тартады. Жол-жөнекей ойламаған жерден тап болған жағдай оны қазақтың Қарауыл руының Жақсылық деген атасынан тарайтын. Дәулетбайдың қолына келіп паналап, бас сауғалай тұруға мәжбүр етеді. Кейбіреулер ол байдың жылқысын баққан екен деседі. Дәулетбайдың шеттен келген жігіттің апарып алдына қоймаса, ешқашан тамақ сұрамайтынын байқайды. Әкеп берсе де, тағамды кірпиязданып жейтінін, жуылмаған ыдыстан ешқашан ас ішпейтінін байқап жүреді. Мұның өзі қара қазаққа келінкіремейтін мінез’. Оның бұл кіді мінезі үй иесінің де назарын аударады. Ораздан сұрап мән-жайға түгел қанығып, түп-тегін білгеннен кейін дереу Әбілмәмбетке алып келеді оны. Және жылқысынан ең бір жақсы атын тарту етеді. Бұл әйгілі шалқұйрық сәйгүлік еді. Жас сұлтанның жорықтағы жансерігі болған шалқұйрық сәйгүлік еді. Абылайдың батыр деген атағын шығарып, қалың қазақтың қадір-құрметіне бөлейді.
.
Тағы рефераттар