ХЭПЖ s-элементтерінің орны, атом құрылысы, химия
Тақырыбы: ХЭПЖ s — элементтерінің орны, атом құрылысының ерекшелігі
Оқу мақсаты: Оқушылардың металдардың жалпы сипаттамасы тарауынан алған білімдерін периодтық жүйедегі s – элементтердің периодтық жүйедегі орны туралы түсіндіріп білімдерін дамыту. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы арқылы оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру. Сабаққа деген белсенділігін, алған білімді есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Алдыңғы оқу Сандық есеп
Оқу нәтижелері 1. Оқушылардың барлығы: Периодтық жүйедегі s – элементтердің периодтық жүйедегі орнын біледі.
2. Басым бөлігі: Сілтілік және сілтілікжер металдарын ажырата алады.
3. Кейбір оқушылар: Химиялық элементтердің периодтық жүйесіндегі s – элементтердің орнын, атом құрылысының ерекшелігін, олардың металдық және тотықсыздандырғыштық қасиеттерін салыстыра алады.
Ресурстар Химия. Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану — математика бағытындағы 10 — сыныбына арналған оқулық/ Н. Нұрахметов, Қ. Бекішев, Н. Заграничная, Г. Абрамова. Күнтізбелік жоспар. Электрондық оқулық. М. Қ. Құрманәлиев «Химияны оқытудың қазіргі технологиялары»
Әдіс — тәсілдер Ұжымдық оқыту, жеке жұмыс, түсіндіру, әңгімелеу, баяндау, өзіндік жұмыс
Көрнекіліктер Периодтық кесте, кеспе қағаздар, оқулық
Жоспар
Басталуы Қызығушылықты ояту. Ой шақыру
Ынтымақтастық атмосфера құру, оқушыларға психиологиялық ахуал туғызу.
1 — қадам: Үй тапсырмасыны сұрау
Оқушының міндеті үй тапсырмасын, өткен тақырыптарды еске түсіру.
Химиялық диктант
1. Реакцияны аяқта: Cu + Mg(NO3) 2 →
2. Теріс зарядты электрод. (Катод)
3. Стандартты жағдайдағы электродтың потенциалы не деп аталады?(Стандартты электродтық потенциал)
4. Платина тығыздығы нешеге тең? (21, 5 г/см3)
5. 10000С – ден төмен балқитын металдар не деп аталады? (Оңай балқитындар)
6. Металдардың жеңіл және ауыр деп қандай қасиетіне байланысты бөлінеді? (Тығыздығына)
7. Периодтық жүйедегі галогендер орналасқан топ. (VII топ, А негізгі топша)
Оқушыларды 3 топқа бөлемін.
І топ s – элементтердің жалпы сипаттамасы
ІІ топ Сілтілік металдардың физикалық қасиеттері
ІІІ топ Сілтілік металдардың химиялық қасиеттері.
Ортасы Мағынаны тану
«Жаңа сабақ құпиясы» Мәтінмен жұмыс
2 — қадам І топ. s – элементтердің жалпы сипаттамасы
s – элементтер өздерінің валенттік электрондарын оңай береді де, күшті тотықсыздандырғыштық қасиет көрсетеді. Бұл қасиет ІІ топтың элементтеріне қарағанда І топтың элементтерінде айқынырақ байқалады. Атомдардан электрондарды үзіп алу энергиясы сыртқы электрондардың саны артқанда өседі және атом радиусы артқанда кемиді.
Ядродан қашықтаған сайын ядромен валенттілік электрондардың байланысы әлсірейді, сондықтан бұл металдардың химиялық белсенділігі топтарда артады. Бұл элементтердің сипаттамаларын салыстыру көрсеткендей, цезий атомынан сыртқытэлектрон жеңіл үзіледі, сондықтан цезий ең белсенді металл және өте күшті тотықсыздандырғыш.
ІІ топ. сілтілік металдардың физикалық қасиеттері
Сілтілік металдардың физикалық қасиеттері көбінесе кристалдық тор құрылысының ерекшелігіне тәуелді.
Барлық сілтілік металдар күмістей ақ түсті, олар жұмсақ. Бұл металдар жеңіл балқиды. Балқу температурасы литийден цезийге қарай төмендейді, себебі атомдардың шамасының артуынан кристалдық тордағы металл атомдарының байланыс энергиясы кемиді.
Барлық сілтілік металдар жылу мен электр тогын жақсы өткізеді.
ІІІ топ. Сілтілік металдардың химиялық қасиеттері
Химиялық қасиеттері бойынша сілтілік металдар бір – біріне өте жақын. Олар – ең жақсы тотықсыздандырғыштар және басқа металдарға қарағанда белсенділігі өте жоғарылар. Олардың тотықсыздандырғыштық қасиеті литийден цезийге қарай өседі, өйткені кристалдағы химиялық байланыстың беріктігі және атомнан электронды үзіп алып, катиондар түзуге қажетті энергия кемиді.

Дереккөз: http://bilimsite.kz/