Хирургиялық науқастардағы су – электролиттік бұзылыстар слайд,презентация
Хирургиялық науқастардағы су – электролиттік бұзылыстар слайд,презентация
Хирургияда операциядан кейінгі кезеңде орын алатын су – электролиттік бұзылыстар өте маңызды болып табылады. Су – электролиттік бұзылыстар құрсақ қуысы ағзаларының жедел хирургиялық ауруларында, асқазан-ішек жолдарына операция жасағанда, күйікте, жыланкөзі бар ауыр созылмалы ауруларда көп мөлшерде сұйықтық жоғалтқанда кездеседі. Жоғалған сұйықтықтың жиналатын жері – ішек қуысы және аз мөлшерде құрсақ қуысы болып табылады. Инфузионды терапия- әртүрлі ерітінділерді қанға енгізуге негізделген терапиялық әдіс. Организмнің патологиялық жоғалтуын түзету және оның алдын алу мақсатымен белгілі бір көлем мен концентрацияда қолданылады. XIX ғғ 30-ж басында Т. Latta »Lanсet» журналында холера ауруын сода ерітіндісімен емдеу туралы мақала жариялады. 1881 ж.10шілдеде Landerer науқасқа «ас тұзының физиологиялық ерітіндісін» сәтті енгізді. 1915 жылы — алғашқы рет желатин негізіндегі коллоидты қан ауыстырушы ерітінді тәжірибеде қолданыс тапты(Hogan).