Химиялық элементтердің электртерістігі

0

Барлық атомдарда электрондар бар. Бұл электрондар атомның ядросын айналып тұрады:


Электрондар


Ядроны айналып тұрған электрондардың шеткілері, яғни сыртқы электрондар немесе валенттілік электрондар, химиялық элементтің металдық және бейметалдық қасиеттерін айқындайды.


Егер валенттілік электрондардың атом ядросымен байланысы зор болса, онда химиялық элементтің бейметалдық қасиеті басым болады, ал байланысы әлсіз болса металдық касиеті басым болады. Валенттілік электрондардың ядроға байланысын сипаттау үшін химиялық элементтердің электртерістігі деген ұғым еңгізіледі.


Литийдің салыстырмалы электртерістігі шартты түрде 1 деп алынады да, өзгелері осы элементке қарап есептелінеді. Мысалы сутегінікі 2,1-ге тең, ал оттегінікі 3,5 тең.


Химиялық элементтің электртерістігі көп болса валенттілік электрондардың ядроға тартылу күші артады, бұл дегеніміз элементтің бейметалдық қасиеттері артатыны дегені. Және керісінше, электртерістігі азайған сайын, валенттілік электрондарының ядроға тартылу күші азаяды, яғни элементтің металдық қасиеттері күшейеді.


Сонымен, химиялық элементтердің электртерістігі артқан сайын, заттың бейметалдық қасиеттері артады, ал азайса металдық қасиеттері артады.


Химиялық элементтердің электртерістік кестесі


Химиялық элементтердің электртерістігі


Менделеев кестесіндегі элементтердің электртерістігі солдан оңға қарай артады. Соңдықтан топ ішіндегі химиялық элементтердің бейметалдық қасиеттері, элементтің атом зарядының артуымен бірге артады.

Пән: Химия