Химиялық элементтердің адам өміріндегі маңызы

0
736







Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады




Химиялық элементтердің адам өміріндегі маңызы

Автор: Рахимгалиева Талшын Нурладиновна

Бағыты: Химия Бөлімі: Ашық сабақ Сыныбы: Басқа

Жарияланған уақыты: 2019-01-22


Материал туралы қысқаша түсінік

химия пәнінен колледж оқушыларына арналған «химиялық элементтердің адам өміріндегі маңызы» тақырыбында өткізілген сабақтын материалдары жарияланды




Сабақтың тақырыбы: «Химиялық элементтердің адам өміріндегі маңызы» Оқыту мен тәрбиелеудің мақсаттары: Білімділігі: Әрбір химиялық элементтердің адам ағзасындағы атқаратын рөліне, маңызына және қажетті тоқталу. Макро-, және микроэлементтердің түрлері жайлы оқушылардың білім деңгейлерін толықтыру.Тәрбиелігі: «Адам ағзасындасында кездесетін химиялық элементтер» тақырыбын оқыту арқылы оқушылардың күнделікті дұрыс тамақтана білуін дағдыландыру. Дамытушылығы: «Адам ағзасындасында кездесетін химиялық элементтер» тақырыбы тек химия пәнімен ғана емес, биология, медицина салаларымен тығыз байланыста екендігін айта отырып, болашақта өз қажеттіліктеріне пайдалана білуге ой – өрістерін дамыту. Сабақ түрі: Сайыс сабағы.Көрнекілігі: периодтық жүйе, сызбанұсқа, таратпа қағаздарСабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ізденіс, топпен жұмыс ,критериалды бағалау Пәнаралық  байланыс: биология, география, математика, физика, қазақ әдебиеті.

Сайыс барысы:   І. Ұйымдастыру.ІІ. Үй тапсырмасын тексеру Сұрақ – жауап1.Химиялық элементтердің негізін қалаған кім?2.Электрондық орбитальдардың қандай түрлері бар?3.Химиялық элемент дегеніміз?4.Молекула дегеніміз не?

ІІІ. Топтарға бөлу. Әр топ өз топтарының атуларымен соған сәйкес эмблемалар ойластырып топтарын таныстырады.1 топ – «Су»2 топ – «Металдар»3 топ – «Оксидттер»ІV. «Оқушылар ізденісінен». Әр топтағы оқушылар элементтердің адам өмірі үшін пайдалылығын баяндап, сарамандық сабақ көрсету.

 

  • Химиялық элементтерге жалпы сипаттама (Д.И Менделеевтің кестесінен орналасуын көрсету)
  • Адам ағзасын құратын химиялық элементтер
  • Ол элементтердің массалық үлестері
  • Химиялық элементтердің азық – түлік және жеміс – жидектердегі мөлшері
  • Химиялық элементтердің жетіспеуінен адам ағзасының бұзылуы

Кальций – күмісше жылтыраған ақ металл, ол сілтілік металдар тәрізді өте жеңіл (g = 1,55 г/см3 ), алайда анағұрым қатты болады және оның балқу температурасы да өте жоғары, 851 0 С-ге тең. Са – ізбес. Ол жасуша құрамына еніп, сүйек құрауға, жүрек және бұлшық еттерінің жұмысына қатысады, қанның ұюын қамтамасыз етеді. Калцийдің маңызды қосылыстары: кальций оксиды – СаО – сөндірімеген әк, кальций гидроксиді – Са(ОН)2 – сөндірілген әк, кальций карбонаты – СаСО3 – әкті су, ғаныш (гипс) – СаSO4 *2Н2О Ересек адамдарға тәулігіне 0,5 грамм кальций жеткілікті. Ол сүйекті қатайтуға аса қажет. Кальций – сиыр мен қой сүті, сүтпен жасалатын түрлі тағам – ірімшік, сүзбе, сүтсірнеде (сыр) мол. Қара бидай наны мен жұмыртқаның сары уызыда кальцийге бай. Ағзаға бір тәулікке қажет кальций алу үшін жүз грамм сүтсірне немесе жарты литр сүт жетеді. Ағзада кальций тұздарының жетіспеушілігі сүйек ұлпасының дұрыс емес дамуына, тістер (кариес) ауруына, кейбір ферменттердің белсенділігі төмендеуіне, орталық жүйке жүйесінің қызметінің бұзылуына әкеп соқтырады.   Йод – өмірлік маңызы бар элемент. Ол қалқанша без үшін құрылыс материалы (қалқанша без – йод жинақтаушы орган).  Өкінішке орай, бұл микроэлемент ағзада жасалмайды, адам оны тек ас, тағам арқылы алады. Сырт қарағанда йод жетіспеушілік білінбейді, ал тапшылық сезілсе түрлі ауруларға шалдықтырады, яғни шаршау, түрлі жұқпалы ауруларды тез қабылдағыштық, белсіздік және ақыл – ой кемістігі.       Йод жетіспеушілігіне байланысты ауруларды емдегеннен гөрі алдын – алған жөн. Адам күнделікті өсімдік және жануартекті өнімді қабылдағанмен, ағзаға қажет мөлшердегі дәрумен мен микроэлементтердің орнын толтыра алмайды. Ағза йодты синтездей алмағандықтан, тршілік үшін күнделікті йоды бар тағамдарды пайдалану есебінен қажет мөлшерін толтыру қажет.       Ең жоғарғы мөлшердегі өнімі – теңіз өнімдері (800 – 1000 мкг/кг). Теңіз балдырлары мен губкалар және балық майы, кальмар, теңіз капустасы. Ет, сүт, жұмыртқада йод аз, өсімдіктекті азықта тіпті аз.       Йод бар өнімдерді қабылдағанда (80 – 85 % мөлшерін ал үшін) мынаны ескер жөн: 1)      йодтың қалқанша безге кіруі үшін фермент, селен, мырыш, темір және А, Е дәрумендері бірге жүруі қажет. 2)      микроэлементтер пісіру кезінде жойылып кетеді. Егер сорпа дайындасаңыз әңгіме басқада, ал тек картоптың өзін қайнатсаңыз, йод сумен бірігіп өзгеріске ұшырайды. 3)      кейбір тамақ өнімдері йодты өзіне «байлап» алып, ағзаға сіңірілуін нашарлатады, ондай қасиетке барлық шаршыгүлділер: орымжапырақ, шалқам, шалқан, шомыр, соя, бұршақ жатады. Бұл оларды жемеу деген  емес, керісінше соларды көбірек мөлшерде қабылдау керек деген сөз. 4)      йод жетіспеді екен деп тек йодталған өнімді ғана жеуге болмайды, тепе – теңдік сақтап, май, ақуыз, көмірсуларды да аз мөлшерде қабылдар отырыңыз. 5)      йодтың спирттегі ерітіндісін тікелей пайдалануға мүлдем болмайды, 1 тамшы йодтан 11 күндік мөлшерін бірден аласызда, қалқанша безді «отырғызасыз» және таза йод аллергия беруі. Адамның өмір сүруіне бүкіл өмір бойы бір қасық қана йод жеткілікті.        Жемістің құрамындағы В тобындағы дәрумендер мен көп мөлшердегі глюкоза мимен жұмыс істейтіндер үшін өте пайдалы. Құрма жүкті әйелдер үшін де өте қажетті жеміс, ол ана сүтінің молабына септігін тигізеді. Бірақ кептірілген құрма майлы және қанты көп болғандықтан, күніне 10 – 15 түйірден артық жеуге болмайды. МЫС. Егер ағзада мыс жетіспесе, бауырда қорланған темір гемоглобинмен байланысқа түсе алмайды. Мыстың мөлшерінің аз немесе көп екендігінің көрсеткіші — адамның шашы. Мыстың мөлшері төмендеген кезде немесе жетіспеген жағдайда шаш тез ағарады. Мыс қанға оттегінің өтуін қамтамасыз етеді. Мыс көптеген ферменттердің құрамына кіреді, ұлпалардағы тотығу реакциясын жылдамдатады.Мыс ағзаға тағам арқылы түседі. Әсіресе, теңіз тағамдарында, қырыққабатта, картопта, қалақайда, жүгеріде, сәбізде, алмада көбірек кездеседі.  СЕЛЕН. Бұл элемент иммундық жүйені қалыптастыруға ерекше әсер етеді. Ол жетіспегенде бұлшық ет әлсірейді. Әлсіздік, әсіресе, жүрек бұлшық етінде айқын білінеді.Селен теңіз өнімдерінде, еттерде мол мөлшерде кездеседі.  МЫРЫШ.  Ол — ағзадағы гормондар синтезіне араласатын маңызды элемент. Әсіресе, құрсақтағы тіршілік иесінің дамуы кезінде аса қажетті минералдың бірі — осы мырыш.Мырыш цитрус жемістерінде, қарақатта, сұлыда, қызанақта, қызылшада, асқабақ дәні мен шемішкіде, сарымсақта, сүтте, тазартылған күріште болады. КАЛИЙ. Қан қысымын төмендетеді. Жүрек қағысын реттейді.Бананда, өрік-мейізде, картопта мол болады.АЛТЫН. Күмістің бактерицидтік қасиетін арттырады. Ағзадағы иммундық процесті қалыпты етеді. Көне Греция мен Римде алтынды (пластинкаларын) ауызға салып, тамақ ауруларын емдеген екен. Сондай-ақ қазіргі медицинада да алтын қоспалары кеңінен қолданылады.КҮМІС. Бактерицидтік және антисептикалық қасиетке ие. Әрі қабынуға да қарсы әрекет ете алады. Бір сөзбен айтсақ, табиғи бактерицидтік металл. Бактерияның 650 түріне қарсылық білдіре алады екен.Қазақ халқы ежелден күмістің адам ағзасына пайдасы бар деп сеніп, күміс ыдыстан тамақ ішіп, күміс әшекейлер тағып, сәби дүниеге келгенде нәрестені күміс теңге салынған суда шомылдырып, «Баланың күні күмістей жарық болсын» деген жоралғы жасаған. Металдың өзінің әдемілігімен қатар, таңғажа-йып емдік қасиеті де жоқ емес. Күмістің емдік қасиеті медицинада дәлелденген. Емшілер өте ерте заманда-ақ күмістің қасиетін ерекше бағалаған. Мысалы, Үндістанда, Египетте, Ресейде күміс қосылған суды түрлі ауруларға ем ретінде пайдаланған. Адамдар мұндай судың өмірлік қуат беретін ерекше сиқыры барлығына сенген. Ғалымдар болса, күмістің бұл қасиетте-ріне ХІХ ғасырдың аяғында ғана мән беріп, зерттей бастапты. Күміс сумен әрекеттескенде иондалып, оның құрамында ұзақ сақталады. Сондықтан күміс қосылған су ағзадағы көптеген зиянды микроағзаларды жояды. Адам ағзасының тұмау және жұқпалы ауруларға төтеп бере алмауының себебі иммундық жүйедегі күмістің азаюынан болады. Күміс тек қана ауру тудыратын элементтерді жойып қоймай, ағзадан зиянды токсиндер мен микробтарды шығарады. Тіпті ағзада аз ғана күміс жетіспеушілігі байқалған жағдайда адамның жұмыс істеу қабілеті төмендеп, қорғаныш қасиеті азайып, тез шаршау пайда болады. Шетелдік дәрігер Роберт Бекер күміс иондарының адам ағзасындағы жасушалардың көбеюіне әсер ете алатындығын дәлелдеген. Ол өзінің ғылыми кітабында күміс иондарының қатерлі ісік Фосфор тұздары . Фосфор тұздарының ағза үшін маңызы сүйекті қалыптастыруға қатысумен шектелмейді. Фосфордың органикалық қосылысы – аденозинүшфосфат қышқылы мен креатин – биологиялық қышқылдану барысында босайтын қуаттың нағыз аккумуляторы болып табылады. Ағза бұлшық еті жиырылғанда, сондай – ақ мида, бауырда, бүйректе және басқа ағзаларда жүретін биохимиялық үрдістерде қуатты нақ осы қосылыстар түрінде пайдаланады.             Міне сондықтан бұлшық етте қатты жұмыс істеген кезде фосфатты қажетсіну едәуір артады. Егер ересек адамға оның тәуліктік қажеті 1 – 2 грамм болса, ауыр дене еңбегімен шұғылданатын жұмысшыға немесе үлкен қашықтыққа жүгіретін спортшыда бұл қажеттілік екі есе дерлік артуы мүмкін.             Адам денесінде фосфор қосылыстары көп. Фосфор қышқылының қалдығы жасуша ядроларында нәсілдік қасиеттер беретін аса маңызды заттарға – нуклеопротеидтерге, май тектес заттарға – фосфатидтерге және көмірсулардан тарайтын әр түрлі заттарға міндетті құрамдас бөлік ретінде кіреді. Сүйек пен тісте фосфор қышқылының тұздары өте – мөте көп. Сондықтан тамақ рационында фосфордың қажетті мөлшерде болғаны жөн. Фосфор мал мен өсімдік өнімдерінде мол. Өсімдік өнімдерінен бөлінген қосылыстар ағзаға нашар сіңеді, өйткені нашар ериді. Фосфор сырда, сүзбеде, етте өте көп. Әр өнімнің 100 г мөлшеріндегі фосфор төмендегі мысалда келтірілген.                                                                             Асқабақ Латын Америкасынан шыққан, бірақ ол біздің жерімізде  де орнықты. Қызғылт, сары, дәмді балдырынан басқа оның емдік қасиетті тұқымы да бар. Оны жапон диетологы Дж. Осава пайдалы өнімдер кестесінің ішінде бірінші орынға қояды. Әсіресе қауын тәрізді емес, дөңгелек асқабақтың тұқымы бағалы. Тұқым несімен пайдалы дейсіз ғой. Онда 36 – 52 пайыз майлар (холестеролсыз), шайыр, органикалық заттар, Е, А дәрумендері, аздаған Д, К дәрумендері бар және микро мен макроэлементтер мол. Әсіресе ондағы мырыш пен темір бағалы және магний, кальций, фосфор, ақуыздар да көп.             Құрамындағы мырыш бойынша асқабақ пен күнбағыс ерекше даңққа ие болады, өйткені осы  өнімдердегі мырыш мөлшері устрицалардан соң екінші орынды иеленеді. Ал мырыш әйелдерге қарағанда ер адамдарға 5 – 8 есе артық қажет.             Мырыш жетіспесе нәрестелердің өліп кетуі де мүмкін екен. Содан соң жасөспірім шағында ер балаларды безеу, шаштың майлы себореясы. Бұдан құтылудың жолы – мол мырыш жеу, мысалы, асқаьақ тұқымын немесе күнбағыс пістесін шағу. Өткен ғасырдың қырқыншы жылдарында неміс ғалымдары Вальтер мен Ида Ноддактар Менделеев кестесіндегі элементтер әр жұмыртаста кездесетіндігін айтқан. Әуелгіде бұл пікірдің қолдаушысы табылмады. Кейін ғалымдар химиялық элементтерге талдау жасап, зерттеп, зерделеп, шындыққа көз жеткізді. Жер бетіндегі барлық тірі ағза, оның ішінде, адам қоршаған ортамен тығыз қарым-қатынаста өмір сүреді. Тіршілік заңы ағзада үнемі зат алмасып тұруын талап етеді. Ал ағзамызға  химиялық элементтер жеген ас пен ішкен суымыздан түседі. Кейбір ғалымдардың сараптауынша, ағзаға түскен хи-миялық элементтердің әрқайсысы белгілі бір биологиялық қызметті орындайды. Осы бағыттағы зерттеулер нәтижесінде 30-ға жуық элементтің биологиялық ролі анықталды. Таратып айтсақ…Адам ағзасының 60 пайызы судан, 34 пайызы органикалық, 6 пайызы бейорганикалық заттардан тұрады. Органикалық заттарға көміртегі, сутегі, оттегі, сондай- ақ, бұлардың қатарына азот, фосфор, күкірт жатады. Ағзадағы бейорганикалық заттарда міндетті түрде мынадай 22 элемент болады: Ca, P, O, Na, Mg, S, B, Cl, K, V, Mn, Fe, Co, Ni, Cu, Zn, Mo, Cr, Si, I, F, Se. Мысалы,  егер адамның салмағы70 кгболса, онда1700 граммкальций,250 граммкалий,70 граммнатрий,42 грамммагний,5 граммтемір,3 грамммыс болады.Атап айтар болсақ, мәселен, кальций мен фосфор сүйекте, ал хлор тұзды қышқыл түрінде асқазан сөлінде кездеседі.Элементтерді тірі ағзалардағы орташа мөлшеріне қарай үш топ-қа бөледі:1. Макроэлементтер (оттегі, сутегі, көміртегі, азот, фосфор, күкірт, кальций, магний, натрий және хлор);  ағзадағы мөлшері 10%-дан жоғары болады.2. Микроэлементтердің (йод, мыс, мышьяк, фтор, бром, стронций, барий, кобальт) ағзадағы мөлшері — 10%-15%.3. Ультрамикроэлементтер — сынап, алтын, уран, торий, радий және т.б. Олардың ағзадағы мөлшері 15%-дан төмен.Тіршілік үшін маңыздылығына қарай химиялық элементтерді үш топқа бөледі:1.Тіршілікке қажетті элементтер. Олар адам ағзасында үнемі болады және ферменттер, гормондар, дәрумендер құрамына кіреді: H, O, Ca, K, P, Na, S, Mg, Cl, C, I, Mn, Cu, Co, Fe, Zn, Mo, V. Олардың жетіспеушілігі адамның қалыпты өмір сүруін бұзады.2. Қосымша элементтер. Бұл элементтер жануар мен адам ағзасында болады: Ga, Sb, Sr, Br, F, B, Be, Li, Si, Sn, Cs, Al, Ba, Cl, As, Rb, Pb, Ra, Bi, Cd, Cr, Ni, Ti, Ag, Th, Hg, V, Se. Олардың биологиялық маңызы осы уақытқа дейін толық  зерттелмеген.3. Өте аз элементтер. Адам және жануар ағзаларынан табылған, мөлшері және биологиялық маңызы белгісіз.Сондықтан егер химиялық элементтердің біреуінің жоқ болуы немесе жетіспеуі ағзадағы қалыпты жағдайды бұзады. Керісінше, ағзадағы қандай да бір элементтің шамадан тыс болуы да зиян. Тіпті, қазір тағамнан улану да көбейіп кетті. Мәселен, соңғы кезде диоксин деген у пайда болды. Ол фосфор қалдықтарының ауада азот қышқылдарымен қосылуы арқылы түзіледі. Адам ағзасының әлсіреп, иммундық жүйенің төмендеуіне де осылардың әсері бар.V. Мақал – мәтелдер сайысы.(Оқушылар бүгінгі сабаққа қатысты мақал мәтелдерді кезектесе отыра айтады) Химиялық элементтерге байланысты мақал – мәтелдер1. Ескі мата бөз болмас,Екі темір біз болмас.2. Арпа бидай ас екен,Алтын – күміс тас екен.3. Пәлен жерде алтын барБарсаң мыста жоқ.4. Ақыл арымас,Алтын шірімес.5. Батыр майданда шынығады,Болат қайнаудан шынығады.6. Жалтырағанның біәрі – алтын емес.7. Ас сөз алтын, көп сөз көз көмір.8. Ел іші алтын бесік.9. Темірді қызғанда соқ.10. Алтын тозбайтын тон,Білім таусылмайтын кен.11. Су ішкен құдығына түкірме.12. Сабыр түбі сары – алтын.13. Отын олжа,Су қорлық.14. Сырдың суы шырағымнан келмейді,Сыраңа сырдың суы да жетпейді.15. Елді қу бұзады,Сүтті су бұзады.16. Балық жаны – суда.17. Саяз су сарқырап ағады.18. Су сүреңін табады.19. Алмас қылыш шыға ма?Негізі жасық темірденҚанша жуса кете меҚап – қара түс көмірден?20. Тегі жаман теміртек,Қанша егесеңде өтпейді.21. Тансық нәрсе – күміс те, алтын да,Ең қымбат – ау ұстамдылық қалпында.22. Көмірші – темірге үйір.23. Алтынды еріте білмеген – ірітер,Теріні илей білмеген – шірітер.24. Елдің көркін қыз келтірер,Астың дәмін тұз келтірер.25. Көптің ауызы – темір талқы.26. Алмас пышақ қап түбінде жатпас.27. Болат бүгілмес – морт сынар.28. Темірдің бір басы – ыстық,Бір басы – суық.. Бекіту сұрақтары Үйге тапсырма «Элементердің адам өміріндегі маңызы» тақырыбына реферат жазу

VІІ. Сабақты қорытындылау







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.