Химиялық элемент

0

Заттар атомдар мен молекулалардан тұрады. Молекулалар атомдардан құралған. Атомдардың бірнеше түрі бар, бұлар химиялық элемент деп аталады. Химиялық элемент дегеніміз бұл атомның белгілі бір түрі.


Мысалы темір атомдары темір деген химиялық элемент болады. Осы химиялық элементті былай белгілейді — Fe.


Химиялық элемент ұғымын ұлы ағылшын ғалымы Р. Бойль еңгізді.


Химиялық элементтерді белгілеу


Химиялық элементтерді белгілеу үшін, осы элементтің латынша атауының бас әрпін және оның атауында бар әріптермен белгілейді. Мысалы темір деген химиялық элементтің Fe белгілеуі, ferrum деген темірдің латынша атауынан алынған.


Ал кейбір химиялық элементтерді бір ғана әріппен белгілейді. Мысалы оттегі элементі бір ғана әріппен белгіленеді — O. Бұл оттегінің oxygenium деген латынша атауынан алынған.


Химиялық элементтердің осы белгілеуін шведтің ұлы химигі И. Берцелиус ұсынды.


Металдар және бейметалдар


Химиялық элементтер екі үлкен топқа бөлінеді — металдар және бейметалдар. Металдар тоқты және жылуды жақсы өткізеді, металл жылтыры бар, майысады. Мысалы мыс, алтын, күміс, темір сияқты химиялық элементтер металдарға жатады.


Ал оттегі, йод, күкірт сияқты химиялық элементтер бейметалдарға жатады. Бұлар тоқ пен жылуды нашар өткізеді, металдық жылтырға ие емес.


Химиялық элементтер және бөлшектер (жоғары кластарда оқылады)


Атомның құрамында электрондар, протондар және нейтрондар бар. Протондар мен нейтрондар атом ядросында орналасады, протонның заряды оң ал нейтронның заряды жоқ. Электрондар осы ядроны айналып тұрады. Электронның заряды теріс, бірақ протон мен электронның зарядтарының абсолюттік шамалары тең (модульдері).


Бұны мынандай схемада көрсетуге болады:


Атом құрылысы


Атом ядросының оң заряды бірдей атомдарды химиялық элемент деп атау келісілген. Мысалы сутегі атомының құрамында бір протон және бір электрон бар, яғни сутегі атомы ядросының заряды плюс бірге тең. Немесе, атом ядросының зарядының шамасы плюс бірге тең атомдар сутегі элементі боп табылады.


Химиялық элементінің атом ядросының заряды, осы элементтің Менделеев кестесіндегі нөміріне тең. Мысалы сутегінің нөмірі бірге ал оттегі элементінің нөмірі сегізге тең, соңдықтан сутегі ядросының заряды плюс бірге ал оттегі элементінің ядросының заряды плюс сегізге тең:


Химиялық элемент


Натрий элементінің атом ядросының заряды неге тең?


Изотоптар


Заряды бірдей, бірақ атомдық массалары әртүрлі атомдар изотоптар деп аталады. Мысалы табиғатта көміртегі элементінің атомының массасы 12 және 13 тең изотоптар бар.


Изотоптарда электрондар мен протондар саны бірдей болады, себебі атом ядросының заряды бірдей ғой. Бір-бірінен тек атом ядросындағы нейтрондар санымен ғана ерекшеленеді.

Пән: Химия