Химия өнеркәсібі

0
121

Химия өнеркәсібі — өндірістің барлық салалары, ауыл шаруашылығы, тұтыну саласы үшін химиялық өнімдердің әр түрін өндіруші халық шаруашылығының саласы. Химия өнеркәсібі саласы дүние жүзінде тұңғыш рет Германияда XIX ғасырдың аяғында дүниеге келді. XX ғасырдың 50-70-жылдарының басы химия өнеркәсібінің дәуірлеген «алтын ғасыры» болды. Бұл кезеңде мұнай-газ шикізатын пайдаланушы өндірістің өркендеуімен байланысты осы сала әлемде неғұрлым жоғары қарқынмен дамыды. Әлемнің өңдеуші өнеркәсібінде химияның үлесі XX ғасырдың екінші жартысында 8-9%-дан 12-15%-ға дейін әсті.

XX ғасырдың екінші жартысы химия өнеркәсібінің қарқынды дамуымен сипатталды.

Қазақстанда химия өнеркәсібі жеке сала ретінде алғашқы бесжылдықтар кезінде қалыптасты. Кеңестік дэуірге дейінгі кезеңде Қазақстанда Шымкент дермене (сантонин) зауыты (1883), сабын, желім қайнататын ұсақ кәсіпорындар жүмыс істеді. 1930-1940 жьілы Ақтөбе химия комбинаты, «Аралсульфат» комбинаты, ірі фосфорит кені — «Қаратау» комбинаты, Қарағанды синтетикалық каучук, Қостанай синтетикалық талшық зауыттары салынды. 1950-1960 жылдары Қазақстанда осы заманғы химиялық индустрияның негізі қаланды. Жамбыл суперфосфат, Гурьев химия зауыттары, Шымкент гидролиз және фосфор тұздары зауыттары, Ақтөбе ферроқорытпа, Шымкент газ-бензин зауыттары іске қосылды. Қазақстан анорганикалық және органикалық тектегі пайдалы қазынды кеніштеріне бай. Олар химия өнімінің алуан түрлерін алу үшін шикізат көзі болып табылады.

Химия өнеркәсібінің салалық құрылымы 4 топқа бөлінеді, олар:

— кен-химия өнеркәсібі (шикізат — фосфорит, ас және калий тұздарын, күкірт, т.б. өндіру, байыту және оларды бастапқы әңдеу);

— негізгі химия өнеркәсібі (минералдық тыңайтқыштар, қышқылдар, сілтілер, т.б. өндіру);

— полимерлік материалдар өнеркәсібі (синтетикалық шайырлар мен пластмассалар, химиялық талшықтар, синтетикалық каучук, синтетикалық бояғыштар өндіру);

— тұтыну қажеттерін қанағаттандыруға арналған өнім (фармацевтикалық дәрі-дәрмек, жуғыш заттар, фотохимия, парфюмериялық-косметикалық тауарлар) өндіру. Химия өнеркәсібінің құрамында барлыгы 200-ден астам кішігірім саламен өндіріс бар, ал оның өнімдерінің түр-түрінің атауы 1 млн-ға жетіп отыр.

Қазіргі кезде «Қазфосфат» ЖШС-ның бөлімшесі республикада химия өнімін өндіруші аса ірі кәсіпорын болып табылады, ол 2005 жылы 83,4 мың т өнім шығарды, мұның өзі 1995 жылғыдан 1,7 есе, ал 2000 жылғымен салыстырғанда 5,4 есе көп. 90-жылдардың ортасынан бастап елде илеуіштер, хромды ангидрид, хром тотығын өндіру қолға алынды. 2005 жылы олардың көлемі 1995 жылғы деңгейден 1,8-2,4 есе асты. 1995-2005 жылдары республиканың 5 мұнай-химия кәсіпорны қызметін қалпына келтірді. Бұл кэсіпорындар таяу шет елдердің өнімдеріне ұқсас полистирол, полипропилен, резина-техникалық бұйымдар, шина өнімдерін шыгарады. 2003 жылы Ақтау пластмасса зауытында өндіріс жолға қойылды. 2005 жылы пластмассадан құбырлар мен шлангалар өндіру 2000 жылғымен салыстырғанда 12,9 есе көбейді. 2005 жылы «Интеркомшина» АҚ камералар, резина бүйымдарын, шиналар шығару ендірісін іске қосты. Резинатехникалық бұйымдар шығаратын «Сараньрезинотехника» ААҚ мен «Қарағандырезинотехника» ЖШС кэсіпорындары тапсырыскерлермен тікелей шарттар бойынша тұрақты жұмыс істеп келеді. Қазақстан химиясының құрылымында полимерлік химияға қарағанда негізгі химияның үлесі басым. Еліміздің негізгі химиясы қышқыл, химиялық қосылыстар, фосфор мен минералдық тыңайтқыштар өндіреді. Химия-фармацевтика өнеркәсібі, негізінен алғанда жаңадан құрылып, басқа салаларға қарағанда жылдам дамуда. Ең үлкен «Химфарм» зауыты Шымкентте орналасқан, Ол Қазақстандағы дәрі-дәрмектің 3/5 бөлігін шығарады. Алматы, Қаскелең, Семей және Павлодарда ірі кәсіпорындар жұмыс істейді. Полимерлер алынатын шикізатқа мұнай өнімдері, табиғи жэне ілеспе газ жатады. Атырауда полиэтилен мен полипропилен, Ақтауда пластмасса полистирол және таяуда тіс пастасын өндіретін зауыттар жұмыс істей бастады. Резеңке бұйымдары өндірісінің негізгі орталықтары — Саран (металлургия үшін конвеер таспаларын шығару) және Шымкент (автомобиль мен ауыл шаруашылығы техникасы үшін шина жасау). Фосфоритті Қаратау мен Жаңатаста өндіріп үсақтайды да, фосфор ұнтағы мен фосфор тыңайтқыштарын ең ірі тау-кен химия өндірісіне Қаратау тау-кен комбинатында өндіреді. Тараз және Ақтөбе жанындағы Алғада суперфосфат зауыты, Шымкент және Таразда фосфор түзын өндіретін зауыттар, ал осы жерлерде суперфосфат дайындауға қажет күкірт қышқылын өндіретін цехтар орналасқан. Азот өндірісі Ақтау мен Теміртауда бар, тіпті жуырда республикада азотты тыңайтқыштар өндіріле бастады; металл өндірісінде бөлінетін күкіртті газды пайдалана отырьш Өскемен, Лениногорск, Балқаш және Жезқазған қалаларында күкірт қышқылын өндіретін зауыттар жүмыс істейді; Өскеменнің титан-магний комбинатында жанама өнім ретінде аз мөлшерде болса да калий тыңайтқыштары өндіріледі, уран алатын орталықтар да (Степногор, Ақтау) бар. Хром қосылыстары зауыты Ақтөбеде орналасқан. Оның өнімдерін негізгі тұтынушылар — түсті металлургия, тері илеу жэне лак-бояу өнеркәсібі, ал шет елдерде АҚШ-тың, Ресейдің, Ұлыбританияның кәсіпорындары.

Өз уақытында табысты даму шүбәсіз пайда әкелді. Қазіргі уақытта бұл үдерістің кері салдары байқалуда.

Біріншіден, жыл өткен сайын химиялық қосылыстардың қоршаған ортаға тасталымдары өсуде. Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымының бағалауы бойынша 6 млн астам химиялық қосылыстар белгілі, 500 мың қосылысы іс жүзінде қолданыс табуда, олардың ішінен 40 мың шамасындағысы адамға зиянды қасиеті болса, ал 12 мыңы улы. Әрбір люменесцентті шамда 150 мг сынап бар, мысалы, бір сынған шам ШМК дәрежесінде 500 мың м3 ауаны ластайды.

Екіншіден, табиғи материалдарды синтетикалыққа алмастыру ойламаған бірқатар салдарларға әкеледі. Биохимиялық циклге табиғи тың ортаға тэн емес синтетикалық қосылыстардың көп саны қосылды. Мысалы, егер суға негізгі массасы майдан тұратын сабын түссе, онда су өздігінен тазаланады. Егер суға құрамында фосфаты бар синтетикалық жуғыш заттар түссе, онда ол көк-жасыл балдырлардың көбеюіне әкеледі және суаттағы тіршілік иелерін жояды.

Көптеген химиялық қосылыстар қорек тізбегімен беріледі және тірі ағзада жинақталады, соның салдарынан адам ағзасына түсетін химиялық ауыртпалық артады.

Химиялық ауыртпалық — тіршілік барысында адам ағзасына түсетін зиянды және улы заттардың мөлшері.

Химия өнеркәсібі — халық шаруашылығында жалпы ғылыми-техникалық түрғыдан дамыған, өскелең ауыр өнеркәсіп салаларының бірі. Республикада химия өнеркәсібінің дамуы үшін бай шикізат базасы бар: фосфорит, күкірт колчеданы, барит, бром, ас және калий тұздары, натрий сульфаты, мұнай өңдеу өнімдері мен коксохимия қалдықтары, түсті металлургия кәсіпорындарының күкіртті газы. Сонымен қатар Қаратаудағы жабайы дәрмене жусан, Шығыс Қазақстандағы уытты мия өсімдіктерінің химиялық маңызы зор.

Қазақстанның химия өнеркәсібі ең жас және тез дамып келе жатқан экономика саласы. Қазіргі уақытта республикада тау-химия өнеркәсіптері мен химиялық шикізат қазбаларын өндірумен, минералдық тыңайтқыштар, бейорганикалық фосфор және күкірт қышқылдарын өндіруге байланысты негізгі химия дамыған.

Органикалық синтездеу химиясының салалары әлсіздеу дамыған, оларың қатарына синтетикалық каучук, синтетикалық талшық, полиэтилен және пластмасса өндірістері жатады.

Жамбыл облысында («Қазфосфат» ЖШС) фосфордан басқа ортофосфор қышқылы, фосфор тыңайтқыштары мен натрий үшфосфаты өндіріледі.

Ақтөбе облысында («АЗХС» АҚ, «Қазхром» АФЗ филиалы) хром ангидриді, хром тотығы, натрий бихроматы өндіріледі.

Бүкіл республикалық карбид мөлшері Қарағанды облысында («Миттал Стил Темиртау» АҚ өндірсе, стирол полимерінің 90%-дан астамы және шамамен 70% азот тыңайтқышы Маңғыстау облысында («Sat Operating Aktau», «Қаз Азот» ЖШС) өндіріледі.

Алматы облысында («Уркер Косметик» АҚ) тіс пастасы өндіріледі. Сол сияқты осы аймақта пестицидтердің едәуір мөлшері (60%) («Агрохимия» ЖШС); су сабын, шашқа лак және жуғыш заттар (40%-дан астам) өндіріледі Алматы қаласында да жуғыш заттар шығарылады (50%-ға жуық) «АМЗ» АҚ).

Республикада өндірілетін фармацевтік дәрі-дәрмектердің төрттен үш бөлігі жэне сабын Оңтүстік Қазақстан облысында («Химфарм» АҚ, «Шымкентмай «Елдос» АҚ; күкірт қышқылының моногидраты — Шығыс Қазақстан облысында («Қазцинк» АҚ); бояу мен лак — Алматы қаласында («Гауди» ЖШС, «Евротек Индастриз ЛТД» ЖШС) өндіріледі.

2000-2006 жылдар аралығында біріншілік формадағы стирол полимерлерін өңдеу шамамен 50 есе өсті; полимер негізінде алынатын лак пен бояу — 9 есе, фармацевтік препараттар мен карбидтер — 3 есе, натрий үш фосфатты — 2,5 есе, орта фосфор қышқылы мен пестицидтер-2 есе, тері илеуге қажетті заттар- 1,5 есеге өсті. Сонымен қатар 2000 жылмен салыстырғанда 2006 жылы натрий бихроматын өндіру 16,9%-ға, хром оксидтері — 15,5%-ға, сабын -10%-ға, хром ангидридтері — 1,4%-ға төмендегені байқалды.

Республика аймақтары араеында осы салада мөлшері бойынша өндіріс кәсіпорындарындағы үлесі Жамбыл облысы (30%-дан көп), сол сияқты Ақтөбе (17%-дан жоғары), Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Алматы қаласына тиеді.

ТМД елдері бойынша ең ірі «Қазфосфат» компаниясы фосфор өндіруден алдыңғы орында, ол негізінен фосфорит, фосфор минералдық тыңайтқыштарын және т.б. фосфор қосындыларын өндіреді, ал фосфордың өсімдіктер мен жануарлар дүниесі үшін маңызы зор. Бұл компанияның екі тау-кен кешені Жаңатас пен Қаратауда, минералдық тыңайтқыш өндірісі Тараз бен Степногорскіде, ал фосфор зауыты мен синтетикалық жуғыш заттар шығаратын кәсіпорын Шымкент қаласында орналасқан. Шымкентте дөңгелекке авторезенке шығаратын зауыт бар, ал бұл өнеркәсіп атмосфераға стирол, толуол, ацетон тастайтыны белгілі.

«ҚазАзот» зауыты Қазақстанда азотты минералдық тыңайтқыштар — аммиак селитрасын және аммиак тұздарын өндіретін жалғыз өнеркәсіп. Қазіргі таңда зауыт жылына 50 мың т аммиак өнімдерін, 240 мың т аммиак тұзын өндіреді.

Ақтөбе облысы мұнай, газ, хром, никель, титан сияқты пайдалы қазбаларға бай, осының негізінде Ақтөбе хром қосылыстарын өндіретін зауыт жұмыс істейді. Осы зауытта натрий қосылыстары: сода, сульфаты, гидросульфаты, бисульфаты, сульфиді, сол сияқты табиғи таза бояулар, кадмий және хром негізіндегі бояулар шығарылады. Ақтөбе қаласы Қазақстан бойынша атмосферасы ластанған жеті қаланың қатарына кіреді. Мысалы, Ақтөбе хром зауытынан 8,9 млн т хром қалдықтары мен натрий сульфаты топыраққатүсіп, жерасты суларын ластап, одан өзенге түсуде. Осы ластануға байланысты л<ергілікті тұрғындар тәулігіне 86 мың м3 су көлемін жоғалтуда, ал бүл қала тұрғындарының тәулігіне 1/3 қажеттілігі болып табылады, яғни бұны апатты жағдай деп айтуға болады. Облыстағы хром өндірісінен ең ластанғаны Ілек өзені. Бұл өзеннің ластануы 1941 жылдан бастау алады, ал 2008 жылғы мәліметтер бойынша нормадан артық ластаушы заттар мөлшері 58%-ға артқан. Бұл өзендегі хром концентрациясының мөлшері 1 л суға 70 мг тең келеді. Осының нәтижесінде адам денсаулығына үлкен зиян келуде, осының салдарынан хром жарасы, астма, өкпе ауруларының қатары көбеюде.

Қолданылған әдебиеттер: Рыскиева Г.Ә., — Алматы: Өнеркәсіп экологиясы, 2011. -262 бет.