ххІ ғасыр көшбасшсы — Сценарилер — Bilim
ххІ ғасыр көшбасшсы
Тақырыбы: ХХІ ғасыр көшбасшы интелектуалды-танымдық ойын
Мақсаты: Ойы жүйрік, танымдық деңгейі жоғары, интеллектуалды оқушылардың дарынын ашу, белсенділігін арттыру, білімдерін көтеру.
Көрнекілігі: Интербелсенді тақта, тапсырмалар.
Жүрісі
І.Ұйымдастыру.
ІІ.Кіріспе.
«Қараңғы қазақ көгіне
Өрмелеп шығып күн болам»,-деп аңсаған ағартушы педагог Сұлтанмахмұт Торайғыров өзінің қысқа ғұмырында ғылым мен білімді кейінгі жастарға насихаттады.
Білімді адам еш нәрседен қорықпайды. Әр уақытта батыл, тартымды, білімді жастарымызды ортаға шақырамыз.
Арыстанда бір кісінің күші,
Жүз кісінің жүрегі бар.
Жолбарыста бір кісінің жүрегі,
Қырық кісінің күші бар, -дегендей сайыскерлерімізге арыстанның жүрегін, жолбарыстың күшін берсін демекпіз.
ІІІ.Әділқазылар алқасын сайлау.
1.Әминова Д. – қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі.
2. Қашқынбай Ш.-математика пәнінің мұғалімі.
3. Құсайынова М. — психолог
Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар
Бәйге, бәйге, бәйгені бір көріңіз,
І кезең. «Бәйге».,,
1. Адам қоныстанбаған материк? (Антарктика)
2. Астана қаласы қай өзенің жағалауында орналасқан? (Есіл)
3. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін ата? (Бастауыш, Баяндауыш)
4. 2,5 таяқтың неше ұшы бар? (6)
5. Жеті жарғыны қазақтың қай ханы жазған? (Тәуке хан)
6. Ең терең көл? (Байкал)
7. «Менің Қазақстаным» әнін шығарған сазгерді ата? (Шәмші Қалдайяқов)
8. Жұмысшы құмырсқа мен әскери құмырсқа айырмашылығы? (Әскери құмырсқаның басы үлкен)
9. Жылқының пірі қалай аталады? (Қамбар ата)
10. Бүркіт 30 жыл жасайды, ал тасбақа одан 10 есе артық жасайды. Тасбақа неше жыл жасайды? (300)
11. 2014 жылы Олимпиада ойындары қай қалада өтті? (Сочи)
12. Қазақша жыл санау бойынша жыл басы қай аңға берілген? (тышқан)
13. Астана қаласының символы? (Бәйтерек)
14. Астана қаласындағы Бәйтерек монументінің биіктігін айтыңыз, ол нені білдіреді? (97 метр, Астанаға көшкен жылды білдіреді)
15. Жетісу өңірінде алтын адам қай жерден табылды? (Есік)
16. Мұхтар Әуезовтың 157 мемлекет таныған ұлы шығармасын ата? (Абай жолы)
ІІ кезең. «Тіл өнер»
Келді кезек жұмбақтарды шешуге
Жауаптарын беруге үш тілдерде
Қазақ, Орыс, Ағылшынды білсеңіз
Жақсы баға шәкірт саған несібе.
1-ойыншыға:
1) Берген сауап-садақа, қасиетті… (Жұмада, пятница, Friday)
2-ойыншыға:
1) «… жылда ел жаңа» (елу, пятьдесят, fifty)
3-ойыншыға:
1)Қабат-қабат қаттама, ақылың болса аттама. (Кітап, книга, book)
4- ойыншыға:
1)Қанатсыз құс-жапырақсыз … (ағаш, дерево, tree)
5- ойыншыға:
1) Сабыр мен … бәрін де жеңбек. (еңбек, труд, labor)
6- ойыншыға:
1)Ақылдының саусағы — …(мың, тысяча, thousand)
ІІІ кезең. «Жорға»
Қойылған сұрақ есепке
Ойланып жауап іздейік
Уақытты текке өткізбей
Лезде шешіп тастайық.
1-ойыншы:
1. Реніш сөзінің антонимі? (Қуаныш)
2. Жерге ең жақын планета? (Шолпан)
3. Жердің табиғи серігі? (Ай)
4. Еліміздің мұнай өндіретін облысы? (Маңғыстау, Атырау)
5. Ресейдің Астанасы? (Мәскеу)
6. Дүние жүзінің чемпионы, балуан атамыз? (Қажымұқан)
7. Ең кішкентай жай сан? (2)
8. Құмырсқа өз илеуін ағаштың қай жағына салады? (оңтүстігіне)
9. Қозы-Көрпеш ғашығы? (Баян Сұлу)
10. Массаның өлшем бірлігі? (килограмм)
11. Ең ірі сүт қоректі? (кит)
12. Қазақстан жер өлшемі бойынша дүние жүзінде нешінші орында? (9-шы орында)
13. Ненің шұңқырын көрмейміз? (желкенің)
14. «Қырық өтірік» өлеңінде өтірік өлеңді кім айтты? (Тазша бала)
15. Дүние жүзінде ең халқы көп мемлекет? (Қытай)
2-ойыншы:
1. Қуаныш сөзінің антонимі? (Реніш)
2. Термометрге қандай металды пайдаланады? (Сынап)
3. Англия астанасы? (Лондон)
4. Қазақтан шыққан тұңғыш олимпиада чемпионы? (Жақсылық Үшкемпіров)
5. Қаттқан су? (мұз)
6. Кебек ғашығы? (Еңлік)
7. Килограмм қай шаманың өлшем бірлігі? (масса)
8. Ең кішкене құс? (Калибрий)
9. Ненің сүті тілінде? (сиыр)
10. Атмосфераның температурасын өлшейтін прибор? (Термометр)
11. Африкадағы құмды шөл? (Сахара)
12. Натурал санға жатпайтын сан? (0)
13. Қаймақ қандай сүттен жиналады? (пысқан)
14. Тура айтқан кімге жақпайды? (Тумасына)
15. Ауырмайтын жыртқыш? (Акула)
3-ойыншы:
1. Төмен сөзінің антонимі? (жоғары)
2. Мұздың еріген түрі? (Су)
3. Адам немен дем алады? (оттегі)
4.Франция астанасы? (Париж)
5.Абайдың неше қара сөзі бар? (45)
6. «Ақ маржан» аталатын дәнді дақыл? (Күріш)
7..Баян Сұлу ғашығы? (Қозы Көрпеш)
8. «Балбырауын» күйінің авторы? (Құрманғазы)
9.Қазақстандағы ең ұзын өзен? (Ертіс)
10. Өз заманында «Қарлығаш әулие» атанған кім? (Қазыбек би)
11.Қай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді? (1)
12.Қыз ұзатудағы қыздың әні? (Сыңсу)
13.Қан беруші адам? (Донор)
14. Сүйінбай қай ақынның пірі болған? (Жамбыл)
15.Операның халықаралық тілі? (Италия)
ІV кезең «Дода»
Мәңгі бақи есте қалар
Ғажайып бір сайыс болсын,
Білімдірек шәкірт озар
Қиынырақ сұрақ болсын, — деп біз енді сайысымыздың келесі кезеңіне келдік.Ұпай саны ең ез ойыншы бірінші болып сұрақ таңдайды. Дұрыс жауап бермеген жағдайда сұраққа жауап беру қарсыластарына беріледі.
Қазақстан 20
Шығыс Қазақстан Облысында неше «Алтын адам» табылды? Жауабы: (екі, Берел мен Шіліктіде)
Қазақстан 30
ҚазақтанРеспубликасының алғашқы ақшасы қай жылы пайда болды? Жауабы: (1993)
Қазақстан 40
Шығыс Қазақстан облысы Күршім өңірінің азамат соғысы кезіндегі партизан отряды қалай аталды? Жауабы: Қызыл Қыран немесе отряд Красных Орлов
Ұлы тұлғалар 20
Жай сандардың кестесін балауыздан жасап атағы шыққан ?
Жауабы: Эросфен
Ұлы тұлғалар 30
Дүние жүзіндегі тұңғыш әйел профессор кім?
Жауабы: Мария Складовская
Ұлы тұлғалар 40
XVIII ғасырда 1-ден 100-ге дейінгі сандарды сабақ үстінде қосып нәтижесін тапқан оқушы? Жауабы : Карл Гаусс
Математика 20
9 санын үш рет пайдаланып және математикалық амалдарды қолданып 10 санын шығар? Жауабы: 9:9+9
Математика 30
Ұзындығы 12 см, ені 4 см тік төртбұрыш ауданы неге тең? Жауабы: 48
Математика 40
Оқушы ойлаған санды 5-ке бөлсе 2 қалдық қалады, 7-ге бөлсе 1 қалдық қалады. Ол қандай сан? Жауабы:22
Сонымен бүгінгі сайысымыздың мәресіне де жеттік.
Жансын десең маңдайыңда шамшырақ,
Жауаптарын тапсын десең сан сұрақ.
Жүрек жүрсін намысыңды қамшылап,
Жаусын бетті маңдай терің тамшылап, деп бүгінгі кешімізді аяқтағымыз келеді. Ойынға қатысқан оқушыларға үлкен рахметімізді айтамыз. Үлкен жетістіктерден көрініңіздер!