ХХ ғасырдың 20-80 жылдарындағы наразылықтар, көтерілістер, қозғалыстар слайд,презентация — Тарих

0

ХХ ғасырдың 20-80 жылдарындағы наразылықтар, көтерілістер, қозғалыстар слайд,презентация

 

 

 

Сабақтың мақсаты: 

 Қазақстандағы ХХ ғасырдың 20-80 жылдар аралығында болған наразылықтар, көтерілістер, қозғалыстар туралы түсіндіру;

 ХХ ғасырдың 20-80 жылдар аралығында болған қозғалыстар мен көтерілістердің негізгі себептері, сипаты, қозғаушы  күші, барысы, нәтижесі туралы оқушы білімін дамыту;

 Оқушыларды тарих төрінен лайықты орын алған тәуелсіздікті құрметтеуге, Отанының адал азаматтары болуға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: дәстүрлі  сабақ

Сабақтың  көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, бейнетаспадан үзінді;

Сабақтың жүрісі:
І. Ұйымдастыру;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау; 
ІІІ. Жаңа  сабақ;
ІV. Жаңа  сабақты бекіту;
V. Қорытынды;
VІ. Бағалау;
VІІ. Үй  тапсырмасы.
І деңгей
Картадан көтеріліс болған тарихи орындар мен аймақтарды көрсетіңіз.
Қарапайым отбасылар неліктен шетелдерге қоныс аударды? 
1931 жылы Маңғыстау өңірінде болған наразылық  туралы не білесің?
ІІ деңгей 
1929-31 ж.ж. қазақ шаруаларының баскөтеру себебі, сипаты, қозғаушы күштерін анықтаңдар?
Ұжымдастыруға, ауыр өнеркәсіпке көшу науқандары төңірегіндегі талас-тартыстарда Орталыққа өз пікірлерін ашық білдірген ұлт зиялыларынан кімдерді білесіздер?
 Т.Әлниязұлы, Ж.Мыңбаев туралы не білдіңдер?
ІІІ деңгей
Неліктен Кеңес өкіметі қарулы әскер жіберіп, халықты қырғынға ұшыратты? 
Неге олар мәселені бейбіт жолмен шешпеді?
Дербестік үшін, ата-жұрттың  азаттығы  үшін  тағы да қандай ұлт-азаттық  қозғалыстарды бастан өткізген едік?
Жаңаөзен  көтеріліс кезінде қаза болған қазақ жігіттері Нұрберген Тілеубергенов (1953-1989жж.), Төлен Жанаев (1952-1989жж.), Оңдасын Отарғалиев (1968-1989жж.) ерлік істерін қазақ жастары мәңгі есте сақтайды. 
 Кешегі 1986 жылғы жастардың бойынан табылған ұлтжандылық қазіргі жастардың бойынан табылады ма?

 Бүгінгі сабақтан қандай тәлім-тәрбие алдым деп ойлайсыңдар? 

 

 

 

 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!