Халықаралық қатынастардағы дипломатиялық терминдер — Қазақстан және қазақтар туралы — Рефераты на казахском языке — Библиотека

0

Агреман (келісім) – агреман. Агреман сұрау, агреман беру, жазбаша агреман, ауызша агреман
Адам құқықтары – права человека, әлеуметтік-экономикалық, азаматтық, саяси, мәдени және басқа да құқықтар мен бостандықтар кешені.
Азаматтық – гражданство, жеке тұлағаның мемлекетпен орнықты саяси-құқықтық байланысы. Зандық мағынада адамның мемлекетке қатысты болуы. Азаматық алу, азаматтықтан айырылуы.
Аймақтық келісімдер – региональные соглашения, көп тараптық халықаралық шарттар. Қатысушылары қандай да бір географиялық ауданда орналасқан мемлекеттер болып табылады.
Айналадағы ортаны қорғау – охрана окружающей среды, жер биосферасын сақтауға және жақсартуға бағытталған шаралар кешені. Қазіргі заманғы ғаламдық проблемалардың бірі.
Айрықша аумақтық тәртіптер (режимдер) – особые территориальные режимы, халықаралық-құқықтық тәртіптер. Қандай д бір шектеулі аумақтың немесе кеңістіктің құқықтық мәртебесі мен пайдалану тәртібін айқындады.
Ақпараттық агенттіктері – информационные агенства, мемлекеттік, кооперативтік немесе жекеменшік-коммерциялық ұйымдар. Ақпарат жинаумен және таратумен араласады. Бұқаралық ақпарат құралдарының әлемдік жүйесі. Халықаралық жаңа ақпараттық тәртіп ұстанымдары. Өз тілшілер торабы арқылы. Ел ішінде бұқаралық ақпарат құралдарының ұлттық жүйесі арқылы.
Альтернат, теңдестік – альтернат. Альтернатты қос тараптық шарттарда қолдану.
Аннексиялау, заңсыз қосып алу – аннексия. Басқа елді аннексиялау.
Араағайындық (бәтуагершілік) – посредничество, халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу құралдарының бірі, үшінші тараптың егеске араласуы ретінде қаралмайды.
Арнаулы аймақтар – специальная миссия, өкілдік және уақытша сипатқа ие және бір мемлекет екінші бір мемлекетке белгілі бір мәселелерді қарау үшін жібереді.
Артықшылықтар (жеңілдіктер) – преференции, сауда-экономикалық байланыстар саласындағы арнаулы артықшылықтар.

Басқыншылық, агрессия – агрессия. Басқыншылық соғыс, басқыншылық актісі, басқыншылықтың анықтамасы
Баспасөз мәслихаты – пресс-конференция, ресми адамдардың, саяси және қоғам қайраткерлерінің, ғылым және мәдениет өкілдерінің тілшілермен тақырыптық кездесуі, әңгімелесуі.
Бейбіт қатар өмір сүру – мирное сосуществование, қоғамдық құрылыс алуан түрлі мемлекеттердің өзара қарым-қатынастарындағы аса маңызды қағида.
Бейбіт қатар өмір сүрудің бес қағидасы. Халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу.
Бейбітшілік аймақтары – зоны мира. Аймақта кең ауқымды іс-шаралар жүзеге асырылады. Баянды бейбітшілікті, мемлекеттердің қауіпсіздігі мен жан-жақты ынтымақтастығын қамтамасыз ету. Жанталаса қарулануды шектеу. Шетелдік әскери базаларды жою.
Бейтараптық – нейтралитет, мемлекеттің айрықша халықаралық-құқылық мәртебесі. Соғыс кезіндегі (эветуальды) бейтараптық, тұрақты бейтараптық.
Бекіту – ратификация, мемлекеттік биліктің жоғарғы органының халықаралық шартты бекітуі. Көп тараптық шартты бекіту. Бекіту грамотасы депозитарийге сақтауға тапсырылады.
Босату қағазы – отпускные грамоты. Дипломатиялық арналар арқылы жолданады. Дипломатиялық өкіл қайтып кеткен соң.
БҰҰ Жарғысы бойынша мәжбүр ету шаралары – принудительные меры по Уставу ООН. Біріккен Ұлттар Ұйымының негізгі алты органының бірі. БҰҰ-ның ұйымдастыру-әкімшілік қызметін орындау үшін құрылған.
Бірлесім, коалиция – калиция, екі немесе бірнеше мемлекеттің, халықтың, саяси партиялардың және басқа да ұйымдардың блогы, одағы. Бірлескен бой көрсетуге немесе іс-әрекетке арналған. Саяси немесе әскери сипаттағы.
Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) – Организация Объединенных Наций. БҰҰ мақсаттары оның Жарғысында бекітілген. БҰҰ мүшелері мынадай қағидаларға сәйекс әрекет етуге міндеттенді. БҰҰ-ның негізі органдары Бас Ассамблея, Қауіпсіздік Кеңесі, Экономикалық және Әлеуметтік Кеңес (ЭКОСОС), Қамқоршылық Кеңесі, Халықаралық Сот Және Хатшылық болып табылады.
Бітімгер (парламентер) – параламентер, жауласушы тараптардың бірінің ресми өкілі. Соғыс әрекеттері аймағында жаумен келіссөздер жүргізу үшін. Бітімгерге тиісуге болмайды.
Виза – виза. Кету, келу және транзит визалары. Визасыз келу, кету. Дипломаттық виза. Сыртқы істер ведомствасы, дипломатиялық өкілдік немесе консулдық қояды.
Визит карточкасы – визитная карточка. Дипломатиялық протокол тәжірибесінде пайданалады. Аты, тегі және лауазымы басылады.
Геосаясат – геополитика. Қоғам өміріндегі географиялық факторлардың рөлі.
Дипломат, мәмілегер – дипломат, белгілі бір мемлекеттің шетелдік мемлекеттермен ресми карым-қатынастарын жүзеге асыру жөніндегі жұмыстарды жүргізетін өкілі. Қажетті арнаулы даярлығы бар.
Дипломат киімі – дипломатическая форма, дипломаттардың ерекше салтанатты жағдайларда киетін арнаулы киім түрлері. Сенім грамоталарын тапсыру кезінде, ұлттық мерекелерге байланысты қабылдауларда, мемлекет басшысының қабылдауларында.
Дипломатия, мәлімгерлік – дипломатия, мемлекеттің сыртқы саясатын жүзеге асыру құралы. Әскери емес, практикалық іс-шаралар, тәсілдер мен әдістер жиынтығы. Мемлекет және үкімет басшыларының ресми қызметі. Мемлекеттің сыртқы саясатының мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыру жөніндегі. Мемлекеттің, оның шетелдегі мекемелері мен азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі. Келіссөздер жүргізу өнері. Халықаралық жанжалдарды болдырмау немесе реттеу мақсатында. Халықаралық ынтымақтастықты өрістету және тереңдету. Аса жоғары және жоғары деңгейдегі ресми және өзге де сапарлар мен келіссөздер. Дипломатиялық конгрестер, мәслихаттар, мәжілістер және кездесулер. Қос тараптық және көп тараптық халықаралық шарттарды әзірлеу және жасасу. Көп тараптық дипломатия мемлекеттің дипломатиялық қызметіне үкімет басшылық жасайды. Тікелей жедел басшылықты сыртқа істер ведомствосы жүргізеді. Жаңа тәуелсіз мемлекеттер дипломатиясының негізгі мақсаттары. Олардың тәуелсіздігі мен мемлекеттік егемендігін қорғау.
Дипломатиялық агенттік – дипломатическое агентство, дипломатиялық өкілдіктің атауы. Қазіргі халықаралық практикада мемлекеттің дипломатиялық өкілдерінің жалпы атауы. Дипломатиялық агент. Елшіліктер мен миссиялардың дипломатиялық персоналды мүшелеріне арналған. Шетелдік консулдықтардың орналасқан, көп мөлшердегі шетелдіктердің өту пункттерінде.
Дипломатиялық артықшылықтар мен иммунитеттер – дипломатические привилегии и иммунитеты. Шетелдік дипломатиялық өкілдерге арнаулы миссияларға, мемлекеттердің халықаралық үкіметаралық ұйымдар жанындағы өкілдіктеріне, олардың басшылары мен қызметкерлеріне беріледі. Салықтардан босату.  Өз үкіметімен байланыс еркіндігі. Кеден артықшылықтары. Өкілдік үйіне жалау мен елтаңба ілу құқығы.
Дипломатиялық баспана —  дипломатическое убежище. Дипломатиялық және консулдық өкілдіктер үй-жайларында баспана беру. Дипломатиялық баспана туралы  шарттық нормалар. Олардың қолданылу тәжірибесі қарама-қайшылықты. Мемлекеттердің көпшілігі танымайды.
Дипломатиялық бой көрсету (іс-қимыл), демарш – демарш. Нысаны жағынан нота, жадығат, мәлімдеме, т.б. болуы мүмкін. Халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған нормаларын сақтай отырып жүзеге асырылады.
Дипломатиялық жалғастықтар (жалғасулар) – дипломатические контакты, мемлекеттердің басшы қайраткерлері арасындағы жеке жалғастықтар. Мезгіл-мезгіл кездесулер жолымен жүзеге асырылады. Дипломатиялық конференциялар, сапарлар, келіссөздер, дипломатиялық қабылдаулар барысында.
Дипломатиялық жолығысулар (сапарлар) – дипломатические визиты. Протокол бөлімі бастығымен жолығысу. Тіркеу тәртібі және жергілікті протокол тәжірибиесінің мәселелері. Сыртқы істер министрімен жолығысу. Сенім грамотасының, кері шақыру грамотасының көшірмелері. Сенім грамотасын тапсыру. Ресми адамдармен жолығысу. Жеке жолығысулар (сапарлар). Ресми делегациялардың жолығысулары (сапарлар).
Дипломатиялық келіссөздер – дипломатические переговоры. Ресми талқылау. Екі тараптық және көп тараптық катынастардың саяси, экономикалық және басқа да мәселелерін, даулар мн жанжалдарды бейбіт шешудің негізгі құралы. Дипломатиялық келіссөздерге қатысушылар деңгейі. Оларға қатысушылардың жеке кездесуі жолымен немесе дипломатиялық хат-хабар жазысу арқылы (жазбаша). Сыртқы саясат стратегиясын, тактикасын немесе тиісті дипломатиялық іс-қимылды келісу мақсатымен. Алдын ала үлкен даярлық жұмыс жүргізілді. Пікірлер, ақпарат алмасу.
Дипломатиялық корпус – дипломатический корпус. Шетелдік дипломатиялық өкілдіктер басшыларының жиынтығы. Дипломатиялық өкілдіктердің барлық дипломатиялық қызметкерлері. Дипломатиялық корпустың ұжымдық бой көрсетулері. Рәсімдік (протоколдық) мәселелер бойынша. Дипломатиялық корпус дуайені.
Дипломатиялық қабылдау (аудиенция) – дипломатическая аудиенция. Қабылдау сипаты. Мемлекет басшысының дипломатиялық өкілді қабылдауы.
Дипломатиялық қабылдаулар – дипломатические приемы, маңызды оқиғалар мен мерекелік күндерді атап өту үшін өткізілетін ресми шаралар.
Дипломатиялық қатынастар – дипломатические отношения, мемлекеттер арасындағы ресми қатынас. Халықаралық құқық нормаларына және халықаралық қатынас тәжірибесіне сәйкес. Дипломатиялық қатынастар орнату фактісі. Дипломатиялық өкілдіктер деңгейі. Өзара келісім бойынша.
Дипломатиялық қатынастарды үзу – разрыв дипломатических отношений, дипломатиялық қатынастарды тоқтату. Дипломатиялық өкілдіктерді кері шақырып алу.
Дипломатиялық миссия – дипломатическая миссия, уәкіл немесе сенімді өкіл басқаратын дипломатиялық өкілдік.
Дипломатиялық мұрағаттар – дипломатические архивы. Дипломатиялық және консулдық мұрағаттарға тиісуге болмайды.
Дипломатиялық нота – дипломатическая нота, дипломатиялық хат-хабар құжатының түрі. Вербальды және жеке түрлерге бөлінеді. Вербальді нота үшінші жақта түзіледі. Нота бланкісіне басылады және оған қол қойылмайды. Мөр басылады және мекен-жайы көрсетіледі. Жеке нота оған қол қоюшының атынан бірінші жақта жасалады. Мөр қойылмайды.
Дипломатиялық өкілдік – дипломатическое представительство, шетелдік мемлекеттік сыртқы қарым-қатынастар органы. Дипломатиялық өкіл басқарады. Елші басқаратын өкілдік елшілік деп аталады. Уәкіл немесе тұрақты сенімді өкіл басқаратын өкілдік миссия деп аталады. Елшілік пен миссияға нунциатуралар мен интернунциатуралардың пап өкілдіктері сәйкес келеді. Халықаралық ұйымдар жанында. Байқаушылар миссиялары. Жартылай тұрақты сипаттағы дипломатиялық өкілдік.
Дипломатиялық пошта – диломатическая почта, мемлекет пен оның шетелдергі дипломатиялық, консулдық және басқа да өкілдіктері арасындағы байланыс. Ресми хат-хабар, құжаттар және қызметтік пайдалануға арналған заттар дипломатиялық вализаға оралып, буып-түйіледі.
Дипломатиялық протокол – дипломатический протокол, жалпы жұрт қабылдаған ережелер, дәстүрлер және шарттылықтар жиынтығы. Халықаралық қатынаста үкіметтер, сыртқы істер ведомстволары, дипломатиялық өкілдіктер және ресми адамдар сақтайды. Әрбір елдің дипломатиялық протоколының өз ерекшеліктері бар. Дипломатияның маңызды саяси құралы болып табылады. Мемлекеттік протокол.
Дипломатиялық сыныптар және дәрежелер – дипломатические классы и ранги. Өкілдіктер басшылары үш сыныпқа бөлінеді. Елшілер мен нунцийлер, уәкілдер мен интернунцийлер мемлекет басшысының жанында тіркеледі. Сенімді өкілдер сыртқы істер министрлері жанында тіркеледі. Ерекше қызметтік атақтар. Дипломатиялық дәрежелер жүйесі ішкі заңдармен белгіленеді. Елші мен уәкіл қызметтік атақтарын әдетте мемлекет басшысы береді. Қалған барлық атақтарды сыртқы істер министрі береді.
Дипломатиялық тіл – дипломатический язык. Ресми дипломатиялық қарым-қатынастар жүргізіледі. Дипломатиялық құжаттар жасалады (түзеледі). Жалпы жұрт қабылдаған дипломатиялық терминдер мен сөз орамдары. Ресми тілдері.  Жұмыс тілдері. БҰҰ басты органдарының ресми тілдері. Ағылшын, араб, испан, қытай, орыс және француз тілдері.
Дипломатиялық үлкендік – дипломатическое старшинство. Дипломатиялық протоколдың аса маңызды ережелерінің бірі. Дипломатиялық корпус ұжымы арасындағы үлкендік дәрежесінде байланысты сақталады. Дипломатиялық өкілдік басшылары арасындағы өзара үлкендігіне байланысты.
Дипломатиялық хат-хабар жазысу – дипломатическая переписка, дипломатиялық сипаттағы алуан түрлі ресми хат-хабар мен құжаттамалардың жиынтығы. Мемлекеттің сыртқы саяси және дипломатиялық қызметінің негізгі нысандарының бірі.
Дипломатиялық шабарман – дипломатические курьер. Дипломатиялық поштаны жеткізіп беру тапсырылады. Жеке басына тиіспеушілік пайдаланады. Тұтқындалуға немесе ұсталуға жатпайды.
Достастық – соодружество. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы. Бұрынғы кеңес республикаларының мемлекетаралық бірлестігі. Ұлыбритания және оның көптеген бұрынғы отарлары мен тәуелді аумақтары құрамындағы мемлекетаралық бірлестік.
Егес, конфронтация – конфронтация, мемлекеттер арасындағы қатынастардағы қарама-қарсы тұрушылық. Әскери қақтығыстың туындауы.
Елші – посол, дипломатиялық өкілдіктің 1-сыныпты басшысы. Төтенше және Өкілетті Елші. Жоғары дипломатиялық дәреже.
Елшілік – посольство. Дипломатиялық өкілдік. Төтенше елшілік. Арнаулы үкімет делегациясы. Ел тәуелсіздігінің жариялануына байланысты.
Жаднама жазба – памятная записка, дипломатиялық хат-хабар құжаттарының бір түрі.
Жадығат, меморандум – меморандум, дипломатиялық құжат түрі. Дипломатиялық нотаға қосымша. Нотаға қоса жолданатын жадығат нота қағазына басылады.
Жазбаша мәлімдеу, нотификация – нотификация, дипломатия және шарт жасасу практикасында кең таралған ресми мәлемдеме. Дипломатиялық нота немесе басқа құжаттар тапсыру жолымен жүргізіледі.
Жариялау – промульгация, халықаралық шартты ел ішіндегі жұртшылыққа жария ету. Оны жариялау жолымен жүзеге асырылады.
Жасырын шарттар – тайные договоры. Үкіметтердің өз халқынан жасырын жасасқан және жарияланбаған шарттары.
Заңқұзіреті (мемлекеттің) – юрисдикция (государства), мемлекет органдарының фактілерге құқықтық баға беру, санкциялар белгілеу, заңдық дауларды шешу, қандай да бірқұқықтық мәселелерді шешу өкілеттіктері. Мемлекет өз аумағының шегінде заңқұзіретін толық көлемде жүзеге асырады.
Иммигранттар – иммигранты, бір мемлекеттің екінші мемлекет аумағына тұрақты немесе ұзақ уақытқа қоныс тепкен азаматтары.
Кедендік артықшылықтар – таможенные привилегии, жүктерін, жеке қол жүктерін және басқаларын кедендік тексеруден  және кедендік баж салығынан босату. Шетелдік дипломатиялық өкілдіктерге, консулдық мекемелерге, халықаралық үкіметаралық ұйымдарға және олардың жанындағы шетелдік мемлекеттер өкілдіктеріне беріледі. Мемлекеттік шекара арқылы өтетін белгілі бір адамдар санатына.
Кедендік тексеру – таможенный контроль, елдің кеден мекемелерінің оның кеден заңдары мен ережелерін заңды тұлғалар мен жеке адамдардың сақтауына бағытталған іс-әрекеттер жиынтығы. Жүктерді тасып әкелу, әкету немесе транзит арқылы алып өту тәртібі.
Кемсітушілік, дискриминация – дискриминация, екінші бір мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерін бір мемлекеттің шектеуі немесе кемсітуі (қысым көрсетуі). Халықаралық адам құқығын қорғау саласында. Нәсілдік, ұлттық, діни, саяси, тілдік және т.б. кемсітушілік.
Кері шақыру қағаздары (грамоталары) – отзывные грамоты, дипломатиялық өкілді кері шақырып алу.
Конвенция, келісім-шарт – конвенция. Конвенция оның қатысушыларына нақты міндеттемелер жүктейді.
Кондоминиум, бірлесіп басқару – кондоминиум. Басқаша жолмен шешілмейтін қайшылықтар. Жоғары билікті бірлесіп иелену, бірлесіп жүргізу.
Консул – консул, бір мемлекеттің лауазымды тұлғасы. Екінші бір мемлекетке тағайындалады. Консулдық артықшыларды және иммунитеттерді пайдаланады. Штаттағы немесе штаттан тыс.
Консулдық алымдар – консульские сборы. Атқарылған консулдық қызметтері үшін. Паспорттар бергені үшін немесе олардың қолданыс мерзімін ұзартқаны үшін. Визалар бергені үшін.
Консулдық артықшылықтар мен иммунитеттер – консульские привилегии и иммунитеты. Консулдық мекемелерге, консулдық лауазымды тұлғаларға және консулдық мекеме қызметкерлеріне беріледі. Консулдық үйінде жіберген мемлекеттің консулдық тақтасын орнату және жалауын көтеру құқығы. Өз үкімітімен, өз елінің дипломатиялық өкілдігімен және консулдық мекемелерімен бөгетсіз байланысу құқығы. Салықтардан, адамдардың және баждардың кез келген түрінен босату.
Консулдық дәрежелер – консульские ранги, консулдардың айрықша қызметтік атақтары. Бас консулдар, консулдар, вице-консулдар, консулдық агенттер.
Консулдық корпус – консульский корпус. Консулдық мекемелер басшылары. Шетелдік консулдық мекемелердің барлық консулдық лауазымды тұлғалары. Консулдық қатынастар. Консулдық қатынастар орнату. Мемлекеттер арасындағы өзара келісім бойынша.
Консулдық мекеме – консульское учреждение, мемлекеттік тұрақты сыртқы қатынастар органы. Екі мемлекет арасындағы шарт негізінде шетелдік мемлекет.
Консулдық аймақ (округ) – консульский округ, оның шегінде консулдық міндеттерін атқаратын консулдық лауазымды тұлғаның барған мемлекеттің аумағы. Консулдық аймақ консулдық патентте немесе консулдық мекеме басшысын тағайындау туралы өзге құжатта көрсетіледі.
Консулдық патент – консульский патент. Аталмыш адамның консулдық мекеме басшысы ретінде тағайындалу фактісін растайды. Осы адамның толық аты, азаматтығы, консулдық дәрежесі, сондай-ақ консулдық аймақ көрсетіледі. Консулдық орналасқан жер.
Консулдық тақта – консульский щит, жіберген мемлекеттің белгісі (эмблемасы). Оның елтаңбасы бейнесі мен консулдық мекеме атауы.
Көңіл айту (дипломатиялық тәжірибиеде) – соболезование                                   (в дипломатической практике), ел басына орнаған бақытсыздыққа байланысты ресми көңіл айту. Мемлекет басшысының, үкімет басшысының, басқа да көрнекті басшы қайраткердің қазасына байланысты, аса қатты бүліншілікке, адам өліміне соқтырған табиғат апатына байланысты. Аза жарияланған елдегі дипломатиялық корпус білдіреді.
Көптараптық дипломатия – многосторонняя дипломатия, бірнеше мемлекет өкілдері қатысатын дипломатиялық қызмет.
Күшін жою (тоқтату) – денонсация. Мемлекеттің өзі жасасқан халықаралық шарттан бас тартуы. Тиісті түрде ресімделген бас тартушылық. Халықаралық шарт күшінің заңды түрде тоқтатылуы.
Кірігу, интеграция – интеграция. Дамушы мемлекеттер арасындағы кірігу үдерісі (процесі). Экономикалық кірігу.
Кіріспе (преамбула) – преамбула, халықаралық шарттың кіріспе бөлігі.
Қабылдаушы мемлекет – принимающее государство. Дипломатиялық практикада және халықаралық құқықты. Аумағында халықаралық мәслихат, мәжіліс өткізілетін мемлекет. Халықаралық Ұйымның штаб-пәтері немесе шетелдік мемлекеттің өкілдігі орналасқан.
Қарар – резолюция, халықаралық конференция немесе халықаралық үкіметаралық ұйым органы қабылдайтын шешімдердің түрі. Кеңес беру сипатында болады.
Қарусыздану – разоружение. Қазіргі заманның маңызды ғаламдық проблемаларының бірі. Жаппай және толық карусыздану. Әлемнің барлық мемлекеттерінің карулы күштерін таратуы.
Қол сұқпау, араласпау – невмешательство. Халықаралық құқықтың негізгі қағидаларының бірі. Өзге мемлекеттің ішкі және сыртқы істеріне тікелей немесе жанама қол сұғуға құқы жоқ.
Қорытынды акті – заключительный акт, халықаралық конференция қорытындылайтын құжаттың атауы. Қостараптық келіссөздердің немесе халықаралық кеңестердің қорытынды құжаты.
Қорытынды хаттама – заключительный протокол. Қостараптық немесе көптараптық келісімдерге қосымша. Келісімнің ажырамас бөлігі. Ескертпелер, нақтылаулар, түсініктемелер.
Құзірет – прерогатива, қандай да бір мемлекет органға немесе лауазымды тұлғаға тиесілі айрықша құқық.
Құн төлеу (репарация) – репарация, халықаралық құқық субъектісінің материалдық жауапкершілік нысаны.
Мазмұндама – коммюнике, халықалық келіссөздер барысы немесе нәтижелері туралы ресми хабарлама. Бірлескен мазмұндама.
Мемлекеттік аумақ – государственная территория, жер шарының белгілі бір мемлекет шекаралары шегінде орналасқан және оның егеменді иелігіне қарайтын жоғарғы бет-бөлігі. Құрлықтағы, судағы және әуедегі аумақтар болып бөленеді. 
Мемлекеттік әнұран – государственный гимн. Мемлекет егемендігінің нышаны. Мемлекеттік ресми шаралар, мерекелік салтанат кездерінде орналады. Шетелдік мемлекеттік (үкіметтік) делегацияларды қарсы алу және шығарып салу кездерінде.
Мемлекет басшысы – глава государства, елдің мемлекеттік басшылығы мен сыртқы өкілдігінің ең жоғарғы конституциялық органы. Мемлекет басшысының сыртқы қатынастар саласындағы өкілеттігі.
Мемлекеттік жалау – государственный флаг, мемлекет егемендігінің рәмізі. Дипломатиялық және сауда өкілдіктері, консулдық мекемелер үйлерінде көтеріледі.
Мемлекеттік сапарлар – государственные визиты. Мемлекеттердің сыртқы саяси қызметінің маңызды нысаны. Мемлекет, үкімет басшыларының, жоғары деңгейдегі рәсімі делегациялардың сапарлары.
Мемлекеттік хатшы – государственный секретарь. Негізінен сыртқы саясатты әзірлеуге және жүзеге асыруға жауап береді. Түрлі елдердің мемлекеттік хатшыларының міндеттері мен құқықтарын тиісті елдердің ішкі заңдары белгілейді.
Мемлекеттік шекаралары – государственные границы. Мемлекет аумағының шегін айқындайды. Мемлекет егемендігінің таралу шегі. Шектес мемлекеттер арасындағы құрлық және теңіз арқылы өтетін мемлекеттік шекаралар. Мемлекеттік шекараның мызғымастық қағидасы.
Мемлекеттің шетелдік заңқұзіретке қарсы иммунитеті – иммунитет государства от иностранной юрисдикцией. Мемлекеттердің егемендік және егеменді тепе-теңдік ұстанымдары.
Мемлекеттердің мәдени ынтымақтастығы – культурное сотрудничество, мемлекеттер арасындағы қатынастар нысандарының бірі. Орындаушылық және бейнелеу өнері саласындағы алмасулар. Ғалым, білім, денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық. Мәдени құндылықтар.
Ноталар алмасу – обмен нотами. Халықаралық шарттар жасау нысандарының бірі. Мемлекеттер арасында келісімдер жасасу кезінде пайдаланылады. Дипломатиялық қатынастар орнату кезінде. Дипломатиялық миссияны елшілік етіп қайта құру кезінде.
Одақтастық (халықаралық құқықта) – уния (в международном праве), екі немесе бірнеше мемлекеттің бір басшысы бағынатын бірлестік нысаны. 
Өкілеттік – полномочия. Онда көрсетілген адамның халықаралық шартқа қол қою құқығын куәландыратын құжат.
Өтемқұн – реституция, халықаралық құқық субъектілерінің материалдық жауапкерлік нысандарының бірі. Заңсыз іс-әрекет салдарынан келтірілген материалдық залалдың орнын толтыру.
Персона грата (жағымды тұлға) – персона грата, оған өзі тағайындалатын мемлекет үкіметінің келісімі берілген дипломатиялық өкіл. Келуге рұқсат (виза) оған кез-келген өзге дипломатиялық  өкіл.
Персона нон грата (жағымсыз тұлға) – персона нон грата, дипломатиялық қызмет мүшесі. Қолайсыз адам ретінде.
Протекторат – протекторат. Отаршылдық тәуелділік нысандарының бірі. Бір мемлекет екінші бір мемлекетке өзінің сыртқы қатынастарын жүргізуді және өзін қорғауды тапсырады.
Ресми және жұмыс тілдері – официальные и рабочие языки, ұйымның ресми тілі. Конференциялық жұмыс тілі.
Рұқсатнама, лицензия – лицензия. Экспорттық немесе импорттық рұқсатнама. Тауарларды әкетуге немесе әкелуге рұқсат. Патенттік рұқсатнама. Өнертапқыштықты, тауар белгісін пайдалануға рұқсат.
Сенім грамоталары – вверительные грамоты. Сенім грамоталарын тапсыру. Дипломатиялық өкілді тағайындайтын мемлекеттік басшысы қол қояды. Елшілерге, уәкілдерге   (төтенше),  делегациялар басшыларына беріледі. 
Сенім шаралары – меры доверия. Мемлекеттік ұжымдық және бір тараптық  бой көрсетулер (іс-әрекеттері). Сенім мен қауіпсіздікті нығайту жөніндегі шаралар.
Соғыс ашпау, шабуыл жасамау – ненападение, қандай да ірі мемлекеттің екінші бір мемлекетке қарсы бірінші болып қарулы күш қолданбауы. Халықаралық құқықтың негізгі қағидаларының бірі.
Мәртебе (статус) – статус, халықаралық құқықта жеке адамның немесе заңды тұлғаның құқықтық жағдайы.
Статут – статут, халықаралық құқықта әдетте қандай да бір халықаралық органды құру және оның жұмыс тәртібі туралы ереже. Халықаралық шарт түрінде қабылданады.
Сыртқы одақ, конфедерация – конференция. Мемлекеттік құрылым нысаны. Екі немесе бірнеше егемен мемлекеттердің тұрақты одағы.
Сыртқы саясат – внешняя политика. Мемлекеттің халықаралық істердегі жалпы бағыты. Мемлекеттер мен халықтар арасындағы қарым-қатынастарды реттейді. Сыртқы саясаттың аса маңызды құралы.
Сыртқы саясат ақпараты – внешнеполитическая информация. Сыртқы саясат ақпаратының міндеттері. Сыртқы саяси ақпараттың маңызды көздері. Елшінің премьер-министрі, сыртқы істер министрімен және үкіметтің басқа да мүшелерімен әңгімелесулері. Мемлекеттің сыртқы істер және ішкі саясаты мәселелері жөніндегі ресми құжаттарды зерттеу.
Сыртқы саясат болжамы – внешнеполитическое прогнозирование, болуы мүмкін өзгерістер тенденцияларын талдау. Әлеуметтік болжамдау.
Сыртқы саясатты жоспарлау – внешнеполитическое планирование, сыртқы саяси қызмет жоспарын қалыптастыру процесі. Мемлекеттің сыртқы саясатының сан алуан бағыттағы міндеттерін айқындау. Сыртқы саяси іс-шаралардың кешенді жоспарларын әзірлеу. 
Сыртқы саясат құралдары – средства внешней политики, халықаралық салада өз мақсатына жету үшін пайдаланылатын күштер мен ресурстар жиынтығы. Ақпараттық және материалдық құралдар деп бөлінеді. Ақпараттық құралдарға дипломатиялық байланыс арналары арқылы ықпал ету құралдары жатады. Материалдық ықпал ету экономикалық құралдарды пайдалану болып табылады.
Сыртқы істер министрлігі – министерство иностранных дел. Мемлекеттік департамент. Сыртқы қатынастар министрлігі. Ведомствоның құрылымы. Аумақтық, функционалдық және әкімшілік бөлімдер, басқармалар және департаменттер.
Талап (үзілді-кесілді), ультиматум – ультиматум, бір мемлекет үкіметінің екінші бір мемлекет үкіметінен көрсетілген мерзім ішінде белгілі бір іс-әрекет жасауын үзілді-кесілді талап етуі.
Соғыс кезінде әскери басшылық жау әскеріне үзілді-кесілді талап коюы мүмкін. Жазбаша немесе ауызша нысанда қойылуы мүмкін.
Тараптар – стороны. Уағдаласушы тараптар. Қостараптық келіссөздер. Көптараптық шарттар.
Тауарлық белгі – товарный знак, оларды даралау мақсатында тауарларға салынатын шартты белгі немесе дербес көркем бейне.
Тежеуіл, мораторий – мораторий, халықараылқ құқық субъектілерінің қандай да бір іс-әрекетті кешеуілдетіп немесе тежеу туралы уағдаластығы. Белгілі бір мерзімге тежеуілдетілуі.
Тең төрағалар – сопредседатели. Кейбір халықаралық конференциялардың немесе орган сессиясы төрағасының міндеттерін бір мезгілге екі мемлекеттің өкілі атқарады
Төтенше жағдай – чрезвычайное положение, елдегі немесе оның жекелеген аудандарындағы құқықтық жағдай. Сыртқы немесе ішкі қатерден қорғау, қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында айрықша шаралар қолданылуы мүмкін.
Төтенше заң шығару – чрезвычайное законодательство, елде қандай да бір айрықша ахуал орнаған жағдайда қабылданатын заң актілері. Атқарушы билікке төтенше өткілеттіктер мен төтенше жағдай енгізу құқығын береді.
Транзит (халықаралық) – транзит (международный), қандай да бір мемлекеттің аумағы арқылы шетел азаматтарының сондай-ақ шетелдік жүктердің, көлік құралдарының, пошта жөнелтілімдерінің өтуі. Әдетте өзаралық негізінде беріледі.
Тізе бүгу (капитуляция) режимі – режим капитуляций. Айрықша құқықтық режим.
Тіркеу – аккредитование. Дипломатиялық өкілді тіркеу. Журналистерді тіркеу.
Уағдаластықтан бас тарту, келіспеушілікті мәлімдеу – дезавуирование. Тиісті тапсырманың болмауы. Өкілеттігін асыра пайдалану.
Уақытша сенімді өкіл – временный поверенный в делах. Дипломатиялық өкілдікті оның басшысының жоқ болған кезінде басқарады. Уақытша сенімді өкіл тағайындау. Дипломатиялық өкілдің барлық құқықтары мен артықшылықтарын пайдаланады.
Уәкіл – посланник. Дипломатиялық өкілдіктің 2-сыныпты башысы.
Ұлттық тәртіп (режим) – национальный режим. Құқықтық тәртіп түрі. Шетелдік заңды және жеке тұлғаларға таралады (қолданылады). Шектеусіз және шектеулі.
Үкімет басшысы – глава правительства. Үкіметтің қызметіне басшылық жасайды. Әр түрліелдерде ресми түрде түрліше аталады. Дипломатиялық және өзге де ресми өкілдерді қабылдауға құқылы.
Халықаралық аймақ (зона) – международная зона. Мүдделі тараптар белгіленген. Басқарудың айрықша халықаралық тәртібі.
Халықаралық кепілдіктер – международные гарантии, халықаралық құқық нормаларын сақтау және халықаралық міндеттемелердің орындалуын қаматамасыз ету тәсілі. Халықаралық қатынастарда қалыптасқан ахуалдың сақталуы туралы кепілдік шарттар.
Халықаралық бәтуагершілік (концессия) – международная концессия, нақты өндіріс-экономикалық қызметті жүзеге асыру құқығын беру. Арнаулы шартқа сәйкес.
Халықаралық қатынастар – международные отношения, экономикалық саяси, идеологиялық, құқылық, дипломатиялық, әскери және басқа да қатынастар жиынтығы. Мемлекетаралық қатынастар. Халықаралық демократиялық қозғалыс.
Халықаралық қатынастардың теориясы – теория международных отношений. Қоғамдық қатынастардың ерекше саласы. Халықаралық жағдайы және нақты сыртқы саяси ахуалды талдаудың, бағалаудың және дамуын болжаудың теориялық негізі. Сыртқы саясаттың стратегиясы мен тактикасын әзірлеу.
Халықаралық қатынастарға күш қолданбау – неприменение силы в международных отношениях, аумағына тиіспеушілікке қарсы күш қолдану қатерінен немесе оны қолданудан бас тарту.
Халықаралық қауіпсіздік —  международная безопасность. Халықаралық қатынастардың жай-күйі. Бірлескен күш-жігер арқылы қамтамасыз етіледі. Ұжымдық қауіпсіздік.
Халықаралық құқық – международное право. Заңдық қағидалар мен нормалар жүйесі. Заң ғылымдарының саласы.
Халықаралық құқық субъектілері – субъект международного права, халықаралық қатынастардың халықаралық құқық бойынша құқықтар мен міндеттемелерге ие болып табылатын қатысушылары. Халықаралық құқықтың егемен субъектілері. Мемлекеттер мен тәуелсіздік үшін күресіп жатқан ұлттар мен халықтар. Халықаралық құқықтың егемен емес субъектілері. Халықаралық үкіметаралық ұйымдар. Ерікті қалалар тәрізді айрықша саяси бірліктер.
Халықаралық құқықты қисындау – кодификация международного права. Халықаралық құқықтың қолданыстағы нормаларын реттеу. Халықаралық құқықтың түрлі негіздерін зерттей және есепке ала отырып.
Халықаралық құқықтың негізгі қағидалары – основные принципы международного права. Халықаралық қатынастарда күш қолданбау. Халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу. Кез келген мемлекеттің ішкі істеріне қол сұқпау. Мемлекеттердің егеменді теңдігі.
Халықаралық-құқықтық жал (жалдау) – международно-правовая аренда. Жалға беруші мемлекет. Жалдаушы мемлекет.
Халықаралық-құқықтық жауапкершілік — международно-правовая. Айрықша халықаралық-құқықтық институт. Халықаралық құқықтың кағидалары мен калыптарының бұзылуы салдарынан туындайды.
Халықаралық-құқықтық тану – международно-правовое признание, мемлекеттердің жаңа мемлекеттерді немесе үкіметтерді тануы. Олармен ресми немесе ресми емес қатынастар орнату мақсатында.
Халықаралық мәслихат (конференциялар) – международные конференции. Алуан түрлі атаулары бар. Мәслихаттар, конгрестер, кеңестер, колоквиумдар, жиындар және т.б. Үкіметаралық және үкіметтік емес, шартараптық және аймақтық.
Халықаралық өзендер – международные реки. Халықаралық сипаттағы ішкі су жолдары. Бірнеше мемлекеттің аумағы арқылы ағып өтеді.
Халықаралық сыпайыгершілік – международная вежливость. Халықаралық сыпайгершілік актілері.
Халықаралық тауар келісімдері – международные товарные соглашения. Көптараптық экономикалық келісімдердің ерекше түрі. Белгілі бір шикізат тауарының әлемдік рыногын реттейді. Сұраныс пен ұсынысты теңдестіру жолымен.
Халықаралық терроризм – международный терроризм, адамдар өліміне әкеліп соқтыратын халықаралық ауқымдағы қоғамдық қауіпті іс-әрекет. Мемлекеттер мен олардың өкілдерінің қалыпты дипломатиялық қызметін бұзады. Әуе кемелерін басып алу.
Халықаралық төрелік – международный арбитраж. Халықаралық төрелік сот.
Халықаралық ұйымның жарғысы – устав международной организации. Халықаралық ұйым қызметінің мақсатын, принциптерін, жұмыс істеу тәртібі мен ұйымдастыру нысандарын белгілейтін құжат. Мүше болу шарттарын, қаржыландыру тәртібін белгілейді.
Халықаралық шарттарды түсіндіру – толкование международных договоров, халықаралық шарттың түпкі мәні мен мазмұнын айқындау. Оның шарттарын барынша толық және дәлме-дәл жүзеге асыру мақсатында.
Халықаралық шарттарды тіркеу – регистрация международных договоров, арнайы тізімге халықаралық шартты енгізу. БҚҚ және басқа да халықаралық ұйымдар хатшылықтарында жүзеге асырылады.
Халықаралық шиеленісті бәсеңдету – разрядка международной напряженности, шиеленісті шешу және мемлекеттер арасындағы қатынастарды қалыпқа түсіру үдерісі. Бейбіт қатар өмір сүру негізінде.
Хаттама – протокол, халықаралық шарттар атауларының бірі. Негізгі шартқа қосымша болып табылады. Қорытынды хаттама. Қол қою хаттамасы. Шартқа түзету енгізу туралы хаттама.
Шапқыншылық – интервенция, бір немесе бірнеше мемлекеттің екінші бір мемлекеттің істеріне қол сұғушылығы. Қарулы күштерді пайдалану жолымен. Шапқынщылыққа тыйым салу.
Шарт – договор. Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы шарт. Халықаралық шарттар. Қос тараптық, көп тараптық. Сауда және төлем. Уағдастық негізінде.
Шекаралық бақылау – пограничный контроль, мемлекеттік шекара тәртібін қамтамасыз етуге байланысты шаралар кешені.
Шекаралық өзендер – пограничные реки. Мемлекеттік шекара арқылы өтетін өзеңдер.
Шекаралық шарттар – пограничные договоры, шектес мемлекеттер арасындағы келісімдер. Шекараны белгілеу, айқындау. Шекара сызығының жалпы бығытын айқындау. Келіссөздер жолымен. Шекара сызығы өтуінің сипаттамасы. Айқындалған шекара сызығы картаға түсіріледі.
Шекараны жүргізу (орнату) – демаркация границы, жергілікті жерде мемлекеттік шекараны орнату. Оны арнаулы шекаралық айырым белгілермен көрсете отырып. Шекараны айқындау туралы құжаттар негізінде. Шекара белгілері орнатылады.
Шекараны қайта жүргізу – редемаркация границы, мемлекеттік шекараның жүргізілген сызығын бірлесіп тексеру және жергілікті жерде қалпына келтіру. Шекара белгілерінің бүлінгендерін алмастыру және жаңаларын орнату.
Шекараны түзету – ректификация границы, мемлекеттік шекара сызығын болмашы ғана нақтылау, өзгерту.
Шетелдіктер – иностранцы, аталмыш мемлекеттің азаматтары болып табылмайтын және өздерінің басқа мемлекет азаматына жататындығы туралы дәлелдемелері бар адамдар.
Тұрақты тұратын және уақытша болатын шетелдіктер. Шетел азаматтарының айрықша санаты. Дипломатиялық және консулдық өкілдіктер басшылары мен қызметкерлері.
Ішкі одақ, федерация – федерация, заңдық тұрғыда белгілі бір саяси дербестікке ие бірнеше мемлекеттік құрылымдардың бір одақтас мемлекет құратын мемлекеттік құрылым нысаны.
Ішкі сулар – внутренние воды. Мемлекеттің аумақтық суларын қоспағанда. Мемлекеттің күллі сулы аумағы. Ішкі сулардағы кеме жүзу режимі. Ұлттық заңдармен реттеледі.
Экзекватура – экзекватура, қабылдаушы мемлекет үкіметінің шетелдік консулды сол лауазымды иесі ретінде танитын куәландыратын ресми құжат. Экзекватура нысанын қабылдаушы мемлекеттің ішкі заңдары белгілейді. Мемлекет басшысының қолымен және мөрмен расталады.
Экономикалық аймақ – экономическая зона. Аумақтық сулармен шектесетін теңіз ауданы. Жағалау мемлекеті аумағының құрамына енбейді. Теңіз құқығында.
Эмиссар – эмиссар, мемлекеттің немесе жекеменшік ұйымның басқа елдегі түрлі тапсырмаларын орындайтын арнаулы өкілі. Эмиссардың миссиясы ресми сипатта болмайды.
 

Рахмет ретінде жарнаманы басыңыз!