Халықаралық өндірісті кооперациялау | Скачать Материал

0
199

1. Негізгі құралдар және тұрғын үйлерді, ғимараттарды, өткізгіш жабдықтарды
пайдалануға қабылдағанда күрделі құрылыстан: машиналарды, жабдықтарды,
көлік құралдарын алғанда; шаруашылықтың өзінде өндірістік және шаруашылық
шығындарды дайындағанды; жас төлдерді негізгі табынға ауыстырғанда;
көпжылдық екпелерді негізгі құралдардың есебіне алғанда; тегін пайдалануға
түскенде және басқа кәсіпорындарынан сатып алғанда түседі.
Күрделі құрылыстан, сатып алынған, тегін пайдалануға алынған
объектілерді қабылдағанда және негізгі құралдарды шаруашылықтың өзінде
дайындағанда әрбір объектіге негізгі құралдарды қабылдау-өткізу актісі
жасалады. Оларға шаруашылық инвентарының, аспаптың және жабдықтың бірнеше
объектілерін қабылдау, егер олар бір типте және бірдей құнды болса,
хаттануы мүмкін. актыларда объектіге сипаттама беріледі, оның техникалық
жағдайларға сәйкес келуі, жинаудың нәтижелері және басқалары көрсетіледі.
Оларды білікті қызметкерлерден тұратын комиссия жасайды. Бекітілгеннен
кейін акты және техникалық құжаттар (паспорттер, чертеждер, схемалар)
бухгалтерияға беріледі. Бухгалтерия оларды негізгі құралдарды есептеудің
инвентарлық карточкаларын толтыру үшін пайдаланылады. Шаруашылыққа түскен
негізгі құралдарды сақтауға материалдық жауапты адамдарға береді. Оларды
бір өндірістік бөлімшеден екіншісіне беруді чек-наклоднойлар бойынша
жүргізіледі. Олар инвентарлық карточкаларға объектілердің тұрған жері
және материалдық жауапты адамдар туралы өзгерістерді енгізуге болады.
Негізгі құралдардың таңдамалық есебін бухгалтерия инвентарлық
карточкадаларда жүргізіледі. Олар әрбір инвентарлық объектіге ашылады.
Берілген өндірістік немесе шаруашылық міндеттері және техникалық
сипаттамалары ұқсас, құндары бірдей және бір өндірістік бөлімшеде тұратын
бір типтік қатардың шаруашылық инвентары, аспаптарды және басқа заттарды
шығарып тастағанда мынадай инвентарлық карточкалар қолданады: үйлер мен
ғимараттар үшін (ф. №ОС-6); машиналар, жабдықтар, аспаптар, өндірістік және
шаруашылық инвентары үшін (ф. № ОС-7); негізгі құралдарды топтап есептеу
үшін (ф. №ОС-9). Оларды түскен негізгі құралдарға, техникалық паспорттарға
және басқа құжаттарға жасалған актылардың негізінде топтастырады.
Объектілерді және олардың жеке конструктивтік бөлшектерін сипаттау қысқа
болуы және объектінің өзіндік ерекшеліктерін дәл бейнелеу, техникалық
құжаттардың мәліметтерін толық қайталамауы тиіс.
Бухгалтерияда толтырылған инвентарлық карточкаларда негізгі
құралдарды есептеу бойынша инвентарлық карточкалардың тізімдеріне
тіркейді.(ф. №ОС-10) Олар негізігі құралдардың әрбір классификациялық тобы
бойынша бір данадан жүргізіледі.
Тіркегенде карточкаларды нөмірлейді, одан кейін арнаулы карточкаға
орналастыруда, мұнда олар негізгі құралдардың классификациялық топтары, ал
бұл топтардың ішінде пайдаланатын жері және бұл топтардың ішінде
пайдаланатын жері және материалдық жауапты адамдар, негізгі құралдардың
салалық мақсаттағы өндірістік, басқа салалардың өндірістік және өндірістік
емес бөліну түрлері бойынша сақталады. Карточкада мынадай бөлімдер
қаралады: Ағымдағы айда шығарылады, Ішкі ауыстыру, жөндеуде, қорда,
тоқтатылып қойылады, жалға берілген негізгі құралдар, жалға алынған
негізгі құралдар, актив. Айдың барысында бұл бөлімдерге тиісті
карточкалар орналастырылады; айдың аяғында алғашқы үш бөлімдердің
карточкалары 01 счетта есепке алынған айналымдармен салыстырғаннан кейін
картотеканың тиісті бөлімдеріне орналастырылады. Объектілер жөндеуден
немесе жалгерлерден қайтарылғаннан, тоқталынып қою аяқталған қордан
пайдалануға берілгеннен кейін бұл объектілердің карточкалары картотеканың
тиісті бөлімдеріне таратылып салынады. Шығарылған негізгі құралдардың
карточкалары картотеканың Архив бөліміне орналастырылады. Карточкаларды
дұрыс жүргізу негізгі құралдардың жағдайы мен қозғалысын тиісінше есептеп
және бақылауды қамтамасыз етеді. Негізгі құралдарды жылдық түгендеуде
жасалатын негізгі құралдардың (ф.№Нав-1) жұмысшы және өнім беретін
малдардың (ф.№162), көп жылдық көшеттердің (ф№163). Түгендеу тізімдері
негізгі құралдарды есептеудің дұрыстығы мен сенімділігін айғақтайтын
маңызды құжаттар болып табылады.
Айдағы әрбір классификациялық топ бойынша айналымдар мен қалдықтардың
жиынтығы негізгі құралдардың қозғалысын есептеу карточкалардакөрсетілген
айналымдар мен қалдықтар жазылады, одан кейін оларды 01 счет бойынша бас
кітаппен салыстырады. Объектілерді қабылдау актылар немесе чек-наклоднойлар
бойынша іске асырылады. Олар негізгі құралдардың инвентарлық тізіміне жазу
үшін негіз болады. Тізімдер материалдық жауапты адамдарда тұрады, оларды
жедел мақсаттар үшін пайдаланады. Тізімдер мен инвентарлық карточкаларының
мәліметтері сәйкес келу тиіс. Негізгі құралдарды тұрған жері (пайдаланатын)
бойынша есептеу бухгалтерия жазып беретін инвентарлық карточкаларда
жүргізілуі мүмкін. бухгалтерияның карточкасы мен пайдаланатын жердегі
карточкаларының мәліметтері ұқсас болуы тиіс.

2. Салық жүйесі тікелей және жанама салықтардың ара қатынасынан тұрады.
Біріншісі – салық төлеушілердің табысы мен мүлкінен алынатын мемлекет
түсімі, екіншісі – тауар бағасына немесе қызмет көрсетуге үстеме құн
ретінде тағайындалып тұтынушыдан төленеді. Тікелей салық салуда ақша
қатынастары мемлекет пен қазынаға енгізетін төлеушінің өзімен тура болады.
Жанама салықтың субьектісі, мемлекет пен төлеуші арасьында болатын делдал,
яғни тауар сатушысы болып табылады.
акциз салығы кез келген жанама салық сияқты тауардың бағасына қосылады,
сондықтанда үстеме құн ретінде тағайындалып тұтынушыдан төленеді. Бұл
салық, әрқашанда тауар бағасының өсуімен бірге өсіп отырады, сөйтіп
бюджеттің тұрақты, әрі тиімді қаражат көзі болып табылады.

Тікелей салықтар өз кезегінде нақты мүлік түрлерінің әрқайсына төленетін,
жеке және заңды түлғалардың кіріс көздерінен немесе декларация бойынша
алынатын салықтар болып бөлінеді.

7. Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы Қазақстан
Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңымен зейнетақы реформасы
басталды, нәтижесінде 3 қосарлас зейнетақы жүйесі қызмет етеді, атап
айтқанда:
толық ортақтас жүйе – 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін зейнеткер жасында
болғандар үшін;
аралас жүйе – зейнетақы жоғарыда аталған күннен кейін белгіленген және осы
уақытта белгіленетін зейнеткерлер үшін;
жинақтау жүйесі 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін жұмыс өтілі болмаған (немесе
жарты жылдан кем болған) адамдар үшін.
халық қартайған сайын алдыңғы екі жүйе кеми бастайды да жинақтау жүйесіне
толық жол беретін болады.
Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы Заңның
нормалары 2001 жылғы 1 шілдеден бастап зейнетақы төлемдері ерлерге 63
жасқа, әйелдерге 58 жасқа толысымен тағайындалады деп белгіледі.
Осы заңның 13-бабына сәйкес 1995 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы,
жұмысындағы үзілістеріне қарамастан, кез келген 3 жылғы орташа айлық
кірісінің 60 пайызы есебінен есептеледі. 1998 жылғы 1 қаңтардан басталған
кезеңдегі орташа айлық кірістің көлемі жинақтау зейнетақы қорларына
міндетті зейнетақы жарналары аударылған кіріске сәйкес белгіленеді.

14. Нарыққа көшу өзара байланыста және дүниежүзілік экономикамен
бәсекелестікте дамитын ашық тұрпаттағы экономикамен бірге дүние жүзінің
көптеген елдерімен халықаралық экономикалық байланысты кеңейтуді қажет
етеді.
Қызметтің сыртқы экономикалық сферасы мемлекеттің, оның жеке және заңи
тұлғаларының ұқсас шетелдік қатысушылармен және халықаралық қаржы-кредит
институттарымен сауда, кредит, инвестициялық, борыш, есеп-қисап, трансферт
және өзге де операциялар кезінде қатысуымен байланысты қатынастардың кең
шеңберін қамтиды. Басқаша айтқанда, бұл — валюталық есеп-қисап жүйесі
ортақтастыратын резиденттердің бейрезиденттермен, елдің экономикалық
агенттерінің «басқа дүниемен» (Ұлттық шоттар жүйесінің түсіндірмесі
бойынша) қатынастары. Бұл қатынастарда және сыртқы экономикалық байланыстар
жүйесінде қаржы үлкен рөл атқарады. Ол шаруашылық жүргізудің экономикалық
құралы ретінде Қазақстанды дүниежүзілік экономикаға ықпалдасуды
(интегаиялауды) жүзеге асыру үшін пайдаланылады. Халықаралық экономикалық
байланыстар сферасында қалыптасып отырған қаржы … жалғасы

Дереккөз: https://stud.kz