Халық педагогикасындағы экологиялық тәрбие | Скачать Материал
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі
Бақылау жұмысы
Тақырыбы: Халық педагогикасындағы экологиялық тәрбие
Орындаған: Жангалиева М.Д.
Тексерген: С.Бақытжанқызы
Орал, 2012ж
Халық педагогикасындағы экологиялық тәрбие
Қазақ халқы табиғатты қорғауға ерекше мән берген. Біздің халықтың
алғашқы өмірі көшіп-қонудан басталғаны белгілі. Қазақтың жағрапиясы — кең
дала, өзен, көл, бетпақ дала, бұлғыр тау, адыр мен өзендер, сай-сала, сулы
көл, қамысты көл, шөл дала, қарағай өскен кеңістік, т.б. Қазақ халқы өзінің
кең даласын кең пейілге, кең дүниеге теңейді. Сыртқа шықса көз алдында дала
тұрды. Дала — ұзын-ұрғасын есептеуге болмайтын істер, қызметтер, шара
салалары. Табиғат — халқымыздың анасы мен атасы, ал табиғат аясы — бесігі.
Оның суығына тоқса да, ыстығына күйсе де, айсыз түнде адасса да, батпағына
батса да, аңызына шөлдесе де қазақ халқы одан айныған жоқ. Басқаның шұрайлы
жеріне қызықпады. Тағдыры көшумен байланысты болды. Табиғаттың сырларын
терең білмесе де, қазақ көне заманнан бастап айға, күнге табынды.
Табигат аясында өмір бойы көшіп-қонып жүріп, біздің ата-бабаларымыз
оның сырын игерген, сан-сапалы құбылыстарын бағалай білген. Табиғат
құбылысына қарай өз шаруашылығын ұйымдастырды. Дауыл болмай, жауын болмас,
сәуір болмай, тәуір болмас деп қыстық қыспағына қанша қиналсада, орнынан
қозғалмады. Қараша түспей қар жаумас деп қыстың түсуін, құстардың жылы
жаққа қайта бастағанын аңғарды. Мамыр айы басталмай, қозы-лағын қорадан
шығармады. Қауыс — кәрі құртаңды тауыс деп қысқы бағымға көнбейтін жадау
малдарынан құтылу керектігін ойлады.
Жерге табыну мекенге, қонысқа, жайлауға байланысты болды. Ата-бабалар
қонысы — ұрпақ үшін тек ардақты ғана болмай, қасиетті де болды. Оның
айналасын таза ұстап, малын маңына жаймады. Мекенге ат қою, елдің, ел
ақсақалдарының есімін мәңгі қалдыру ниетінде болды. Жер атаулары сол араға
орнатылған ескерткіштермен бірдей. Ата-баба жерленген мекендерді қауым
дейді. Ал аса шүйгін шөбі, шабындығы бар жерлерді қорық дейді. Дала кейде
шексіз, шетсіз деген ұғым да береді. Сол даланы мекендеген қазақтың
көптеген қасиеттері де далаға ұқсас. Олар: ақ көңілділік, мырзалық,
қонақжайлылық, қайырымдылық.
Шаман дінінде табиғатқа және жануарларға табыну үлкен орын алды.
Әсіресе, ата-баба рухына табыну күшті көрінді. Қазақтардың ең биік құдайы —
Тәіңр болып есептелді. Барлық қайғы-қасірет, жұт, бақытсыздық қазақтар
санасында құдайдың бұйрығымен байланыстырылды. Табиғаттың басқа күштеріне
күн, ай, жұлдыз енгізілді. Одан қуаты аздауға тау, көл, қырқаларды
жатқызды. Ата-баба аруағына табыну ұзақ уақыт сақталды.
Көшпелі шаруашылық және өмір салты халықтан өмірі оларға тікелей
тәуелді болған құбылыстарды тіркеп, түсінуді, түсіндіруді талап өтті.
Табиғи, әлеуметтік ортада өте сақтық керек болды.
Қазақ халқының арғы аталары табиғи климат, ауа-райы жағдайларына назар
аударды. Қазақтардың осы қабілеті туралы М.Дулатұлы: Қырғыз табиғи,
әлеуметтік ортада бірден-бір тіршілік көзі мал үшін өмір сүреді …мал бағу
— ең басты, бірден-бір мақсаты… Осыған байланысты қазақ халқында әр түрлі
ауа-райының сәл өзгерісін тез байқап қалу қабілеті дамыды… Қазақтар 12
жылды есептеп, қоян жылы құрғақшылық, боран, көктайғақ болатынын білген,
деп жазды.
Адамдардың шаруашылық өмірі табиғатпен тығыз байланыста болып,
әлеуметтік өмірімен ұштасып, рудың үлкендерін сыйлауды, өз руластарына
көмектесуді талап етті. Этнолог, жазушы А.Сейдімбек: Көшпелі өмір дәулет
әкелу үшін, ең алдымен, уақыт және кеңістік ұғымын меңгеру керек болды,
-дейді. Кошпелі қазақтар уақытты кеңістіктен бөлген жоқ. Мысалы: ұзақ
уақытқада, кеңістікке де қатысты айтылады.
Малдың төрт түрін өсіру үшін жақсы жайылып таңдау жеткіліксіз екенін
сезген халық, оларды қай уақытта бағу керек екенін белгілеген. Халық
түсінігінше, Әрбір айдың … жалғасы
Дереккөз: https://stud.kz