Халал тағам — денсаулықтың кепілі слайд,презентация

0

Халал тағам — денсаулықтың кепілі слайд,презентация

 

 

¨«Халал»-рұқсат етілген нәрсе деген ұғымды береді, оған қарама- қарсы  «харам» сөзі-тыйым салынған деген мағынада қолданылады. Бұл негізінен Ислам әлеміне тән сөз. Аллаһ Тағаланың : «Сендерге Аллаһ өлексені ( арам өлген малды), қанды, доңыз етін және Алладан басқаның атымен бауыздалғанды арам қылды» деген Құранда айтқан үкіміне орай мұсылмандар астың халал не халал еместігіне қатты мән береді. Сондай-ақ «Жақсы нәрселерді халал, жаман нәрселерді арам қылды» деп баяндалатын Құрандағы нұсқаулардың, қазіргі ғылым өркендеген заманда, «жаман, харам» деп аталғандардың  шын мәнінде адам баласы үшін зияны ұшан-теңіз екендігі дәлелденген. Сондықтан халал ас жеудің пайдасы, оның қоғамға тигізер әсері, түрлі аты жаман аурулардың алдын алу үшін харам етілген нәрселерді пайдаланбаудың маңызы зор. 

 

 

 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!