Ғылыми жұмыс (жоба): Экология | Экологияның адам ағзасына әсері

0

Мақсаты:
Жер бетіндегі, жалпы өмірдегі қоғамның ең құнды, маңызды тіршілік иесі – адам екендігіне тоқталу.
Адам денсаулығын қорғау мәселелері.
Жергілікті жердегі ірі өндіріс орындарының адам денсаулығына тигізетін зияны және зиянды болдырмау жолдарын ұсыну.

Өзектілігі:
Өмірді жалғастырушы да, дамытушы да адам болғандықтан адамның өмірі мен денсаулығы қазіргі таңда ең маңызды өзекті мәселелердің бірі.

Аннотация
Біздің өмір сүріп отырған қоғамымызда саналылығымен ерекшеленіп, өмір сүру қабілеті арқылы дараланып, қоғамды алға қарай өркендетіп, ұрпақ жалғастығын дамытып отырған тіршілік иесі – адамның пайда болуы ең құдіретті және маңызды мәселенің бірі. Адамның ерекше қасиеттері арқылы оны танып білeге болады. Адам – еңбегі мен қызметі арқылы танылып, алдымен өзіне сонан соң қоғамға пайда әкеледі. Жоғарыда айтқандай қоғамды білімі мен шеберлігінің арқасында дамытып, ғылым мен техниканы, өндірісті алға өркендеткен сайын экологияның нашарлауы жаһандық проблема болып отыр. Адам мен табиғат өте тығыз байланыста болғандықтан экологияның адам ағзасына әсері күшті екендігі белгілі.

Адамның басты байлығы – денсаулығы. Дені сау адамның қол жеткізер биіктері де көп болады. Әр өңірдің өндіріс көздері мен орналасу жеріне сай түрлі экологиялық мәселелер бар. «Жақсы ізгі қоғам құру үшін ең алдымен сол қоғам мүшелерінің денсаулығынан бастау керек» дейді ғалымдар. Сол себепті, Хромтау ауданында ірі өндіріс орындарының халық денсаулығына әкелетін зияны жөнінде зерттеу жұмысын жүргіздім. Ең маңыздысы ауа мен судың біздің ағзамызға өндіріс арқылы тигізіп жатқан зияны негізге алынды.

Кіріспе
Адам жер жүзіндегі ең құнды, маңызды тіршілік иесі. Себебі, осы өмірді жалғастырушы, дамытушы және болашақтың иесі де адам болып табылады. Дегенмен, адам, қоғам, табиғат және олардың өзара байланысын қанша зерттесе де таусылмайтын құпияға толы ғажап дүние.

Жер бетіндегі өзге тіршілік иелерінен яғни, жан – жануарлардан айырмашылығы саналылығымен ерекшеленіп, сөйлеу және ойлау қабілеті арқылы қалаған ісімен айналыса алатындығында. Мен, өзімнің ғылыми зерттеуімді қоғамның ең құнды бөлігі адам туралы және қазіргі кездегі адам денсаулығын қорғау мәселелеріне тоқталғым келеді.

Ағылшын ғылымы Чарльз Дарвин «Адам маймылдан пайда болды» десе, кейбір елдердің көне жазбаларында адам ғарыштың бір бөлігі делінген. Қандай пікір айтылып зерттелсе де бір кездері адам пайда болып, даму мен жетілудің нәтижесінде қоғамның, табиғаттың ажырамас бір бөлігіне айналғаны рас. болады.

Адам жалғыз өмір сүре алмайды. Адамды адам ететін – қоғам. Әр адамның өзінің айналысатын жұмысы, сенетін нәрселері, ұлтына сай тәрбиесі, мәдениеті, салт – дәстүрі секілді өзгеге ұқсамайтын айырмашылығы

Дүние жүзінде қанша адам болса, сонша тұлға, сонша өмір, сонша тағдыр бар. Қазақ тілінде тіршілік деген сөз бар. Яғни, барлық тіршілік иесі тіршілік етеді, демек өмір сүруді білдіреді. Бұл дегеніміз еңбек ету, бір пайдалы іспен шұғылдану, мағыналы өмір сүру және өзінен кейін ұрпақ қалдыру. Маған белгілі болғандай адамның өмірі тұтастай қызметпен өтеді. Ал адам қызмет ету үшін және жасаған еңбегінен нәтиже болсын десе, алдымен денсаулығы мықты болғаны жөн.

Адам – қоғамның ең маңызды бөлігі болғандықтан, оның денсаулығын қорғау да қоғамдағы ең негізгі мәселелердің бірі болып танылады.

Зерттелу жолы
Мен, өзім тұратын Хромтау қаласы мен оның тұрғындары жайлы айтамын.
Бұл кішкене қалашықтың тұрғындарының көпшілігі шахта, фабрикаларында жұмыс жасайды. Маған белгілі болғандай қаланың тұсында екі шахта орналасқан және үш ұсатып – байыту фабрикасы бар.
№1 Ұсатып – байыту фабрикасы қалаға жақын орналасқан. Бұл дегеніміз өте қауіпті. Фабриканың қасында жеке үйлер салынып, халық өмір сүруде. Менің ойымша бұл фабрика, шахталар алдымен табиғатқа, сонан соң адам денсаулығына зиян әкелетіні сөзсіз. Толассыз шыққан түтін де ауаны ластап жатыр.
Сонымен қатар, дүние жүзінде жалпы таза су дефицит болып отыр. Су – тіршілік көзі. Сусыз өмір жоқ. Бірақ, осы біздің ішіп, қолданып отырған суымыздың денсаулығымызға әкелетін зияны бар ма, осыны ойланып көрсек. Кейбір дамыған елдерде халық тұтынатын су арнайы тазартылып барып содан соң беріледі екен.
Біздің ауданда кен байыту өндірісі болғандықтан міндетті түрде су тазалығы жөнінде үлкен мәселе бар. Хром алтыншы топтың элементі. Ол әртүрлі қасиет көрсетеді. Мысалы: судың ертіндісінде кездесетін алты валентті хромда қышқылдық жоғары дәрежеде. Ал бұл қышқылдық тістің табиғи эмалін бұзады. Бұл зерттеулер Санкт-Петербург қаласында орналасқан ғылыми зерттеулер институтында дәлелденген. Деректерге сүйенсек, адамдардың тістерінің ерте түрлі ауруларға шалдығуы, судың әсерінен бүйрек ауруларының жоғары көп екендігін айта кету керек.
Жұмыс барысында маған белгілі болғандай бұл өте үлкен мәселе және осындай маңызды мәселені шешу жолын қарастыру керек.

Ұсыныстар
Жоғарыда айтылған дәлелдемелер негізінде табиғатты және адам денсаулығын сақтау, қорғау мақсатында төмендегідей ұсынысым бар:
Табиғатты қадірлеу, есепсіз жер байлығын шашпау керек, бәрінің белгілі бір өлшемі бар екендігін ұмытпау қажет.
Адам жақсылыққа жаны жақын болып, денсаулығын сақтау мақсатында салауатты өмір сүруді міндет ету.
Мінекей, ауа мен судың адам денсаулығына маңызы мен зияны төңірегінде осы жұмыс барысында таныстым.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атамыз «Болашақ жастардың қолында…» дегендей, Отанымыздың дамуы мен өркендеуіне үлес қосатын жастардың дені сау, күш жігері мол болуы тиіс!
Ал, ол үшін қазірден бастап ойланатын жағдайлар өте көп.
Қазақстанда Менделеевтің 100 металы бар. Олардың көбін біз әлі білмейміз. Күндердің күнінде қазба байлық өндірісінен жеріміз шұрық тесік, денсаулығымыз нашар болса, Жер Ананың бізге есепсіз беретін сыйы таусылып, адам өмірінің мәні кетпей ме?

Жаңалықтарым
Бұл зерттеулер нәтижесінде мынадай жаңалығым бар:
Өндірістен қалдық заттардың ауаға таралмау үшін будақтаған түтін шығаратын пештерге тазартқыш фильтрлерді орналастыру.
Сонымен қатар, халық тұтынатын су да тазартылып фильтр арқылы берілсе.
Ақпарат тарату көздері арқылы халық денсаулығына келетін зиянды шынайы біліп отыру.
Таңғы ас алдында бір шай қасық табиғи бал, бір шай қасық қара зере майын араластырып пайдалану адам ағзасын жақсартуға септігін тигізеді.

Қорытынды
Жұмыс барысында маған белгілі болғандай бұл өте үлкен мәселе және осындай маңызды мәселені шешу жолын қарастыруым қажет. Жоғарыда айтылған дәлелдемелер негізінде табиғатты және адам денсаулығын сақтау, қорғау мақсатында ұсынысым бар.
Зерттеулер орындалғаннан кейін, мен оқитын Хромтау қаласының №5 мектеп – гимназиясының оқушылары тазартылған ауыз суымен қамтамасыз ету (фильтрлі) қолдау табады деген сенімдемін.

Ғылыми жобамды Шәкәрім Құдайбердіұлының мына даналық сөзімен түйіндеймін.
«Балам!
Сен бола көр аққа жақ
Болам десең Адам.
Адал еңбек берер бақ
Бассаң соған қадам!!!» …..

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз