Ғылыми жұмыс (жоба): Әдебиет | Ұлттық ойындар арқылы қазақ тілін үйрету

0

Ғылыми жұмыс (жоба): Әдебиет | Ұлттық ойындар арқылы қазақ тілін үйрету казакша Ғылыми жұмыс (жоба): Әдебиет | Ұлттық ойындар арқылы қазақ тілін үйрету на казахском языке

КІРІСПЕ
1. Ұлттық ойын арқылы қазақ тіліне үйретудің теориялық негіздері
1. 1. Қазақ тілін оқытудағы ойынның рөлі
2. Қазақ тіліне үйретудің әдістемелік негіздері
2. 1. Қазақ тілін үйретуде ұлттық ойындарды ақпараттық технологиялар арқылы оңтайландыру ерекшеліктері
2. 2. Қазақ тіліне үйретуде ұлттық ойындарды ақпараттық технологиялар арқылы оңтайландыру ерекшеліктері.
ҚОРЫТЫНДЫ

КІРІСПЕ
Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялағаннан кейін қазақ тілін мемлекеттік тіл деп жариялады. 1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясының 7 — бабында мыналар атап көрсетілген: «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл — қазақ тiлi.». Конституцияға сүйене отырып, «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» заң қабылданды. «Тіл туралы» заңға сәйкес 4 — бапта: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тiлi — қазақ тiлi. Мемлекеттік тіл — мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот iсiн жүргізу және iс қағаздарын жүргізу тiлi. Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тiлдi меңгеру — Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы. Үкімет, өзге де мемлекеттiк, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар: Қазақстан Республикасында мемлекеттік тiлдi барынша дамытуға, оның халықаралық беделiн нығайтуға; Қазақстан Республикасының барша азаматтарының мемлекеттiк тiлдi еркiн және тегiн меңгеруiне қажетті барлық ұйымдастырушылық, материалдық — техникалық жағдайларды жасауға; қазақ диаспорасына ана тiлiн сақтауы және дамытуы үшін көмек көрсетуге мiндеттi». [1]

Жалпы алғанда қазақ тілін дамытуға байланысты көптеген бағдарламалар қабылданып, іске асуда. Айталық, қазақ тілін білу деңгейін бағалаудың “Қазтест” жүйесін енгізу бойынша нақты жұмыстар жалғасын табуда. Соның ішінде “Азаматтардың қазақ тілін меңгеру деңгейін Қазтест жүйесі арқылы бағалау технологиясы” атты мемлекеттік стандарттар бекітіліп, осы стандарттарға сәйкес келешекте мемлекеттік қызметке келетін үміткерлерден мемлекеттік тілді білу қатаң талап етілетін болады. Бүгінгі таңда мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мақсатында бірқатар заңнамаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде тиісті жұмыс жүргізіліп жатыр. Бірақ та, мұның бәрі әлі де болса мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруде жеткіліксіз. Мемлекеттік тілді дамытудың инновациялық — технологиялық жүйесін одан әрі жетілдіре түсу керек. Қазақ тіліндегі түрлі бағдарламаларды орналастыру, жүйелеу, дамыту ісі жаңа технологияларға сай ғылыми тұрғыда сарапталуы үшін Әлеуметтік — лингвистикалық ғылыми — зерттеу орталығы тынбастан еңбек ету керек. Сонымен қатар, тіл мамандары тіл үйретудің түрлі әдіс тәсілдерін пайдалана отырып, өзге ұлт өкілдеріне, бастауыш сынып оқушыларына байланысты тиімді әрі жеңіл тәсілдер ұсынса нұр үстіне нұр болар еді……

Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Полную версию материала можете скачать через секунд !!!

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!