Ғылыми жұмыс (жоба): Әдебиет | Әжеден қалған асыл мұрам киіз басу өнер маған

0

Зерттеудің мақсаты: Бұрынғы өткен ата-баба, шебер әжелеріміздің ұмытылып бара жатқан қолөнерін жаңартып жаңғырту, бізге қалдырған асыл мұраны кейінгі ұрпаққа аманат ету. Табиғи жүннің денсаулыққа пайдалы, жылулығы мол, ыстықтан, суықтан қорғайтын талшықтың қадірін білу. Тұрмыста қолдана білу.
Пайдалы кеңестер: Жүннен жасалған бұйымдар-Ревматизм, остеохондроз, радикулит тб ауруларға ем.
Мәлімет: Жануарлар терімен бірге ланолин шайырын бөледі. Ланолин – бағалы өнім, ол түрлі майлар мен кремдердің негізі ретінде қолданылады. Ланолин 35-37 градус температурада ериді, әрі теріге тез сіңеді. Бұлшық етке, тамырларға, омыртқаға, тыныс алу жүйесіне оң әсер етіп, қан айналысын жақсартады. Қойдың жүні екіге бөлінеді.
1. Жабағы жүн – күн жылып, мамыражай уақытта, яғни жаз айларында қойдың жүнін қырқып алынады. Жұмсақ, қылшығы ұзын, бұйра нәзік болады. Жіп иіріп кілем тоқуға, киім тоқуға, күзем жүнге араластырып киіз басуға қолайлы. 2. Күзем жүн – күз мезгілінде қой жүнін қырқып алынады. Жабағы жүнге қарағанда қылшықтары қысқа болады.
Орындалу әдісі: видео, киіз басу, бұйым тігу.
Қорытынды: Жасыратыны жоқ, жеңіл өнеркәсібіміздің өркендеп дамыған заманда синтетикалық бұйымдардың көбейіп кетуі, адам ағзасына кері әсер етуі табиғи жүндердің жоқ болып кетуіне себепші болып отыр. Осыған орай киіз басу технологиясын қолданып, киізден кәжекей, бас киім, аяқ киім өңдеп, ұсынып отырмыз.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Жүннен жасалатын бұйымдар. Алматы «Қайнар»1990ж.
2. Ел аузынан.
(Технология, АӘД, музыка, бейнелеу, дене бірлестігінің он күндігіне орай мектепішілік технология пәнінен «Ынта болса адамда, қиын іс жоқ ғаламда» ғылыми-тәжірибелік конференциясында)

Құлтай. Жадыраға.
Пікір.
Технология, АӘД, музыка, бейнелеу, дене бірлестігінің он күндігіне орай мектепішілік технология пәнінен «Ынта болса адамда, қиын іс жоқ ғаламда» ғылыми-тәжірибелік конференциясында « Әжеден қалған-асыл мұрам, киіз басу – өнер маған.» атты зерттеу жұмысын алып отырған Құлтай Жадыраның дайындығы қуантарлық жағдайда. Жадыраның ой-өрісі, таланты жалындап тұрған от тәрізді, сыныпта инабаттылығымен тәрбиелі, мектеп мақтанышы деуге болады. Мектепішілік, аудандық сайыс, облыстық фестивальдарға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүрген оқушы. Патриоттық сезімі күшті, шапшаң жылдамдығымен, пысықтығымен көрініп жүр. Патриоттық ой – өрісін дамыту мақсатында « Әжеден қалған-асыл мұрам, киіз басу – өнер маған.» атты ғылыми жұмысына өзімнің бағыт-бағдар кеңесімді бере отырып, еңбегі зор, талабы «асқар таудай биік болсын»,- деп зор сенім артамын.
Пікір білдіруші: Джанбаева Маржан

Мазмұны.
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Жүн туралы мәлімет.
2.«Киіз басу» технологиясы
3. Киіз басудың түрлері.
Қорытынды
«Қыс» моншағының жасалу технологиясы.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе.
Киіз басудың түрлі техникасы мен технологиясын меңгерген, негізінен қой жүнін пайдаланатын әжелеріміздің көз салсақ мәселен, киізден басылған гүлді киіз бұйымының өңіріне инемен тығыздау арқылы жіпсіз біріктіруге, желімсіз жапсыруға болатынын бізге мұра етіп қалдырды. Сол мұрамыздың қадірін білмей, қимыл-іс жасауға ерініп, оңай жолына ұмтылған жастарымыз көбейіп барады.
— Ал біздің елде ешкім киізге аса қызығушылық танытпайды, киіз бұйымдарына сұраныс та көп емес. Киіз басуға көңіл бөле бастаған қолөнер шеберлерінің арнайы шеберханасы жоқ. Сондықтан жүнді үй жағдайында өңдеуге мәжбүрміз. Облыс орталығынан бір шеберхана ашылса, бір жағында өндіріс цехы қайнап, екінші жағында сауда қызып жатса??? Әйтпесе, киіз бұйымдардың бағасы да қымбат.
Қазір біздің қалада ұлттық нақыштағы шағын кәде-сыйларды сататын жерлер саусақпен санарлық. Ал егер қолөнер шеберлері бір жерде жұмыс істеп, қолдан шыққан дүниелері де бір жерде сатылып жатса, бағасы да қазіргіден гөрі едәуір төмен болар ма еді…
Қой жүні әр ауылда бар. Бірақ оны жаратып жатқандар аз. Асса, көрпе ішіне салып, иіреді. Болмаса, өртеп жібереді.
Өліп бара жатқан киіз басу өнерін бізде кейінгіге жеткізе білуіміз керек. Ұлттық өнерімізді қолға алмасақ, басқа ұлттың меншігінде кетері анық.
-1-
Негізгі бөлім.
Қазақтар қолөнерден кереметті,
Оюлап шығарған сырмақ пен текеметті.
Қандай шебер қазақ қыздары,
Құрақты, оюларды дөңгелетті.
Оңғарсынова. Ф
Қолөнер халық өмірімен, тұрмысымен бірге келе жатқан өнер. Шеберлердің қолынан шыққан қолөнер туындылары, халықтың өмірімен, тұрмыс тіршілігімен, табиғатпен, эстетикалық талғамымен байланысты болған. Қазақ қолөнерінде пайдаланылған негізге шикізаттың бірі – жүн.
1. Жүн туралы мәлімет — Жүннің емдік қасиеті бар. Мәселен, ит жүнінен тоқылған киімді ревматизммен ауырған науқастар кисе, пайдалы. Тіпті, ертеде адамдар бастарын шарқатпен таңып, сол арқылы тіс немесе бас ауруларынан айыққан деседі. Жүннен жасалған бұйымдар, әсіресе, ревматизм, остеохондроз және радикулитпен ауыратын науқастарға ұсынылатын болған. Жүннің мынадай артықшылықтары бар: ылғалды сіңіреді, бойды термен бірге бөлініп шыққан улы заттардан арылтады, денені таза, құрғақ әрі жылы етеді. Барлық қасиеттерінің ішінде ең жақсысы — температураны бірқалыпты сақтау қасиеті. Жүннен иірілген жіп өсімдіктен алынған жіптен гөрі ерекше жылы әрі ылғалды өте баяу сіңіреді., тағы бір мынадай қызықты дерек бар: жануарлар терімен бірге ланолин шайырын бөледі.
Ал ланолин — бағалы өнім, ол түрлі майлар мен кремдердің негізі ретінде қолданылады. Ланолин 35-37 градус температурада ериді, әрі теріге тез сіңеді. Бұлшық етке, тамырларға, омыртқаға, тыныс алу жүйесіне оң әсер етіп, қан айналысын жақсартады. Жүн – ұйысуға бейім бірден-бір талшық.
-2-
Ол ылғал мен температура әсерінен және механикалық әрекет нәтижесінде ширайды да, жасалып жатқан бұйымның көлемі кішірейіп, тығыздығы артады: шұға 30 – 35%, киіз бен байпақ 80%- дай шуиды. Киіз Басудағы ең жоғары тығыздық 0, 55 г/см3 (байпақтың табаны 0, 42 г/см3), тығыздығын бұдан әрі арттырса, жүн талшықтары үзіліп, материал ыдырай бастайды.
Жыл мезгілдеріне қарай жүннің түрлері көп.
1.) Жабағы жүн-күн жылып, мамыражай уақытта, яғни жаз айларында қойдың жүнін қырқып алынады. Жұмсақ, қылшығы ұзын, бұйра нәзік болады. Жіп иіріп кілем тоқуға, киім тоқуға, күзем жүнге араластырып киіз басуға қолайлы. Иіріп киім тоқуға, көрпеге осы жүнді пайдаланады.
2.) Қозы жүн-қозы туған жылы бірінші қырқылған жүннен киіз басылады. Сапасы жағынан талшықтары нәзік болады. Күзем жүнге ұқсас болады.

-3-
3.) Өлі жүн деп-теріден жұлынып алынған жүн.
4.) Шет пұшпақ жүн-қойдың бауырында, пұшпақтарындағы жабырқаған жүнді айтады. Мұндай жүндерді ешкінің қылшық жүні мен жылқының қылына қосып, арқан бау-шу есуге қолданады.
5.) Күзем жүн-күз мезгілінде қой жүнін қырқып алынады. Жабағы жүнге қарағанда қылшықтары қысқа болады.
Жүннен киіз, алаша, текемет, арқан, кілем, сырмақ, тұскиіз, откиіз, сырмақ, кілем, бұйымдар, әшекейлер тағы басқа заттардың дайындауға болатынын біз білеміз. Бірақ төрт-түлік малдың жүндерінің өз қасиеттері бар. Түйе жүні жұмсақ, нәзік болады, ал ешкінің түбіттері жұмсақ, осы жұмсақ жүндерден тек мата арасына салып, сырып және иіріп тоқуға арналған. Жүнді бояу тәсіліне келсек, халықтың күнделікті тұрмыс-тәжірибесінен боя ретінде ашудас, қына, томар шөп пайдаланған екен. Қазіргі кезде жеңіл өнеркәсіптің дамыған кезінде сан алуан химиялық бояулар шығарылып отыр. Бұл ісмерлердің жұмысын азайтты десекте болады. Жүн бояуын аса сақтықпен бояған дұрыс.
1. 8-10 итр суды қатты қайнатамыз.
2.) 1-литрге 15 грамм есебімен бөлек ыдыста әбден ерітілген бояуды құйып, араластырады. Бояу түйіршігі ерімей қалса теңбілденіп, жүнге біркелкі сіңбейді. Сондықтан бояу ерітілген ыдыстың эмаль немесе түбінен әлдеқалай ерімей қалған бояу түйіршігін оңай байқауға болады.
3.) Қазанның қақпағын жауып, бір қалыпты қайната отырып, оған жүнді мөлшерлеп салып, оны ағаш қалақпен немесе ожаумен батыстырып отырған дұрыс.( жүн самас бұрын 1-литр суға 1 шәй қасық көлемінде сірке суы құйылады.) Су керекті мөлшерден аз болса, жүн қазанның түбіне жабысып қалады.
4.) Қазан бір қайнағаннан кейін от қызуын азайту керек. Ара-тұра жүнді қалақпен аударыстырып қойған жөн.
5.) Жүннің бояу алғандығын былай тексереді: қалақтың ұшымен боялып жатқан жүннің кез келген жерінен, көтеріп алып, шымшып көреді. Бояу алған жүн суы сығылғанда, бозғыл тартпайды.
-4-
Онда қазан астындағы от сөндіріліп, боялған жүн суы сорықтырылып, эмальді табаққа түсіріп алынады. Бетін қақпақпен жауып, үстін ауыр нәрсемен тастырады да, суығанша қоя тұрады.
Суығаннан кейін жүн керілген жіпке немесе ағаш ерденеге жайылып, көлеңке жерде кептіріледі. Әжелеріміз бояуға қаздың майын да пайдаланған екен. Бояудың табиғи түрінде алынатын түрлері көп.
№ жолдары түсінік
1. Рауғаштың тамырынан бояу алу Қыркүйек айында рауғашты түбірінен қазып алып, жіпке тізіп, кептіреді. Кепкен түбірді қажет кезде, ұсақтап келіге салып, түйіп, ұсақтайды. Ұсақталған соң, отқа қатты қайнатпай суға бөктіреді. Жылымыш тартып жібігеннен кейін, қоймалжыңын терінің бетіне жағады. Бояу сіңгенше, 2-тәулік жайып қояды.
2. Талдың қабығынанда бояу алу. Таулы жерде, су жағасында өсетін талдың қабығының да өз бояуы болады, өзіміздің маңғыстаудағы қара талдың да, қарағайдың да бояуы бар. Одан күңгірт қызыл бояу шығады. Бояуды дайындау үшін қабығын кептіріліп, түйіледі, ұсақталады да, суға қайнатылады. Одан кейін суыған соң, тұз салынады, жұмсарған ірі қара терісін салып, бір айға жуық ұстайды, ал жүнді жүннің бояу тәсілін орындайды.
3. Жосадан, яғни қызыл топырақтан бояу алу Табиғаттың өзінде бар қызыл топырақ жар қабақтарда болады. Оны келіге салып, ұнтақтап, үгітіп алған соң, балық майы секілді сұйықтықты қосып, сұйылтады. Сұйық қызыл бояуға киізді батырып алып, ағаш бұйымдарын бояйды, т/б заттарды бояуға болады.
4. Қынадан бояу алу Қынаны жинап алып, суға салып, қайнатып, булап бөктіріп қояды да, өңделген терінің үстіне жағады. Қынамен жүн-жұрқа, тері, сүйектерді бояйды.
5. Анар жемісінің қабығынан бояу алу Анар жемісінің қабығын кептіріп, ұсақтайды, ұсақталған соң жылы суға салып бөктіреді. Жібігеннен кейін, қоймалжыңын терінің бетіне жағады. Тері тонды бояуға пайдаланады.
6. Жуаның қабығынан бояу алу. Жуаның қабығынан сары түс шығады, бұлда қайнату тәсілімен орындайды.

Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Сенек ауылы,
Қашаған Күржіманұлы атындағы орта мектептің
8«Б»сынып оқушысы Құлтай Жадыра
Жетекшісі: Джанбаева Маржан
Технология пәнінің мұғалімі …..

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!