Ғылыми жоба — Ұялы телефонның пайдасы мен зияны

0

Бағыты: Бастауыш сынып Бөлімі: Ғылыми жұмыстар Сыныбы: 4 сынып

Жарияланған уақыты: 2019-01-29

Материал туралы қысқаша түсінік

Бұл материалда бастауыш сынып оқушыларына арналған ғылыми жоба қорғаудың бір үлгісі көрсетілген.

Ы. Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін орта мектебі

Тақырыбы: Ұялы телефонның пайдасы мен зияны Орындаған: Байдалин Санжар Сыныбы:  4 сыныпЖетекшісі: Қалиева Айгерім Мейрамханқызы Ғылыми жобалық зерттеу жұмысының өзектілігі: Ұялы телефон — асыққан заманда– уақытымызды үнемдейтін таптырмас көмекші Бір-бірімізбен хабар алмасып, қоңырау шалып, хабарлама жазамыз. Ұялы телефондарға суретке түсіп, интернет пен әлуметтік желілерде «отырамыз». Ойындар ойнап, фильм қарап, кітап оқимыз, оятар қойып, сүйікті әуендерімізді тыңдаймыз.Ғылыми жобалық зерттеу жұмысының мәселесі:Түрлі ақпараттық деректерге суйене отырып ұялы телефонның тарихы, дамуы,оның адам өмірінде алатын орны, адам ағзасына тигізер пайдасы мен зияны туралы анықтау және зерттеу. Зерттеу бағыты: Ұялы телефондардың артықшылығы Ұялы телефондардың кемшілігіҒылыми жобалық зерттеу жұмысының мақсаты:Ұялы телефонның шығу тарихын білу.Ұялы телефонның адам өмірінде алатын орны. Болашақта оның адам өміріне алып келетін өзгерістері.Ғылыми жобалық зерттеу жұмысының міндеттері:Алғашқы шыққан ұялы телефон мен қазіргі ұялы телефондардың ерекшклігіЭлектронды техниканың( соның ішінде қарқынды түрде Ұялы телефонның дамуын ) ашып көрсету. МазмұныI КіріспеII Негізгі бөлім 1 Ұялы телефонның шығу тарихы2 Ұялы телефонның түрлері3 Ұялы телефонның артықшылығы4 Ұялы телефонның кемшілігі5 Ұялы телефонның зиянды әсерінен қорғану тәсілдеріIII ҚорытындыIV Ұсыныс Аннотация Өткен ғасырда байланыстың басты құралдары — дауысы көрші үйге естілетін қарапайым телефон, телеграмма немесе хат жазу еді. Техника дамығалы, бұл қызметтің бәрін бір ғана ұялы телефон атқаратын болды. Қазір алақандай ғана осы құралды еңбектеген баладан, еңкейген кәріге дейін ұстайды. Бар шаруа бір тетікті басумен шешіледі.. Ұялы телефон – сымсыз байланыстың ең озық та, қолжетімді түрі. Қазіргі кезде қалта телефоны зор маңызға ие болып үлгерді. Осыдан 5-6 жыл бұрын қалта телефоны маңызды жұмысы бар азаматтарда ғана болса, қазір екінің бірінде кездеседі. Тіпті мектеп табалдырығын енді аттаған жас жеткіншектердің өзі бұл телефоннның соңғы үлгідегі бағалысын ұстайды. Ұялы телефон біреумен кезігерде оңай тауып алуға, бір нәрсе жайында сұрай салуға, алыстағы ағайынның жағдайын біліп тұруға таптырмайтын құрал. Кішкентайлардың көпшілігіне қалта телефоны тек ойын ойнауға, әуен тыңдауға, бейнеклип көруге, ғаламторға кіруге т.б. керек. Ал көп ата-ана баласының қай жерлерде жүргенін біліп отыру үшін телефон алып береді. Бұл да бір жағынан дұрыс нәрсе. Адамдар телефонмен тек сөйлесіп қана қоймайды, ондағы күнтізбесін, оятқышын (будильник), еске салғышын (заметка), сағатын және т.б. пайдаланады. Айта берсең алақандай ғана телефонның мүмкіндіктері көп. Осыдан бірер жыл бұрын ұялы телефон бардың ғана қолында еді. Қазір екінің бірі үшін қолжетімді байланыс құралына айналды. Қайда? Кімге? Қарамаңыз, қала, мейлі, дала болсын, бала мейлі қарт болсын «соткасыз» жүре алмайды.     Кіріспе Ұялы телефон — асыққан заманда уақытымызды үнемдейтін таптырмас көмекші Бір-бірімізбен хабар алмасып, қоңырау шалып, хабарлама жазамыз. Ұялы телефондарға суретке түсіп, интернет пен әлуметтік желілерде «отырамыз». Ойындар ойнап, фильм қарап, кітап оқимыз, оятар қойып, сүйікті әуендерімізді тыңдаймызҚазір әлемде ұялы телефондардың қолданыс аясы өзінің байланыс орнату шегінен асып кетті. Телефондар өмірдің барлық саласында қолданылуда.Ұялы телефон қазіргі заманда адамның ажырамас көмекшісіне айналды. Заман ағымына қарай бүгінде екі адамның бірінде ұялы телефонның жүргені белгілі. Рас, оның ішінде не керектің бәрі бар. Мәселен: сағат, күнтізбе, есептеуіш, сурет пен видеоға түсіру, есте сақтау, қалаған өлеңді жазып алу, тыңдау және басқасы. Шынымен қазір осы бір кішкентай заттың көмегінсіз ешнәрсе шеше алмайсыз. Ең кішісі, керекадамыңызды да қаланы шарламай-ақ, осының көмегімен тауып аласыз.Ұялы телефонның пайдасы да бар, зияны да бар. Бірақ пайдалы жағы басымырақ. Телефонның көмегімен көп нәрсеге қол жеткізуге болады. Ал зиянды жағына келсек: телефон адам энергиясының 50% өзіне тартады. Бұл ғылымда дәлелденген нәрсе. Ұялы телефонның шығу тарихы 1875 жылдың 2 маусымында Бостон университетінің Шетелдік өнер мектебінің профессоры Грехем Белл ең алғаш рет байланыстырушы сымдардың көмегімен өз көмекшісінің даусын естиді. Өнертапқыш шотландтықтың бұл жаңалығы тарих бетінде телефон деген атпен қалды. Бір қызығы, өнертапқыштың есімі ағылшын тілінен аударғанда, «қоңырау» деген мағына береді. Арада бір ғасырға жуық уақыт өткенде ең алғашқы ұялы телефондар пайда болды. Иллинойс технологиялық институтының түлегі Мартин Купердің өнертапқыштық бұл жаңалығын қазір әлем халқының жартысына жуығы күнделікті қолданып отыр.Ұялы телефонмен жасалған алғашқы нағыз байланыстың тарихы 1973 жылдың 3 сәуірінен басталады. Ұялы байланыс компаниясының қызметкері Мартин Купердің зерттеулер бөлімінің басшысы Белл Лабзға Нью-Йорк көшелерінде серуендеп жүріп соққан қоңырауы ұялы телефонмен алғашқы байланыс орнату саналады. Купердің өзі таратқыштан сигнал жіберу хаттамасының негізгі құрастырушысы еді. Ал ол қолданған телефонның салмағы, яғни ең алғашқы ұялы телефон 1,15 килограмм тартатын. Ұялы телефондарды мынадай түрлерге бөлуге болады: 1)Жай ұялы телефон/смартфон 2)Ұялы бейнетелефонПішініне қарай:моноблоктыжайылмалы сырмалы Жай ұялы телефонда қоңырау шалу/қабылдау, SMS, соңғы кездері фото/бейнекамера, саз, флеш-жад, Интернет, MMS, Bluetooth деген сияқты функциялары бар. Бұл қатар уақыт өткен сайын көбейіп барады. Смартфон (ағылш. smart — білімді, ақылды) құрылымы жағынан компьютерге ұқсас болып келеді. Оның ішіндегі функциялар бағдарлама ретінде жасалынған, ал олар смартфонның амалдық жүйесінде істейді. Мұнымен қатар өз бағдарламаларыңызды қосуға болады. Мысалы ойындар, ойнатқыш, шолғыш т.с.с. Сол себепті смартфон жай ұялы телефонға қарағанда күрделі, функциялары кеңейтілетін құрылғы.Бейнетелефонда ұялы телефонның бейнекамерасы мен бейнебет арқылы бір- бірін көріп, сөйлесуге болады. 18)Балаларға бермеңіз!Балаларға гаджеттермен ойнауға тыйым салынуы керек. Себебі, бұл құрылғылар балалардың жүйке жүйесі мен ойлау қабілетін бұзады. Сондай-ақ, мамандар құрылғылардан бөлінетін сәуленің бас ауруына душар етіп, есте сақтау және көру қабілетін нашарлататынын, ұйқысыздыққа шалдықтыратынын дәлелдеген.19)Ұйқысыздықтың себебіӨшірулі тұрған телефон да адам организміне зиян келтіреді. Сондықтан да мамандар байланыс құралын өзіңізден неғұрлым алысырақ ұстау керек екенін айтады. Әсіресе ұялы телефонды бас жаққа қойып ұйықтауға болмайтынын ескертеді. Себебі, телефоннан бөлінетін электромагниттік толқындар ұйықтап жатқан адамның орталық жүйке жүйесіне әсер етіп, ұйықтауға кедергі келтіреді. Қорытынды Ұялы телефонның арқасында: «Алло, сәлем, қалың қалай?» — деген сөздерді күнделікті пайдаланатын болдық. Баршамыздың өмірімізді жеңілдеткен ұялы телефонҰялы телефон — радиожелі арқылы байланыс жасауға арналған құрал.Егерде ұялы телефонды қолданғанда өз ережесіне сай қолданса, айтарлықтай зияны жоқ, бірақ сол ережені сақтамаудың кесірінен көптеген ауруларды адам өз қолымен тауып отыр« Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» — деп қазақ халқымыз айтқандай, ұялы телефонды қорғану ережесін сақтап қолдансақ, айтарлықтай зияны жоқ.«Керек санды тересін, елге сәлем бересін» демекші, ұялы телефонсыз бір жыл, бір ай , бір апта түгілі , бір күн қолымызда болмаса онсыз еш тірлігіміз бітпей, ешкіммен хабарласа алмай, айдалада , қалғандай боламыз.

Слайдты сайттан тегін жүктеу

Слайд жүктеу