Ғұмар Қараштың дүниетанымы | туралы қазақша
Ғұмар Қараш дүниетанымының қалыптасуына негіз болған екі тарихи-әлеуметтік, рухани бастаулардың арнасына тоқталғалы отырмыз. Біріншіден түркілік дүниетаным болса, екіншісін — ХV-ші гасырда қазақтың төл дүниетанымының негізін Әз Жәнібек пен Керей ханның тұсында Асан Қайғы мен мырза Хайдар Дулати бастаған данышпандар қалаған кезеңнен бастап жиырмасыншы ғасырдың басына дейінгі аралықтьщ төңірегінде ербіткеніміз орынды. Ойшылдың дүниетанымының қалыптасуьша тірек болған, әсер еткен екі негізгі тарихи-әлеуметтік рухани бастауларын осы екі арнадан іздегелі отырмыз. Ғүмар дүниетанымына түркі дүниесі, ислам әлемі, ертегі, аңыз әңгімелер, өзіне дейінгі өмір сүрген ақьш-жыраулардың, жыршылардың философиялық көзқарастары әсер ете отырып ХІХ-шы ғасырдың ІІ-ші жартысындағы жәдидшілердің ықпалы мен ұстазы Шәңгерей арқылы орыс философтарының еңбектерін жете меңгеріп, өз дүниетанымын қалыптастырды.
Халқымыздың тарихи-әлеуметтік, рухани бастауларын зерделеу барысында екі кезеңге бөліп қарастырғанымыз жөн іспеттес. Яғни қазақ этносы қалыптасқанға дейінгі кезең — бұған қазақ жерінен шыққан данышпандар: Қорқыт, әл-Фараби, Қожа Ахмет Иассауи, Жүсіп Баласағұнды т.б. атауға болады, Осы аталған тұлғалардың еңбектері исі түркі жұртының ортақ қазынасы болып табылады. Олар түркілік дүниетанымның көрнекті көсем тұлғалары екендігін айқындаса, әрі ұлтымыздың ойлау мәдениеті өзінің негізгі арнасын осылардан алған. Ұлы дала ерекше рух пен дүниетаньшды қалыптастырды. Түркі рухының өзіне тән биік, әрі асқақ болып келетін болмысының негізі осында жатыр. Ойшыл Шәкәрім Құдайбердіұлы өз заманы мен дэуірінде қашанда ірі де, қомақты мәселелердің төңірегінде қалам тарта білген.
#Ғұмар #Қараштың #дүниетанымы