Гүлдер біздің сәніміз балабақшадағы ашық сабақтар
Қапшағай қаласы, Шеңгелді ауылы «Ақбота» балабақшасы
2 сәбилер «Қошақан» тобының тәрбиешісі
Қошақпаева Назыгуль Сундетханқызы
07.01.1977 ж Қапшағай қаласында туылған
Білімі: жоғары ЖМПУ 1999 ж.
Пед.өтілі: 18 жыл
Тақырыбы: «Гүлдер біздің сәніміз»
Мақсаты: Гүлдердің түрлерімен таныстыру Гүлдердің түр – түстерін ажырата білуге баулу. Өсімдіктерді күту ережелерімен таныстыру. Түстер туралы ұғымын бекіту, түстердің атын білуге машықтандыру. Сөздік қорын молайту, тілдік белсенділік қызметін арттыру. Гүлдердің түр – түстерін есте сақтау, қабылдау, ойлау сезімдерін дамыту. Түған еліннің табиғатына, гүлдер мен өсімдіктерге қамқорлық көрсетуге, күтуге, сүйіспеншілікке жастайыннан тәрбиелеу.
Жаңа сөздер: қызғалдақ, күнбағыс, раушангүл, түймедақ, лалагүл, бәйшешек, бақытгүл, «жеті қазына».
Көрнекі құралдар: экран-проэкторға салыған гүлдердің суреттері, қойылған бөлме гүлдері, қиылған гүлдердің суреттері.
Әдіс- тәсіл: әңгімелесу, көрсету, түсіндіру, сұрақ- жауап.
Сабақ барысы: Балалар жарты шеңбер болып тұрып, бір- біріне күлімдеп, келген қонақтармен амандасады.
Балалар: Білер қазақ баласы
«Сәлем»- сөздің анасы
Алдымыздан кезіккен
Көп танысты көреміз
Бәріне де ізетпен
Біздер сәлем береміз
Тәрбиеші: Балалар, келіңдер шеңбер болып отырайық, бәріміз көзімізді жұмып, әуенді тыңдайық. Осы кезде гүлдердің киімдерін киген қыздар келеді. Балалар орындарынан тұрып, орындыққа отырады. Олай болса мен сендерді гүлдермен таныстырайын.
Бәйшешек: Бес дегенім бәйшешек
( Меруерт) Бірінші гүлі көктемнің
Бәйшешекті оятар
Баяулап түртіп, көктен нұр.
Түймедақ: Түймедейін сары дақ ортасында,
( Анеля) Тарала өскен ақ гүлі бар қасында
«Түймедақ» деп аталып кеткен екен,
Түймеге ұқсас сол дақтың арқасында.
Қызғалдақ: Қырқалардың төрінен
( Айнамкөз)Лаулап көзге ұрады
Қызғалдақтар өңірді
Қып- қызыл ғып тұрады
Лалагүл: Лаулап оттай шілде айында лалагүл,
( Айғаным) Лала гүлмен құлпырады дала бір
Ләззат алмау мүмкін болмас көркінен
Лалагүл де өзгеше әсем, дара гүл
Күнбағыс: Көк төсінде алтын күн
( Нұрай) Көрінгенмен мұнша алыс
Келеді одан көз алмай
Кербез сұлу күнбағыс
Раушангүл: Әдемімін, менен қай гүл аса алған
( Жансая) Әуелден -ақ «Гүл патшасы» атанғам
Әсемдік пен хош иістен нәр алдым
Әлемнің көп жерлеріне таралғам
Бақытгүл: Бұл әсем гүл күзде, ұзақ гүлдейді
( Ақниет) Басқа гүлдей шілдеде өмір сүрмейді
Бір мереке бар жапондар елінде
Бақытгүлі тұрады оның төрінде
Сергіту сәті: Жайқалады ағаштар,
Бетімізге жел еседі,
Кіп- кішкентай балалар,
Үп- үлкен болып өседі.
Біз гүлдерше өсеміз
Жапырағы жайқалған
Сабақтары салалы,
Желмен бірге жайқалған
Жарайсыңдар балалар! Балалар орындыққа отырады.
Ойын: «Жеті қазына»
Шарты: Қоржыннан түрлі- түске боялған асықтарды, балалар бір- бірден шығып, алады. Қандай түсті алса тура сол түсті гүлдің шоғырын алып, оның ішіндегі суретін атап әңгімелейді.
Әңгімелеп болған соң, тақтаға іледі.
Тәрбиеші: Балалар бәріміз енді мына үлкен теледидарға қарайық. «Түстерді үйренеміз» атты слайдқа қарайық.
Қыздардың орындауында «Гүлдер» биі.
Балалардың шығармашылық жұмысы «Меруерт гүлін» жапсыру.
Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!