Гүл құрылысы
Бағыты: Биология Бөлімі: Сабақ жоспары Сыныбы: 8 сынып
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: оқушыларға өсімдіктің көбею мүшелерінің бірі гүлдің құрылысы туралы білім беру.
.
2.Дамытушылық: оқушылардың белсенділігін арттыру,ойлау қабілеттерін, шапшаңдығын дамыту, өз бетімен, топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
3.Тәрбиелік: оқушыларды өсімдіктерді танып біліуге және оларды қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа ұғымдарды меңгерту сабағы.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі
Өткізу әдісі: сұрақ –жауап, түсіндіру, баяндау.
Көрнекілігі: Слайд , электрондық оқулық,суреттер.
Қолданылған әдебиеттер:
1. К.Жүнісқызы, Р.Әлімқұлова, Қ.Жұмағұлова .Биология 6-сынып.Алматы Атамұра
2.Биология Шың –кітап Алматы 2008.
Сабақтың жоспары: I.Ұйымдастыру.
II.Үй тапсырмасын сұрау.
III.Жаңа сабақты түсіндіру.
IV.Жаңа сабақты қорытындылау.
V. Жаңа сабақты бекіту.
VI.Үй тапсырмасын беру.
VII.Бағалау.
I.Ұйымдастыру бөлімі.
Сәлеметсіздер ме, оқушылар! Отырыңыздар!
(Оқушылармен амандасу ,түгендеу).
II.Үй тапсырмасын сұрау.
21.Өсімдіктердің өсімді( вегетативті) мүшелері арқылы көбею жолдары . Біліміңді сына тапсырмасын тексеру.
III.Жаңа сабақты түсіндіру.
Гүл бөлімдері –гүл сағағы,гүл табаны, тостағанша жапырақша,күлте жапырақша,аталық пен аналықтан тұрады.Гүл сағағы –жапырақ сағағына ұқсаған гүлдің жіңішкерген жері.Сағағы арқылы сабаққа бекінеді.Гүл сағағы болмаса, отырмалы гулдер дейді.
Гүл табаны –гүлдің барлық бөлімдері бекінетін гүл сағағының жоғарғы жағындағы кеңейген жері.
Тостағанша көбінесе жасыл түсті,гүлдің сыртында бірікпеген жеке немесе біріккен жапырақшалардан тұрады.
Күлте –тостағанша жапырақшалардан кейін орналасады.Күлте жапырақшалардан кейін орналасады.Күлте жапырақшалары бір-бірімен бірігіп кеткендерге: інжугүл, қоңыраугүл жатады.
Аталық –гүлдің көбеюге қатысатын бөлімі.Әрбір аталық –аталық жіпшесінен және тозаңқаптан тұрады.Аталықтың жіңішкерген жері -жіпшесі.
Аналық –гүлдің жеміс түзуге қатысатын негізгі бөлімі гүлдің дәл ортасында орналасады.Аналықтың аузы, ортаңғы жіңішкерген жерін мойны, түп жағындағы жуандаған жерін жатын дейді.
Аналық аузы өсімдік түріне қарай түрліше болады.Аналық аузынан жабысқақ сұйықтық бөледі.
Аналық мойны –аузы мен жатынын жалғастырып, басқа бөлімдерінен жоғары биіктетіп тұрады.
Жатын -аналықтың ең негізгі бөлігі бір және көп ұялы.Жатынның ішінде бір немесе бірнеше мыңдаған тұқымбүршігі бар.Тұқымбүршігі жатында дамитындықтан жатын қабырғасына бекиді.Жатынның сырты ек і қабат қабықша қаптайды.
V. Жаңа сабақты бекіту.
1.Гүлдің негізгі бөліктерін атаңдар
2.Гүл сағағы, гүл табаны, тостағанша жапырақшалар қандай қызмет атқарады?
3.Күлте қайда орналасқан?Ол қандай қызмет атқарады?
4.Аталық құрылысы,атқаратын қызметі?
5.Аналық құрылысы, атқаратын қызметі?
VI.Үй тапсырмасын беру.
Үйге тапсырма: 22.Гүлдің құрылысы ,Біліміңді тексер тапсырмасын дәптерге орындап келу.
VII.Бағалау.
Бүгінгі сабақта барлық оқушылар белсенді қатысты.Үй тапсырмасына да жақсы дайындалып келген.Жаңа сабақты барлығы да зейін қойып тындады.Жаңа сабақты қорытындылаған кезде барлық оқушылар қойылған сұрақтарға жауап берді.
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.