Гук заңы, серпімділік күші
Серіппені қолмен қысқанда, серіппеде сіздің күшінізге қарсы әсер ететің, қарама-қарсы бағыттағы серпімділік күші пайда болады. Бұл күш серіппенінің толықтай қысылуына кедергі болады. Серпімділік күші бар денелер үшін Гук заңы орынды.
Гук заңы сыртқы күштің шамасын және деформация мөлшерін байланыстырады.
Серпімділік күші
Денені деформациялауға бағытталған F күші осы күштің әсерінен пайда болған l ауытқуға пропорционал:
F = k * l, k — керілу коэфициенті деп аталатың тұрақты шама.
Мысалы, бала серіппені 10 сантиметрге қысты делік, пружинаның керілу коэфициенті 20 Ньютон/метр, сұрақ, бала қандай күшпен серіппені қысты?
Шешілуі:
Гук заңына сәйкес керілу күші (10 сантиметр = 0,1 метр):
F = k * l = 0,1 * 20 = 2 Ньютон.
Жауабы: 2 Ньютон.
Серпімділік күші тек қана серіппені қысқанда ғана емес, сонымен қатар басқа денелерде де пайда болады, мысалы садақта:
Гук заңы тек қана аз деформацияларда орынды болады, мысалы садақты қатты кертіп сындырсаңыз, садақтың керілу күші нөлге тең болады, Гук заңы бұндай жағдайларда қолданылмайды.
Пән: Физика